ТӨЛЕМ КАРТОЧКАСЫН ҚАУІПСІЗ ҚОЛДАНУ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ
ЖАДНАМА
Құрметті клиенттер!
Төлем карточкасын қолданбас бұрын қауіпсіздік шараларымен мұқият танысуыңызды сұраймын.
Жаднамадағы нұсқауларды сақтау төлем карточкасының сақталуын қамтамасыз етеді және төлем
карточкасын пайдалану арқылы операцияларды жүргізу кезіндегі тәуекелдерді төмендетеді.
БАНКОМАТТАРДА ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ
- Банкоматтардың көмегімен операцияларды жүргізу үшін қауіпсіз орындарда орнатылған
банкоматтарды таңдау қажет (мысалы, Банктің бөлімшелерінде, мемлекеттік мекемелерде, ірі
сауда кешендерінде және т.с.с.).
- Банкомат орналасқан үй-жайға кіру үшін ЖСН-кодын талап ететін құрылғыларды
пайдаланбаңыз.
- ЖСН-кодын жақын арадағы адамдар көрме алмайтындай етіп теру қажет.
- Егер банкоматты пайдаланар алдында Сіз оның құрылымына сәйкес келмейтін және ЖСН-кодын
теретін орында және картаны қабылдайтын орында орнатылған қосымша құрылғыларды
байқаған болсаңыз, операция жүргізуден бас тартыңыз.
- Сондай-ақ, егер төлем карточкасын банкоматқа салу үшін физикалық күш салу қажет болса, оны
пайдаланудан бас тарту керек.
- Егер банкомат дұрыс жұмыс жасамаса (мысалы, ұзақ уақыт бойы күту режимінде болса, өз
бетінше қайта жүктелсе) «Бас тарту» кнопкасына басып, ағымдағы операциядан бас тарту және
төлем картасын қайтаруын күту қажет.
- Банкоматтан қолма-қол ақшаны алғаннан соң оны қайта санау, төлем карточкасын банкоматтың
қайтарғанына көз жеткізу, сұратқан кезде түбіртекті бергенін күту, сосын оларды әмиянға салу
керек және содан кейін ғана банкоматтан кері қайту керек.
- Банк шоты бойынша көшірмемен онда көрсетілген сомаларды салыстырып тексеру үшін
банкомат шығарған түбіртектерді сақтап қою керек.
- Үшінші тұлғалардың кеңестерін тыңдау, сондай-ақ банкоматтарда төлем карточкасымен
операцияларды жүргізген кезде олардың көмегін қабылдау керек емес.
- Егер операцияларды жүргізу кезінде банкомат төлем карточкасын қайтармаған кезде банкоматта
көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, болған жағдайды түсіндіру қажет, сондай-ақ өз Банкіңізге
хабарласып, карточкаға тосқауыл қою және бұдан әрі Банк қызметкерінің айтуы бойынша әрекет
жасау керек.
САУДА ЖӘНЕ СЕРВИС КӘСІПОРЫНДАРЫНДА
ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ
- Сенімсіз сауда және сервис кәсіпорындарында төлем карточкасын пайдаланбаңыз.
- Төлем карточкасымен операцияны тек Сіздің көзіңізше орындауы талап етіңіз. Бұл Сіздің төлем
карточкаңыздағы жеке деректеріңізді заңсыз алу тәуекелін төмендеті мақсатында қажет болады.
- Тауарлар мен қызмет ақысын төлеу үшін төлем карточкасын пайдалану кезінде кассир жеке
басын куәландыратын құжатты беруін, чекке қол қоюын және ЖСН-кодын теруді талап етуі
мүмкін. Чекке қол қоймас бұрын міндетті түрде чекте көрсетілген соманы тексеру керек.
- Операция сәтсіз аяқталған жағдайда, шот бойынша көшірмеде осы операцияның болмауын
кейіннен тексеру үшін терминал берген чекті сақтап қою қажет.
ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІНДЕ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТ АҚЫСЫН ТӨЛЕУ
- Интернет желісінде, сондай-ақ телефон/факс бойынша тауарлар мен қызметке тапсырыс берген
кезде ЖСН-кодын хабарламаңыз.
- Интернет желісі арқылы төлем карточкасы туралы деректер мен ақпаратты хабарламаңыз
(мысалы,
ЖСН-коды, Банк ресурстарына қолжетімділік паролі, несие лимиттері,
операциялардың тарихы, жеке деректері).
- Интернет желісінде операцияны жүргізе отырып, Карточканың артқы жағындағы үш саннан
тұратын CVV2 кодын енгізу керек.
- Банктік шоттан ақша сомасын рұқсатсыз алу сияқты заңсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында
Интернет желісінде сатып алуға ақы төлеу үшін жеке төлем карточкасын пайдалану ұсынылады.
- Интернет-сайтын https:// (http:// орнына) хаттамасы бойынша пайдалану ұсынылады, бұл
сервермен деректерді рұқсатсыз алып қою немесе бұрмалауды толық қолжетімсіз етеді.
- Сіз қосылатын және оларда зат сатып алғыңыз келетін интернет-сайттардың мекенжайларының
дұрыстығына міндетті түрде көз жеткізіңіз, себебі ұқсас мекенжайлар заңсыз әрекеттерді жүзеге
асыру қолданылуы мүмкін.
- Жеке деректеріңіздің және (немесе) төлем карточкасы туралы ақпараттың құпиялылығын сақтау
мақсатында тек өз компьютеріңізден ғана сауда жасауды ұсынамыз.
- Егер сауда бөтен компьютер арқылы жасалса, онда жеке деректеріңіз бен басқа да ақпаратты
сақтамаңыз, барлық операциялар аяқталғаннан кейін жеке деректеріңіз бен басқа да ақпарат
сақталып қалмағанын тексеріңіз (сатушының сауда жасалған браузердегі web-парақшасын қайта
жүктеңіз).
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНАН ТЫСҚАРЫ ШЫҒАР АЛДЫНДАҒЫ
НҰСҚАМАЛАР
- Қазақстан Республикасынан тысқары шығар алдында төлем карточкаңыздың қолданылу мерзімін
тексеріңіз. Төлем карточкасының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда, оны қайта жасау үшін
Банктің кез келген бөлімшесіне хабарласыңыз.
- Банктің кез келген бөлімшесіне немесе тәулік бойы жұмыс жасайтын қызметке хабарласып,
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде банктің төлем карточкасына қызмет
көрсетуге салынған тыйымды алып тастау керек.
- Өзіңіздің банктік шотыңыздағы қаражат қалдығын алдын ала тексеруді ұмытпаңыз.
ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
- Төлем карточкасын алған кезде карточканың арқы жағындағы карточканы ұстаушының қолы
қойылатын орынға қол қоюыңыз керек. Бұл егер ол жоғарған жағдайда, Сіздің келісіміңізсіз
төлем карточкасын пайдалану тәуекелін төмендетеді.
- ЖСН-кодын есте сақтау керек және оны төлем карточкасынан жеке жерде сақтау қажет.
- Төлем карточкасын үшінші тұлғаға еш уақытта пайдалануға бермеңіз, ешбір жағдайда төлем
карточкаңыздың ЖСН-кодын ешкімге айтпаңыз.
- Төлем карточкасын сақтау және пайдалану шарттарына мұқият болыңыз. Төлем карточкасын
механикалық, температуралық және электромагниттік әсерлерге ұшырауына ықпал етпеңіз.
- Төлем карточкасының шоты бойынша үзінді көшірмелерді жиі тексеріп тұрыңыз.
- Банктің байланыс нөмірі мен төлем карточкасының нөмірін басқа да ақпарат тасымалдаушыда
сақтап, өзіңізбен бірге алып жүруіңіз қажет: жазба кітапшасында, ұялы телефонда және т.б.
- Банк атынан жеке деректеріңізді беруді ұсынатын электрондық хаттарға жауап бермеңіз.
Хаттарда (Банктің сайтына жасалған сілтемелерді қоса алғанда) көрсетілген «сілтемелерге»
кірмеңіз, себебі олар «егіз» сайттарға бастап апаруы мүмкін.
- Банкпен өзара ақпараттық қарым-қатынас мақсатында тікелей Банкте алынған құжаттарда
көрсетілген деректемелерді ғана қолдануды ұсынамыз.
- Банкті тұратын мекенжайыңыздың, телефоныңыздың, жұмыс орныңыздың және т.с.с. өзгергені
туралы уақтылы хабардар етіңіз – бұл Банктің қажет болған жағдайда Сізбен жедел байланысуы
үшін аса қажет.
- Төлем карточкаңыздың толық нөмірі көрсетілген, енді қажет емес кез келген құжатты жойыңыз.
- Төлем карточкасы жоғалған немесе ұрланған жағдайда, ауызша немесе жазбаша түрде Банктің
карточкаға тосқауыл қоюын талап етіңіз.
- Алаяқтық тәуекелі жоғары елдерде төлем карточкасын пайдаланған кезде Қазақстан
Республикасының аумағына келген сәттен бастап 5 (бес) банк күні ішінде Банкке төлем
карточкасын қайта шығаруға өтініш білдіріңіз. Банк карточканы қайтадан тегін шығарады.
Елдердің тізімі Банктің ресми сайтында орналастырылған.
- Төлем карточкасы бойынша операцияларды қосымша бақылау үшін SMS-хабарлама қызметіне
қосылыңыз.
Маңызды! Жаңа төлем карточкасын алған кезде оны банкомат арқылы, Банктің кез келген
бөлімшесінің кассасындағы POS-терминалда ЖСН-кодын енгізу арқылы іске қосу қажет.