163
Орынғазы Әбутәліп
Тілдік бірліктер:
• жолдайды
• дана
• төмендегі
• қосымшада тіркелген
• мақалалар жинағы
• Халықаралық конференция материалдары
ç
Тапсырмалар:
1. Қалалық мұрағат меңгерушісінің атынан жеке тұлғаның сұранысы
бойынша 1975-1990 жылдары Тұрмыстық химия зауытында техно-
лог ретінде жұмыс істеген анасының еңбек өтілі туралы анықтамасын
жібергені жөнінде жолдама хат үлгісін жазыңыз.
2. Облыстық кітапхана меңгерушісінің атынан 2010 жылы оқырман
конференцияларының тақырыптық жоспары мен авторлармен кездесу
кештерінің жоспарын жіберуі туралы мектеп директорының атына жол-
дама хат үлгісін жазыңыз.
3. Қалалық оқу бөлімі бастығының атына қызмет бабымен ауысқан
маманның құжаттарын жібергені туралы жолдама хат үлгісін жазыңыз.
4. «Мерей» жиһаз жасау АҚ-ның атынан Халық банкінің кредиторының
жұмыс орнынан және еңбекақысы туралы анықтамасын жібергені тура-
лы банк директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.
5. «РАДиАЛ» баспасы бас редакторының атынан сұраныс бойынша
басылып шыққан әдебиеттерді жібергені туралы «Шоқан Уәлиханов»
кітап дүкенінің меңгерушісіне жолдама хаттың үлгісін жазыңыз.
6. Орта мектептің 10-сыныбынан лицейдің 10-сыныбына ауысуына
байланысты оқушының құжаттарын жіберуі туралы мектеп директоры
атынан лицей директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.
7. Университет студентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет
елде оқытылуына байланысты оның құжаттарын жіберу туралы Ресейдің
М.Ломоносов атындағы ММУ ректорының атына университет ректоры
атынан жолдама хат үлгісін жазыңыз.
8. Жоғалған дипломын қайта алу үшін жеке тұлғаның атына
университет мұрағатының меңгерушісі атынан дипломы мен қосымша-
сының көшірмесін, мемлекеттік емтихан комиссиясы отырыстары
хаттамаларының көшірмесін жіберу туралы жолдама хат үлгісін жазыңыз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
қабылдаушы
– адресат
жолдаушы
– адресант
жолдайды
– направляет
тізім
– список
дана
– штука; экземпляр
төмендегі
– нижеследующий
Халықаралық конференция – Международная конференция
танымал
– знакомый; приметный; известный
инновациялық оқыту
– инновационное обучение
164
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
БАЯНДАУ ХАТ
Анықтамасы:
Мекеме басшысының атына жазылған белгілі бір мәселе туралы
жан-жақты баяндалып мәлімдеме беру туралы хат.
,
1-үлгі
Халықаралық
Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан
050060 050060
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227
Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22,
Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21
e-mail:
info@iab.kz
e-mail:
info@iab.kz
www. iab.kz www. iab.kz
№ __________________
«___» _________ 20 ___ ж.
Қаржы-экономика факультетінің
деканы В. Әукенге
БАЯНДАУ ХАТ
Сізге, 2009 жылдың 6 қарашасы күні болған “Мемлекеттік тілде
ісқағаздарын жүргізу” сабағына В-12 топтағы 12 студенттің 3-еуінің ғана
келгенін мәлімдеймін.
“Мемлекеттік тілде ісқағаздарын
жүргізу” пәнінің оқытушысы (қолы) Ж.Маңғышева
165
Орынғазы Әбутәліп
,
2-үлгі
Халықаралық
Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан
050060 050060
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227
Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22,
Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21
e-mail:
info@iab.kz
e-mail:
info@iab.kz
www. iab.kz www. iab.kz
№ __________________
«___» _________ 20 ___ ж.
«ХБА»,
Бірінші проректоры
Ж. Нүсеновке
БАЯНДАУ ХАТ
Орыстілді аудиториядағы студенттердің білім деңгейінің әртүрлі екен-
дігін баяндай келе, сізге орыс аудиториясындағы 1 курс студенттері «бас-
тауыш», «жалғастырушы», «тереңдетілген» деңгейлер бойынша оқулары
керектігін мәлімдеймін.
Тілдер кафедрасының меңгерушісі (қолы) О. Киричок
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Баяндау хат қандай құжат?
2. Ол қандай бөліктерден тұрады?
3. Баяндау хат кімнің атына жазылады?
4. Баяндау хаттың негізгі мәтіні қалай басталады?
Достарыңызбен бөлісу: |