«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім сапасын бағалау департаменті



жүктеу 1,07 Mb.
Pdf просмотр
бет8/17
Дата19.11.2018
өлшемі1,07 Mb.
#21108
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

 

20 


 

жүйесі – электрондық журнал) электрондық журналына түсіріп отыру қажет. 

Мұғалім  оқушының  оқу  мақсатына  жеткеніне,  барлық  жетістік 

критерийлерін  орындағанына  сенімді  болғанда  ғана  электрондық  журналға 

белгілейді.    Бұл  оқушының  тапсырманы  орындап  жатқандағы  дағдыларын 

бақылау  кезінде  немесе  үй  тапсырмасы  мен  сыныптағы  тапсырманы 

орындаған кездерінде өткізіледі.  Шешім қабылдау үшін мұғалімде жеткілікті 

дәлелдемелер болуы қажет (мысалы, мұғалімнің жазуы, үйде немесе сыныпта 

орындалған  тапсырма).  Мұғалім  қажетінше  оқушылардың  аты-жөні 

жазылған  дәптер  жүргізіп,  оған  әрбір  іс-әрекет  түріне  сәйкес  бағалау 

нәтижелерін  тіркеп  отыруы  ықтимал.  Бұл  мұғалім  үшін  әр  оқушының 

нәтижесін оның тапсырманы орындау барысында бақылап, жазып отыруына 

мүмкіндік  береді.  Дәптердегі  ақпарат  бағалаудан  кейін  электрондық 

журналға  көшірілуі  тиіс.  Мұғалім  электрондық  журналды  жүйелі  түрде 

толтырып отырады.   

1. ҚБ арналған оқу мақсаттары алдын-ала электрондық журналдың ҚБ 

бөліміндегі жоғарғы бағанасында көрсетілген. 

2.  Оқудың  құрамдас  бөлігі  ретінде  қалыптастырушы  бағалауды 

өкізгенде,  мұғалім  электрондық  журналдағы  «ӘБ»  (әлі  бағаланбаған)  деген 

жазудың  орнына  оқу  мақсатына  жеткен  жағдайда  –  «Ж»  әрпін,  оқу 

мақсатына талпынған жағдайда - «Т» әрпін белгілейді.  

Оқу  мақсатына  «талпынған»  оқушыларға  мұғалім  осы  тоқсан  ішінде 

мақсаттарға жету үшін басқа мүмкіндіктер береді.  Нәтижелерді көрсету үшін 

электрондық журналды жаңартып отыру қажет.  



 

 

3.2.3 Оқушы портфолиосы  

 

Оқушы  портфолиосы  –  оқу  мақсаттарына  жетуде  оқушының 



ілгерілеуін  көрсететін  дәлелдемелері  және  ІЖБ  бойынша  оқушы 

жұмыстарының  жинағы.  Портфолио  белгілі  бір  мерзім  ішінде  оқушының 

ілгерілеуі туралы жазбаша ақпарат арқылы мұғалімді, оқушыны, ата-анасын 

хабардар  етеді.  Мұғалім  оқушының  оқу  мақсаттарына  жеткендігі  туралы 

дәлелдемелерді портфолио арқылы сақтайды, оның түрлері төменде берілген:  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


 

21 


 

 

 



ҚБ  бойынша  орындалған  тапсырмалардың  дәлелдемелерімен  қатар 

оқушы  портфолиосында  оның  күнделікті  іс  жүзінде  орындайтын  жұмыс 

құжаттары  болуы  да  мүмкін.  Дегенмен,  портфолио  мұғалім  үшін  қосымша 

әкімшілік  міндет  жүктейтіндей  қолайсыз  немесе  өте  үлкен  көлемді  болуы 

мідетті емес. Оқушының оқу мақсаттарын орындауда ілгерілеуін көрсететін 

дәлелдемелер бір папкада сақталып, оқушының оқу жоспарында берілген оқу 

мақсаттарына жеткендігін анықтайды.  

Төменде 


берілген 

диаграммада 

көрсетілгендей, 

портфолио 

дайындаудың түрлі әдіс-тәсілдері бар. Мысалы, оқушының жас ерекшелігіне 

сай әр түрлі болуы мүмкін. Бастауыш сыныбы оқушысының портфолиосында 

жазба жұмысының орнына мұғалімнің берген түсінігі мен бірге фотосуреттер 

болуы  мүмкін.  Нақты  айтқанда,  1-сынып  оқушылары  үшін  ҚБ  ғана 

ұйыдастырылады, 

сондықтан 

портфолио 

жоғарыда 

айтылғандай 

ұйымдастырылады.  АҚТ  пәні  бойынша  оқушы  портфолиосы  электрондық 

түрде  жүргізіліп  (е-портфолио),  компьютерде  сақталса,  «Бейнелеу  өнері» 

пәні бойынша суреттер мен аудиожазбалардан тұрады.  

 

 

3.2.4 Топтық жұмыстағы қалыптастырушы бағалау 



 

Мұғалім  қалыптастырушы  бағалауда  нақты  дағдыларды  бағалаудың 

тиімді  тәсілі  ретінде  топтық  жұмысты  жиі  қолдана  алады.  Мұғалім  топтық 

жұмысты  бағалауда  әрбір  оқушының  оқу  мақсатына  «жеткендігі»  туралы 

жеке  шешім  қабылдайды.  Мұғалім  бүкіл  топтағы  оқушыларға  бір  шешім 

Оқушы 


портфолио

сы 


үй 

тапсырмас

ы 

мұғалімні



ң жазбасы 

бейнесюж


ет пен 

презентац

ия 

ІЖБ 


бойынша 

оқушы 


жұмысы 

фотосурет, 

шығармаш

ылық 


жұмыстар 

оқушының 

жазбасы  

тапсырма 

карточкал

ары 



 

22 


 

шығара  алмайды,  ол  әрбір оқушының жеке  нәтижесін дәлелге  алып,  шешім 

қабылдауы керек. 

Мұғалім  топтық  жұмыста  әр  топтың  оқушыларын  тыңдайды  және 

бақылайды:  оқушылардың  басымы  жетістік  критерийлеріне  сәйкес  оқу 

мақсатына жете алса, мұғалім мұндай оқушыларды жазып алуы керек.  

Одан  кейін  мұғалім  әлі  де  оқу  мақсатына  талпынатын  оқушыларды 

бақылап және қосымша сұрақтар қоюы қажет: 

-  Сіздер бұл туралы не ойлайсыздар? 

-  Сіз  маған  өз  тобыңызда  нені  талқылағандарыңызды  түсіндіре 



аласыз ба? 

Топтық  жұмыс  жасау  кезінде  мұғалім  барлық  топтардың  жұмысын  

бақылауы  тиіс.  Топтағы  жұмысты  бақылауды  және  тапсырма  орындауға 

қатысуды  қатар  атқаруға  болады.  Жауаптарды  бағалағаннан  кейін  мұғалім 

әлі  де  оқу  жетістіктеріне  талпынатын  оқушылары  бар  топқа  қайта  келіп, 

оларға оқу мақсатына жету үшін тағы да бір мүмкіндік беруі керек.  

Жоғарыда аталғандардың бәрі белгілі оқу мақсаттарына жетудің дәлелі 

бола алады.  



 

 

3.2.5  Қалыптастырушы  бағалауды  оқытуды  жетілдіру  үшін 

қолдану 

 

Қалыптастырушы  бағалаудағы  іріктелген  оқу  мақсаттары  бойынша 



шешім  қабылдағаннан  кейін,  мұғалім  өз  оқушыларының  нәтижелерін 

сараптауы  маңызды.  Оқушылардың  бастапқы  білімдері  негізінде  күтілетін 

нәтижелердің қандай болатыны туралы ойлану қажет. Күтілетін нәтиже мен 

мұғалімнің  шешімі  сәйкес  келуін  ескеру  керек.  Мұғалім  келешектегі 

жұмысын  жоспарлау  үшін  рефлексияны  қолдануы  тиіс.  Мысалы, 

оқушылардың  барлығы  оқу  мақсаттарына  жетеді  деп  күтілген  жағдайда, 

кейбір  оқушылар  оқу  мақсаттарына  жетпесе,  ондай  оқушыларға  көмектесу 

үшін  келесі  сабақтардың  мазмұнын  қалай  өзгерту  керектігі  туралы  ойлану 

қажет.  Егер  сыныптың  жартысы  оқу  мақсатына  «жетті»,  ал  жартысы 

«талпынады»  деген  шешімге  ие  болса,  оқушы  ілгерілеуінің  әр  деңгейін 

қолдау  үшін  сараланған  тапсырмаларды  беру  туралы  ойланған  дұрыс. 

Саралау  әр  топ  үшін  әр  түрлі  тапсырмалар  пайдалану  керектігін,  әр  түрлі 

ресурстар  немесе  оқу  мақсатына  «жеткен»  оқушылар  үшін  қосымша 

тапсырмалар  дайындауды  ескереді.  Әр  оқушының  өз  жұмысы  бойынша 

келесі қадамын және мақсатын білуі маңызды. 

 

 

3.2.6  Оқу  мақсатына  жетуге  «талпынатын»  оқушыларға  қолдау 

көрсету 

 

Мұғалім оқу мақсатына «талпынатын» оқушыларға кері байланыс пен 



қосымша  көмек  көрсетуге  міндетті.  Ол  оқушының  қабілетсіздігін 


жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау