Топ сайтында бірлесіп жұмыс істеу
Жылдам іске қосу бойынша нұсқаулық
Блогқа жариялау
Жаңа ақпаратты
топпен дәл қазір
бөлісіңіз.
Топ жұмыстарын қарау
Қазір орындалып жатқан
жұмыстар туралы біліңіз.
Ауысу
Электрондық поштаға, күнтізбеге, контактілерге немесе
құжаттарға бір басу арқылы өтіңіз. Yammer талқылауына
қосылу немесе бақылайтын барлық сайттарды қарау үшін
бір ғана басыңыз.
Соңғы жаңалықтарды алу
Барлығын хабардар ету үшін
хабарландыруларды жариялаңыз.
Құжаттармен бірігіп жұмыс
істеу
Құжатты топ мүшесімен ортақ
пайдаланыңыз, кейін бір уақытта
бір құжатпен жұмыс істеңіз.
Адамдардың
қалауын білу
Топ сауалы арқылы
топ мүшелерінің не
ойлайтынын біліңіз.
Топ күнтізбесін жасау
Оқиғалар мен жиналыстарды
топ күнтізбесінде сақтап,
сол күнтізбені Outlook
бағдарламасынан көріңіз.
Іздеу
Іздеу мүмкіндігі арқылы
құжаттарды, жиналыстарды және
оқиғаларды жылдам табыңыз.
Топ күнтізбесіне іс-шара қосу
Топ бақылау нүктелері мен оқиғаларын бақылауға көмектесу үшін оқиғаны топ
күнтізбесіне қосуға болады.
Word бағдарламасында құжатпен бірігіп
жұмыс істеу
Word бағдарламасында тікелей жұмыс істеу арқылы топ құжатын басқа топ
мүшесімен бірлесіп орындауға болады.
1. Топтың Құжаттар кітапханасында басқа топ мүшесімен орындағыңыз келген
құжатты ашыңыз. Құжатты жай ғана ашу маңызды – оны бөлек шығарып
алмаңыз. Құжатты бөлек шығарып алсаңыз, оны жеке пайдаланасыз.
2. Қалаған өзгерістерді жасаңыз, кейін өзгерістерді сақтаңыз. Басқа адам дәл сол
әрекеттерді жасайды.
3. Басқа адам жасаған және сақтаған өзгерістерді қарау үшін бетті жаңартыңыз.
PowerPoint бағдарламасында көрсетілімдерді және Excel Web App бағдарламасында
жұмыс кітаптарын бірігіп жасауға да болады. Бір уақытта бір ғана адам Excel 2013
бағдарламасындағы жұмыс кітабын өңдей алатынын ескеріңіз.
Ескерту Топ сайтында пайдалануға болатын белгілі бар бағдарламалар топтың
сайтты жасағанына байланысты.
Жаңалық хабарландыруын
жасау
1. Топ сайтында
Хабарландырулар
түймешігін басыңыз.
2. Диалотық терезеге тақырыпты теріп,
Мәтін жолағына хабарландыру
ақпаратын енгізіңіз.
3. Сақтау түймешігін басыңыз.
Сауалға жауап беру
Адамдардың пікірін білу үшін сауал
жасауыңызға болады. Топ мүшелері жылдам
әрі жеңіл жауап бере алады.
1. Топ сайтының басты бетінде сауал
атауын басыңыз.
2. Сауал бетінде Осы сауалға жауап беру
түймешігін басыңыз.
3. Таңдауыңызды жасап, Аяқтау
түймешігін басыңыз.
1. Топ сайтының басты бетінен күнтізбеге өтіңіз.
2. Күнтізбедегі қажетті күнді басып, Қосу
түймешігін басыңыз.
3. Оқиға атауын теріп, уақытын,сипаттамасын
және басқа да маңызды мәліметтерді енгізіңіз.
4. Аяқталғанда Сақтау түймешігін басыңыз.
Топ блогына жазба жариялау
Басқа біреу жариялаған блог жазбасына түсініктеме
жасауға немесе жаңа блог жазбасын жасауға болады.
Жаңа блог жазбасын жасау үшін блог бетіне өтіңіз.
1. Блог құралдары жолағындағы Жазба жасау
түймешігін басыңыз.
2. Жазбаға тақырып беріп, мазмұнын жазыңыз.
3. Аяқтаған кезде Жариялау түймешігін басыңыз.
Сурет, дыбыстық файл немесе бейне қосуға болады.