17
3. Қалыптастырушы бағалау (ҚБ)
Оқыту мен оқуды жетілдіру мақсатында оқушылар түсінігінің ағымдық
деңгейі мен ілгерілеуін анықтау үшін оларды белгілі бір уақыт бойы бақылау
қажет. Қалыптастырушы бағалау оқушының тоқсандағы немесе оқу
жылындағы жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Қалыптастырушы бағалау сабақ берудің және оқытудың бөлінбейтін бөлігі
болып табылады.
3.1 Мақсаттары мен принциптері
Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы
барлық оқыту мақсаттарын қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында
барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген. Оқу
әрекетінде көрсетілгендей, білім мен дағды біркелкі және бір уақытта дамып
отырады. Оқушы белгілі сыныпқа берілген барлық оқу мақсаттарына жетуі
қажет.
Қалыптастырушы бағалау үдерісін ұйымдастыру және өткізу үшін әр
тоқсанда оқу мақсаттарынан бірнешеуі іріктеліп алынған. Осы оқу
мақсаттары мұғалім мен оқушыға дағдының және түсініктің ілгерілеуін
пәндер бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Барлық немесе кез-келген оқу
мақсаттары ІЖБ мен СЖБ кезінде бағаланады.
Қалыптастырушы бағалау мұғалімнен оқушының оқу мақсатына
қаншалықты жеткенін көрсете отырып, оның білімі мен түсінуін және
іріктелген оқу мақсаттарында көрсетілген дағдылары туралы кәсіби пікір
қалыптастыруын талап етеді. Оқушының сабақ барысында орындаған
тапсырмалары ҚБ-да дәлелдеме негізі болып табылады. Бағалау бойынша
ұсыныстар әр оқу мақсаты бойынша дәлелдемелелерді жинақтау жолдарын
көрсетеді. Кейбір тапсырмаларды бірнеше оқу мақсаттары бойынша
жинақталған дәлелдемелер ретінде қатар қолдануға болады (мысалы, эссе,
баяндамалар, жоба жұмысы, әңгімелер, презентациялар, постерлер, Бейнелеу
өнері бойынша жұмыстар, жасалған бұйымдар мен қойылымдар). Бұл
тапсырмаларды орындау үшін кейде бір сабақ жеткілікті, кейде бірнеше
сабақ қажет. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің
құрамдас бөлігі, сондықтан мұғалім жеке қалыптастырушы бағалауға арнап,
тапсырма құрастырмауы керек (мысалы, тестіні).
Мұғалім қажетінше дәлелелдемелерді анықтаған соң, оқушының
нәтижеге, яғни оқу мақсатына «жетті» ме, әлде «талпынады» ма екенін
анықтайды. Мұғалім оқушының оқу мақсатына «жеткендігі туралы» барлық
мектептерде бірыңғай қолданылатын, бағалау бойынша стандарттарға сүйене
қабылдайды. Бұл Басшылықтың 4-бөліміндегі үдерістер мектептегі
мұғалімдердің стандарттарды барлық сабақтарда бірыңғай қолдануын
сипаттайды.
Қалыптастырушы бағалаудың көмегімен мұғалім оқушының оқу
18
мақсатына қашан жеткенін көрсете отырып, оның ілгерілеуін белгілейді.
Келешекте ол сабақ оқытуды жоспарлауда және оқытуда мұғалімге көмекші
бола алады. Оқушылармен бірге іріктелген оқу мақсатына «жетті» және
«талпынады» деген шешім бойынша рефлексия жүргізуіне болады. Сабақ
беру үдерісінде әлі де талпынатын оқушылардың оқу мақсатына жету
мүмкіндігін қарастырып, бейімдеу қажет. Рефлексиядан кейін оқушыларға
кері байланысты беру аса маңызды. Оқу мақсатына сүйеніп, оқушылар қай
жерде жетістікке жеткенін және неге көңіл бөлу керектігін анықтауға
болады.
Мұғалім негізгі кезеңдерде бағалаудағы «жетті», «талпынады»
шешімдерінің барлық мұғалімдермен біркелкі қабылданғанын тексеру үшін
бағалау нәтижелерін әріптестерімен талқылап отырады. Қолданылатын іс-
шаралар 4-бөлімде көрсетілген стандарттардың бірдей болуы растайды.
3.2 ҚБ іс жүзінде қолданылуы
Мұғалім оқу жылының басында қалыптастырушы бағалауға іріктеліп
алынған оқу мақсаттарының оқу жоспарында бар екендігін анықтайды. Бұл
мұғалімнің ҚБ бойынша тапсырмаларды алдын-ала жоспарлауына көмек
береді. Оқу жоспарындағы ұсынылған оқу әрекеті оқытуды тиімді өткізуге
мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, мұғалім өз оқушыларының
қажеттілігіне және оқыту мазмұнына сай өз тапсырма жұмыстарын бере
алады.
Оқу мақсаттары, тапсырмалар және жетістік критерийлері өзара тығыз
байланыста болады. Жоспарлау оқу мақсаттарын анықтаудан басталады.
Мұғалім оқушының игеретін білімі туралы шешім қабылдаған соң, оған сай
тапсырманы оқу жоспарын қолдана отырып жоспарлайды. Тапсырма
оқушының бір немесе бірнеше оқу мақсаттарына табысты түрде жетуіне
ықпал етеді.
Оқушы тапсырманы орындап жатқан кезінде мұғалім оның оқу
үрдісінің қай сатысында екенін анықтауға тырысады. Ол ағымдағы нәтиже
деңгейін осы деңгейге сәйкес жетістік критерийлеріне жүгіне отырып
Оқу мақсаты
жетістік
критерийі
тапсырма
19
салыстырады. Оқушы оқу мақсатына «жеткен» жағдайда, мұғалім оқушы
білімін әрі жетілдіруді ұсынады, қиынырақ деңгейдегі тапсырмалар береді.
Оқу мақсатына «талпынған» оқушыға мұғалім қолдау мен кеңес береді, әрі
қарай оқу мақсатына жетудің жолдарын көрсетеді.
3.2.1 Оқушыларға ақпарат беру
Мұғалім мен оқушы қалыптастырушы бағалауға байланысты оқу
мақсаттары мен жетістік критерийлері туралы ақпараттар арқылы үнемі пікір
алмасып отыруы керек. Оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы үшін
жетістік критерийлерін түсінікті тілде басқаша өзгертіп жазуға болады.
Оқушы өзінен талап етілетін дағдыларды дұрыс түсінгенде және оқу
мақсатына жету үшін нақты ақпаратты білгенде ғана, өзіне өзі жетістік
критерийлеріне қаншалықты жеткендігі туралы баға бере алады.
Кейбір тапсырмалар бір емес, бірнеше оқу мақсаттарын қамтиды.
Мұндай жағдайда мұғалім алдын-ала оқушыларға қысқаша нұсқаулар беріп,
оларға бірнеше оқу мақсаттары мен оларға сай жетістік критерийлері туралы
түсініктер береді.
Мысалы, оқушыға ағылшын тілінде әңгіме жазу туралы тапсырма
берілді. Бұл тапсырма төменде берілген үш оқу мақсаттарын қамтиды және
сол мақсаттарға жетуде дәлеледеме ретінде қолданылады:
8.Ж2 Өмірде кездескен немесе ойдан шығарған оқиғаларға және
өткен өмір тәжірибесі мен іс-әрекеттеріне сүйене отырып, жалпы таныс
тақырыптарға сай шектеулі сөздік қорын қодана отырып жазу;
8.Ж6 Сөйлемдерді аздаған қолдану арқылы байланысқан абзац
ретінде және жалпы тақырыптарға сай байланыстыру сөздерін тақырыпқа сай
қолдана отырып тізбектеу.
8.Ж9 Мәтін деңгейіндегі жазба жұмысында тыныс белгілерін жалпы
тақырыптардың шектеулі диапазонында және кейбір тақырыптардың кейбір
дәлме-дәлдігін сақтай отырып қолдану.
Бұл жағдайда оқушыларға олардың жазба жұмысының өткен шақта
жазылып, абзацтарды қолдана отыра, олардың өзара байланысы туралы және
тыныс белгілерін дұрыс қолдануы туралы алдын-ала айтып өту маңызды.
Сонымен қатар, оқушылардың әңгімесіндегі дұрыс жазу мен тілдік
ерекшеліктері бағаланатыны туралы айтып өту тиімді. Бұл оқушылардың оқу
мақсаттарына жету үшін неге назар аудару керектігіне ықпалын тигізеді.
Мұғалім ҚБ-да оқушы пайдалана алатын қажетті құралдар туралы ақпаратты
3-бөліміндегі «Пән бойынша мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстарды»
қолданады.
3.2.2 Нәтижелерді тіркеу
ҚБ нәтижелерін оқушы нәтижелерін тіркейтін АБЖ (ақпараттық білім
Достарыңызбен бөлісу: |