Конкурс туралы хабарландыру «Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты»



Дата15.01.2020
өлшемі73 Kb.
#26665
түріКонкурс


«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Бәйтерек ауданы әкімінің аппараты» ММ: 090600, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі 139, 2 қабат, 19 кабинет, анықтама үшін телефондар: 8-(71130) 22-2-25, электрондық мекен-жайы baiterek_personal@mail.kz
1. Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы. Санаты Е-4. Лауазым индексі 01-01-3. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 100 969 теңгеден 136 444 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Қоғамдық-саяси шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Ауылдық округ әкімдері аппараттары және аудандық бөлімдермен жұмыс хат алмасу, жедел және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету, олардың қызметіне практикалық және әдістемелік көмек көрсету, ақпарат жинақтау және талдау. Ауылдық округтерге шығу қорытындысы бойынша анықтамалар, есептер жасау. Сайлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің тұрғын халық алдында жыл сайынғы есеп беру кездесулерін ұйымдастыру бойынша жұмыс.Аудан әкімі баяндамасының жобаларын әзірлеу. Талдамалық анықтама, құттықтау алғыс хаттар әзірлеу, Аудан әкімі қатынасатын мерекелік шаралардың өту тәртібін, құттықтау сөз дайындау. Аудан аппаратының ресми сайт бақылау жүргізу, жұмыстану.Өткізілетін кеңестерде күн тәртібін дайындау. Аудан әкімі жанында өтетін кеңес, аппараттық кеңес хаттамаларын жүргізу, аудан әкімінің тапсырмаларын орындаушыларға жеткізу және олардың орындалуын бақылау.Әлеуметтік саласындағы аудандық бөлімдердің жұмыстарына бақылау және мониторинг жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Білім; Гуманитарлық ғылымдар; Құқық; Өнер; Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; Жаратылыс ғылымдары; Техникалық ғылымдар және технология; Ауыл шаруашылығы ғылымдары; Қызмет көрсету; Әскери іс және қауіпсіздік, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (с.і.медицина); Ветеринария мамандықтары


2. Бәйтерек ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы-есепші. Санаты E-R-4. Лауазым индексі 02-00-03. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 95 210 теңгеден 128 834 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу. Бюджетттік бағдарламаларды, қаржыландыру жоспарын құрастыру. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Тоқсандық және жылдық есептерді жасау және тапсыру (бухгалтерлік баланс, салық декларациялары, статистикалық есептер). Бюджеттік қаражатты тиімді және мақсатты пайдалану. Бюджеттік қаражаттың толық көлемде игерілуін қамтамасыз ету. Округ қызметкерлдерінің еңбекақысын және өзге де төлемдерін есептеу. Тауарлық-материалдық құндылықтарға (қорлар, негізгі қаражат) түгендеу жүргізу.


3. Бәйтерек ауданының тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы-есепші. Санаты E-R-4. Лауазым индексі 02-02-03. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 95 210 теңгеден 128 834 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу. Бюджетттік бағдарлмаларды, қаржыландыру жоспарын құрастыру. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Тоқсандық және жылдық есептерді жасау және тапсыру (бухгалтерлік баланс, салық декларациялары, статистикалық есептер). Бюджеттік қаражатты тиімді және мақсатты пайдалану. Бюджеттік қаражаттың толық көлемде игерілуін қамтамасыз ету. Округ қызметкерлдерінің еңбекақысын және өзге де төлемдерін есептеу. Тауарлық-материалдық құндылықтарға (қорлар, негізгі қаражат) түгендеу жүргізу. Е-қызмет жүйесінде жұмыс. Кадрлық жұмыс.


2,3 тармақтарға:

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (с.і.экономика; есеп және аудит; қаржы).


4. Бәйтерек ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы. Санаты E-R-4. Лауазым индексі 02-04-03. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 95 210 теңгеден 128 834 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Ауданда дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Дене шынықтыру және спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды орындау бағытындағы аудандық бағдарламаларды жасақтау, оның орындалуын бақылау.

Ауданның спорттық іс –шараларының күнтізбелік жоспарын дайындау, олардың өтуін қадағалау және жетекшілік ету.

Осы саладағы мекемелердің жұмысын үйлестіру. Аудан тұрғындарының күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты кеңінен енгізу, меншік нысанына қарамастан оқу орындары, мекемелер мен ұйымдардың ұжымында дене шынықтыру - сауықтыру және спорттық жұмысты жақсарту және ауданда дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы аумақтық бағдарламаларды дайындау бекітуге ұсыну, орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Білім (с.і. бастапқы әскери дайындық; дене шынықтыру және спорт, география); Қызметтер (с.і.туризм)


5. Бәйтерек ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы. Санаты E-R-4. Лауазым индексі 02-08-04. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 95 210 теңгеден 128 834 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру. Жерге орналастыру жобаларын тексеру, арыздарды жер телімін беру бойынша ұсыныстарды қарау комиссиясына дайындау. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жұмыс жасау. Ақпараттық-талдау жұмысы және мониторинг нышандары, және әдістерін қолдана білу. Аудан әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындау. Жеке және заңды тұлғалардын арыздарын қарау, тіркеу, есебін беру. Келіп-түскен кіріс құжаттарына жауап жобаларын дайындау, хаттамаларын бақылауға алу және жұмыстану. Е-лицензирование бағдарламасымен жұмыс және жауап беру.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Ауылшаруашылық ғылымдары (с.і. агрономия, агроэкология, мелиорация, жерді баптау және қорғау, аграрлық техника және технология, топырақтану және агрохимия); Қызмет көрсету (с.і. жерге орналастыру, кадастр,бағалау)


6. Чеботарев ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-есепші. Санаты E-G-3. Лауазым индексі 03-15-03. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 90 963 теңгеден 122 463 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу. Бюджеттік бағдарламаларды, қаржыландыру жоспарын құрастыру. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Тоқсандық және жылдық есептерді жасау және тапсыру (бухгалтерлік баланс, салық декларациялары, статистикалық есептер). Бюджеттік қаражатты тиімді және мақсатты пайдалану. Бюджеттік қаражатың толық көлемде игерілуін қамтамасыз ету. Округ қызметкерлерінің еңбекақысын және өзге де төлемдерін есептеу. Тауарлық-материалдық құндылықтарға (қорлар, негізгі қаражат) түгендеу жүргізу. «Парус. КАЗ-бюджет»бағдарламасымен жұмыстану.

Салық төлемдерін жинау жұмысын жүргізу.
7. Мичурин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы-есепші (негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне). Санаты E-G-3. Лауазым индексі 03-20-03. Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 90 963 теңгеден 122 463 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу. Бюджеттік бағдарламаларды, қаржыландыру жоспарын құрастыру. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу, мемлекеттік сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асыру. Тоқсандық және жылдық есептерді жасау және тапсыру (бухгалтерлік баланс, салық декларациялары, статистикалық есептер). Бюджеттік қаражатты тиімді және мақсатты пайдалану. Бюджеттік қаражатың толық көлемде игерілуін қамтамасыз ету. Округ қызметкерлерінің еңбекақысын және өзге де төлемдерін есептеу. Тауарлық-материалдық құндылықтарға (қорлар, негізгі қаражат) түгендеу жүргізу. Жергілікті өзін-өзі басқару дербес бюджетінің 4 деңгейі бойынша жұмыстану.


6,7 тармақтарға:

Конкурсқа қатысушы үміткерге қойылатын талаптар:

1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (с.і.экономика; есеп және аудит; қаржы).


1,2,3,4,5,6,7 тармақтарға:

Мынадай құзыреттердің бар болуы:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;


Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.


Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны:

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Бәйтерек ауданы әкімінің аппаратында өтеді.


Қосымша ақпарат:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

"Б" корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________

(мемлекеттік орган)


Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізуқағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны ____________________________________________________________________________________________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.

"Б" корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ
ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
/фамилия, имя, отчество (при наличии) ФОТО
(түрлі түсті/ цветное, 3х4)
____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туған күні және жері/

Дата и место рождения


Ұлты (қалауы бойынша)/

Национальность (по желанию)


Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/

Год окончания и наименование учебного заведения


Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /

Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)


Шетел тілдерін білуі/

Владение иностранными языками


Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)


Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)


Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/



Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/
ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема босатылған/увольнения

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау