166
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Тілдік бірліктер:
• сізге мәлімдеймін
• жұмыс жоспары орындалған жоқ
• прокуратураға жіберілгенін мәлімдеймін
• қалалық ішкі істер бөлімі бастығына
• мектеп директоры
• себепсіз сабақтан босатқанын
• баяндаймын
ç
Тапсырмалар:
1. Факультет деканының атына студенттердің себепсіз сабақта
болмағандарын мәлімдеп, оқытушы атынан баяндау хат жазыңыз.
2. Қалалық білім беру басқармасының атына биылғы оқу жылы-
на 1-сыныпқа 420 бала қабылданатынын мәлімдеп, бастауыш сынып
мұғалімінің 3 штаттық орнын сұрап, мектеп директоры атынан баяндау
хат үлгісін жазыңыз.
3. Бөлім меңгерушісінің атына тоқсан қорытындыларын, тауар сапа-
сы мен сатылу деңгейі туралы мәлімдеп, менеджер атынан баяндау хат
үлгісін жазыңыз.
4. Қалалық ішкі істер бөлімі бастығының атына қаладағы ұйымдасқан
қылмыстық топты ұстап, олардың қылмысы туралы іс прокуратураға
жіберілгенін мәлімдейтін бөлім бастығының атынан баяндау хат үлгісін
жазыңыз.
5. Кітапхана меңгерушісінің атынан мектеп директорының аты-
на қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді мәлімдеп, баяндау хат үлгісін
жазыңыз.
6. Сынып жетекшісі атынан мектеп директорының атына 11-сынып
оқушыларының таңдаған төртінші пәнін көрсетіп, баяндау хат үлгісін
жазыңыз.
7. Кітапхана меңгерушісінің атынан мектеп директорының аты-
на қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді мәлімдеп, баяндау хат үлгісін
жазыңыз.
8. Топ басшысы ретінде сынып жетекшісіне сабақта болмаған
оқушылардың аты-жөнін, пәннің атын, сағат санын көрсетіп, баяндау хат
үлгісін жазыңыз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
Баяндау хат
– докладное письмо
Мәлімдеу
– докладывать
167
Орынғазы Әбутәліп
Баяндаймын
– докладываю
Сізге мәлімдеймін
– докладываю Вам
Жұмыс жоспары орындалған жоқ – план работы не выполнен
..... прокуратураға
– докладываю .... отправлен в
жіберілгенін мәлімдеймін
прокуратуру
Қалалық ішкі істер бөлімі
– Начальнику городского отдела
бастығына
внутренних дел
себепсіз сабақта болмады
– без уважительной причины
отсутствовал на занятиях
168
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
21-cабақ
АҚПАРАТ ХАТ
Анықтамасы:
Белгілі бір ортада атқарылатын жұмыстарға байланысты
ақпаратты басқа мекемелерге тарататын жазбаша құжат.
,
1-үлгі
Халықаралық
Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан
050060 050060
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227
Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22,
Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21
e-mail:
info@iab.kz
e-mail:
info@iab.kz
www. iab.kz www. iab.kz
№ __________________
«___» _________ 20 ___ ж.
Алматы қалалық жоғары
оқу орындарына
АҚПАРАТ ХАТ
Халықаралық Бизнес Академиясының Философия кафедрасының
ұйымдастыруымен, 2010 жылғы 8 сәуір күні сағат 10.00-де («Конференция
залында») «ХХ ғасырдағы қазақ философиясының даму кезеңдері» атты
ғылыми-әдістемелік семинар өткізіледі.
Ғылыми-әдістемелік семинардың қарайтын мәселелері:
• ХХ ғасырдағы қазақ философтары;
• ХХІ ғасырдағы философия туралы;
• Қазақша философия кітаптарының шектеулілік проблемасы;
• Философиялық талдау.
Байланыс телефондары: 2-72-26-13, 2-72-55-95
Философия кафедрасы (328-бөлме).
Ректор (қолы) Т. Балықбаев
169
Орынғазы Әбутәліп
,
2-үлгі
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы,
Сәтбаев көшесі, 15 үй
Тел. 2-72-39-62
Факс. 2-72-45-12
03.07.2010. №45
Алматы қалалық техникалық
оқу орындарына
АҚПАРАТ ХАТ
Саяхат бойынша Алматы қаласының әкімдігі Қазақстан
Республикасының әртүрлі аймақтарына «Шарын каньоны», «Есік
қорғаны», «Түрген сарқырамасы» бағыттары бойынша сапарлар өткізеді.
Қазіргі кезде шілде-тамыз айларына саяхаттық жолдамалар бар.
Жолдаманың құнына кіретіндер: жолақы, тамақ және саяхаттар. Саяхат
бойынша жолдамалар Алматы қаласының әкімдігінде рәсімделеді.
Байланыс телефондары: 2-72-26-13, 2-72-55-95
Саяхат бөлімі (117-бөлме).
Алматы қаласының әкімдігі,
саяхат бөлімі бастығының
орынбасары (қолы) А. Мықтыбекова
Достарыңызбен бөлісу: |