73
Орынғазы Әбутәліп
,
2-үлгі. Аттестациялық түрі
Мінездеме
Сыздықов Болат Бақытұлы 1967 жылы 15 ақпанда Шымкент облысы,
Түркістан қаласында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. Қазақстан
Республикасының азаматы.
Болат Бақытұлы 1985 жылы Түркістан қаласындағы Сейфуллин
атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін 1985 жылы Алматы қаласындағы
қазіргі Ұлттық техникалық университетінің компьютерлік техника
факультетіне оқуға түсіп, оны 1990 жылы бітірген.
1990-1992 жылдар аралығында Ғылыми-жобалау институтының
аға ғылыми қызметкері. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық техникалық
университетінің «Металлургия» факультетінің аға оқытушысы болып
істейді.
1993-1997 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дың өндірістен қол үзбей
оқитын аспирантурасында оқып, 1998 жылы кандидаттық диссертация
қорғады.
Б.Б. Сыздықов – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол – бір-
неше ғылыми еңбектердің авторы. Б.Б.Сыздықовтың «Металлургия
өнеркәсібінің терминдері» деп аталатын еңбегі Шоқан Уәлиханов
атындағы сыйлыққа ие болды.
Б.Б. Сыздықов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі. Компьютер
бағдарламаларын жетік меңгерген.
Б.Б. Сыздықов студенттер мен әріптестерінің арасында беделді. Мі-
незі ашық, адамдармен тез тіл табысады. Үйленген. Үлгілі отбасы иесі.
Б.Б. Сыздықов қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық.
Мінездеме ҚазҰТУ-дың Ғылыми-техникалық орталығының бас
маманы қызметіне ұсыну үшін берілді.
Мінездеме беруші:
Металлургия
факультетінің
деканы, т.ғ.д., профессор
А. Өмірбеков
8 сәуір, 2009 жыл ________________________
(қолы)
74
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
,
3-үлгі. Жеке (функционалды) түрі
Мінездеме
Алпамысов Сәкен Азатұлы 1966 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі жоғары. Ұлты – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматы.
1990-1996 жылдар аралығында «Қызыл-ту» өндірістік бірлестігінде
инженер болып қызмет істеді.
1996 жылдан бастап осы бірлестіктің «Бақылау-өлшеу аппаратурасы»
бөлімінің аға инженері қызметін атқаруда.
Алпамысов Сәкен Азатұлы бақылау-өлшеу аппараттары бөлімінде
аға инженер болып істеген кезінде, қабілетті, білімді, ұқыпты қызметкер
ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өз мамандығы бойынша
кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген. Компьютермен жұмыс істеу
тәжірибесі мол. Француз тілінен базалық білімі бар. Үйленген. Мектеп
жасына дейінгі ұл мен қыз тәрбиелеп отыр.
1996 жылы Санкт-Петербург электротехникалық институтында
«Бақылау-өлшеу құралдарын автоматтандыру» мамандығы бойынша
дайындықтан өтті. Оқу орнынан берілген пікір жағымды.
Мінезі ашық, бірақ аздаған сабырсыздығы бар. Ұйымдастырушылық
қабілеті ерекше. Ерік-жігері орташа. Қиын жағдайда өз бетінше, дұрыс
шешім қабылдай біледі. Өндірістік мәселелерді талқылағанда тік
мінезділік көрсетеді, тым турашыл. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін
тез түзеуге тырысады.
Мінездеме «Еңбек келісімін» ұзарту үшін берілді.
Мінездеме беруші:
«Қызыл-ту» өндірістік бірлестігі
Бақылау-өлшеу
аппараттары
бөлімінің бастығы А. Бақбергенұлы
8 сәуір, 2010 жыл _____________________________
(қолы)
75
Орынғазы Әбутәліп
Тілдік бірліктер:
• ұлт
• отбасы
• лауазым
• қызмет
• азамат
• білім
• жоғары білімді
• тәжірибелі
• тәжірибелі маман
• жоғары
білімді маман
• өз ісін жетік білетін маман
• қызмет істеген жылдары
• беделді
• үлгілі
• әріптестері арасында сыйлы
• қызметке
жоғарылату
• аспирантураға түсу
• оқыды
• бітірді
• меңгерді
• аяқтады
• жұмыс істеді
• берілді
• үйленген
• үйленбеген
• тұрмыс құрмаған
• тұрмыста
• ажырасқан
• атқарып отырған қызметіне
лайық
• жоғары қызметке ұсынуға
лайық
• тапсыру үшін берілді
• ұзарту үшін берілді
• әлденеше
рет сөгіс алған
• әріптестеріне, азаматтарға мейірім-
мен қарайды
• әріптестерінің арасында беделді
• байсалды адам
• білікті маман
• білімді маман
• ешқандай сөгіс алмаған
• жауапкершілігі
жоғары
және
тәртіпті
қатаң сақтайды
• жоғары педагогикалық білімі бар
• жұмыс істеген уақыты ішінде
• компьютер бағдарламаларын жетік
біледі
• кішіпейіл, көпшіл, адал, өнегелі
адам
• қазақ тілін білу деңгейі жоғары
• қарапайым адам
• мәдениетті жігіт (қыз)
• мінездеме директор лауазымына
ұсыну үшін
берілді
• мінезі сабырлы
• мінезі салмақты, орнықты
• оқу барысында бірнеше конферен-
цияларға
қатысты
• өзін жақсы жағынан көрсетті
• республикалық
олимпиада
жеңімпазы болып табылады
• тәрбиелі адам
• тез тіл табысқыш
• кәсіби деңгейін ұдайы арттырып
отырады
• тындырымды, батыл, белсенді адам
• іскер адам
1-жаттығу: Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
Ответственность, грамотность, достижение, совместно с коллегами,
за время работы, результат научной работы, результаты научных иссле-