Назарбаев зияткерлік мектептері дббұ аоо назарбаев интеллектуальные школы aeo nazarbayev intellectual schools



жүктеу 393,33 Kb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата15.05.2018
өлшемі393,33 Kb.
#13929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

14

Жүйелілік-құрастырылған жоспардағы іс шараларды үйлестіреді. 



Ынтымақтастық – мектептің болашағын қалыптастыруда мектеп ұжымының 

бірігу, командамен жұмыс жасай білубірлігін көрсетеді.

Үздіксіздік-бұл  әзірлеу,  іске  асыру,  бағалау  және  қайта  қараудан  тұратын 



циклді үдеріс.

Үдемелі-алдыңғы циклдің нәтижелері негізінде жоспарға өзгеріс енгізіледі.



Жетілдіру-мектепте инновациялар мен өзгерістерді табысты басқару арқылы 

оқыту тәжірибесінің сапасын арттыру құралдары болады.

Жалпы алғанда, мектепті дамыту жоспарын дайындау – өте жауапты және үлкен 

зерттеу  жұмыстарын  қажет  ететін  үдеріс.  Бұл  үдеріс  мұғалім  қызметін  бағалау, 

яғни  эвалюациялау  жүйесі  арқылы  іске  асырылуы  мүмкін  болады.  Осы  орайда 

экономикалық  ынтымақтастық  және  даму  ұйымының  (ЭЫДҰ)  oқыту  мен  оқу 

саласындағы халықаралық зерттеуі (TALIS) мұғалімдер мен мектеп басшыларына 

білім беруді талдап, осы саладағы саясатты дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді 

(7).  Мұғалімдердің  кәсіби  даму  туралы  көзқарастарын  анықтаудың  бірден-бір 

пайдалы құралы.

Мектеп басшылары мектептегі тәжірибе кезеңдерін тиімді жоспарлау үшін:



1- кезең. Мектеп деректер сапасын қамтасыз ету керек.

Көп  жағдайда  курсалды  тапсырмасы  бойынша  анықталған  басымдық 

нақты  белгіленбей  жатады,  оның  бір  себебі  сауалнаманы  алу  барысында  

дұрыс  ұйымдастыру  жұмыстарына  мән  берілмесе,  екінші  тараптан  деректерді 

өңдеуде  қиындықтар  туындайды.  Сонымен  қатар  мектеп  басшысы  курсалды 

тапсырмасындағы  үш  жақты  алынатын  сауалнаманың  маңыздылығы  мен 

ерекшелігін, одан шыққан нәтиженің негізінде мектептің даму аймағы анықталып, 

шыққан  басымдыққа  қарай  жоспарын  жасайтынын  ескерген  дұрыс.Бұл  мектепті 

басқаруға  қатысуда  мұғалімдермен,  ата-аналармен  бірге  оқушыларға  белсенді 

азаматтық  ұстанымның  болуының  артықшылықтарын  көруге  және  оқушыларға 

болашақта  түрлі  мәселелерге  қызығушылық  танытатын,  белсенді  азамат  болуға 

көмектесе алады. 



МЕКТЕПТІҢ'>ОҚУШЫ

ҮНІ

МҰҒАЛІМ

ҮНІ

АТА-АНА

ҮНІ

МДЖ-1

МЕКТЕПТІҢ

ДАМУ

АЙМАҒЫ

1-сурет. Аудиттерді алу және өңдеу

11 СҰРАҚ

18 СҰРАҚ

24 СҰРАҚ

МДЖ-2

МЕКТЕПТІҢ

ДАМУ

АЙМАҒЫ

2-сурет. TALIS сауалнасын алу және өңдеу


15

2-суретте  TALIS  сауалнамасын  алу  және  өңдеу  арқылы  мектепті  дамыту 

жоспарының ІІ нұсқасына, яғни алты айлық тәжірибе кезіндегі даму жоспарына 

шығу үлгісі көрсетілген, алайда мектеп басшысы алғашқы зерттеу тәжірибесінде 

шешілмеген  мәселелерді  кейінгі  мектептің  зерттеу  тәжірибесінде  ескеруі  керек. 

Себебі  мектептің  дамуын  тиімді  жоспарлауда  анықталған  проблемалардың 

шешімі  кейінгі  әрекетімізде  де  жалғасын  тауып  зерттеу  тәжірибелерінің 

арасындағы  сабақтастық,  бірізділік,  жүйелілік  ең  бастысы  тиімді  зерделеуі  мен 

нәтижесі  қарастырылғаны  дұрыс.  Мектеп  жұмысында  бұл  талаптарды  ескермеу 

басқару  құрылымдары  жоспарының  нақтылықсыздығын,  талдау  дәлелдігінің 

жеткіліксіздігін тудырады.

Мектептің даму бағдарламасын жасауда осы кезге дейінгі дәстүрлі әдісімізде де 

мектептің оқу тәрбие үдердісінің жылдық жоспары – ұжымдық шығармашылықтың 

құжаты  болып  саналған.  Жоспардың  жобасын  дайындауда  мектеп  әкімшілігі, 

оқушылар,  мұғалімдер,  ата-аналар  комитеті,  мектептің  қоғамдық  құрылымдары 

қатысады.  Бірақ  дәстүрлі  жоспарлауда  осы  аталған  құрылымның  қаншалықты 

дұрыс орындалып жатқанына мектеп басшысы мен ұжымның зерттеуінің нәтижесі 

оқу мен оқытуды жақсартудағы проблемаларды шешуге толықтай жауап бере алмай 

отыр. Ал қазіргі уақытта мектеп басшыларына бұл мәселені шешудің негізі құралы 

ретінде мектептің дамуын жоспарлаудың тиімді жолдарын ғана ұсынып отырған 

жоқ, жоспарлауға дейінгі әрекетті мектеп басшысының қалай жүзеге асыратынын 

және жоспарлау үдерісінде мектептің даму жоспарын әзірлеуге мектеп басшысы 

оқушыны,  мұғалімді,  ата-ананы,  сырт  мектептерді  (желілік  қоғамдастық)  өзіне 

серіктес ретінде тартуға мән беру керектігін нақты көрсетіп отыр. Себебі мектептің 

негізгі әрі басты мақсаты оқушыға сапалы білім беру болып табылады. Олай болса, 

сапалы білім болу үшін мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселесі шешілуі 

керек. Ол үшін мектеп басшысы кіммен және қандай деректермен жұмыс жасағанда 

дұрыстығын таңдап және оны қалай жүзеге асыра алатынын ойланады. 

Мектеп басшылары берілген кестедегі дереккөздерді қолдануға болады. 



16

2-кесте

Дереккөздерін таңдау 

Деректер көзі

(ішкі)

сауалнама

жеке 

сұхбат

сабақты 

бақылау

тест

Сырттай дерек

оқу үлгірімі

күнделік


оқу жетістіктері

оқушы құжаттары

Кімдер арқылы

ата-ана


мұғалім

сынып жетекші

психолог

Деректер сапасын бақылау

І қадам. 

Деректерді жинау 

ІІ қадам. 

Деректерді өңдеу 

ІІІ қадам. 

Деректерді сараптау 

ІҮ қадам. Интерпретациялау 

Ү қадам. Мектептің  проблемасы

Мектепті дамыту жоспары ұзақ мерзімді, яғни 3-5 жылға арналған, ортамерзімді, 

1  оқу  жылына  арналған,  қысқа  мерзімді,  яғни  1  айға  арналған  болуы  мүмкін. 

Мектепті дамыту жоспарын әзірлеуде ең маңыздысы - күні бұрын жүргізілген аудит 

негізінде стратегиялық басымдықтарды анықтап, нәтиже және табыс критерийлерін 

белгілеп, іс-әрекеттерді жоспарлау. Мектеп басшылары өз мектептерінің деректер 

сапасының  өңделуіне  қарай  стратегиялық  басымдықтарын  анықтай  отырып, 

маңыздылығы мен қажеттілігіне қарай оқу мен оқытуды жақсартуға бағытталған 

басымдығын  таңдап  алуына  болады.  Мектептің  стратегиялық  басымдығын 

анықтауда жинақталған деректерді SWOT талдауына салып, қолдануға да болады, 

бұл  мектептің  дамуындағы  өзгеріс  енгізу  факторлар  мен  тежеуіш  факторларды 

саралауға мүмкіндік береді. 



Мектептерге  арналған  SWOT  талдауы

  мектеп  жүйесінде  және  оқыту 

барысында қолданылатын техникаларда ненің тиімді және ненің тиімділігі төмен 

екендігін  талдауға  қатысатын  мектеп  көшбасшылары  мен  қызметкерлерді  тиісті 

нұсқаулықпен жабдықтай алатын құрал болып табылады. Нақты алғанда, 

SWOT 

талдауын болашақ қаржыландыруға, жоспарлауға және басқарушылық шешімдерге 

ықпал ете алатын кез келген жоспарлау немесе талдау жұмыстарында қолдануға 

болады.


Күшті жақтары – мектеп мақсаттарына қол жеткізуге оң әсер ете алатын 

(немесе мақсаттарды жүзеге асыру құралы бола алатын) факторлар. 

Әлсіз жақтары – мектеп мақсаттарына қол жеткізуге теріс ықпал ете алатын 



(немесе мақсаттарға қол жеткізуге кедергі болатын) факторлар. 

Мүмкіндіктер  –  оқушылардың  үлгеріміне,  олардың  оқу  көрсеткіштерін 



арттыруға немесе бұған дейін қарастырылмаған мектеп мақсаттарына қол 

жеткізуге оң ықпал ете алатын сыртқы факторлар.




жүктеу 393,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау