- Елшібаева Бақытгүл,
- «Еңбекшіқазақ ауданы жергілікті қауымдастықтар қоры» қоғамдық қоры
- Алматы қаласы, 2014 жылдың 23-25 сәуірі
ҰЙЫМНЫҢ МИССИЯСЫ МИССИЯ СӨЗІНЕ АНЫҚТАМА - Латын тілінен missio — аманат, тапсырма — ұйымның құрылуы мен қызмет етуінің басты мақсаттары, ұйымның қалауы мен міндеті, оның өмір сүруінің жарқын жұлдызы мен жетекшісі болып табылады
МИССИЯНЫҢ ҚЫЗМЕТІ - Сыртқы – мекеменің жалпы бағыттарын сипаттау, қоғам алдында оның келбетін қалыптастыру, ұйымның «таныстыру карточкасы» қызметін атқарады
- Ішкі – коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері мен еріктілерді ортақ мәселені шешуде біріктіруі, коммерциялық емес ұйымдардың жоғары адамгершілік қағидалары туралы еске түсіріп отыруы тиіс
МИССИЯҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР - Қысқа да нұсқа болуы
- Позитивті болуы
- Қызмет, іс-әрекет осы шақта баяндалуы
МИССИЯНЫ ҚҰРАЙТЫН САУАЛДАР - Кім?
- «Таныстыру карточкасы»: сіздің мекемеңіздің қоғамдағы заңды тұлғалық мәртебесін анықтайды
- Не үшін қажет?
- «Біздің мекеме не үшін керек?» деген сұраққа жауап берерде ұйымның жоғары мақсаттары және құндылықтарын, оның қызмет түрлері бағытталған қоғамдық өмір аумақтарындағы сапалы өзгерістерін түсініп талқылауға тура келеді
- Қайда?
- «Біздің қызметіміздің шегі қайда?» деген сауалға жауап берерде сіздің ұйымыңыздың қызметі белсенді таралуының географиялық аумағы анықталады
Кім үшін? - Кім үшін?
- «Кім үшін жұмыс істейміз?» деген сауал сіздің ұйымыңыздың қызметінің соңғы нәтижесін тұтынушыларды анықтауды көздейді.
- Не?
- «Біз не істейміз?» деген сауалға жауап: сіздің ұйымыңыздың қызметінің соңғы нәтижесінің қандай болу керектігін анықтауға көмектесуі қажет
- Қалай?
- «Біздің мақсаттарымызды орындауда нені пайдаланамыз?» деген сауал: қандай негізгі әдіс тәсілдердің көмегімен мақсаттарға қол жеткізу керектігін анықтайды
МИССИЯ АНЫҚТАМАСЫНА МЫСАЛДАР - «Бота» коғамдық қорының миссиясы
- Қазақстандағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың өмірін олардың біліміне, денсаулығы мен әлеуметтік қауіпсіздігіне инвестиция жасау арқылы жақсарту
- Ержан Тәтішев қорының миссиясы
- Халықаралық деңгейдегі жоғары білікті қаржылық элитаны қалыптастыру арқылы Қазақстанның тұрақты ұзақ мерзімдік дамуына ықпал ету
ТАПСЫРМА: ӘР ҚАТЫСУШЫ ӨЗ ҰЙЫМЫҢЫЗДЫҢ МИССИЯСЫН ТАЛҚЫЛАНҒАН СҰРАҚТАР БОЙЫНША САРАПТАҢЫЗ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫН ОЙЛАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ ҰЙЫМНЫҢ ЖҰМЫС БАҒЫТТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ СЕБЕП-САЛДАРЫНАН САРАПТАУ АРҚЫЛЫ АЙҚЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРДІ СЕБЕП-САЛДАРЫНАН САРАПТАУ - «Мәселелер ағашы» - «Мақсаттар ағашына» айналады, барлық кері айтылған сөйлемдер жағымды ұсыныстарға айналады
- «Себеп - Салдар» принципі «Құрал - Мақсат» принципіне айналады
- Қабылданған өзара ұқсас мақсаттар стратегияға біріктіріледі
- Мақсаттар арасында негізгілері орнатылады, біз бір жоба аясында барлық мақсаттарға қол жеткізе алмаймыз, сондықтан ең бастысын таңдаймыз
ТАПСЫРМА: ӘР ҚАТЫСУШЫ ӨЗ ҰЙЫМЫҢЫЗДЫҢ МИССИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ШЕШІМ ТАБУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРДІ СУРЕТТЕҢІЗ ЖОБА ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ ЖОБА БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ ЖОБА - Бағдарлама – бір мазмұнды қамтитын, нақты нәтижеге жетуге бағытталған жоспарлы іске асырылатын міндеттер мен іс-шаралар жиынтығы
- Әртүрлі әлеуметтік іс - шаралар өзара байланыста болмай-ақ бірінен бірі бөлек орындалуы мүмкін, бірақ бір немесе бірнеше әлеуметтік жобаларды іске асыру барысында, олар бір әлеуметтік бағдарлама аясында жинақталады
ЖОБА - Жоба – латын тілінен алынған. Projectus, сөзбе сөз – «брошенный вперед», «алға тасталынған» деген мағынаны білдіреді. (Кеңес энциклопед. сөздігі)
- Жоба – белгілі мақсаттарды көздеген және оған жету жолындағы іс әрекеттің, орындаушылардың және әдіс тәсілдердің тұтастығы. (Басқару үрдісі бойынша түсіндірмелі сөздіктен).
ЖОБА СИПАТТАМАСЫ - Шектелінуі (орындалу уақыты, нәтижелері, мақсат-міндеттері, қажетті ресурстары бойынша және т.б.)
- Тұтастығы - жоба міндетті түрде неге қол жеткізу керек екендігінің біртұтас бейнесін көрсетуі керек, сол кезде жұмсалған қаражаттың тиімділігін алдын ала өлшеуге болады
- Бірізділігі және байланыстылығы - жобаның жеке бөліктері және олардың мазмұны бір-бірімен логикалық тығыз байланыста бола отырып, өзара бірін –бірі толықтыруы керек
ЖОБА СИПАТТАМАСЫ - Қисындылылығы және негізделгенуі – жобаның әр қадамы объективті көрсеткіштермен бекітіліп, және оған қол жеткізу жолдары реалды негіде жасалуы керек
- Жоба авторларының біліктілігі
-
- Жобаның қаржыланлырудан кейінгі өміршеңдігі
- Ұжымның дамуына дәл осы жобаның ықпалдылығы
ЖОБАЛАУ МЕНЕДЖМЕНТІ - Жобалау менеджменті дегеніміз - бір жобаның өмірде атқарылу барысында қазіргі заманға сай әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, белгіленген нәтижелерге: жоба қатысушыларын қанағаттандыруға , сапалы қызмет көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға , белгіленген бағадан аспай жоспарланған жұмыс көлемін орындауға - жетү үшін адам және материалдық ресурстарға басшылық жасаудың ғылымы мен өнері
«ЖОБА ҚҰРЫЛЫМЫ» ЖОБА ҚҰРЫЛЫМЫ - Мәселе қою - жоба қандай мәселені шешеді, жобаны орындаудың қажеттілігі неге туды
- Мақсаты
- Міндеттері
- Жобаның логикалық моделі
- Жоспары
- Ресурстарды анықтау
- Бюджет
- Күтілетін нәтиже
- Мониторинг және бағалау
МӘСЕЛЕ ҚОЮ (ҚАЖЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ЖИНАҚТАУ) - Жобаны жүзеге асырудың нендей қажеттіліктері туындады?
- Мәселенің бүгінгі таңда өзектілігі мен және оны шешу қажеттілігін жоба жазушымен қатар қосымша қандай ақпараттар куәландыра алады?
- Өзіңіз жұмыс істегелі отырған мәселені жан жақты нақты анықтау
- Реалист болу – бүкіл ғаламдық мәселелерді алты айдың ішінде шешуге тырысудың қажеті жоқ
ЖОБА ТЕРМИНДЕРІНІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ МАҚСАТ МІНД-ТЕР ҚЫЗМЕТ ӨНІМ НӘТИЖЕ ЫҚПАЛ МАҚСАТ - Мақсат – бұл жобаның жетістігіне бағытталған, нәтиженің қысқаша сипаттамасы
- Бұл біздің “не істейміз?” деген сауалымызға жауап
МІНДЕТТЕРІ - Міндеттер – қойылған мақсатқа жету үшін, мәселе тудырып отырған себептерді жоюға бағытталған, бағалауға жататын, нақты іс шаралар қатары
- Міндеттер: нақты (не және қашан), өлшенетін (қанша), қол жеткізе алатындай (нақты) болуы тиіс
- Міндеттерді құрастыру барысында “аяқталуды” бейнелейтін сөздерді пайдаланыңыз, мысалы: оқыту, бөлу, азайту, көбейту, ұйымдастыру, дайындау
- Логикалық модель жоба мақсаттарының, қызмет түрлерінің жобалануының, сондай ақ күтілетін өзгерістер мен нәтижелердің өзара қарым қатынасының жүйелі және көрнекті құралы болып табылады
- Логикалық модель жобаның қалай жүзеге асатындығының көрінісін ұсынады.
- Онда жоба қызметі күтілетін нәтижеге қалай алып баратындығы сөзбен суреттеледі.
ЖОБАНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ - Жобаның күнтізбелік жоспарын жасау үрдісі келесі негізгі бөлімдерін қамту керек:
- Жоба бойынша атқарылатын барлық іс-шаралардың тізімі
- Жобаның және әр этаптың басталу және аяқталу мерзімдері
- Әрбір жоспарланған шаралардың уақыты
- Іс- шаралардың логикалық реттілігі және өзара байланысы
- Нақты іс- шараларға қатысушылардың жауапкершілігінің жүктелуі
РЕСУРСТАР ТҮРЛЕРІ | - А) ІШКІ РЕСУРСТАР:
- • үнемділік
- • орта шығындар (басқа ұйымдармен, ҰМҰ ішінде бағдарламалар)
- Б) МҮШЕЛІК ЖАРНАЛАР
- В) ТАПҚАН ҚАРЖЫЛАР:
- • ҰМҰ қызметі үшін (әрекет, жарғы мақсатымен байланысты)
- • Мемлекеттік (муниципальдық) әлеуметтік тапсырысты орындау
- • Инвестиция кірісі және басқа айналымнан тыс кіріс
- • Өз іс-ірекетінің кірісі, жарғы мақсаттарымен байланыссыз
- Г)ЖЕКЕ ЖӘРДЕМ
- Д) ГРАНТТАР
- Е) АРНАЙЫ ШАРАЛАР (МАРАФОНДАР, АУКЦИОНДАР...)
- Ж) ЖОСПАРЛАНҒАН ЖӘРДЕМ (МҰРА...)
- З) ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН НЕСИЕЛЕР
- И) КІРІС ӘКЕЛЕТІН, КАПИТАЛ ЖӘРДЕМІ
| | - А) ҰСТАЛҒАН / ЛИКВИДТЕР ЕМЕС / ҚАЛДЫҚТАР
- Б) ЖАҢА ТАУАРЛАР /ӨНІМДЕР:
- • жеңілдікпен
- • тегін
- • бартер (жарнама үшін/тауарлар демонстрациясы, басқа қызмет
- түрлері)
- В) НЕСИЕЛІК
- Г) БАСҚА ҮЕҰ БІРГЕ АЛЫНҒАН/ПАЙДАЛАНҒАН
| | - А) БАСҚАРМА, КЕҢЕС
- Б) ҰЙЫМ МҮШЕЛЕРІ
- В) ӨЗІ ТІЛЕНГЕНДЕР
- Г) ҚАМТЫЛҒАН ЖҰМЫСКЕРЛЕР
- Д) ШТАТ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІ
- Е) КОНСУЛЬТАНТТАР, ҮКІМЕТ ЖІБЕРГЕН, КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰРЫЛЫМЫНАН
| | | | | | | | | | | ЖОБА БЮДЖЕТІ - Бюджет - жобаға қатысты барлық ресурстардың және олардың толықтай бағасының жиынтығы.
- Бюджет - жоба қызметімен тығыз логикалық байланыста
- Жоба бюджеті түсінікті және жақсы жан жақты ойластырылуы керек.
ЖОБА НӘТИЖЕСІ - Күтілетін нәтиже
- Сапалы және сандық нәтиже
- Жоба нәтижесін бағалау
- Жоба нәтижесі қалай және қандай өлшемдер арқылы бағаланады
ОРЫНДАЛУ ӨЛШЕМДЕРІ - Жобаның орындалуының нақты көрсеткіштері
- Жобаға қойылған мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелерді өлшеуге және бағалауға мүмкіндік береді
- Көрсеткіштер табысымызды қалай бекітетінімізді немесе өлшейтінімізді анықтайды
- Бұл табысты болу белгілері, жобаның жемісті/ жеміссіз болуын анықтайтын тәсіл немесе құрал
МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ - Жобаны бағалау жалпы жұмыстың тиімділік деңгейін және алдына қойған мақсатқа қаншалықты жеткендігін анықтайды
- Мониторинг – жобаның барысы туралы мәлімет алу. Бұл жобаның орындалуына үздіксіз бақылау
МОНИТОРИНГ - Мониторинг – бұл жобаның барлық тұрғыдан алғандағы белгілі бір ақпараттарын жинақтайтын, жобаның іс- әрекетінің орындалу жолын бақылау мақсатындағы үрдіс
- Мониторинг – бұл жұмыс жолын жоба/бағдарлама төңірегінде істердің бүгінгі жағдайын жоспармен қажетті өзгерістерді енгізуді салыстыру үшін қадағалауға арналған тұрақты үрдіс. Бұл шешім қабылдауға көмектесетін жобаны басқарудың ішкі қызметі. Ол жобаның және бағдарламаның күшті және нашар жақтарының негізгі және әмбебап құралы болып табылады.
- Оның мақсаты - қатысушы адамдарға орынды және уақтылы көмек көрсету, бұл жұмыстың мейлінше жетілуіне ықпал ету.
- Мониторинг мақсаты – бағдарламаның не жобаның жүзеге асырылу уақытында ақиқат шындыққа жанасқан түрде орындалуын анықтау.
БАҒАЛАУ - Баға жобаның міндеттері мен мақсаттарын талдаумен айналысады: нәтижелер мен іс-әрекеттерді, сондай-ақ бағдарламаның не жобаның ұзақ мерзімде әсер етуін талдайды. Бағалау үшін маниторинг мәліметтері қолданылады. Баға өзгерістер енгізуге және келешекке ұсыныс жасауға мүмкіндік береді.
- Бағалаудың мақсаты – жобаға не бағдарламаға аралық немесе соңғы кезеңді жүзеге асыруды аяқталғанда ғана баға беру. Жобаны немесе бағдарламаны бағалау біздің іс-әрекетіміз қандай мөлшерде тиімді болуын, мақсаттарымыздың жүзеге асқандығын көрсетеді. Жобалауды бағалау жоспарының жетістіктерімен, нәтижелерімен және ықпал етумен салыстыруға мүмкіндік береді.
БОЛЖАУ, ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР - Жобада себеп-салдар байланыстарының констатациясы жүзеге
- асырылады: егер А, онда Б.
- Жоба – әрқашан болжам. Болжам – белгісіздік жағдайда себеп байланыс туралы болжалды пікірі.
- Сондықтан жобаны жетілдіру кезінде біз жобаның жетістіктеріне кедергі жасайтын, болжау деректерін немесе қауіп-қатерлерді есепке алуымыз керек
- Біздің жобаларға тән қауіп-қатерлер, болжауды бейнелейтін термин: Жорамалдау/қауіп-қатерлер
- Жорамалдау мен міндеттер анықталғанда,табысқа жету үшін біздің алдымызда- «керекті және жеткілікті жағдай».
- !!!!!!!! Жорамалдау позитив формасында тұжырымдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |