12
2. Әдістемелік нұсқау құжаттары
Берілген Басшылыққа қосымша мұғалім келесі әдістемелік нұсқаулық
құжаттарына сүйенуі тиіс:
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқушыларының оқу
жетістіктерін критериалды бағалау ережесі;
Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі бойынша әдістемелік
ұсыныстар;
Оқу бағдарламалары;
Оқу жоспарлары;
Пәндер мен сыныптарда критериалды бағалау бойынша мұғалімге
арналған әдістемелік ұсыныстар;
ІЖБ бағалау бойынша пәндер мен сыныптарға жасалған тест
спецификациясы.
2.1 Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы
оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау ережесі
Бұл Ережеде Кіріктірілген оқу бағдарламасы бойынша оқып жатқан
оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауын ұйымдастыру және
өткізу тәртібі анықталған. Құжатта келесі бағалау рәсімдері рет-ретімен
көрсетілген:
ҚБ, ІЖБ және СЖБ бағалауды ұйымдастыру мен өткізу тәртіптері;
ҚБ жоспарлау мен
стандарттау;
ІЖБ бойынша модерация өткізу;
Оқу жетістіктерінің мониторингісі;
Оқушыны келесі сыныпқа өткізу тәртібі;
Тоқсандық, жылдық және қорытынды баға
қою тәртібі;
ҚБ және ІЖБ
ВСО
бойынша
нәтижелер
мұғалімнің
рефлексиясы-
әдістерді
таңдау
Оқуды
жоспарлау
Тиімді сабақ
беру және оқу
Тиімді оқу
13
Экстернат түрінде оқып жатқан оқушыларды аттестаттау.
2.2 Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ).
Әдістемелік нұсқаулықтар
Бұл құжатта оқушы жетістіктерін бағалауда критериалды бағалаудың
кіріктірілген моделінің (КБКМ) қолданылуы туралы сипаттама берілген,
әлемдік тәжірибеге жасалған талдау бойынша ақпараттар, терминдер мен
анықтамалар, бағалау түрлерінің өзара байланысы туралы мағлұматтар
берілген. Сонымен қатар, құжатта оқушы нәтижелерін тіркеу мен оларды
ата-аналары мен оқушыларға жеткізу туралы ұсыныстар мен тоқсан және оқу
жылы аяғында қолданылатын баға қою үлгілері бар.
2.3 Оқу бағдарламалары
Оқу бағдарламалары әр пән бойынша мақсаттар мен құндылықтарды
анықтап, мұғалімге ұстаным ретінде берілетін тәсілдемелерге сипаттамалар
береді. Құжатта әр пәннің мазмұны мен құрылымы туралы толық ақпарат
берілген.
Әр
пән
бойынша
оқу
бағдарламасының
мазмұны
нақты
ұйымдастырылған бөлімдерден тұрады, кейін олар бөлімшелерге бөлінеді.
«Математика» пәні бойынша бөлім мен бөлімшенің мазмұны (негізгі
мектептегі) қалай құрылғаны туралы үлгі төменде көрсетілген.
№ Бағыттар
Бөлім
3
Геометрия
Геометриялық фигуралар
Геометриялық фигуралардың қатыстық орналасуы
Өлшемдер
Векторлар мен трансформациялар
Оқу мақсаттары бөлім ішінде оқушының ілгерілеуін көрсетеді,
мұғалімге жоспар құруды, бағалауды және оқушының орындауына қажетті
келесі қадамдарын айқындауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бұл оқу
мақсаттары бойынша ұсынылған іс-әрекет түрлері әр пәнге байланысты
құрастырылған оқу жоспарында берілген.
2.4 Оқу жоспары
Пән бойынша жасалған оқу жоспарында оқу бағдарламасы мазмұны
бойынша ұсыныстар берілген. Оқу жоспарындағы тапсырмаларды
мұғалімдер оқушылардың барлық оқу мақсаттарына жеткендігіне және оқу
бағдарламасының мазмұнын білетіндігіне көз жеткізу үшін қолдана алады.
Оқу жоспары қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді
14
жоспарларын қамтиды.
Ұзақ мерзімді жоспар:
• оқу мақсаттарын ортақ тақырыптық бөлімдерге топтастырады;
• алдыңғы жұмыспен, оқу мақсаттарымен өзара байланыс орнатуға
және оқытудың одан кейінгі жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді;
• бөлімдер арасында теңестіріліп басқарылатын байланысты орнатуды
қамтамасыз етеді.
• оқу үдерісіне ықпал ететін барлық оқу бағыттары мен бөлімдерін
қамтамасыз етеді.
Орта мерзімді жоспар:
мұғалімдерге өз сабақтарын жоспарлауға қажетті бөліктерді
ұсынады;
сабақ беруде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданудағы мүмкіндік
жолдарын анықтайды;
оқытудың кіріспе, дамыту мен бекіту тәсілдері мен негізгі
ресурстарын ұсынады;
бағалаудың мүмкіндіктерін анықтайды;
тілдік қабілеттерді жетілдіретін талаптарды анықтайды.
Қысқа мерзімді жоспар:
оқытуды ұйымдастырудың үдерісін жаппай оқыту, топтық, жұптық
жұмыс, жеке жұмысты ұйымдастыру арқылы анықтайды;
оқытудың әр түрлі тәсілдерін ұсынады;
бағалауды ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады және оқушының оқу
мақсатына жетуі туралы кері байланысын ұсынады;
осы оқу кезеңіне сәйкес қолдау деңгейлерін анықтайды.
Оқушылар мен мұғалімдердің сабақ барысындағы жететін мақсаттарын
бірдей түсінуі маңызды. Бірдей түсінікті қолдау үшін мұғалімдер әр түрлі
стратегияны пайдалануы мүмкін:
сабақта оқушыларға түсінікті тілде оқу мақсаттарын талқылау;
сабақ барысында және сабақ аяғында көңіл аударту үшін тақтаға оқу
мақсаттарын жазу;
сабақ барысында шағын топтар/жеке оқушылармен берілген оқу
мақсаттарының ілгерілеуін талқылау;
оқу мақсатына
байланысты кері байланыс жасау;
сабақ басында жазылған оқу мақсаттарына рефлексия жүргізу үшін
сабақ аяғында уақыт қалдыру;
оқу жоспарында ұсынылатын жұмыс түрлері мысал ретінде берілген
және мұғалім жұмыстың балама түрлерін қолдана отырып оқушыларды
бағалай алады.
Мысал ретінде 9-сыныптағы «Кіріктірілген қазақ тілі (екінші тіл) мен
әдебиеті» пәнінің ұзақ мерзімді жоспарынан үзінді келтірілген.