«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім сапасын бағалау департаменті



жүктеу 1,07 Mb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата19.11.2018
өлшемі1,07 Mb.
#21108
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

 

23 


 

білдірмейді,  оқушыға  оқу  мақсатына  жетуі  үшін  қосымша  ұсыныстар  беру 

арқылы  қолдау  көрсету  қажет.  Оның  мақсатқа  жетудегі  келесі  қадамдарын 

анықтамас  бұрын,  оны  ынталандыру  үшін  нені  жақсы  көрсете  алатынын 

анықтап алу қажет (кемшшіліктерді талқылау оқушыны ынталандырмайды). 

Сабақ  барысында  немесе  келесі  сабақтарда  оқушының  оқу  мақсатына  жету 

үшін  мүмкіндіктердің  берілгеніне  мұғалімнің  көзі  жету  керек.  Ол  үшін  оқу 

жоспарын  қарастырып,  ондағы  осы  оқушыларды  бағалауға  келетін  ұқсас 

тапсырмаларды  қолдануға  болады  (мысалы,  ғылыми  эксперимент).  Егер 

ұқсас тапсырмалар болмаса, мұғалім қайта бағалауды қай уақытта өткізетіні 

туралы шешім қабылдайды. Тоқсан аяғында өткізілген талқылауда  мұғалім 

қосымша  срақтар  қою  арқылы    оқушылардың  тоқсан  соңындағы  оқу 

мақсаттарына  қаншалықты  «жеткендігін»  анықтайды.  Мұғалім  мен 

әріптестерінің  дәлелдемелердің  қаншалықты  жеткілікті  екенін  шешу  үшін, 

мұғалім бұл сұрақтар мен жауаптарды жазып отыру қажет.  

Оқушылардың  жетістіктерге  әр  түрлі  жылдамдықпен  жететіні  мен 

олардың  мықты  және  әлсіз  жақтарының  болатынын  да  есте  сақтау  керек. 

Кейбір оқу мақсатына «талпынған» оқушыларға қолдау көрсету қажет.  



 

 

4. Қалыптастырушы бағалау бойынша сенімді нәтижелерді 

қамтамасыз ету  

 

ҚБ  бойынша  балл  көсеткіштері  тоқсандық,  жылдық  және  қорытынды 



бағалауда  баға  қоюда  ескеріледі.  Сондықтан  барлық  сыныптар  пен 

мектептерде  оқушыларды  бағалауда  бірыңғай  стандарттардың  қолданылуы 

маңызды.   

 

Бұл  үшін, екі бөлімнен тұратын үдеріс қолданылады: 



 

1.  Қалыптастырушы  бағалау  бойынша  шешім  қабылдар  алдында 

(тоқсан  басталмай/  тоқсан  басында)  ҚБ-ды  жоспарлау  мен  стандарттау 

бойынша  отырыс  өткізілуі  тиіс.    Бұл  отырыста  әр  параллель  сыныптарда 

беретін  пән  мұғалімдерінің  шешім  қабылдау  үшін  қолданылатын 

стандарттарды  сәйкестендіріп,  тоқсан  бойы  ұйымдастырылатын  ҚБ 

жоспарлайды.  Шешім  қабылдау  үшін  бірыңғай  стандарттарды  қолдану 

қажет, дегенмен дәлелдемелер ретінде  біркелкі  тапсырмаларды  қолданбауға 

болады.    

2.  ҚБ  бойынша  шешім  қабылданған  соң  (тоқсан  ішінде  немесе  тоқсан 

аяғында) тағы бір отырыс жоспарланады. Онда жұмыс үлгілері талқыланып, 

біркелкі  стандартты    дәйекті  қолдану  туралы  шешім  қабылданады.  Отырыс 

соңында  шығарылатын  шешімдер  бойынша    кері  байланыс  беріліп,  келесі 

тоқсандар  мен  келесі  оқу  жылында  сол  шешімдер  негізге  алынып  отырады. 

Стандарттарды  сақтау  дәлелдемелері  мұғалімнен  сұралып,  оқу  жылындағы 

келесі отырыста қаралуы мүмкін.  

Екі  отырыс  барысында  белгілі  бір  сыныптарда  бірдей  пәндерден 



 

24 


 

беретін мұғалімдер әріптестерімен кездеседі. Егер осы  сыныпта беретін пән 

мұғалімі  жалғыз  болса,  ол  осы  пәннің  ерекшелігі  мен  мазмұнын  түсінетін 

басқа мұғаліммен кездесіп, талқылайды. 

Келесі диаграммада бұл үдеріс сипаттамасы беріледі: 

 

 



 

4.1 Архивтік материалдар.  

 

4.1.1 ҚБ орталық архиві 

 

Әр  оқу  мақсаты  бойынша  «жетті»  немесе  «талпынады»  шешіміне 



сәйкес  оқушы  жұмыстарының  үлгілері  ПӨО-ндағы  орталық  архивке 

іріктелініп алынады. Олар ҚБ бойынша қажетті деңгейді көрсетеді. Орталық 

архив «жетті» немесе «талпынады» стандарттарына сәйкес жұмыс үлгілерін 

бере  алады.  Әр  мектептің  мұғалімдері  архивтегі  біркелкі  стандарттартарға 

қарап, оқушы жұмыстарын бағалай алады.  

Жоспарлау  мен  стандарттауға  байланысты  (4.3-бөлім)  отырыста 

мұғалімдер 

орталық 


архивтегі 

материалдарды 

қолданады. 

Олар 


оқушылардың  орындаған  жұмыстарын  бағалау  кезінде  орталық  архив 

Жоспарлау мен 

стандарттау 

 

•Отырыс ҚБ жоспарланған әр мектепте өтеді. Онда архивтегі материалдар 



негізінде әр оқу мақсатына сай стандарттар қарастарылып, оларға түсініктеме 

беріледі. 

•Мақсаты: Архивтегі материалдар негізінде тоқсанда өткізілетін ҚБ жоспарлау, 

оқу мақсаттарын, бағалау бойынша ұсыныстарды жәіне жетістік критерийлерін 

қарастыру.   

•Тоқсан басталғанға дейін немесе тоқсанның басында өткізіледі. 

ҚБ ішкі шолу  

•Отырыс әр мектепте ҚБ-ға  байланысты қабылданған шешімдер бойынша 

өткізіледі. 

•Мақсаты:ҚБ бойынша шешім негізінде мектептегі  барлық мұғалімдерінің 

сәйкес жетістік критерийлерді  қолдануын қаматамасыз ету және бекіту, оларға 

кері байланыс беру. 

•Тоқсан басында немесе тоқсан аяғында өткізіледі. 

 ҚБ сыртқы шолу 

•ПӨО мектептегі ҚБ жауапты директор орынбасарымен жұмыс істейді. Олар әр 

мектептегі ҚБ дұрыс ұйымдастырылып отырғанынын қадағалайды.  

•Мақсаты: ҚБ рәсімінің барлық мектептерде бірыңғай болуын қамтамасыз ету.  

•Әр жыл сайын әр пәнге, сыныпқа байланысты оқушы жұмысының үлгісіне 

шолу. 



 

25 


 

материалдарына  жүгіне  отыра,  өздері  қолданған  бірыңғай  стандарттардың 

жылдан-жылға  барлық  мектеп  мұғалімдерінің  бірдей  қолданып  келгеніне 

сенімді болады.  

Архивке  іріктеліп  алған  жұмыс  үлгілері  тек  ҚБ  құрылымы  өзгерген 

жағдайда  ғана  Білім  сапасын  бағалау  департаментінің  үйлестіруімен 

өзгертіле  алады.  Бұл  архивтегі  стандарттардың  сақталу  мерзімі  өтсе  де, 

өздерінің өзгермейтінін білдіреді. 

Тек  бірнеше  жыл  өткен  соң,  барлық  оқу  мақсаттарына  сай  бірыңғай 

стандарт  жасалады.  Әр  мектеп  мұғалімі  осы  үдеріске  ішкі  шолуға 

байланысты отырыста ұсыныстарын айтып, өз үлесін қоса алады. 

(4.3-бөлім )  



 

 

4.1.2 ҚБ мектептік архиві 

 

Орталық  архивпен  бірге  ҚБ  қолданылған    стандартқа  сай  жұмыс 

үлгілері  мектептегі  архивте  сақталады.  Онда  мектепішілік  отырыста 

талқыланған  оқушы  жұмыстарының  үлгілері  сақталады.  Бұл  мұрағат  нақты 

пән  бойынша  бірнеше  жыл  бойы  бір  стандарттың  қолданылып  келе 

жатқанына сенімді болуға ықпал етеді.  

Орталық  мұрағаттың  бірнеше  жыл  бойы  жасалуы  да  ықтимал. 

Сондықтан,  орталық  архивте  әр  оқу  мақсатына  сай  жұмыс  үлгілері 

жинақтаған  мезімге  дейін  мектептегі  архивті  пайдалануға  болады.    Барлық 

оқу  мақсаттарын  қамтитын  жұмыс  үлгілері  жиналғанда,  орталық  архивтің 

басымдылығы  артады.  Мұғалімдер  өз  мектептеріндегі  архивте  біркелкі 

стандартқа  сай  қосымша  материалдар  бар  екеніндігіне  өзара  келіскен 

жағдайда,  бұл  материалдардың  қажетті  сілтеме  ретінде  мектептегі  архивке 

сақталуы мүмкін.  

 

 

4.2. Жоспарлау және стандарттау бойынша отырыс  



 

Мақсаттары:  тоқсанға  арналған  ҚБ  жопарлау  және  оқу  мақсаттарын, 

бағалауға  байланысты  ұсыныстар  мен  жетістік  критерийлері  туралы  жалпы 

түсініктемелер беру. 

Оқу  тоқсаны  басталмас  бұрын  пән  мұғалімдері  кездесіп,  ҚБ 

байланысты  жұмысты  жоспарлайды.  КБКМ  координаторы  бұл  жұмысты 

ұйымдастырады.  Бұл  жоспарлауға  байланысты  отырыста  ҚБ  бойынша 

дәлелдемелерді  жинақтаудың  қалай  жүргізілетіні  туралы  айтылады. 

Мұғалімдер арасында оқу жоспары, бағалауға арналған ұсыныстар, алдыңғы 

жылғы  орта  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  жоспарлар  талқыланады.  Бұл 

отырыста  бір  тапсырманы  бірнеше  оқу  мақсаттарына  сай  қолдану 

мүмкіндіктері  қарастырылады.  Мұғалімдерден  дәлелдеме  жинақтауда 

бірыңғай әдіс-тәсілдерді пайдалануы талап етіледі (мысалы, бір мұғалім эссе 

жазу туралы, екінші мұғалім презентация жасауды ұсына алады). 




жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау