О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет60/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69

222
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
қоятын болса, әр сұрақ нөмірленеді. Барлық сұраққа жауап беретін баян-
дамашы болғандықтан, ол адамның аты-жөні қайталанып жазылмайды. 
Мысалы,
СҰРАҚТАР:
Н.Ә. Әміреев: 
---------------------------------------------
Жауап: 
---------------------------------------------
А.Б. Тұманова:  ---------------------------------------------
Жауап: 
---------------------------------------------
8. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет. «ЖАРЫССӨЗ:» деген 
сөз  азат  жолдан,  үлкен,  қоюлатылған  әріптермен  жазылады.  Жарыссөз 
күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша болса, 1.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал 
екінші мәселе бойынша болса, 2.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал күн тәртібінде бір 
ғана мәселе болса, нөмірленбейді, ЖАРЫССӨЗ: деп қана беріледі. Бұл 
бөлімде сөз сөйлеушілердің айтқан нақты пікірлері мен тұжырымдары 
жазылады. Мысалы,
ЖАРЫССӨЗ:
Бұл жерде мәжіліске қатысушылардың айтқан ұсыныс, пікірлері жа-
зылады.
9.  Дауысқа  салу.  Күн  тәртібіндегі  бірінші  мәселе  қаралып  болған- 
нан кейін, сол мәселе бойынша жиналысқа қатысушылар қаулы қабыл- 
дау / шешім шығару үшін қаралған мәселені дауысқа салады. Мысалы,
«Иә» деп дауыс бергендер саны – 14
«Жоқ» деп дауыс бергендер саны – 0
«Қалыс қалғандар» саны – 0.
10.  Қабылданған  қаулы  (шығарылған  шешім)  туралы  мәлі- 
мет.  Жиналыста  (мәжілісте,  отырыста)  күн  тәртібіндегі  қарас- 
тырылған  мәселелер  бойынша  шешім  шығарылады  немесе  қаулы 
қабылданады. 
Қажет  болған  жағдайда:  қаулы  немесе  шешім  мәтінінде  нақты  
не  істеу  керектігі,  яғни  оған  жауапты  қызметкердің  аты-жөні  және  
орындау  мерзімі  көрсетіледі.  «ҚАУЛЫ»  және  «ШЕШІМ»  деген  
сөз  үлкен,  қоюлатылған  әріптермен  жолдың  ортасына  жазылады.  
Мысалы,


223
Орынғазы Әбутәліп
ШЕШІМ:
Эдвайзерлік  жұмысты  қадағалау  Нұрлан  Әденұлы  Әміреевке 
жүктелсін.
Хаттаманың  шешімі  «жүктелсін»,  «ұсынылсын»,  «қаралсын», 
«қанағаттандырылсын»,  «қабылдансын»,  «шығарылсын»  деген  бұйрық 
райда жазылады.
11.  Төрағаның  және  хатшының  қолы.  Хаттамаға  мәжілісті 
жүргізуші төраға мен мәжіліс барысын хаттамаға жазып, рәсімдеген хат-
шы қол қояды. Мысалы,
Төраға:  
 _________________   Г. Нұрышева.
                                (қолы)
Хатшы: 
 _________________  Ә. Қалығұлова.
                                (қолы)
Үлгі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспа ісі 
және редакциялау кафедрасы мәжілісінің
№2 ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы 
  
2005 жыл 18 қазан
Қатысқандар: 
Филология ғылымдарының докторы, профессор М.Бердібаев; 
филология ғылымдарының докторы, профессор С.Әбдібеков; 
филология ғылымдарының докторы, профессор А.Оспан; 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Әділжанов; 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Есболатова; 
филология  ғылымдарының  кандидаты,  доцент  міндетін  атқарушы 
А.Мамыров; 
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Айтжанов; 
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ж.Өмірбекова; 
филология ғылымдарының кандидаты А.Мұхтарова; 
филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы М.Садықов;
кафедраның аспиранттары мен ізденушілері.


224
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Мәжіліс төрағасы – баспа ісі және редакциялау кафедрасының  
меңгерушісі,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор 
М.Бердібаев.
КҮН ТӘРТІБІ:
1.  Баспа  ісі  және  редакциялау  кафедрасының  аға  оқытушысы,  
филология  ғылымдарының  кандидаты  М.Садықовтың  «Редакциялау- 
дың  теориясы  мен  практикасы»  атты  оқу  құралын  баспаға  ұсыну  
туралы.
2.  Баспа  ісі  және  редакциялау  кафедрасының  доценті  міндетін 
атқарушы,  филология  ғылымдарының  кандидаты  А.Мамыровқа 
10.01.00 – әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын 
беруге ұсыныс жасау.
1. ТЫҢДАЛДЫ:
Садықов  Мамыржан  Тілеуұлы  «Редакциялаудың  теориясы  мен  
практикасы»  атты  оқу  құралының  жалпы  мазмұны,  құрылымы, 
мақсаты  мен  міндеттері,  теориялық,  методологиялық  негіздері, 
практикалық құндылығы туралы баяндама жасады.
СҰРАҚТАР:
М.Бердібаев – филология ғылымдарының докторы, профессор.
1.Оқу  құралын  жазуда  қандай  теориялық  еңбектерді  басшылыққа 
алдыңыз?
2.Баспа  ісі  мамандығының  мемлекеттік  білім  беру  стандарты  мен 
типтік және оқу жоспарларына сәйкестендіріп оқу құралын келешекте 
оқулық ретінде жазып шығу жоспарыңызда бар ма?
3.Оқу құралында редакциялаудың қандай әдістері ұсынылады?
ЖАУАП: 
1.Оқу құралын жазу барысында баспа ісіне қатысты жарық көрген... 
(жауаптың толық нұсқасы жазылады).
2.Баспа  ісі  мамандығының  мемлекеттік  білім  беру  стандарты  мен 
типтік және оқу жоспарларына сәйкес... (жауаптың толық нұсқасы жа-
зылады).
3.Оқу  құралында  редакциялаудың...  (жауаптың  толық  нұсқасы  жа- 
зылады).


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау