О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет20/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69

70
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Г.С.  Мыңбаева  1997-1999  жылдары  университеттің  оқу  бөлімін 
басқарып,  өзінің  ғылыми-педагогикалық  қызметке  ғана  емес, 
басшылық қызметке де қабілетті екендігін көрсетті. Оқу процесін 
жетілдіру,  оқу  сапасын,  оқыту  әдістемесін  жақсарту  мақсатында 
тың  идеялар  мен  ұсыныстар  айтып,  ұйымдастырушылық,  талап 
қоя  білушілік,  табандылық,  жауапкершілік  сияқты  қасиеттерінің 
арқасында оны іс жүзіне асыра білді.
4.  Қорытынды.  Қорытынды  негізгі  мәтіннің  түйінделген, 
жиынтықталған  бөлігі  болып  табылады.  Мінездеменің  қорытынды 
бөлігінде  негізгі  мәтінде  айтылғандар  бір  немесе  екі-үш  сөйлеммен 
түйінделіп беріледі. Мысалы, 
Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, көпшілікпен тіл табысып, 
қарым-қатынас жасай білетін, талап қойып, оны орындата білетін 
Г.С. Мыңбаева өз әріптестері арасында да, студенттер арасында да 
беделді. Атқарып отырған қызметіне лайық.
5.  Мінездемені  талап  етуші  ұйымның  атауы.  Бұл  бөлікте 
мінездеменің не мақсатпен берілгендігі немесе қай ұйымға берілгендігі 
жазылады. Мысалы,
Мінездеме  жеке  еңбек  шартын  ұзарту  үшін  берілді.  Мінездеме 
диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді. 
Мінездеме Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің 
қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді.
Мінездемені талап етуші ұйымның атауы толық, ресми түрде аталуы-
на сәйкес жазылады.
6. Мінездеме беруші туралы мәлімет. Бұл бөлікте мінездеме беруші 
мекеме  басшысының  ресми  қызметі,  аты-жөні,  тегі  жазылып,  қолы
 
қойылады. Қол қоятын адам бірнешеу болса, олар иерархиялық тәртіп- 
те, ал олардың қызмет дәрежесі бірдей болса, әліпби ретімен беріледі.  
Мысалы,
Химия факультетінің деканы, профессор 
Ж.А. Әділбеков
 
(қолы)
Аналитикалық және сирек
элементтер химиясы кафедрасының 
меңгерушісі, профессор 
М.К. Наурызбеков
 
(қолы)
7. Мінездеме берілген күн, ай, жыл. Бұл бөлікте мінездеме берілген 
күн, ай, жыл көрсетіледі. Мінездеме берілген күн мінездеме беруші ту-


71
Орынғазы Әбутәліп
ралы  мәліметтен  кейін  1  интервал  жіберіліп  барып,  парақтың  сол  жақ 
бөлігінде жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы,
1999 жыл 26 мамыр.
8. Қосымша. Егер мінездемеде қосымша болатын болса, ол жайында 
парақтың соңында жазылады. Мысалы,
Әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті  оқу-
әдістемелік  басқарма  бастығының  қолымен  расталған  мінездеме 
қосымша беріліп отыр. 
Ал қосымша бірнешеу болатын болса, жолдама хат дайындалып, сон-
да көрсетіледі. Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда:

Белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;

Білімі туралы құжат көшірмесі;

Бұрынғы мінездемелер көшірмесі немесе одан алынған үзінді;

Анықтамалар жіберіледі.
Ескерту!
1)  Кейбір  жағдайларда  мінездеменің  жоғарғы  жағында  мекеменің 
фирмалық  белгісі  (логотипі)  көрсетілген  арнайы  бланкілерде  де  жазы-
лады. Мұндай бланкінің әр данасы есепте тұрады. Мекеме басшысының 
қолымен расталады.
2)  Кейбір  жағдайларда  құжат  атауынан  бұрын  мінездеме  берілуші 
туралы  қысқаша  мәлімет  жазылып  барып,  мінездеме  берілетін  түрі  де 
болады.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мінездеме қандай құжат?
2. Мінездеменің неше түрі бар?
3. Мінездеме қандай жағдайда беріледі?
4. Мінездеменің құрылымы қандай?
5. Мінездеменің ерекшеліктерін ата.
6. Мінездеменің мақсаты не?


72
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу

1-үлгі. Қызметтік түрі 
Мінездеме
Әлиханов Қуаныш Өмірбекұлы 1981 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, 
Аягөз ауданы, Баршатас ауылында туған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 
Қазақстан Республикасының азаматы.
1998 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетіне  түсіп,  оны  2003  жылы 
үздік  дипломмен  бітірген.  2003  жылы  Қазақстан-Британ  техникалық 
университетінің қазақ тілі кафедрасының оқытушысы болып қабылданды. 
Қ.Ө. Әлиханов – оқу әдістемесін жақсы игерген, білікті маман. Сабақ- 
тарын  жоғары  ғылыми-әдістемелік  деңгейде  өткізеді.  Қазіргі  сабақ 
жүргізудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін практика жүзінде белсене қолданады. 
Ол  кафедраның  тәрбиелік  іс-шараларына  үнемі  қатысады,  сонымен 
қатар  студенттермен  жеке  оқу-тәрбиелік  жұмыстарын  жүйелі  түрде 
өткізіп тұрады. Алматы қаласында өткен «Абай тағылымы» атты ғылыми 
конференцияға қатысты. Мақалалары бар.
Қ.Ө. Әлиханов – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Берілген тап- 
сырмаларды жауапкершілікпен орындайды. Мінезі ашық. Студенттер мен 
әріптестерінің арасында беделді. Сынды дұрыс түсінеді. Ол қазақ, орыс, 
ағылшын тілдерін жетік біледі. Компьютермен жұмыс істеуде тәжірибесі 
мол. 
Мінездеме  оқытушылықтан  аға  оқытушылыққа  өту  үшін  беріліп 
отыр.
Мінездеме беруші:
Қазақ тілі кафедрасының
меңгерушісі, п.ғ.д., профессор
К. Құрманбай 
25 мамыр, 2010 жыл                            _________________________
                                                                        (қолы)   
 
 


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау