«Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру,
квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық
мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан
шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы
негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат,
интернатура, резидентура, магистратура) бойынша және философия
докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен
білім алушы азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату
немесе міндетті тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын
беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008
жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30
наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын
беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және ветеринариялық
мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары қатарынан шыққан
азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде
педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат, интернатура,
резидентура, магистратура) бойынша және философия докторлары (РҺD)
бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен білім алушы
азаматтардың жұмысты өтеуі жөніндегі міндеттен босату немесе міндетті
тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29,
390-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмысқа жіберу, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім
2
алған азаматтарға өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру қағидаларын
бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
1-тармақ мына редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жұмысқа жіберу, мемлекеттік білім беру
тапсырысы негізінде жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру
бағдарламалары бойынша білім алған азаматтарға өз бетімен жұмысқа орналасу
құқығын беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа
орналасу құқығын беру, квота шегінде педагогтік, медициналық және
ветеринариялық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл (село) жастары
қатарынан шыққан азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы
негізінде педагогтік және медициналық мамандықтар (бакалавриат) бойынша
және философия докторлары (РҺD) бағдарламасы бойынша докторантураға
оқуға түскен білім алушы азаматтардың жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен
босатылуы немесе міндетті тоқтату қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмысқа жіберу, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары
және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім
алған азаматтарға өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жұмысқа жіберу, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде
жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша
білім алған азаматтарға өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру қағидалары
(бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабының 22-2) тармақшасына
сәйкес әзірленді және жұмысқа жіберу, мемлекеттік білім беру тапсырысы
негізінде жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру бағдарламалары
бойынша білім алған азаматтарға өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру
тәртібін белгілейді.»;
2-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жас маман – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің
тиісті білім беру бағдарламаларын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде
игерген адам;
3) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан
тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның
бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін,
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған
дәреже.».
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Педагогтік, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары
бойынша ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота
3
шегінде оқуға түскен және Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген
өңірлерге көшетін азаматтар жоо-ны аяқтаған кейін оқытқан жері бойынша
өңірде кемінде үш жыл жұмысты өтейді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша Мемлекеттік
білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен азаматтар ЖОО-ны бітіргеннен
кейін мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау
ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтейді.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Басқа мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы
негізінде білім алған азаматтар ЖОО-ны аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл
меншік нысанына қарамастан мамандығы бойынша ұйымдарда жұмысты
өтейді.»;
8,9 және 10-тармақтар мына редакцияда жазылсын:
«8. Жас мамандарды жұмысқа бөлу және жіберу мынадай тәртіппен
жүзеге асырылады:
1) ЖОО жыл сайын облыстардың және республикалық маңызы бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдарына түлектердің санын, тұрғылықты
мекенжайларын, алған мамандықтары мен оқу тілі көрсете отырып ағымдағы
жылы төмендегілер бойынша оқуға түскен түлектерді кейінмен жұмысқа
орналастыру үшін бос жұмыс орындарын ұсынуға өтінім жібереді:
ауыл жастары қатарындағы азаматтарға ұсынылатын квота шегінде;
мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде.
2) облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті
атқарушы органдары ЖОО-лардың өтінімдеріне сәйкес ЖОО-ларға кадрлар
қажеттілігі туралы ақпарат береді:
ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында,
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті
жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде немесе мемлекеттік
ветеринариялық ұйымдарда;
мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік медициналық
ұйымдарда;
меншік нысанына қарамастан ұйымдарда;
3) ЖОО-лар облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың
жергілікті атқарушы органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес жас мамандарды
жұмысқа орналастыру мақсатында олардың әлеуетті жұмыс берушілерімен
тікелей өзара іс-қимыл жасайды;
4) ЖОО-ларда жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу жөніндегі
комиссия құрылады.
9. Жас мамандарды дербес бөлу жас маманның алдағы уақытта жұмысқа
орналасатындығы және ол жұмыс орнына келгенге дейін бос орынның
сақталатындығы туралы жұмыс берушінің қолдау хаты негізінде жүзеге
асырылады.
4
10. Ағымдағы жылы оқуын бітірген жас мамандар 1 қыркүйектен
кешіктірмей жұмыс орнына жолдама бойынша келеді.»;
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұбайы бос жұмыс орнын ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, жұмыс
істейтін немесе қызметін өтеп жатқан адамдарға;»;
16-тармақтың бесінші бөлігі алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17-1 тармағымен толықтырылсын:
«17-1. Жас мамандарды және философия докторларын (Phd) бөлген сәтте
бос жұмыс орындары жоқ болған жағдайда, жұмысты өтеу мерзімінде
жұмыссыз ретінде есепте болған уақытты есептей отырып, тұрғылықты жері
бойынша жұмыссыз ретінде есепке қоюға жатады.»;
20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Бірнеше жас маманды және философия докторларын (РhD) бір бос
жұмыс орнына жіберуді болдырмау мақсатында Бөлу жөніндегі комиссиялар
құрылған тиісті ЖОО-лардың жұмысқа жіберілген жас мамандардың және
философия докторларының (РhD) бастапқы тізімдерін жыл сайын 1 наурыздан
кешіктірмей білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберуі арқылы оларды
бастапқы бөлу жүзеге асырылады. Мұндай фактілер анықталған жағдайда жас
мамандарды және философия докторларын (РhD) бөлу білім беру саласындағы
уәкілетті органмен келісуден кейін жүргізіледі, бұл ретте оқу үлгерімінің
орташа балы және ЖОО орналасқан жердің болжамды бөлу орнына
жақындығы назарға алынады».
21. Жас мамандарды және/немесе философия докторларын (РhD) дербес
бөлу тиісті Бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен жыл сайын 1 шілдеден
кешіктірмей ресімделеді, соның негізінде ЖОО осы Қағидаларға қосымшаға
сәйкес нысан бойынша жұмысқа жолдамаларды дайындайды. Бұл ретте,
мамандарды және философия докторларын (РhD) олардың жұмысқа бөлінуі
туралы хабардар етуді ЖОО жұмысқа жолдамалар беру арқылы шешім
қабылданған соң үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
22. Заңмен және осы Қағидалармен көзделген жағдайларды қоспағанда,
Заңмен көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жас
маман және философия докторы (РhD) оны оқытумен байланысты бюджет
қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды білім беру саласындағы уәкілетті
органның сенім білдірілген агенті арқылы бюджетке өтейді.
27-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өтеп
жатқан елді мекенде бос жұмыс орны болмаған адамдар;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Мәсімов
Достарыңызбен бөлісу: |