О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



жүктеу 10,5 Kb.
Pdf просмотр
бет19/69
Дата10.03.2018
өлшемі10,5 Kb.
#12121
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69

67
Орынғазы Әбутәліп
 10-cабақ 
МІНЕЗДЕМЕ

 Анықтамасы: 
Мінездеме дегеніміз – белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, 
кәсіптік, адамшылық тұрғыда мінез-құлқын сипаттай отырып жа-
зылатын ісқағазының бір түрі. 
Мінездеме басқа мекеме талап еткен жағдайда, оқуға, аспирантураға 
түскен кезде, сондай-ақ қызметкердің, маманның кәсіби біліктілігін арт-
тыру барысында беріледі. Мінездеме нақты, объективті және толық бо-
луы керек.
Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің аты-жөні, 
ресми қызметі, дәрежесі жазылады. 
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біріншісі талап етуші мекемеге 
жіберіледі,  екіншісі  мінездеме  иесінің  жеке  ісіне  немесе  мінездемелер 
тіркелетін іске тігіледі. Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде, еркін түрде жазылады. 
Мінездемеде талап етуші ұйымның ресми атауы толық көрсетіледі.
Жалпы тәжірибеде мінездеменің 3 түрі бар. Олар: 
1. Қызметтік мінездеме. 
2. Аттестациялық мінездеме. 
3. Жеке (функционалды) мінездеме.
1. Қызметтік мінездеме – мінездеменің айрықша кең тараған әмбебап 
формасы.
Мінездеменің  бұл  түрі  қызметкерді  объективті  әрі  нақты  мінездеу 
қажет  болған  жағдайда  жазылады.  Негізінен,  бос  орынға,  оқу  орнына, 
жоғары  қызметке  ұсынылғанда  т.б.  беріледі.  Қорытынды  бөлімі  құжат 
мазмұнын түйіндейді.
2.  Аттестациялық  мінездеме  белгілі  бір  қызметкерді  қызмет  ор-
нын  тексеру  барысында  комиссия  құрамының  жүргізген  аттестация 
қорытындысына орай жазылады. 
Мұнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне 
байланысты  бір-екі  нақты  ұсыныс  енгізіледі.  Негізгі  мәтіннен  кейін 
қорытынды сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді не-
месе ұсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,
ҚОРЫТЫНДЫ: Атқарып отырған қызметіне лайық.
ҚОРЫТЫНДЫ: Атқарып отырған қызмет орнына лайық емес.


68
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ҚОРЫТЫНДЫ:  Қызмет  бабында  жоғары  қызметке  ұсынуға 
лайық.
ҚОРЫТЫНДЫ:  Кәсіптік  дайындық  деңгейін,  басшылық 
қызметтегі тәжірибесін ескере отырып, Н.С. Нұртазаевты конкурс- 
тық негізде Статистика бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға бо-
лады – деген түйінді сөздер жазылады.
3. Жеке (функционалды) мінездеме адамның жеке басының мінезін, 
білімін,  кәсіби  шеберлігін,  икемділігін  т.б.  сипаттай  отырып  жазыла-
ды. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап 
көрсетіледі. Мысалы, «Еңбек келісімін ұзарту үшін».
Жауапты  адамның,  яғни  мінездеме  иесі  қызмет  істейтін  мекеме 
басшысының  қолы  қойылғаннан  кейін,  қажет  болған  жағдайда  мөр 
басылады.  Кей  жағдайда  мінездеме  алушы  адам  парақтың  соңына 
мінездемемен таныстым деп жазып, қол қояды. Аты-жөнін, танысқан 
күнін де жазады.
Мінездеменің мақсаты:

Жеке тұлғаның мінезін сипаттау.
õ
Мінездеменің ерекшеліктері:

Басқа біреу тарапынан жазылады.

Үшінші жақта жазылады.

Ресми стильде жазылады.
Мінездеме  2  дана  етіп  дайындалады.  Біреуі  талап  етуші  мекеме-
ге  жіберіледі,  екіншісі  мінездеме  иесінің  жеке  ісіне  я  мінездемелер 
тіркелетін іске тігіледі.
Мінездеменің көлемі шағын, 1 беттен аспауы керек.
6
 Құрылымы:
1. Құжаттың атауы.
2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет:
а) аты-жөні, туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы;
ә) білімі, бітірген оқу орындары;
б) қызмет істеген жылдары, орны.
3. Негізгі мәтіні:
а) кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы);
ә) жеткен жетістіктері;
б) отбасы жағдайы;
в) жеке басының адамгершілік қасиеттері; 
г) сын көтеру қабілеті.


69
Орынғазы Әбутәліп
4. Қорытынды.
5. Мінездемені талап етуші ұйымның атауы.
6. Мінездеме беруші туралы мәлімет.
7. Мінездеме берілген күн, ай, жыл.
8. Қосымша.
Бұл құжатты төмендегідей тәртіпте толтыруға болады.
1.  Құжат  атауы.  Құжат  атауы  парақтың  жоғарғы  жағын  ала,  орта 
тұсына үлкен қоюлатылған әріптермен жазылады. Мысалы, 
МІНЕЗДЕМЕ
2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет. Мінездеме 
берілетін  адам  туралы  қысқаша  мәліметке  мыналар  кіреді:  аты-жөні, 
туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты, азаматтығы, білімі, бітірген оқу 
орындары, қызмет істеген жылдары, орны, қазіргі атқаратын қызметі. 
3.  Негізгі  мәтіні.  Негізгі  мәтінде  атқарып  жүрген  қызметін,  өз 
мамандығын  қаншалықты  меңгергендігі,  кәсіптік  білім  деңгейі, 
біліктілігі,  қызмет  бабында  жеткен  жетістігі  мен  кемшілігі  жазылады. 
Қысқаша  әлеуметтік-психологиялық  портреті  беріледі.  Әріптестерімен 
қарым-қатынас  жағдайы,  отбасы  жағдайы,  ұжымдағы  орны,  абыройы, 
кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы), жеке 
басының адамгершілік қасиеттері, сын көтеру қабілеті жазылады. 
Қажет деп табылған жағдайда негізгі мәтінге шетел сапарлары, зерт- 
теу жұмыстары, өз бетімен жүргізген жұмыстары, жетекшілік, ұйымдас- 
тырушылық  қабілеті  де  кіргізіледі.  Мәтін  көбіне  жай  сөйлемдермен, 
қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт тілдік бірліктерді 
қолдана отырып, басы артық қысқартуларсыз жазылады. Мысалы,
Университетте қызмет істеген жылдары Г.С. Мыңбаева өзін өте 
  білімді,  сауатты,  алға  қойған  мақсатына  жете  білетін,  өзіне  де, 
өзгеге  де  талап  қоя  білетін  жауапты  қызметкер,  білгір  маман 
ретінде көрсете білді.
Г.С.  Мыңбаева  әріптестерімен  бірге  жүргізген  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының нәтижесінде 40-тан астам ғылыми мақала жария-
лады. Халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық конфе-
ренцияларда  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижесі  бойынша 
жасаған баяндамалары жоғары ғылыми деңгейі үшін түрлі диплом-
дармен марапатталды.
Өзінің  жеке  авторлығымен  1  оқу  құралы  және  2  әдістемелік 
нұсқау жарық көрді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарында қол жеткен 
жетістіктері  студенттерге,  магистранттар  мен  аспиранттарға 
оқыған  дәрістері  мен  жүргізген  арнаулы  курстарында  баяндалып 
отырады.


жүктеу 10,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау