Организация обучения на трех языках



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет16/54
Дата15.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#13729
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54

52    |    4. Қазақстандағы үш тілде білім берудің әдіснамасы
 
 
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
·
 ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ 
·
 TEACHING IN THREE LANGUAGES
 
 Үш тілді білім беруді тиімді жүзеге асырудың маңызды факто-
ры  ата-аналар,  мұғалімдер  және  білім  беру  ұйымдары  басшыла-
рының үш тілді білім беруді дұрыс түсінуі мен қолдауы болып та-
былады  
 Сондықтан  ата-аналар,  мұғалімдер  мен  білім  беру  ұйымдары 
басшыларының ынтымақтастығын нығайту керек  
 Барлық стейкхолдерлер, әсіресе, саясатты әзірлейтін тұлғалар, 
үш тілде білім беруді дұрыс түсінгені жөн, өйткені білім беру сая-
сатының мәнін дұрыс  түсінбеу теріс  нәтижелерге  алып  келуі мүм-
кін  
 Қазақстандық  мектептерге  үш  тілде  білім  беруді  енгізудің  әр-
түрлі нұсқалары мен мүмкіндіктерін ұсынған жөн  
 Екі тілде білім беру бағдарламасы үш тілде білім берудің негізі 
болуы тиіс  
 Мектепте  жаратылыстану-ғылыми  бағыттағы  пәндерді  ағыл-
шын  тілінде  оқытуға  дайын  мұғалімдер  болмаған  жағдайда,  мүм-
кіндігінше,  қоғамдық-гуманитарлық  бағыттағы  пәндерді  ағылшын 
тілінде оқыта алады  
 Сондай-ақ, ағылшын тілінде шағын модуль, академиялық жазу 
немесе  пәндік  терминологияны  оқытуға  немесе  ағылшын  тілінде 
жазылған материалдарды ішінара пайдалануға болады  
 Интерактивті  қашықтан  оқыту  әдісін  ауылдық  мектептерде 
ағылшын тілін оқытудың бір тәсілі ретінде пайдалануға болады  
 Ағылшын тілін оқушыларға тілді нақты әрі мәнді мақсаттарда 
пайдалануға мүмкіндік беретін пән мен тілді кіріктіріп оқыту әдісі 
арқылы оқыту керек  
 Ұлттық  емтихандар  (ҰБТ)  үш тілде  білім  беру талаптарын ес-
керуі тиіс  
 Ағылшын  тілінде  оқытылатын  пәндер  бойынша  емтихандар 
ағылшын тілінде немесе екі тілде өткізілуі тиіс  
 Мектеп  және  ЖОО  мұғалімдері  мен  басшыларына  арналған 
үштілділік  бойынша  кәсіби  біліктілікті  арттыру  бағдарламаларын 
ұйымдастыру керек    


4. Қазақстандағы үш тілде білім берудің әдіснамасы    |    53 
 
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
·
 ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ 
·
 TEACHING IN THREE LANGUAGES
 
4.3.  Қазақстанда  үш  тілде  білім  беруді  енгізудің  тұжырым-
дамалық негіздері 
 Өткізілген  зерттеудің  нәтижелері,  көп  тілде  білім  беруді  енгі-
зудің халықаралық тәжірибесі және жетекші сарапшылардың ұсы-
ныстары негізінде, Қазақстанның мектептері мен ЖОО-ларында үш 
тілде білім берудің төмендегі жиектемелік негіздері ұсынылады  
Мектептерде: 
Мектептердің өңірлік ерекшеліктері, саналуандығы мен әлеуетін 
ескере отырып, үш тілде білім берудің келесі нұсқалары ұсыныла-
ды: 
1. Орыс тілін басым қолданатын өңірлерде Көкшетау және Тал-
дықорған НЗМ тәжірибесі  бойынша қазақ тілдік ортаға енгізу бағ-
дарламасын жүзеге асырған жөн. Бағдарлама орыс тілінде сөйлей-
тін  балаларға  арналған.  Барлық  пәндер  1-сыныптан  қазақ  тілінде 
оқытылады,  орыс  тілі  2-сыныптан,  ағылшын  тілі  3-сыныптан  пән 
ретінде  енгізіледі.  5-9  сыныптарда  қоғамдық-гуманитарлық  бағыт-
тағы бір пән орыс тілінде, 10-11 сыныптарда бірнеше пән ағылшын 
тілінде оқыту ұсынылады (16-сурет). 
 
16-сурет. Қазақстан мектептері үшін көптілді  
білім берудің перспективалық модельдері 
 
2.  Оқу  тілі  аралас  мектептерде  бір  немесе  екі  сыныпта  тілге  екі 
жақты  енгізудің  экспериментальді  моделін  енгізу  ұсынылады.  Бұл 
10
10
10
10
10
10
10
100
100
100
100
90
90
90
90
90
70
70
20
20
Т1
Т2
Т3


54    |    4. Қазақстандағы үш тілде білім берудің әдіснамасы
 
 
ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
·
 ОРГАНИЗАЦИЯ ОБУЧЕНИЯ НА ТРЕХ ЯЗЫКАХ 
·
 TEACHING IN THREE LANGUAGES
 
модель бойынша бір сыныпта қазақ және орыс сынып оқушылары-
ның тең саны оқиды. Олар «Қазақстан Тарихы» пәнін қазақ тілінде, 
«Дүниежүзілік  тарих»  пәнін  орыс  тілінде  оқи  алады.  Бұл  екі  тілді 
қатар  үйренуге  және  өзге  тілдерге  деген  құрметті  қалыптастыруға 
ықпал етеді. Ағылшын тілі оқу тілі ретінде жоғары сыныптарда ен-
гізіледі (11-кестеге қараңыз). 
3. Кадрлық әлеуеті мен материалдық-техникалық базасы жоғары 
мектептерде  3-сыныптан  «Дүниетану»  пәні  қазақ  тілінде  және 
«АКТ» пәні орыс тілінде оқытылады. 5-сыныптан «Қазақстан тари-
хы»  қазақ  тілінде,  «Дүниежүзілік  тарих»  орыс  тілінде  оқытылады. 
8-9  сыныптарда  терминологияны  оқыту,  қосымша  сабақтар,  пән 
мұғалімдері  мен  ағылшын  тілі  пәні  мұғалімдерінің  арасындағы 
топтық  оқыту  арқылы  «Биология»,  «Химия»,  «Физика»  және  «Ин-
форматика»  пәндерін  ағылшын тілінде  оқытуға дайындық  жүреді. 
10-11  сыныптарда  4  пән  ағылшын  тілінде  оқытылады.  Бірінші  тіл 
мен ағылшын тілінің арақатынасын мектептер өз бетінше анықтай-
ды (11-кестеге қараңыз). 
4. Үш тілде білім беруге ішінара дайын мектептерде 7-сыныптан 
«Қазақстан Тарихы» пәнін қазақ тілінде, «Дүниежүзілік тарих» пә-
нін  орыс  тілінде  оқыту  ұсынылады.  10-11  сыныптарда  жаратылыс-
тану-ғылыми  бағыттағы  1-2  пән  ағылшын  тілінде  өткізген  жөн. 
Ағылшын 
тілді 
кадрлар 
болмаған 
жағдайда, 
қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы пәндер мен қысқаша модульдерді, сабақ-
тың кейбір бөліктерін және қосымша сабақтарды ағылшын тілінде 
беруге болады (11-кестеге қараңыз). 
Жоғарыда  аталған  кез  келген  модельде  «Ағылшын  тілі»  пәні 
оқушылардың  тілдік  дағдыларын  дамытуда  маңызды  роль  атқара-
ды.  Коммуникативтік  және  пәнге  бағытталған  тәсілдер  ағылшын 
тілін оқыту педагогикасының негізін құрауы тиіс. Сабақтан тыс ша-
раларды үш тілде ұйымдастыру да тиімді тілдік ортаны құруға ық-
пал етеді. 
 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау