83
Орынғазы Әбутәліп
1-жаттығу: Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», «Болашақ» стипендиясы
бойынша, шетелде білім алуы үшін, адамгершілік қасиеті, тұсаукесер,
мемлекеттік рәміздер, Елтаңба, Ту, мемлекеттік тіл, азаматтық парыз,
мәдениет, әдебиет.
ç
Тапсырмалар:
1. Кафедра меңгерушісі ретінде «Жоғары оқу орнының үздік
оқытушысы» байқауына қатысу үшін кафедрадағы бір оқытушыңызға
кепілдеме беріңіз.
2. Елбасының ұсынысымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы
бойынша шетелде білім алуы үшін студентке кепілдеме беріңіз.
h
Сөздік және сөз тіркестері:
жоғары педагогикалық білімі бар
– имеет высшее педагогическое
образование
кез келген өзгерістерді қиындықсыз
меңгереді
– любые изменения усваивает
без затруднений
өзін дарынды оқушы ретінде
көрсетті
– показал(а) себя, как одаренный
ученик
республикалық олимпиаданың
жеңімпазы болып табылады
– является победителем
республиканской олимпиады
тапсырманың орындалу барысында – при исполнении поручения
өзінің қызметтік (лауазымдық)
міндеттерін атқара отырып
– исполняя свои служебные
(должностные) обязанности
оқу барысында бірнеше
конференцияларға қатысты
– во время обучения участвовал
в нескольких конференциях
компьютермен жұмыс істей алады
– имеет навыки работы на
компьютере
84
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
12-cабақ
ВИЗИТ КАРТОЧКАСЫ
Анықтамасы:
Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, бай-
ланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне
лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген ісқағазының бір түрі.
Визит карточкасы – іскерлік қатынас үшін өте керек ісқағазы.
Визит карточкасының қызметі:
Таныстыру
Байланысу
Іскерлік қарым-қатынас құру
Бірігіп жұмыс жасау
6
Құрылымы:
1. Логотипі.
2. Аты-жөні (тегі үлкен әріппен жазылады).
3. Тек ресми атқаратын қызметі («Міндетін атқарушы, уақытша
орындаушы» деген сөздер жазылмайды).
4. Ғылыми дәреже немесе әскери атағы.
5. Жұмыс орнының толық атауы, мекенжайы.
6. Байланыс телефондары, e-mail, факс.
Түрлері:
Жеке
Коммерциялық мақсаттағы
Мақсаты:
Мәлімет беру
Жарнама жасау үшін
Визит карточкасы (Buziness card) өлшемі 50x90 миллиметрлік
қатты қағазда жасалады.
Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі
әртүрлі болуы мүмкін.
Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына қарай
жасалады.
85
Орынғазы Әбутәліп
Карточкаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар
Визит карточкасының көлденеңінен жасалғаны дұрыс, себебі
тігінен жазу оқуға ыңғайсыз болады.
Тегі үлкен қалың әріппен теріледі.
Міндетті түрде мекенжайы, байланыс телефондары, факс,
электрондық поштасы көрсетіледі.
Визит карточкасын беру және алу әдебі (этикеті)
1) Кездесу кезінде визит карточкасын міндетті түрде кездесудің
аяғында емес, басында бір-біріне тапсырады.
86
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
2) Визит карточкасын ең алдымен жасы немесе дәрежесі кіші адам
береді. Ал екеуінің дәреже, жастары бірдей болса, кездесуге мүдделі
адам бірінші ұсынады.
3) Визит карточкасын орнынан тұрып тапсырады.
4) Визит карточкасын қабылдағанда: оң қолмен қабылдап, көз
тоқтатып қарап (мазмұнымен танысып), алғыс білдіруі қажет.
5) Ер адам – пиджактың төсқалтасынан алып береді.
6) Әйел адамдар – сөмкесінен, қойын дәптерінен (блокнот) немесе
визит карточкасын салғыштан алып береді.
Бұл – сыпайылықтың белгісі.
Визит карточкасын беру әдебіне жатпайды:
1) Біреу арқылы беру;
2) Өздігінен сұрап алу;
3) Ұсынылған визит карточкасын елеусіз қалдыру;
4) Визит карточкасын оның иесінің көзінше майыстыру, оған таңба
салу, қолда айналдыру;
5) Визит карточкаларын бергенде бірден қалтаға, сөмкеге сала салу.
Визит карточкаларының түр-түсі:
үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлер
көбіне ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сәйкестендіріп жасайды;
қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлері сенімділікті,
орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасатады. Олар: алтын түсті,
металл түсті, қызыл, сұр, күміс, жасыл түстер;
түрлі дәрежедегі басқару органдарында жұмыс істейтіндер
классикалық үлгідегі түстерді (фон – көгілдір, шрифт – қара көк, фон –
ақшыл сия түсті, шрифт – сия түсті, фон – ақшыл қоңыр, шрифт – қара
қоңыр т.б.) қалайды;
әртүрлі мамандық иелері өз қалауына қарай жасатады. Мы-
салы, теңіз, әуе жолы қызметкерлері көгілдір түспен жасатса, орман
шаруашылығы қызметкерлері өз визит карточкаларының фонын көп
жағдайда жасыл түске жақын етіп жасатады;
полиграфист қай реңкті таңдаса да, шрифт міндетті түрде қара
түспен беріледі;
шығармашылық адамдары визит карточкаларын бірден көзге
түсетіндей ерекше етіп жасатуға тырысады. Көбінесе абстракциялық
өрнектер, бедерлермен безендіреді;
ғылыми интеллигенция, ішкі істер министрлігі, қорғаныс
министрлігі, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік құрылым
қызметкерлері көбінесе ақ фонмен, шрифтері қара, артық-ауыс белгі, фи-
гуралары, сызықтары жоқ визит карточкасын жасатады;
қызғылт және қызыл түсті визит карточкалары сирек кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |