Назарбаев зияткерлік мектептері дббұ аоо назарбаев интеллектуальные школы aeo nazarbayev intellectual schools



жүктеу 393,33 Kb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата15.05.2018
өлшемі393,33 Kb.
#13929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

5

асырылып  жатыр.  Бағдарлама  мектеп  басшыларына  тек  теориялық  білім  ғана 

емес,  мектепті  тиімді  басқару  үшін  мектепті  дамыту  бағыттарын  айқындауына, 

тәжірибелік зерттеулер жүргізуіне, өз ұжымын ортақ мақсатқа жеткізуде бірлесіп 

жұмыс жасауына, оқу мен оқыту ортасын зерделеуіне іс-әрекет қадамдарын жасайды. 

Сондықтан мектеп басшылары І «Бетпе-бет» аудиториялық оқыту кезеңінен кейін 

бір ай мектептегі тәжірибесін жүргізеді және ІІ «Бетпе-бет» аудиториялық оқыту 

кезеңінен кейін алты ай тәжірибелік кезеңін жалғастырады. Бұл дегеніміз, мектеп 

басшылары  мектептерінің  дамуын  жыл  бойына  зерттеп,  бақылау  жасап,  даму 

аймақтарын анықтап, мектептің даму жоспарын жасап, табысын көре алады. Мектеп 

басшыларына  арналған  бағдарламаның  өзіндік  ерекшеліктері  мен  маңыздылығы 

бар, күрделігі мен жүйелілігі бар. Ең бірінші ерекшелігі – мектеп директорының 

курсалды  тапсырмаларын  орындау  кезіндегі  өз  мектебінің  деректерімен  жұмыс 

жасап,  сапасын  өңдеуге  араласуы.  Қазіргі  мектептер  жағдайында  сандық  және 

сапалық  деректерді  дұрыс  өңделуіне  және  оның  өніміне  белгілі  бір  мақсатпен 

қарап,  зерттеу  жүргізуге  дағдылануы,  мектебінің  қай  жерде  екеніне  саралау 

жүргізу  нәтижесінде  анықтай  алуы.  Келесі  бір  ерекшелігі,  мектеп  басшылары  

мектеп  деректерін  зерттеуді,  мектептеріндегі  оқыту  мен  оқуды  жақсартудағы 

стратегиялық басымдықтарын белгілеп және мектебінің даму жоспарын жасайды, 

жүзеге асырады. 

Қазақстан  мектептері  бұл  күндері  үлкен  жаңару,  жаңғыру  үдерісінде. 

Директорлар  курсынан  өткен  әрбір  мектеп  басшысы  мектептегі  тәжірибе 

кезеңінде  және  кейінгі  дамуларында  мектепке  енгізілген  өзгерістердің 

қаншалықты  ыждахаттылықты  және  жауапкершілікті  қажет  ететінін  толықтай 

сезіне алу мүмкіндіктерін көрсете алады. Сондықтан бағдарлама директорлардың 

мектепті  басқаруын  ғана  емес,  бақылауын  да  талап  етеді.  Қазір  ғылым  мен 

білімдегі  жаңалықтардың  қарқынына  ілесу  үшін  білім,  білік,  дағды,  іскерлік 

керек,  егер  білімді  құндылық  ретінде  танысақ,  оны  жүзеге  асыра  алудың  өзі 

әрқайсысымызға жүйелілікті, саналылықты арттыра түседі. Іс-әрекеттер басталған 

кезде кедергілердің болмауы мүмкін емес, жұмыс, әрекет, қозғалыс бар жерде оның 

ұтымды және ұтымсыз жақтары да анықталып жатады. 

Мектептердегі оқу мен оқыту үдерісіндегі болып жатқан өзгерістер аясындағы 

мәселелерді  көру  және  оны  шешу  жолын  қарастыру  мектеп  басшысының 

міндеті.  Сондықтан  мектеп  басшыларына  курстан  кейінгі  қолдау  көрсету  және 

қалыптастырушы  бағалау  жүргізу  кезеңінде  мектептегі  тәжірибе  жұмыстарынан 

түйінделген ойлар және болашақта мектепке өзгеріс енгізудегі кедергілерді шешу 

«Мектеп  басшыларының  мектептегі  тәжірибесін  тиімді  жоспарлау»  арқылы 

қарастырылады. 




6

МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТІ ДАМЫТУДЫ 

ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде, 

бір  болашақ»  атты  Жолдауында  «Басты  мақсат  –  Қазақстанның  ең  дамыған  30 

мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы 

біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.

ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты 

азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің 

сапалы  бірегей  білім  беру  жүйесі  бар.  Ұлттық  білім  берудің  барлық  буынының 

сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Орта білім жүйесінде жалпы 

білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне 

жеткізу керек (1).

Міне, бұл Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының 

біліктілігін арттыру бағдарламасының алғышарттарының бірі. Мектеп басшылары 

мен  мұғалімдері  мектепке  өзгеріс  енгізудің  әдістерін  меңгеру  арқылы  сол 

өзгерістердің  себептері  туралы  ойланып,  мектептеріндегі  күрделі  әрі  нақты 

жағдайларға  талдау  жүргізе  алды.  Мектеп  тәжірибесіне  өзгеріс  енгізу  мектеп 

оқушыларын  ХХІ  ғасырда  өмір  сүруге  даярлауда  қажеттілігінен  туындап  отыр. 

Бүгінгі мектептер үшін ең өзекті мәселе оқушының оқуы мен мұғалімнің оқытуына 

қатысты десек, бұл жағдайда баланы қалай оқытсақ, сапалы білім беріледі және 

алған білімдерін қалай өз тәжірибесіне қолдана алады, болашағына қажетті білім 

ресурсымен  қамтамасыз  ету  үшін,  қазіргі  мектеп  басшылары  мектепті  басқару 

жүйесіне  қандай  өзгеріс  жасап,  жоспарлауды  қалай  жүзеге  асыра  алады?  деген 

сұрақтардың  жауабын  іздей  бастаймыз.  Әрине  бұл  сауалдарға  мектеп  басшысы 

мектептегі  тәжірибе  кезеңінде  өздерінің  аудиторлық  оқу  кезеінде  құрылған 

жоспарлары арқылы жауап іздейді және іс-әрекеттегі зерттеуін жүргізеді. 

Мектепке өзгеріс енгізуде негізгі көшбасшы – мектеп басшысы, осы тұрғыдан 

алып  қарағанда,  мектеп  басшыларының  бағдарламасында  көшбасшылық  туралы 

түйінді  мәселелер  толықтай  ашылып  көрсетілген.  Сондықтан  әрбір  мектеп 

басшысының  миссиясына  тек  басқарушылық  емес,  бақылаушы  болуына  мән 

беріледі. Бұл мектептегі тәжірибе кезеңінде өте маңызды дерек көзі болып табылады. 

Мектепті қалай басқару керек, мектепке өзгеріс енгізу үшін мектеп басшысы 

өз жұмысында нені ескеру керек және мектепті басқарудағы жаңа тәсілдері қандай 

болуы керектігі туралы Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджерлері 

С.К.Ахметбекова мен Ф.У.Жүнісованың «Мектепті басқарудағы жаңаша көзқарас» 

әдістемелік  құралында  ғылыми-теориялық  тұрғыда  қарастырылып,  мектеп 

басшылары  үшін  жан  жақты  бағыт-бағдар  берілген.  Онда  «...көшбасшы  қай 

салада жұмыс істемесін, проблемадан құтыла алмайды... мәселені жақсы шешетін 

көшбасшылар  бес  қасиетке  ие  болуы  керек:  проблеманы  көре  білу,  шындықты 

қабылдай алу, толық суретін көре алу, олар ретімен істейді, құлау шегінде тұрса да 

басты мақсаттан шегінбейді» (2). 

Біздің қазіргі ұғымымызда көшбасшылық қызметі тек басшыға ғана емес, мектеп 

мұғалімдеріне,  оқушыларға,  тіпті  ата-аналарға  да  қатысты.  Көшбасшылықтың 




жүктеу 393,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау