68
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
«Әлеуметтік қызметкерлер келеді, бірдеңе-
лердің суретін салады, қияды. Гигиеналық про-
цедуралар жасауға көмектеспейді, барлығын
өзіміз жасаймыз. Әлеуметтік қызметкер
осыған көмектесуі керек пе?» (әйел, 52 жаста,
үй шаруасындағы әйел, 13.05.2017)
Бірнеше респондент әлеуметтік қызметкерден
балаға күтім көрсетуін күткені анықталды және
бұл шаруа олардың міндетіне кірмейтінін білгенде
таңданысы мен көңілі қалғанын жасыра алмады:
«Әлеуметтік қызметкер балаға қарауға кел-
мейді, тек жаялық алып келеді. Оған қоса, құ-
жаттар туралы айтады» (әйел, 50 жаста, үй
шаруасындағы әйел, 12.05.2017).
«Әлеуметтік қызметкер екі ай сайын келеді.
Ол келіп, бізбен сөйлеседі, комиссия туралы
жаңалықтарды айтады. Баланы көреді, бірақ,
баланы көтермейді, онымен ойнамайды, балаға
қарауда көмектеспейді» (әйел, 30 жаста, бала-
бақшада тәрбиешінің көмекшісі, 13.05.2017).
Кейбір сұхбаттасушылар бала күтімі әлеуметтік
қызметкердің міндеттерінің бір бөлігі деп санап,
балаға еш көңіл бөлмеуін біліксіздігінің белгісі
деп есептеген:
«Әлеуметітк қызметкер аптасына 2 рет ке-
леді, бізге ақпарат береді […]. Негізі, көңіліміз
толады. Ол баламен ойнамайды, қалай ойнау
керек екенін білмейтін сияқты, қорқады. Көбі-
несе менімен сөйлеседі» (әйел, 40 жаста, үй ша-
руасындағы әйел, 05.13.2017).
«Әлеуметтік қызметкер жақсы, келіп тұра-
ды, комиссияға құжат тапсыруға көмектеседі.
Бірақ, баламен жұмыс істемейді. Баланың ден-
саулығы нашар, сөйлемейді, қозғалмайды. Әле-
уметтік қызметкер баламен не істеу керек
екенін білмейді. Балаға қарай алмайды. Бәрін
өзіміз істейміз» (әйел, 41 жаста, тазалаушы,
14.05.2017).
Жүйеге енгізілген және арнаулы әлеуметтік
қызметтер алатын үй шаруашылықтарына
әлеуметтік қызметкердің рөлі, олардан нені күтуге
болатыны және олардан қандай көмек сұрауға
болатыны жайлы көбірек ақпарат беру керек.
1.3 Ұсынымдар
Ақпарат қандай да болмасын түрде өмірлік қиын
жағдайда қалған отбасыларға қолжетімді болуы
тиіс. Мұндай ақпаратқа келесілер кіреді:
•
Кім қызмет алуға құқылы?
•
Қандай құжаттар керек?
•
Қайда өтініш беру керек?
Екі компонентті әдістеме көрсетілетін қызметтер
және өтініш беру талаптары туралы хабардарлықты
және түсінікті арттыруға көмектесе алады. Ол
үшін нақты топтар арасында ақпарат таратумен
қатар өтінішке қатысты мәліметті сұратқан бойда
алуға болатын бірыңғай ақпараттық-анықтамалық
бекеттер орнату керек.
Қазіргі
уақытта
отбасылар
ақпаратпен
қамтылмай қалуы ықтимал, іс жүзінде көпшілігі
бейхабар қалып отыр. Мүгедектігі бар балалардың
жағдайында мүгедек баласы бар, бірақ, арнаулы
әлеуметтік қызметтерге әлі өтініш беріп көрмеген
отбасыларды анықтау үшін ақпараттандыру
науқандарын көбірек жүргізу керек. Мұнда
ата-аналардан қызмет көрсетілуін талап етуде
белсенділік таныту жағы осы тізбектегі жетіспейтін
буын болып тұр. Осыдан шығатын негізгі ұсыным
– өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларды
анықтау үшін белгілі бір топтар арасында ақпарат
тарату.
Осылайша ақпарат таратумен қатар төменнен
жоғары қарай бағытталған құлақтандыру әдісі
қажет, мұндай әдіс арқылы адамдар белгілі бір
қызмет ала алатынын және сондай қызметтің
бар-жоғын өз бетінше анықтай алады. Осыған
байланысты өтініш беру рәсімі туралы ақпарат алу
үшін отбасыларға арналған бірыңғай, әрі түсінікті
ақпарат болуы тиіс. Бұл отбасы мүшелеріне
көрсетілетін қызметтерді, қызметтерді алу
құқығын және өтініш беру тәртібін жақсырақ
түсінуге мүмкіндік береді.
69
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Кірістірме 11: Мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсету туралы өтініш беру рәсіміне шолу.
• Бірінші кезекте отбасындағы балаға мүгедектігі бар екенін растайтын медициналық
диагноз қойылуы керек. Ондай диагнозды бала ара-тұра емделуі тиіс болуы мүмкін аурухана
қояды. Жалпы, отбасы диагноз қойылғанға дейін жергілікті дәрігерге барады немесе осы
салада білікті маманнан баланың мүгедектігі бар екені туралы қорытындысын алады.
• Медициналық диагноз қойылғаннан кейін отбасы Медициналық әлеуметтік сарапшылық
комиссияға (МӘСК) өтініш беруі керек, аталмыш комиссия баланың мүгедектігі қай санатқа
жататынын анықтап, осы туралы анықтама береді. Өтініш беруші комиссияға баланың туу
туралы куәлігін және аурухана қойған диагнозын көрсетуі тиіс. МӘСК баланың қай мүгедектер
тобына жататыны туралы анықтама береді, сондай анықтамада аталмыш мүгедектер тобына
тағайындалған қызметтер тізімі көрсетіледі.
• Егер тек әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-оңалту немесе әлеуметтік күтім қызметтері
ғана қажет болса, отбасы МӘСК тағайындаған тиісті қызметке өтініш береді. Әдетте, әлеуметтік
қызметкер отбасы атынан өтініш береді.
• Егер әлеуметтік-педагогикалық қызметтер де қажет болса, отбасы психологиялық-
медициналық-педагогикалық комиссияға (ПМПК) өтініш беруі керек. ПМПК-дан өту үшін
МӘСК-тен өтудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, ПМПК-ға емхана педиатрының, мектептің немесе
өзге маманның жолдауынсыз өтініш беруге болады. МӘСК анықтаған мүгедектік тобы бойынша
ПМПК білім беру қызметтеріне ұсыным береді.
2. Өтініш берудегі қиындықтар
Әлеуметтік
көмекке
келетін
болсақ,
құжаттарға және өтініш беру тәртібіне
қатысты талаптар арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізуді айтарлықтай
тежеуші фактор бола алады. Қандай қызметтер
көрсетілетіні туралы білетіндер арасында
әлі де болса сол қызметтерге қол жеткізуде
қиындықтар бар, солардың бір бөлігі өтініш
беру кезінде туындайды. Алдыңғы тарауда
айтылғандай, өтініш берудің күрделі тәртібі
білімі төменірек үй шаруашылықтарына
қарағанда, білімі жоғарырақ мүшелері
бар үй шаруашылықтарының өтініш беру
ықтималдығы жоғарырақ екенінің бір
себебі болуы мүмкін. Бокс 11 өтініш беру
тәртібі қалай жұмыс істейтінін түсіндіреді,
мүгедектігі бар балаларға қатысты мысалдар
келтіреді, әрі қарай осы тараудың қалған
бөлігі үй шаруашылықтары өтініш беру
тәртібіне қатысты кедергілерді суреттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |