Организация обучения на трех языках



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет13/54
Дата15.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#13729
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54

42    |    2. Көптілді білім берудің халықаралық тәжірибесі 
 
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
·
 ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ 
·
 TEACHING IN THREE LANGUAGES
 
2.2.5 Люксембург 
 Ресми тілдер - люксембург, француз және неміс тілдері 
 Үш тілде білім беру 1912 жылы басталды (15-суретке қараңыз)  
 Люксембург  оқушыларының  98%-ы  екі  тілді,  84%-ы  үш  тілді, 
61%-ы төрт тілді меңгерген [88]  
 2016 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ $105829 құрады [61], 
бұл, Қазақстанмен салыстырғанда ($10 616), 10 есе артық [89]  
 Білім беруге жұмсалатын қаражат көлемі ЖІӨ-нің 5,2%-ын құ-
райды, бұл ЕО орташа көрсеткішінен 4,9% артық (ҚР - 3,6%) [90; 76] 
 2014 жылы бір оқушыға бөлінетін қаржы көлемі $16 200 немесе 
ЖІӨ-нің 15%-ын құрады (ҚР – $1 362 немесе 13%) [91] 
 Мектепке  дейінгі  білім  беру  4-6  жастағы  балалардың  бәріне 
міндетті болып табылады 
 Мектепке  дейінгі  білім  беруде  люксембург  тілін  Т2  ретінде 
оқытылады, өйткені балалардың 65%-ы балабақшаға дейін бұл тіл-
де сөйлемейді [92] 
 Люксембург  тілі  оқыту  тілі  ретінде  1-сыныпта  және  дене  шы-
нықтыру 
сабағында 
ғана 
қолданылады. 
Дегенмен, 
«Translanguaging»  стратегиясының  арқасында,  оқушылар  мате-
риалды оқу тілінде (неміс/француз) оқып,  люксембург тілінде тал-
қылайды,  соның  есебінен  оқушылар  жоғары  сыныпта  люксембург 
тілін жақсы біледі [92] 
 Бастауыш, орта және жоғары сыныптардағы негізгі оқыту тіл-
дері неміс және француз тілдері болып табылады [92] 
 Неміс тілі 1-сыныптан, француз тілі 2-сыныптан, ағылшын тілі 
шетел тілі ретінде 7-сыныптан оқытылады (10-кесте) 
 Бастауыш сыныпта жалпы сағат санынан тілдік пәндердің үлесі 
39,4%-ды  құрайды [92]  
 Мектеп түлектері үш тілді еркін меңгереді 
 
10-кесте. Люксембург мектептерінде тілдерге бөлінетін сағат саны 
Апталық жүктеме
 
Сыныптар 
1  
2  
3  
4  
5  
6  
7  

Люксембург тілі 










2. Көптілді білім берудің халықаралық тәжірибесі    |    43 
 
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
·
 ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ 
·
 TEACHING IN THREE LANGUAGES
 
Неміс тілі 








Француз тілі 








Ағылшын тілі 








 
15-сурет. Люксембург мектептеріндегі үш тілде білім беру моделі 
 
 1-6  сыныптарда  пәндер  неміс  тілінде  оқытылады.  Жоғары  сы-
ныптарда  француз  тілі  неміс  тілінің  орнын  алмастырады.  Жоғары 
сыныптарда ағылшын тілі шетел тілі ретінде оқытылады [93] 
  Мұғалімдер  Люксембург  Университетінде  даярланады.  Уни-
верситет  бір,  екі  және  үш  тілді  оқыту  бағдарламаларын  ұсынады 
(11-кесте) 
 
11-кесте. Люксембургтегі тілдік бағдарлама түрлері 
 
Бір тілді бағ-
дарламалар 
Екі тілді  
бағдарламалар 
80/20; 70/30; 50/50 
Үш тілді бағдарламалар 
Ағылшын 
Француз/ағылшын 
Француз/неміс 
/ағылшын 
 
Француз/неміс 
Люксембург/неміс 
/француз 
 
100
4
63
50
60
30
30
30
33
50
40
70
70
70
Б/б
1-сын.
2-сын.
3-сын.
4-сын.
5-сын.
6-сын.
әр
 тіл
ге
 бө
л
іне
ті
н уақыт,
 %
Люксембург тілі
Неміс тілі
Француз тілі


44    |    2. Көптілді білім берудің халықаралық тәжірибесі 
 
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
·
 ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ 
·
 TEACHING IN THREE LANGUAGES
 
 Әрбір  студент  болашақ  мұғалім  сабақ  беретін  мақсатты  тіл 
ресми  тіл  болып  табылатын  елде  міндетті  6-айлық  тәжірибеден 
өтеді [94] 
 Жаратылыстану-математика  бағытындағы  пән  мұғалімдері 
Comenius  және  Erasmus  гранттары  бойынша  Франция,  Германия 
және Ұлыбритания ЖОО-да білім алады [94] 
 ЖОО-да  педагогика  және  дидактика,  бағалау,  ата-аналармен 
және серіктес мектептермен қарым-қатынас жасау дағдылары, мек-
тепті дамыту, жеке кәсіби даму және пәндер бойынша арнайы ди-
дактиканы оқып-үйренуге 100 сағат бөлінеді [94] 
 135 сағат мұғалімнің тәжірибелік қызметіне бөлінеді. Оқыту ті-
лін  жетік  меңгермеген  оқушыларға  пән  мазмұнын  оқыту мұғалім-
дер даярлығының маңызды  бөлігі болып табылады.  CLIL әдістеме-
сін оқытуға ерекше назар аударылады [94] 
 Жұмыс  істеп  жатқан  мұғалімдерді  даярлау  екі  бағдарлама 
бойынша жүзеге асырылады [83]: 
- SCRIPT (Service de Coordination de la Recherche et de l´Innovation 
Pédagogiques  et  Technologiques)  тілдік  қабылдау  және  мәдени  тең-
дік курсын ұсынады. Барлық дерлік мұғалімдер іс жүзінде үш тілді 
болғандықтан,  мұғалімдерге  арналған  тілдік  курстар  ұйымдасты-
рылмайды. 
-  Formation  Pédagogique  –  орта  мектеп  мұғалімдеріне  арналған 
ұқсас бағдарлама 
Негізгі қорытынды: 
  Т1-ге қарамастан, мектепке дейінгі білім беру және бастауыш 
мектептің 1-сыныбында ұлттық люксембург тілін меңгеру дағдыла-
ры қалыптасады 
  Бастауыш, орта және жоғары сыныптардағы негізгі оқыту тіл-
дері неміс және француз тілдері (Т1 және Т2) болып табылады 
  Ағылшын тілі шетел тілі ретінде 7-сыныптан оқытылады 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау