155
Орынғазы Әбутәліп
19-cабақ
ҰСЫНЫС ХАТ
Анықтамасы:
Қызметкерді белгілі бір орынға, қызметке ұсыну жөнінде басшыға
жазылатын хат.
,
1-үлгі
Халықаралық
Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан
050060 050060
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227
Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22,
Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21
e-mail:
info@iab.kz
e-mail:
info@iab.kz
www. iab.kz www. iab.kz
№ __________________
«___» _________ 20 ___ ж.
Білім беру қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру
институтының директоры
Ж. Сәметоваға
ҰСЫНЫС ХАТ
Құрметті Жайна Хаметқызы!
Халықаралық
Бизнес
Академиясының
ректораты
«Тілдер»
кафедрасының аға оқытушысы Ержанқызы Ақнұрды 2013 жылдың 4-12
наурыз аралығында қазақ тілі пән оқытушыларының білімін жетілдіру кур-
сына жіберуді ұсынады.
Ректор (қолы) Т. Балықбаев
156
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
2-үлгі
Халықаралық
Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан
050060 050060
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227
Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22,
Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21
e-mail:
info@iab.kz
e-mail:
info@iab.kz
www. iab.kz www. iab.kz
№ __________________
«___» _________ 20 ___ ж.
ХБА ректоры
Т. Балықбаевқа
“Жастар жарқын болашақ үшін” форумы туралы
ҰСЫНЫС ХАТ
Құрметті Такир Оспанұлы!
2010 жылдың 9 қарашасында Астана қаласында “Жастар жарқын
болашақ үшін” атты форумы тұсауын кеспекші. Бұл форумда Қазақстанның
болашақ жастары туралы бірқатар мәселелер қарастырылмақ.
Осыған орай, ҚЭФ, 2 курс студенті Ақшаев Қаныбекті форумға қатысатын
депутат ретінде ұсынады.
ХБА, Студенттік басқарма
Ұйымының Президенті (қолы ) А. Байдүйсенова
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ұсыныс хат қандай құжат?
2. Ұсыныс хат қай кезде жазылады?
3. Ұсыныс хаттың негізгі бөліктері қандай?
157
Орынғазы Әбутәліп
Тілдік бірліктер:
• құрметті
• жіберуді ұсынады
• тұсаукесер
• мәселелер қарастырылмақ
• ретінде ұсынады
• “Жастар жарқын болашақ үшін” форумы туралы
ç
Тапсырмалар:
1. Студенттердің атынан факультет деканының атына хат жазып, үздік
студентті факультет кеңесінің мүшесіне ұсыныңыз.
2. Университет ректорының атына студенттік кеңестің төрағасының
атынан Астана қаласында өткізілетін «Жастар жарқын болашақ үшін»
форумына депутаттыққа бір студентті ұсынып, хат жазыңыз.
3. Университет ректорының атына бір оқытушыны аға оқытушылыққа
ұсынып, кафедра меңгерушісінің атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.
4. Жергілікті қалалық Тіл орталығы төрағасының атына көшедегі
жарнамалардың сауаттылығын қадағалайтын аудармашыны 0,25 штатқа
алуды ұсынып, бас маманның атына ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.
5. Қалалық Ішкі істер басқармасының кадрлар бөлімі бастығының
атына ұйымдасқан қылмыспен күресу бөлімі бастығының атынан бір
қызметкерге әскери «капитан» шенін беруге ұсыну үшін ұсыныс хат
үлгісін жазыңыз.
6. Алматы облыстық мемлекеттік тілді дамыту басқармасының
бастығы Ғ.Т. Төлегеновке «Өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл-
ді меңгеру байқауына денсаулық сақтау басқармасынан қызметкер
ұсынылатындығы туралы ұсыныс хат жазыңыз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
ұсыныс хат
– рекомендательное письмо
жіберуді ұсынады
– предлагает отправить
тұсаукесер
– презентация
мәселелер қарастырылмақ – собирается рассматривать вопросы
ретінде ұсынады
– рекомендует в виде
“Жастар жарқын болашақ – о форуме «Молодежь за светлое
үшін” форумы туралы
будущее»
Достарыңызбен бөлісу: |