80
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Құжаттың атауы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай
үлкен әріптермен жазылады.
Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын
қаншалықты меңгергендігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет
бабында жеткен жетістігі жазылады. Әріптестерімен карым-қатынас
жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы жазылады.
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерттеу
жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдастыру
қабілеті де кіргізіледі.
Кепілдеменің қорытынды бөлімінде:
1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысуға
лайық тұлға, кәсіби біліктілігі жоғары маман деп санаймын.
2. Елбасының ұсынысымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы
бойынша шетелде білім алуға лайық деп сенім білдіремін деген түйінді
сөздер қолданылады.
Кепілдемеде талап етуші ұйымның ресми атауы толық көрсетіледі.
Кепілдеме беруші туралы мәліметке кепілдеме берушінің аты-жөні,
ресми қызметі, дәрежесі жазылады.
Барлық кепілдемелерге мекеме мөрі басылады.
Кепілдеме ресми стильде, еркін түрде жазылады.
,
1-үлгі
Кепілдеме
Оңғарбаева Әсем 1989 жылы, 16 наурызда Алматы қаласында туған.
Білімі – жоғары. Ұлты – қазақ. ҚР азаматы.
2006 жылы Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қаржы-
экономика факультетіне оқуға түсті. Қазір екінші курста оқиды.
Оңғарбаева Әсемнің адамгершілік қасиеті, адамдармен тіл табысу
қабілеті, жауапкершілігі өте жоғары. Әсем өзіне тапсырылған қандай
жұмысты да шығармашылықпен атқарады. Өзінің таңдап алған
мамандығын жақсы көреді. Қазақ тілі сабағында «Менің мамандығым
Отаныма қандай пайда әкеледі?» деген тақырыпта «тұсаукесер» жасады.
Осы жұмысты атқару барысында әлемдік экономиканың тарихына, бүгінгі
күніне шолу жасап, өз еліміздің экономикасын дамыту үшін қандай іс-
шаралар жасауға болатынын, әр азаматтың оған қосар үлесін, кейін маман
болып шыққанда нақты қандай жұмыстарды атқаратынын дәлелдер келтіру
арқылы баяндады.
81
Орынғазы Әбутәліп
Әсем – өз Отанын жанымен сүйетін патриот. Өз елінің мемлекеттік
рәміздерін, яғни Елтаңбасын, Туын және мемлекеттік тілін қадірлейді.
Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, әдебиетін жақсы білуді азаматтық
парызым деп санайды. Әсемнің ұлы жазушы М.Әуезовтің «Абай жолы»
роман-эпопеясы бойынша жасаған «өздік жұмысы» топтастарының
көңілінен шығып, үлкен баға алды. Осы шағын ғылыми жұмысын
қорғау барысында Әсемнің азаматтық тұлғасы айқын көрінді. Әлеммен
Қазақстанды теңестіретін күш – рухани мұра екенін, қазіргі жастардың
ұлттық құндылықтардан алыстап бара жатқандығының аяғы үлкен
қиындыққа апаратынын жан-тәнімен сезініп, жастарды ізгілікке шақырды.
Әсем өз ойын қазақша, орысша, ағылшынша еркін жеткізе алады. Жұрттың
алдына шығып сөйлеу мәдениеті қалыптасқан, өзін еркін ұстайды.
Қорыта айтқанда, Оңғарбаева Әсемді Қазақстан үшін жан-тәнімен
еңбек ете алатын, тәуелсіз еліміз үшін, оның экономикалық, рухани
дамуына үлес қосатын студент деп бағалаймыз.
Оңғарбаева Әсемнің келешекте Қазақстан экономикасын өркендетуге
үлес қосатынына, ел сенімін ақтайтынына кепілдік беремін.
Кепілдеме беруші:
ҚБТУ, Қазақ және орыс
тілдері кафедрасының
ассоциативтік профессоры, п.ғ.д.
1 маусым, 2010 жыл _____________________________
К. Құрманбай
,
2-үлгі
Ұсыныс хат
Мұстағұлова Әсия Нардосқызы 1989 жылы 27 сәуірде Ресей
Федерациясының Мәскеу қаласында туған.
1996 жылдан бастап Алматы қаласындағы №132 ағылшын тілін
тереңдетіп оқытуға арнайы мамандандырылған мектеп-гимназиясында
өте жақсы үлгеріммен білім алды. Сондай-ақ осы мектеп аясындағы
«Балалардың музыкалық-хор студиясын» бітірген. Бұған Әсияның үздік
білім көрсеткіштері үшін алған «Мақтау қағаздары» дәлел бола алады.
2002-2003 оқу жылынан бастап Алматы қаласындағы Ораз Жандосов
атындағы №105 халықаралық лингвистикалық гимназияда орта білімін
жалғастырып, бұл оқу орнында да ағылшын тілі, математика, география
пәндерін оқып-үйренуде ерекше жетістіктер көрсетті. Мектеп қабырғасында
жүргенде Абылай хан атындағы «Қазақ халықаралық қатынастар және әлем
тілдері университетінің» аясындағы «Полиглот» білім беру орталығында,
Сүлеймен Демирел атындағы университетте ағылшын тілі бойынша өз
білімін жетілдіріп, сертификаттарға ие болды.
82
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Қазір ҚБТУ, Қаржы-экономика факультетінің 2-курс студенті.
Университет қабырғасында білім алу барысында Әсия өзін өте салмақты,
ойлы, талапты да жинақы студент ретінде таныта білді. Мінезі біртоға,
сабырлы, барлық нәрсеге сын тұрғысынан қарайды, жас та болса өзіндік
көзқарасын белсенді түрде байқата алады. Өз курстастары арасында бедел
мен құрметке ие.
Әсияның жауапкершілік сезімі өте жоғары, өзіне тапсырылған істі
жан-жақты ойластырып, шығармашылық қатынаспен атқаруға тырысады.
Оны «Іскерлік қазақ тілі» сабақтарындағы өздік жұмыстарды орындау
барысында байқатты. Еңбекқорлығы, талмай ізденгіштігі, табандылығы
арқасында орындаған жұмыстары топ алдында жоғары бағаланды.
Университет қабырғасында 24.11.2006 ұйымдастырылған «Competitiveness
in Kazakhstan on Contemporary Stage of Market Reforms’ Realization»
тақырыбындағы конференцияға белсене қатысып, сертификатқа ие болды.
«Іскерлік қазақ тілі» пәні бойынша практикалық сабақтарды жүргіз-
ген оқытушы ретінде, Мұстағұлова Әсияның алға қойған мақсатына
қол жеткізуге барлық күш-жігерін салатындығына, келешекте еліміздің
экономикалық өрлеуіне өзіндік үлесін қосатындығына сенемін. Сондық-
тан, Елбасының ұсынысымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы
бойынша шетелде білім алуға лайық деп сенім білдіремін.
Тілдер кафедрасының
ассоциативтік профессоры, п.ғ.д.
1 маусым, 2009 жыл _____________________________
К. Құрманбай
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Кепілдеме мен мінездеменің ортақ белгілері қандай?
2. Кепілдеме мен мінездеменің айырмашылықтары қандай?
3. Кепілдеме қандай жағдайда беріледі?
4. Кепілдеме мен ұсыныс хаттың ерекшелігі неде?
Тілдік бірліктер:
Жоғары педагогикалық білімі бар
Өзін дарынды оқушы ретінде көрсетті
Республикалық олимпиаданың жеңімпазы болып табылады
Өзінің қызметтік (лауазымдық) міндеттерін атқара отырып
Оқу барысында бірнеше конференцияларға қатысты
Компьютермен жұмыс істей алады
Жауапкершілігі өте жоғары
Лайық деп сенім білдіремін
Достарыңызбен бөлісу: |