147
Орынғазы Әбутәліп
Хат тек бір сұрақ бойынша құрылады.
Хаттың ұсынылатын көлемі – 1 бет (мүмкіндігінше хатты бір бет-
ке сыйдырған дұрыс. Егер хат бірнеше беттен тұратын болса, бет нөмірі
қағаздың оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады).
Хат 2 данадан жасалады, хаттың түпнұсқасын кәсіпорын
бланкісінде, ал көшірмесін таза стандартты қағазға (А-4) жазады.
Хат
кәсіпорынға, кәсіпорын бөлімшесіне, лауазымды тұлғаға не-
месе жеке тұлғаға жіберіледі.
Мәтінді құрастыруда мынадай тірек сөздер пайдаланылады:
Өтінемін, кәсіпорын өтініш жасайды, басшылық пен еңбек ұжымы
өтініш жасайды, ұсыныс енгіземіз, ұсынамыз, хабарлаймыз, түсіндіреміз,
мәлімдейміз, т.с.с.
Қызметтік хаттардың түрлері:
Өтініш хат
Ресми хат
Ұсыныс хат
Сұраныс хат
Жолдама хат
Баяндау хат
Ақпарат хат
Циркуляр хат
Шағым хат
Бас тарту хат
Хабарлама хат
Жауап хат
Ілеспе хат
Ескертпе хат
Талап
ету хат
Түсінік хат т.б.
6
Қызметтік хаттардың құрылымы:
1. Кәсіпорынның атауы.
2. Кәсіпорын бөлімшесінің атауы (кейбір жағдайларда).
3. Кәсіпорын туралы анықтамалық деректер.
4. Күні, айы, жылы.
5. Тіркелім нөмірі.
6. Хатты алушы.
7. Мәтінге тақырып.
8. Негізгі мәтін.
9. Хат жіберушінің аты-жөні, қолы.
148
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ӨТІНІШ ХАТ
Анықтамасы:
Белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді
шешуге тілек-өтініш білдіретін хат.
,
1-үлгі
Халықаралық
Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан
050060 050060
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227
Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22,
Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21
e-mail:
info@iab.kz
e-mail:
info@iab.kz
www. iab.kz www. iab.kz
№ __________________
«___» _________ 20 ___ ж.
Қазақстан Республикасы
Ғылым академиясының
кітапхана директоры
А. Құсайыновқа
ӨТІНІШ ХАТ
Құрметті Арман Нұрланұлы!
Халықаралық Бизнес Академиясының ректораты сізден қазақ тілі
кафедрасының оқытушысы Сұлтан Ақнұр Ержанқызына кітапханадағы
кандидаттық және докторлық диссертациялармен танысуға жағдай
жасауыңызды өтінеді.
Ректор /қолы/
Т. Балықбаев
149
Орынғазы Әбутәліп
,
2-үлгі
№17 М.Мақатаев атындағы орта мектеп
Алматы қаласы,
А.Байтұрсынов көшесі, 55 үй
Тел. 2-35-39-62
Факс. 2-35-45-12
09.11.2010. №25
Алматы қаласының орталық
емханасының бас дәрігері
Б.Кенжебековке
Медициналық тексерістен өткізу туралы
ӨТІНІШ ХАТ
Құрметті Бақыт Ерболатұлы!
Сізден М.Мақатаев атындағы орта мектептің мұғалімдері мен қызметкер-
лерін кезекті медициналық тексерістен өткізуді ұйымдастыруыңызды
өтінемін.
Мектеп директоры: ( қолы )
Б.Садықов
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Өтініш хат қандай құжат?
2. Ол қандай жағдайда жазылады?
3. Өтініш хаттың қандай бөліктері бар?
1-жаттығу. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз.
1.өтініп сұраймын / болғандықтан / аса қажет.
2. шешілуіне / дұрыс / ықпал етсеңіз / осы мәселенің.
3. талабыңызды / сіздің / алмаймыз / өкінішке орай / қанағаттандыра.
4. аталған / мүмкіншілігі / орындауға / қазір / тапсырманы / мекеменің
/ жоқ.
5. бере / орай / қажетті / сізге / өкінішке / ақпаратты / алмаймыз.
6. сұраймыз / қарастыруыңызды / мүмкіндікті / бар.
7. алған / жойылды / кемшіліктер / орын.