174
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
2-үлгі
Халықаралық
Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан
050060 050060
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227
Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22,
Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21
e-mail:
info@iab.kz
e-mail:
info@iab.kz
www. iab.kz www. iab.kz
№ _______________
«___» ________ 20 ___ ж.
Халықаралық Бизнес
Академиясының
барлық факультеттеріне
ЦИРКУЛЯР ХАТ
Алматы қаласында қысқы «Азиада ойындары» өтуіне байланыс-
ты 2011 жылдың 31 қаңтары мен 14 ақпаны аралығында оқу үдерісі
тоқтатылсын.
Бірінші проректор (қолы) Ж.Үсенов
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Циркуляр хат қандай хат?
2. Ол қай жағдайда жазылады?
3. Ол қай уақытта жөнелтіледі?
4. Циркуляр хаттың құрамы неден тұрады?
Тілдік бірліктер:
• Оқу бөліміне тапсырылсын
• Оқу үдерісі тоқтатылсын
• Егу жұмысын жүргізу мақсатында
• Тұмау ауруының етек алуына байланысты
• Уақытша тоқтатылсын
• Жазғы сессия материалдары
175
Орынғазы Әбутәліп
• Электронды нұсқада тапсырылсын
• Қалалық СЭС (санитарлық-эпидемиологиялық станция)
• ..... жылдың ..... ақпанына дейін
• ..... жылдың ...... қаңтары мен ..... ақпан аралығында
ç
Тапсырмалар:
1. Оқу бөлімі атынан факультеттерге жазғы сессияның материал-
дары (билеттер, тестер) электронды нұсқада тапсырылуы керектігін
мәлімдейтін циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
2. Республикалық спорт комитеті атынан қалалық спорт комитеттеріне
олимпиадалық резервтің құрамындағы спортшылардың Шымбұлақ база-
сында 02.03.-05.03.2010 аралығында жаттығу өткізілетінін мәлімдейтін
циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
3. Мектеп директоры атынан сынып жетекшілеріне ай сайынғы
тестілеуден
11-сынып
оқушыларының
үлгерім
сапасының
қорытындыларын сызба түрінде тапсыру туралы циркуляр хаттың үлгісін
жазыңыз.
4. Облыстық СЭС-тің атынан емхана меңгерушісі атына тұмау
эпидемиясының алдын алу үшін тұрғындарды егу жұмысын жүргізу
мақсатында циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
5. Қалалық СЭС-тің меңгерушісі облыстық білім беру департаментінің
басшысына «А тұмауы» ауруының етек алуына байланысты қалалық
мектептерде сабақтың уақытша тоқтатылуын талап ететін циркуляр хат-
тың үлгісін жазыңыз.
6. Оқу бөлімі басшысы атынан факультет деканы атына студент-
терді мемлекеттік бақылауға дайындау кестесін 01.02.2010 жылға дейін
өткізулерін талап ететін циркуляр хаттың үлгісін жазыңыз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
Оқу бөліміне тапсырылсын
– поручить учебной части
Оқу үдерісі тоқтатылсын
– прекратить учебный процесс
Тұмау ауруының етек алуына
– в связи с распространением
байланысты
гриппа
Уақытша тоқтатылсын
– временно прекратить
Жазғы сессия материалдары
– материалы летней сессии
Электронды нұсқада тапсырылсын – сдать в электронном варианте
Қалалық СЭС (санитарлық-
– Городская санитарно-
эпидемиологиялық станция)
эпидемиологическая станция
176
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Қызметтік хаттарға қосымша
1. Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі – айты-
латын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де
арналатындығы. Дегенмен де, қызметтен тыс мәселелер, адамның өз
қызметімен, ұйымның атқаратын қызметімен шеше алатын мәселелер
өрісімен тікелей байланыста болады. Бұл хаттар жеке тұлға атынан
жазылады.
2. Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкер-
лерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақ-
сатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін
фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат
мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.
3. Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және
ақпараттық хаттарға ұқсас болып келеді. Нақты адресат үшін жазылады
және сұратуға жауап болып табылады.
4. Бас тарту хат қандай да бір іс-әрекетті орындауға мүмкіндік
болмағанда немесе өтініш (бұйрық, тапсырма т.б.) заң актілеріне қайшы
келген жағдайға оны орындамау туралы хат түрінің бірі болып табылады.
5. Кепілхаттың мәтінінде адресатқа орындалған жұмыстың немесе
қандай да бір қызметтің (ғимараттың, тұрғын үйдің және т.б. жөндеу
жұмыстары) ақысын төлеу туралы кепілдеме беріледі. Хатта адресант
ұйым өзіне белгілі бір міндеттеме алады, сондықтан хаттың құқықтық
күші болады.
6. Жауап хаттың мәтіні бастама құжаттың мазмұнына байланысты
болады. Мұнда хатқа, сұрау салуға, өтінішке, үндеуге, ұсынысқа, талап
етуге байланысты жауап жіберіледі. Жауап хатта жауап берілетін бастама
(кіріс) хаттың индексі мен күніне сілтеме берілуі тиіс. Егер бастама хат
жеке тұлғадан түссе, сілтемеде кіріс құжаттың түскен күні көрсетіледі.
Мәтінде бастама хатқа байланысты қабылданған шешім беріледі:
ұсыныстан бас тарту, өтінішті орындау, сұрау салуға жауап. Жауап нақты,
анық түрде берілуі тиіс.
7. Ілеспе хаттар адресатқа қосымша құжаттар немесе материалды
құндылықтар қоса жіберілгендігі туралы ақпарат береді. Ілеспе хат-
та жіберілген қосымша құжаттағы жағдайлардың орындалуы немесе
мақсаты туралы түсініктеме қажет болған жағдайда жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |