О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет49/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69

181
Орынғазы Әбутәліп

2-үлгі. Ресми
Құттықтаухат!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
сыйлықтың иегері, филология 
ғылымдарының докторы, профессор 
Қалиев Қайрат Қалиұлына
Қадірлі Қайрат Қалиұлы!
Абылай  хан  атындағы  Қазақ  халықаралық  қатынастар  және  әлем 
тілдері университеті ұжымы атынан сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен 
шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздің қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуына қосқан үлесіңіз ерекше. 
Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға  амандық,  деніңізге саулық  тілейміз! 
Ғұмырыңыз ұзақ болсын!
Ізгі ниетпен, 
Қазақ филологиясы кафедрасының ұжымы

3-үлгі. Бейресми
Құттықтаухат!
Жамбыл  облысы,  Шу  ауданы,  Далақайнар  ауылында  тұратын 
біріміздің  асқар  таудай  ағамыз,  енді  біріміздің  ізетті  ініміз,  ұлағатты 
ұстаз, өнегелі отбасы Әбілхан Тоқтыбековты ердің жасы 50-ге келген 
мерейтойымен ақкөңіл, шын жүректен құттықтаймыз!
Зайыбыңыз  Сәуле  апай  екеуіңіздің  отбасыларыңыз  әрдайым  аман 
болып, мәпелеп өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер.
Ағамызға  алдағы  өмірде  мықты  денсаулық,  қажымас  қайрат,  мол-
мол жақсылықтар мен қуаныштар тілейміз. 
 Ізгі ниетпен, бауырлары


182
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу

4-үлгі. Ресми
Құттықтаухат!
Қазақстан Ұлттық ғылым 
академиясының академигі 
Мұхтар Әлиұлына
Қадірлі Мұхтар Әлиұлы!
Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұжы- 
мы атынан сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттық- 
таймыз.
Адам жанының арашасы болған сіздің Тәуелсіз Қазақстан мен әлем 
медицинасына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға 
амандық, деніңізге саулық тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!
Ізгі ниетпен,
Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
Университетінің президенті, академик О.Сәбден

5-үлгі. Бейресми
Алтын әжем Алтынай!
Асыл  әжем,  тілеуімізді  тілеген,  еркелігімізді  көтерген,  көрмей  қалса 
сағынған!  Көңілі  кең,  жүрегі  мейірімді,  кеудесі  қазына,  сөзі  қасиетті  ақ 
әжем!  Нұрлы  жүзіңе  жарасқан  ақ  жаулығыңнан,  немересін  барлығынан 
артық жақсы көрген ыстық ықыласыңызға тәнтіміз. Бар тәттіні аузымызға 
тосып, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағымызға құюдан жалықпаған 
біздің  дана  әжеміз.  Сізді  бүгінгі  70  жасқа  толған  мерейтойыңызбен 
құттықтаймыз!!! 
Әжетай!  Сізге  зор  денсаулық,  қажымас  қайрат,  ұзақ  өмір  және  екі 
дүниенің  бақытын  тілеймін.  Алла  сізге  күш-қуат  берсін!  Жасыңыз  ұзақ 
болсын,  ауырмаңыз!  Ұл-қыздарыңыз  бен  немере-шөберелеріңіздің 
ортасында  әрдайым  жүзіңізден  шуақ  шашырап,  қызығына  тоймай  жүре 
беріңіз! 
Ізгі  ниетпен  немерелеріңіз:  Жұлдыз,  Жәнібек,  Қазыбек,  Аяулым, 
Сағыныш, Дидар, Айбол, Абзал, Ақтілек, Жансая, Ақнұр, Аружан, Балнұр, 
Айзере.


183
Орынғазы Әбутәліп
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Құттықтаухат қандай жағдайларда жолданады?
2. Құттықтаухат қандай сөздермен басталады?
3. Құттықтаухаттың құрылымы қандай?
4. Құттықтаухат қандай сөздермен аяқталады?
1-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.
Аса
□ көңілден
Іскер
□ жоғары
Ізгі
арасында
Шынайы
□ ниетпен
Беделі
□ маман
Қызметкерлер
□ құрметті
2-жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
Ресми
1.  ғылым  /  Әлиұлына  /  академиясының  /  Қазақстан  /  Мұхтар  /  Ұлттық 
академигі /
2. Әлиұлы / Мұхтар! / Қадірлі 
3. Қ.А. Йассауи / Сізді / шын жүректен / 70 жылдық / Халықаралық / атын- 
дағы / университеті / атынан / мерейтойыңызбен / құттықтаймыз / қазақ-
түрік / ұжымы
4. Сіздің / ерекше / адам / болған / мен / әлем / медицинасына / жанының 
арашасы / қосқан үлесіңіз / Тәуелсіз Қазақстан 
5.  тілейміз!  /  Сізге  /  деніңізге  /  саулық  /  еңбекте  табыс  /  амандық  / 
отбасыңызға
6.ұзақ / ғұмырыңыз / болсын!
3-жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
Бейресми
1.  50-ге  /  ауылында  /  шын  жүректен  /  Далақайнар  /  енді  /  біріміздің 
/ өнегелі / ізетті / ініміз / Әбілхан / Тоқтыбековты /ұлағатты ұстаз / ердің 
/  біріміздің  /  асқар  /  жасы  /  келген  /  мерейтойымен  /  ақкөңіл  /  Жамбыл 
облысы / Шу ауданы / тұратын / таудай ағамыз / отбасы / құттықтаймыз!
2. Сәуле / өсіріп / отбасыларыңыз / аман / апай / қызығын / зайыбыңыз 
/ екеуіңіздің / әрдайым / отырған / мәпелеп / болып / ұл-қыздарыңыздың / 
көріңіздер.
3. Ағамызға / қуаныштар / тілейміз / денсаулық / мол-мол / жақсылықтар 
/ алдағы / өмірде / мықты / қайрат / мен қажымас. 


184
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ç
 Тапсырмалар:
1.  Жазушылар  Одағы  атынан  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевты 
Тәуелсіздік күнімен құттықтаңыз.
2.  «ҚазМұнайГаз»  Ұлттық  компаниясының  президентінің  атынан 
Қазақстан-Британ  техникалық  университетінің  ректоры,  профессор 
Е.Қ.Бейсембетовті  университеттің  құрылғанына  10  жыл  толуымен 
құттықтаңыз.
3. Досыңызды наурыз мерекесімен құттықтаңыз.
4. Досыңызды туған күнімен құттықтаңыз.
h
 Сөздік және сөз тіркестері:
құттықтау  
– поздравлять
жіберу  
отправить
құрметті  
– уважаемый, почетный
шын жүректен  
– от всего сердца
тілек  
– пожелание
мерейтой  
– юбилей
марапаттау  
– наградить
жетістік  
– достижение
ұжым  
коллектив
іскер  
– деловой
бедел  
– авторитет


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау