26
мұғалімдердің тәжірибесіне ендіруге бағытталған
«Ынтымақ» кәсіби
қоғамдастығы жасақталды. Осы қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру және
бақылау мақсатында «Құзырлы оқыту қызметі» моделін құрдым. Құзырлы
оқыту құрамына (ҚОҚ) төраға, төрағаның орынбасары, сындарлы оқыту
бағдарламасының І деңгейін бітірген 4 мұғалім, ІІ деңгейін бітірген 1 мұғалім, ІІІ
деңгейін бітірген 1 мұғалім хатшы ретінде (жалпы 8 адам)кірді. ҚОҚ мақсаты –
кәсіби қоғамдастық аясында МДЖ-ын жүйелі түрде жүзеге асыру, сындарлы оқыту
бағдарламасын мұғалімдердің іс-тәжірибесіне ендіруге қолдау көрсету арқылы
кәсіби өсуін дамыту, оқытуды жақсарту. Осы мақсатқа жету жолында ҚОҚ жұмыс
жоспарын құрды. Қызмет әр бірлестікте жұмыс жасайтын мұғалімдерді бір топта
біріктіру арқылы олардың қарым-қатынастарының нығайып күшеюін мақсат
етіп, «Таным»,«Өзгеріс», «Даму» және «Смарт» топтарын құрып, жетекшілерін
тағайындады. Бұл топтарға мектеп мұғалімдері, ата-ана комитеті, оқушылар ұйымы
мүше болды (3-кесте).
Төрт топтың басымдығы мен күтілетін нәтижесі бір болғандықтан, олар
бір мақсатқа жету жолында ҚОҚ отырысының тақырыптарына сай өз бетінше
жұмыс жасап, жұмыс нәтижелеріне талдау жасап, айына бір рет есеп береді.
ҚОҚ жұмыстардың ұйымдастырылу барысын қадағалап, сындарлы оқыту
бағдарламасына сәйкес мұғалімдердің оқыту тәжірибесіне енген өзгерістерді
бақылау мақсатында төмендегідей байқауларды жоспарлады (Қосымша):
1. «Панорамалық сабақ» байқауы
2. «Үздік сабақтар шеруі» байқауы
3. «Үздік қысқа мерзімді жоспар» байқауы.
Бұл байқауларға деңгейлі бағдарламаны бітірмеген мұғалімдерді қатыстыру
міндеттелді. Осы байқауларға қатысу арқылы мұғалімдердің сындарлы оқыту
бағдарламасын меңгеру деңгейін, қысқа мерзімді жоспарды құру, SMART-мақсат
қою арқылы табыс критерийіне жету, бағдарлама модульдері мен басқа да тиімді
элементтерді ұтымды пайдалана алу мүмкіндігін анықтау көзделді. Қазіргі уақытта
әр топ өз жұмыстарын бастап, жақсы көрсеткішке жету үшін аянбай еңбектенуде.
Ата-анамен ынтымақтастықты нығайту мақсатында тоқсанына 1 рет бірлескен
іс-шара ұйымдастыру жоспарланды. Шара әр түрлі формада өтуі мүмкін(дөңгелек
үстел, пікірсайыс, тәрбиелік шара т.б.). Сонымен бірге оқушы үнін ескеру,
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру,олардың оқу белсенділігін арттыру
мақсатында жылына 1 рет «Үздік сынып» байқауын ұйымдастыру жоспарға еніп
бекітілді.
27
3-кесте
МДЖ іске асыру моделі
Мектеп басшысының бұл тәжірибесінде негізгі идея педагогтарды заман
талабына сай жұмыс жасауға ынталандыру болғандықтан, сыныптың көшбасшысы
ретінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сындарлы оқыту теориясы
негізінде сыныптағы сабақ барысын ұйымдастыруға, жоспарлау және басқару
шараларына бірінші кезекте көңіл аударылған. Мұғалімдерді кәсіби дамытуға,
мұғалім жұмысы мен кері байланысқа, олардың жұмысының мойындалуына
қатысты шараларға басымдық берілген.
28
ҚОРЫТЫНДЫ
ХХІ ғасыр – балалардан табысты оқушы болуды талап етеді. Олар өмірге
төзімді, қателік жіберіп, өз қателерінен сабақ алуға қабілетті, оқу үдерісін өз
бетінше бақылай алатын, өз оқуы үшін жауапкершілік алуға дайын, икемді оқушы
болып, жылдам өзгеріп жатқан әлемде адасып қалмай, бейімделе алуы үшін оқудың
түрлі стратегияларын пайдалануға дайын болуы тиіс.
Мектеп басшысы осы дағдыларды оқушының бойына меңгертуі үшін мектепті
дамытуды жоспарлауда тиімді директор ретінде мектепті басқаруда өздеріне
қойылатын талаптарды ұстануы керек. Оқушының табысты болу оның ұстазынан,
сондықтан бұған қол жеткізу үшін оқушылардың оқу үдерісін толығымен түсінетін
«қалай оқу керектігін үйрететін» тиімді мұғалімі болуы үшін мектеп басшысы
мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуына барынша қолдау көрсетіп, кәсіби біліктілігін
көтеруді дұрыс ұйымдастыру және де мектебіндегі мұғалімдер арасындағы бірлескен
жұмыстарды жүйелі жоспарлап бақылауға алуы керек. Ал мектеп мұғалімдері
оқытудың тиімді әдістерін ойлап, оны тәжірибесіне енгізіп қана қоймай, сол
әдістердің оқушыға қаншалықты тиімділігін көру үшін өзі де оқушының орнында
болып көруге ұмтылып, кері байланыс алып, өз жұмысына рефлексия жасауы
керек. Себебі мектепті дамытуды жоспарлау мен оны жүзеге асыруда балаларға
нені және қалай оқытатынымызды анықтау үшін нені бағалайтынымыз және
қалай бағалайтынымыз да аса маңызды және қаншалықты жиі бағалайтынымыз да
маңызды.
Бұл мектептегі өзгерістің сапасын көрсететін нәтиже болғандықтан, мектеп
басшысының тек басқарушы емес, бақылаушы екенін қадағалай түседі. Әлемдік
білім беру тәжірибелері де, көптеген мектептерде өз оқушылары үздік нәтижеге
жетуге көмектесу үшін ата-аналармен түрлі жұмыс жүргізу керектігін мойындайды.
Ал кейбір мектептер бұнымен шектелмей, мектеп пен жұртшылық арасында көпір
болатын кешенді және инновациялық тәсілдерді іздеп табуда. Мектептің қалыпты
жұмыс істеуі үшін мектеп басшысы оқыту мен оқуды үздіксіз жетілдіру мақсатында
мектептің дамуын тиімді жоспарлауға барынша жауапты. Мектепті жақсартып,
оқушының оқу тәжірибесі қоғаммен байланысты екеніне көз жеткізіп, ата-
аналармен, мұғалімдермен, мектептермен тиімді серіктестік қатынас орнату керек.
Кешенді қызметтер ұсыну үшін мектептермен және басқа ұйымдармен серіктестік
аясында үздік тәжірибені тарату арқылы білім беру жүйесін дамытуға белсенді
қатысып, оқушылар мен мұғалімдеріне қолдау көрсету үшін қажетті ұйымдармен
бірлесе жұмыс жасауға қабілетті болуы керек.