О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет25/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69

87
Орынғазы Әбутәліп
Ескертулер!
Кездесуге  барған  кезде  кездесетін  адам  болмай  қалса,  белгілі  бір 
жағдайлармен  қабылдай  алмаса  немесе  кездесуге  келе  алмаса,  онда 
карточканың  үстіңгі  оң  жақ  бұрышын  майыстырады  да  оны  қайта 
қалпына  келтіріп  барып,  визит  карточкасын  қалдырып  кеткені  дұрыс. 
Бұл сіздің визит карточкасын өзіңіз тастап кеткеніңізді білдіреді. 
Визит карточкасы туралы
Жақсы жасалған визит карточкасы – бұл иесінің өзіндік бейнесі. Ал 
өте  жақсы  жасалған  визит  карточкасы  –  ол  оның  мини-портфолиосы 
(ең қысқа жинақталған дерекнама). Визит карточкасының бағалануы – 
бірінші орында дизайны: фирманың немесе адамның реквизиттері, оның 
беру тәсілі болып саналады. 
Жақсы визит карточкасы не береді?
Жақсы  визит  карточкасы  өзінің  түр-түсімен  арбайды.  Жақсы  ви-
зит  карточкасы  –  өнердің  туындысы  немесе  маман  дизайнердің  өнімі. 
Сондықтан жақсы визит карточкасын мықты дизайнерге тапсыру керек, 
бірақ бұл арзанға түспейді. Жақсы визит карточкасы сізді тұлға ретінде 
және іскери серіктес ретінде көрсетеді. Әрбір адам – қайталанбас тұлға. 
Визит карточкасын екі тілде жасау керек пе?
Визит карточкасын екі тілде жасау сәнге айналған, ана тілінде және 
ағылшын тілінде. Мұндай визит карточкасы халықаралық мәртебеге ие 
болғандықтан  салмақты  көрінеді  деп  санайды.  Ал  бұған  қарсы  болуға 
дәлелдер:
1. Екі тілдегі визит карточкасы мәтінге толып тұрады. Бұл әрқашанда 
композициясын  және  дизайнын  нашарлатады.  Мұндай  визит  карточка- 
сы – бөлме ішін жиһазбен толтырып қойғандай әсер етеді. Жақсы визит 
карточкасына  негізінен  керекті  бөліктері  –  фонның  түсі,  графикалық  
суреттеу, қағаз. 


88
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
2. Екі тілді визит карточкасы екіжақты болғанымен, мәтіні ғана басқа 
тілде жазылатын тұп-тура көшірмесі. Екіжақты визит карточкасы екі есе 
қымбат тұрады.
3. Екіжақты визит карточкасының тиражына кеткен қаржыға екі бөлек 
тапсырыс берген әлдеқайда тиімді. Одан да визит карточкасын екі тілде 
екі бөлек жасатқан өте тиімді деп саналады. Бір түрін – қазақша, екінші 
түрін – орысша немесе ағылшын тілінде шығарған дұрыс.
Тарихы
Визит карточкаларын қолданудың тарихы өте тереңде жатыр. Бірақ 
қазір  оларды  қолданудың  айқын,  танымал  нормалары  түзіліп  шықты. 
Қазіргі  уақытта  іскер  адамдар  үшін  визит  карточкаларын  қолданудың 
маңызы  өте  зор.  Телефон,  ұялы  телефон,  мекенжай,  электрондық  
пошта,  e-mail  сияқты  толып  жатқан  мәліметтерді  қолдан  жазып 
отырғанша, визит карточкасын ұсынған өте қолайлы және бұл сіздің көп 
уақытыңызды үнемдейді. 
1) Францияда ескі визит карточкасы «Carte de Visite» (“Карточка для 
визитов”) деп аталған. Визит карточкасының ең алғашқы түрі 2500 жыл 
бұрын пайда болған. (Б.ғ.д. 770-476 жж.) Чуньцю дәуірінде және (б.ғ.д. 
475-221 жж.) Чжаньго дәуірінде көне Қытайда мәдениет қарқынды түрде 
дамыды. Дәл осы уақытта визит карточкасы пайда болды деген мәлімет 
бар. Суреттеу бойынша: бамбук ағашынан немесе ағаштан жасалынған 
жұқа көлденең тақтайшаның бір жағына иероглиф жазуы жазылғандығы 
белгілі  болды.  Кейінірек,  б.ғ.д.  ІІІ  ғасырда  жібек  матаға  түсірілген 
хаттардың  түрі  көп  таралған.  Мұндай  тақтайша  мен  матаға  аты-жөні, 
қысқаша өтініші мен сапарлап келу тақырыбы жазылған. Мұндай визит 
карточкалары әркімге жеке жасалынған. Визит карточкасын жасатуға көп 
қаржы төлейтін болғандықтан, оны қалталы адамдар ғана жасата алған.
2) Қазіргі визит карточкасына ұқсас визит карточкалары Францияда 
ең алғаш XVII ғ. ортасында Людовик XIV-тің кезінде пайда болды.
Бұл карточкалардың Қытайда шығарылған визит карточкасынан көп 
айырмашылығы болмады. Карточканы тек жоғары жақтағылар ғана пай-
даланды.  Визит  карточкасын  дайындауға  суретшілер  атсалысты  және 
оны қолмен жасады, сондықтан әрбір карточка ерекше болды. 
3)  Визит  карточкасын  Венеция  және  Флоренция  қаласының 
тұрғындары XVI-XVII ғасырда-ақ пайдаланған екен.
4)  Ресейде  визит  карточкасы  Екатерина  ІІ  басқарған  кезінде,  яғни 
XVIII ғасырда пайда болған. Ақсүйектік «алтын ғасыр» деп аталатын сол 
кезде барлығы да «ана бір Франциядағыдан» кем емес әдемі де сәнді бо- 
луы қажет. Визит карточкасы немесе визит билеті (халық арасында) ақ- 
сүйектік тектің ерекше белгісі ретінде қала берді. Мысалы, саудагер не-
месе бай және атақты адамдар да оны қолдану құқығына ие болған жоқ.


89
Орынғазы Әбутәліп
Революциядан  соң  визит  карточкалары  буржуаздық  сарқыншақтар 
болып саналды, сондықтан оларды қолданған жоқ. 
Визит  карточкалары  Кеңес  өкіметі  кезінде  қайтадан  пайдаланыла 
бастады.  Бірақ  оның  кескіні  кішкене  өзгертілді.  Егер  бұрын  адам  аты 
бірінші жазылса, енді адам аты оның тегінен соң жазылды. Бұл мәселе 
шетелдіктердің есін шығарды, өйткені халықаралық этикетте адам аты 
бірінші жазылады. 
Кеңес визит карточкасының тағы басқа бір ерекшеліктері, ол – оның 
мөлшері мен талғампаздықтан және салтанаттан бас тартуы. 
Егер Еуропада, мысалы визит карточкасын ұмытып кетсе немесе кез-
десу  кезінде  визит  карточкасы  болмаса,  олар  оған  сондай  қатты  көңіл 
бөлмейді екен.
Егер келіссөзге төрт адамнан көбірек қатысатын болса, визит карточ-
каларын олардың отыру ретімен қою керек, бұл олардың аттарын дұрыс 
айтуға және тез есте сақтауға мүмкіндік береді. 
Визит  карточкасының  екінші  жағы  таза  болған  дұрыс,  бұл  жерде 
керекті қосымша ақпарат жазылады. 
Визит  карточкасын  қолданудың  ережелерін  білу,  іскер  адамның 
беделіне  және  келешектегі  істерінің  жақсы  жүруіне,  табысқа  жетуіне 
үлкен әсерін тигізеді.
Визит карточкасын пошта немесе көмекшің арқылы беріп жіберген 
кезде төмендегі көрсетілген шартты белгілерді пайдалансаңыз болады. 
Мұндағы сөздің бірінші әрпі француз тілінен алынған әдеп деп санала-
ды. Бұл шартты белгілерді тек француздар емес, бүкіл дүниежүзі пай-
даланады. Бұл сөздердің аудармасын білмеуіңіз мүмкін, бірақ та мұны 
жаттап алуға болады. 
Есте сақтаңыз!
Р.Р. (рour presentation)
  «Таныстыру  үшін».  Танысу  мақсатында, 
ұсыныс. 
P.F.C. (рour faire 
connaissance)
  «Танысу  себебі  жөнінде».  Танысуға 
қызығушылық танытуы.
P.P.C. (pour prendre conge)
«Қоштасу  себебі  жөнінде».  Егер  өзі 
келіп  қоштасуға  мүмкіндігі  болмаса,  жол 
жүруінен  хабардар  ету,  сырттай  қоштасу 
тәсілі.
P.F. (рour fete)
  «Мерекеге».  Сыйлыққа  қосымша  ретінде 
открытканың орнына қызмет етеді.
P.F.F.N. (рour faire fete 
nationale)
 «Ұлттық мерекеге байланысты». Шетелдік 
серіктесіңнің  ұлттық  мерекесіне  көңіл 
бөлудегі жақсы белгі.


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау