2-ҚОСЫМША
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті Тараз қаласы және Жамбыл облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 11(12) сынып оқушыларына 5В090600 – «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы І-Облыстық «Өнер алды қызыл тіл» атты байқау ЕРЕЖЕСІ
ТАРАЗ 2018
5В090600 – «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша
І-Облыстық «Өнер алды қызыл тіл» атты байқауы
1.Жалпы ереже
1.1. Мектеп оқушыларына 5В090600-«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының облыстық байқауы – облыс жас талапкерлерінің сахналық өнерге, тілге деген құрметін, қызығушылықтарын арттыру мақсатында Жамбыл облысындағы орта мектептер мен қалалық орта мектептердің 11- сынып оқушылары арасында өткізіледі.
1.2. «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша байқаулардың негізгі мақсаттары:
-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін таныта білуі;
- шығармашылықтарының дамуына ықпал ету;
-халықтар арасында мәдени іс-шаралардың қызметін жандандыру;
-ТарМПУ-ға «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша білім алу үшін Жамбыл облысының шығармашыл жастарын анықтау және мемлекетті еңбек нарығына сұранысқа ие, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.
1.3. Мәдени- тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқауларды Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында өткізіледі.
1.4. «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша байқауда университет мамандықтарының ерекшеліктеріне (көркем сөз, монолог және әзіл-сықақ орындау арқылы) сай өткізіледі.
1.5. Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ақпараттар университеттің www.targpu.kz. сайтында «ТАЛАПКЕР» бөлімінде орналстырылады.
2. «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша байқаудың міндеттері
2.1. Сахналық дауыстың диапазоны, биіктігі, ырғағы, күші сияқты сапалық мүмкіндіктерін көрсету;
2.2. мәтінді меңгеру, шығарма авторының идеясын жеткізе білу;
2.3. дұрыс сөйлей білу-орфоэпия нормаларын сақтау;
2.4. дикция, тыныс, дауыс және сөздің логикалық-интонациялық заңдылықтарын сақтау;
Мәдени- тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3.1 Мәдени-тынығу жұмысы манадығы бойынша байқау кезеңдерден тұрады:
I кезең – Көркем сөз оқу-монолог (қазақ және орыс тілдерінде жазылған шығармалардан немесе әлемдік көркем әдебиет шығармаларынан үзінді)
II кезең – Әзіл-сықақ жанрындағы әртістік номер (жеке өз шығармашылығынан да көрсетуге болады)
3.2. Мектептер байқауға қатысу үшін өтінішті 16.04.2018 ж. дейін көрсетілген мекен-жайда: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16 а, ТарМПУ, 8 оуқ ғимараты, ауд.312 "Мәдени-тынығу жұмысы және хореография" кафедрасында қабылданады.
Электрондық пошта: hadia.k@mail.ru (1-қосымша)
Байланыс телефондары:
87013238421, 87078814509, 87004400475 – Караматуллаева Хадия Ергашовна;
87013591079, 87478227131 –Рустембеков Марат Кулисбекович
87072000901 – Карибекова Ақторғын Жамаубаевна
Байқау 19.04.2018 ж. Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің төменде көрсетілген мекен-жайда: Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16а, №8 корпус, ТарМПУ-дің Акт залында өткізіледі.
Қатысушыларды тіркеу:12.00-де
Басталуы: 14.00-де
Қатысушылардың жол ақысы, орналасуы мен тамақтануы жіберуші жақ есебінен жүзеге асырылады.
4. Байқауды ұйымдастыру-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету
4.1 Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқау кезеңдеріне дайындық және олардың өткізу жұмыстарын ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Оның құрамына төраға, оның орынбасары, жауапты хатшы және мүшелері кіреді. Ұйымдастыру комитетінің құрамы Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша кафедра профессор-оқытушыларынан құрылады. Мамандық бойынша облыстық олимпиада мен байқауларды ұйымдастыру комитетінің құрамы ТарМПУ ректорының бұйрығымен бекітіледі.
4.2. Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша облыстық байқауды ұйымдастыру комитеті:
- Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқаулардың дайындығы мен өткізілуі туралы хабарландырудың дер кезінде жариялануын қамтамасыз етеді;
- Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқаулардың өткізу тәртібі мен мерзімін анықтайды;
- Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқауларды өткізу бағдарламасын құрастырады, нәтижелерді бағалау өлшемдерін анықтау жөнінде комиссия құрамын, пәндік қазылар алқалары мен олардың төрағаларын бекітеді;
- қазылар алқаларының ұсыныстары бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды;
- Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқауларға облыстық қатысушылардың жұмыстарын шифрлау және тексеру тәртібін анықтайды;
4.3. Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша облыстық байқау нәтижелері хаттама түрінде рәсімделеді.
5. Мәдени- тынығу жұмысы мамандығы бойынша облыстық олимпиада мен байқау қатысушылары
5.1. Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқау қатысушылары болып аудандық және қалалық мектептердің 11(12) сынып оқушылары табылады;
5.2. Байқауға қатысатын 11(12) сынып оқушылары міндетті түрде Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы керек.
5.3. Байқауға қатысушының өзімен бірге жеке басын растайтын куәлігі болуы керек. Жеке басын растайтын куәлігі болмаған жағдайда оқу орнынан фотосуреті бар анықтама көрсетуі керек.
5.4. Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқау жеңімпазы – ең жоғары балл санын жинаған және жоғары нәтиже көрсеткен қатысушы болып саналады.
6. Жауапкершілік
6.1 Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқау тапсырмаларды, бағалау өлшемдері мен шығарманы дайындау үшін тапсырмаларды дайындау жөніндегі комиссия жауапкершілікте болады.
7. Мәдени- тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқау қорытындыларын шығару және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау
7.1. Қорытынды байқаудың әр кезеңінен кейін шығарылады. Әр мамандық бойынша жүлдегерлер анықталады.
7.2. Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша байқаудың бас жүлдегерлері ТарМПУ грантын иеленеді. I,II,III орын жүлдегерлері, 1,2 дәрежелі дипломдармен марапатталады.
7.3. ТарМПУ гранты сертификаты Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті балл жинаған жағдайда күшіне енеді.
7.4. Мәдени-тынығу жұмысы мамандығы бойынша ТарМПУ гранты жеңімпаздарының Ұлттық бірыңғай тестілеуде тапсырған бейіндік пәндері (Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы) жеңіп алған Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының бейіндік пәндеріне (екі шығармашылық емтихан) сәйкес келуі міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |