5
1. Кіріспе
1.1
Критериалды
бағалаудың
кіріктірілген
моделінің
мақсаттары (КБКМ)
Критериалды бағалау алдын-ала белгілі критерийлерге сәйкес
оқушының оқу жетістіктерін бағалауды қамтамасыз етеді, оқушының алға
ілгерілеуі туралы сенімді және айқын пікір негізінде мұғалім үшін жақсы
тәжірибе қалыптастыруына мүмкіндік береді.
Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі оқыту, бағалау және
оқудың өзара байланысы қағидаттарына негізделіп құрылған:
1.2 Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы жұмысын ұйымдастыру
(МКҚ)
Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы (МКҚ) Зияткерлік мектептерде
КБКМ-нің тиімді енгізілуі мен қалыптасуын қаматасыз ету үшін басты рөл
атқарады.
МКҚ құрамына бағалау құралдарын өңдеуге қатысып, оны
ұйымдастыруда және бағалау бойынша өзара тәжірибе алмасуда белсенділік
көрсете білген Зияткерлік мектептері мұғалімдері мен Педагогикалық
өлшеулер орталығы (ПӨО) қызметкерлері кіреді.
МКҚ құрылымы
МКҚ жұмысын ПӨО үйлестіреді. МКҚ мүшелерінің өзара әрекеттестігі
Критериалды
бағалау
Сабақ беруде
және оқытуда әр
түрлі
жұмыстарды
қолдануға
мүмкіндік береді
Оқушының
қызығушылығын
және ынтасын
арттырады
Оқушының 21
ғасырдағы
дағдыларын
дамытады
Мұғалімдердің
білімін және
дағдыларын
дамытады
Қазіргі
замандағы
әдістерді
кіріктіреді
Сабақты
жоспарлау үшін
ақпарат береді
Оқушының
прогресін
көрсетеді
6
электронды пошта, скайп және видео конференция, өзара кездесулер және
мектепаралық кездесулер арқылы жүзеге асырылады.
Зияткерлік мектептердің мұғалімдері өзара ықпалдастықты қамтамасыз
ететін МКҚ-ның тікелей мүшелері болып табылады. Мектепте әр пән
бойынша МКҚ мүшесі ұсынылады. МКҚ мүшелерінің рөлі мен міндеттері
төменде көрсетілген.
Зияткерлік мектептердегі МКҚ өраза байланысы
Мектеп ішіндегі МКҚ өзара байланысы
Педагогикалық
өлшемдер
орталығы
Зияткерлік
мектептер
Зияткерлік
мектептер
Зияткерлік
мектептер
Зияткерлік
мектептер
Зияткерлік мектеп
критериалды бағалауға жауапты
директордың орынбасары
(МКҚ координаторы)
КБКМ координаторы
әдістемелік бірлестігі
(ӘБ жетекшісі/пән мұғалімі)
КБКМ координаторы
әдістемелік бірлестігі
(ӘБ жетекшісі/пән мұғалімі)
КБКМ координаторы
әдістеме бірлестігі
(ӘБ жетекшісі/пән мұғалімі)
7
1.2.1 МКҚ координаторы
Әр мектепте КБКМ іске асырылуын қамтамасыз етіп отырған мектеп
директорының орынбасары МКҚ координаторы болып саналады. Оның
атқаратын міндеттері:
мектептегі қалыптастырушы және жиынтық бағалауға байланысты
барлық үдерістің тиімді енгізілуін қамтамасыз ету.
бағалауды іске асыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.
басқа Зияткерлік мектептер мен Педагогикалық өлшеулер
орталығымен өзара тәжірибе алмасып отыру.
мүмкіндігінше ҚБ мен ЖБ бағалау құралдарын дайындауға қатысу.
Міндеттері:
Мұғалімдердің қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық бағалау
бойынша туындаған сұрақтарына жауап беру;
ҚБ және ІЖБ бойынша мектеп ішіндегі тренингтерді ұйымдастыру;
ІЖБ кестесін құрастыру;
КБКМ енгізу мен қолданылуы туралы есеп беру;
КБКМ бойынша оқу курстарына қатысу, бағалауға байланысты
соңғы ақпараттар туралы
хабардар болу;
КБКМ бойынша ақпаратты мектептегі мүдделі тұлғаларға жеткізу
(әкімшілік, мұғалімдер және оқушылар);
тәжірибе алмасу мақсатында басқа мектеп координаторларымен
байланыста болу;
ақпаратты және кері байланысты ПӨО және «Назарбаев Зияткерлік
мектектептері» ДББҰ-ның бөлімшелеріне қажетінше жіберу;
ПӨО координаторларымен бірге қалыптастырушы бағалау мен
жиынтық бағалау материалдарын әзірлеу.
1.2.2 КБКМ координаторы
КБКМ Координаторы болып қалыптастырушы бағалауды жоспарлау
және стандарттауға, ішкі жиынтық бағалау модерациясын бақылайтын
әдістемелік бірлестіктің жетекшісі немесе пән мұғалімі бола алады. КБКМ
жетекшісі төмендегі іс-шараларға жауапты:
жоспарлау, стандарттау және модерация бойынша отырыстарды
ұйымдастыру және қажетті жазба жұмысын жүргізу;
жетістік критерийлерін қолдануда біркелкі түсінік болуын және ІЖБ
бойынша балл қою кестесінің дұрыс
қолданылуын қамтамасыз ету;
ІЖБ бойынша балл қою кестесін қолдану кезеңінде мұғалімдердің
туындаған сұрақтарына жауап беру;