177
Орынғазы Әбутәліп
8. Ескертпе хаттың мәтінінде қандай да бір іс-әрекеттің, шараның,
оқиғаның жақындағаны, тездетілуі немесе мерзімінің өткендігі туралы
хабарланады.
Мұндай хат адресатқа жеке байланыс немесе телефонмен сөйлесу
арқылы жауап ала алмаған жағдайда жолданады.
9. Талап ету хат мәтінін сатып алушы кәсіпорын міндетіне
жауапкершіліксіз қарайтын жеткізуші ұйымға жолдайды. Мәтінде хат
иесінің талаптары мен шағымдары көрсетіледі. Бұл талаптар негізделеді,
қажет болған жағдайда, хат иесі өзіне аударуды сұрайтын соманың
егжей-тегжейлі есебін көрсетеді. Хатқа ұйымның басшысы немесе оның
орынбасары қол қояды.
10. Түсінікхат – 1) негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның)
жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін құжат; 2) лауазымды
тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті, деректі оқиғаны түсіндіріп, жоғары
тұрған лауазымды тұлғаға ұсынатын хабарламасы. Түсінікхат қызметкер
ішкі еңбек кестесін және еңбек тәртібі ережесін бұзған жағдайда
(жұмысқа кешігіп келу, жұмыстан қалу, жұмыс орнынан табылмау және
т.б.) жазылады.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
қызметтік хат
–
служебное письмо
қызмет
– служба
сауалнама
– анкета
қабылдаушы
– адресат
жолдаушы
– адресант
баған
– графа
кесте
– график
құжаттама
–
документация
мерзімінен бұрын
– досрочно
екінші дана
– дубликат
ақпарат, хабар, мәлімет
–
информация
ілеспе хат
– сопроводительное письмо
тізім
– список
талап
– требование
ұсыныс хат
– рекомендательное письмо
тарату
– распространять
тарау
–
раздел
жөнелту
– отправка
орнату
– установить
жедел
– быстро, экстренно
178
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
лайық
– подходящий
орындаушы
–
исполнитель
әкімшілік
– администрация
өзекті мәселе
– актуальная проблема
кезек күттірмейтін мәселе – неотложная проблема
маңызды
– важный
бос орын
–
вакансия
бөлінді
– выделено
іссапар
– командировка
іссапарға жіберу
– командировать
көрсеткіш
–
показатель
өңдеу
– обработка
белгілеу
– обозначение
қарау, талқылау
– рассмотреть
179
Орынғазы Әбутәліп
22-cабақ
ҚҰТТЫҚТАУХАТ!
Құттықтаухатты қолданылуына қарай екі түрге бөлуге болады.
1. Ресми. 2. Бейресми.
Анықтамасы:
Ресми құттықтаухат – ресми ұйымдар мен мекемелерді және
лауазымды адамдарды құттықтаған жағдайларда арнаулы ресми
құттықтау (адресат) түрінде жазылып, жолданады.
Анықтамасы:
Бейресми құттықтаухат – жеке адамдарды маңызды мерекелерде,
мерейтойларда, тағы басқа жағдайларда жазылады.
Құттықтаухат
құрметті, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген
сөздермен басталады.
Содан кейін құттықтау себебі жазылады. Сосын құттықтаушы қуаныш
иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет.
Мысалы:
– Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға)
жеттіңіз.
– Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде жақсы білеміз.
– Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары.
– Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз.
– Сіздің медицина (экономика, филология т.б) саласына, фирманың
(кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор т.с.с.
Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты-
жөні
шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен
аяқталады.
6
Құрылымы:
•
Қосымша сөздерден басталып, (мерейтой иесінің) аты-жөнінің жа-
зылуы.
•
Құттықтау себебі.
•
Құттықтау иесінің жетістіктері жайлы ізгі тілектер.
•
Қосымша сөздермен аяқталады, құттықтаушының аты-жөні.
180
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Тілдік бірліктер:
Басында:
Соңында:
• Құрметті
• Қадірлі
• Аса қадірлі
• Қымбатты
• Сүйікті
• Шын жүректен
• Ізгі тілекпен
• Шынайы көңілмен
• Ізгі
ниетпен
• Тілек білдіруші
Есте сақтаңыз!
Сізді
Тәуелсіздік күнімен
Жаңа жыл мерекесімен
Республика күнімен
Халықаралық әйелдер күнімен
Фирманың құрылғанына 2 жыл толуымен
55 жылдық мерейтойыңызбен
құттықтаймын!
,
1-үлгі. Ресми
Құттықтаухат!
Құрметті Мөлдір Мұхтарқызы!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сізді кандидаттық
диссертация қорғауыңызбен шын жүректен құттықтайды.
Біз сізді білікті маман, тәжірибелі заңгер ретінде зор құрмет
тұтамыз. Ұжымда істеген 15 жыл ішінде сіз заң кеңесшісі қызметінен
бөлім бастығы қызметіне дейін көтерілдіңіз, жас мамандарды даярлауға
үлес қостыңыз. Қазақстандағы қаржы және экономика мәселелері
бойынша байыпты еңбектер жарияладыңыз.
Құрметті Мөлдір Мұхтарқызы, әріптестеріңіз сізді кандидаттық
дәрежеге жеткен жетістігіңізбен құттықтайды. Сізге еңбекте табыс,
отбасыңыздың амандығын тілейді.
Шынайы ниетпен: әріптестеріңіз.
Алматы қаласы,
11 қараша 2009 жыл