Назарбаев зияткерлік мектептері дббұ аоо назарбаев интеллектуальные школы aeo nazarbayev intellectual schools



жүктеу 393,33 Kb.
Pdf просмотр
бет4/12
Дата15.05.2018
өлшемі393,33 Kb.
#13929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

9

мектепке өзгеріс енгізуге ұмтылысты көрсетеді. Сонда мектеп басшысы мектептегі 

тәжірибені  жоспарлау  үшін  мына  деректер  арқылы  мектептегі  іс-әрекеттегі 

зерттеуін қарастырады:

Мектеп  басшылары  оқу  мен  оқыту  тәжірибесіне  өзгерістің  қажеттілігін 



түсіну үшін, мектеп деректермен жұмыс жасап, талдау жүрігізіп, дамуындағы 

мықты тұстары мен өз мектептерінің дамытатын тұстарындағы ішкі және 

сыртқы факторларды анықтайды.

Мектеп  басшылары  өз  ұжымында  ортақ  ұстаным  мен  құндылықтың 



қалыптасуы арқылы ғана айқын мақсаттарын жүзеге асыра алады.

Мектеп басшылары өз ұжымындағы әрбір мұғалімнің сеніміне кері байланыс 



жасау арқылы көз жеткізе алады

Мектеп  басшылары  мектептегі  жұмыстың  қалай  ұйымдастырылғанына, 



мектебінде  қандай  ұстанымның  басымырақ,  яғни  мектеп  мәдениетінің 

дамуына ықпал етеді.

Мектеп  басшылары  мектебіндегі  енгізілген  өзгерісті  бақылаудың 



маңыздылығын және оны ұжымындағы мұғалімдер тәжірибесінен бақылай 

алады.


Мектеп  басшылары  әріптестерін,  оқушыларды,  ата  аналарды  серіктес 

ретінде қолдау көрсетіп, мектеп олар үшін қауіпті орын екеніне көз жеткізеді.

Мұғалімнің  жауапкершілігі  мен  жұмысының  тиімділігін  арттыру  үшін 



мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейлерін анықтау арқылы,өзгерістің 

қажеттілігін, мұғалімнің оқыту мен оқуды жақсартуда бағдарлама идеясын 

жеткілікті меңгергенін көре алады.

Мектеп басшылары барлық ұжымының мүшелеріне қолдау көрсетіп, кәсіби 



дамуына, оқу мен оқытуды жақсартуға ықпал етеді.

Мектеп  басшылары  өзгеріс  енгізу  үшін  мұғалімдердің  уәжінің  маңызды 



екеніне  куә  бола  алады.  Бұл  айтылған  маңызды  мәселелерді  мектептің 

даму жоспарын жүзеге асыруда және бақылау жасауда үнемі басшылыққа 

алынғаны нәтижелі болып табылады. 

Мектеп  басшылары  үшін  тиімді  жоспар  жасалудың  тағы  бір  тиімді  жолы 

жалпы  мектепті  дамыту  үшін  өзіне  қойылатын  негізгі  талапты  да  өзгеріс  енгізу 

кезінде басшылыққа алып, жоспарлайды, бақылайды. Ол, өзгерістерді басқарып, 

жетекшілік ету үшін директорға қойылатын негізгі үш талап:

Өз ұжымында ортақ ұстаным мен құндылықтарды қалыптастыру;



Мектеп көшбасшылығы мен оны басқару туралы мықты білім ме түсінік 

қалыптастыру;

Тиісті жеке қасиеттердің, әлеуметтік дағдылардың болуы және адамдармен 



қарым-қатынасты жасау өнерін игеру (3).


10

Бұл  талаптардың  жоғарыда  ұсынылған  мектепішілік  қағидаттармен, 

Б.Литвиннің  «Мектепке  өзгеріс  енгізу»  моделінде  қарастырылған  факторлармен 

тығыз  байланысты.Сол  сияқты  мектеп  тәжірибесіне  өзгеріс  енгізудің  он  түйінді 

факторы  туралы  «....Хопкинс  жариялаған  мектеп  көшбасшылығы  туралы  соңғы 

жұмыста  (2013)  мектепті  дамыту  және  мұғалім  жұмысының  тиімділігін  саналы 

бақылау  туралы  бірқатар  идеялар  бір  арнаға  тоғыстырылған»  (3).  Егер  мектеп 

басшылары  бағдарламаның  мазмұны  мен  мәнін  тереңнен  түсінген  жағдайда 

зерттеуші ғалымдардың түпкі идеяларының арасындағы сабақтастықты бақылайды, 

бұл  мектептің  дамуын  айқындайтын  факторлар  болғандықтан,  олардың  өзгеріс 

енгізуді жоспарлауда қажеттілігі дәлелденіп отыр.

Бұл  зерттеулердің  барлығын  пайымдасақ,  бүгінгі  ХХІ  ғасырда  болашақ 

ұрпаққа  білімді,  білікті  және  қажетті  дағдыларды  меңгерту  үшін  заманауи 

директордың  ролін  түсіну  үшін  стратегиялық  көшбасшылықпен  басқара  алуы 

керек.  Мектеп  басшылары  өз  ұжымындағы  ортақ  ұстаным  арқылы  өзгерістер 

енгізуде  дамуын  басқара  алса  және  жеке  кәсіби  тәжірибесі  арқылы  «өмір  бойы 

білім  алу»  қағидатын  меңгереді.  Ұжымындағы  оқушыларды,  мұғалімдерді,  ата-

аналарды серіктес ретінде жігерлендіріп, үнемі ынталандырып отырады. Мектепті 

дамытуда көшбасшы рөлінің атқаратын қызметі ерекше, себебі оқушы да, мұғалім 

де, ата- ана да мектептің қауіпсіз орын екеніне көз жеткізген жағдайда, табысты 

оқу  мен  оқыту  жүреді,  сенімге  құрылған  қарым-қатынас,  мұғалімді  де  кәсіби 

мүмкіндіктерін  шыңдай  алады,  өздеріне  еркіндік  берілген  жағдайда  мұғалім  өз 

қызметін өзі басқарып, кәсіби өсуінің дамуын зерттеуге мүмкіндік алып, бірлескен 

жұмыста  жетістікке  қадам  басады,  яғни  табысты  мұғалім  болады,  бұл  ретте 

мұғалім табысты шәкіртті тәрбиелейді. Ал мектеп басшысы мұғалімнің жұмысқа 

уәжін арттырып, құзыреттілік деңгейіне бақылау жасап, оқушының оқу ортасын 

құра алады. Аталған үдерісті басқаруда мұғалім жұмысының тиімділігін бақылау 

мен  оны  эвалюациялау  тәсілін  енгізеді.  Ол  үшін  коучинг  пен  тәлімгерлік  өткізу, 

мұғалімнің кәсіби қоғамдастыққа тарту және ұжыммен бірге бірлескен оқуға қолдау 

көрсете алады. Мектептің даму жоспарында коучинг, тәлімгерлік, өзгеріс енгізуші 

топтардың  тиімді  тәсіл  ретінде  не  үшін  енгізу  қажеттігі  осыдан  туындайтынын 

мектеп  көшбасшылары  түсінеді.  Мектептегі  тәжірибенің  өзгерісі  оқушының 

оқуынан,  мұғалімнің  оқыту  тәжірибесімен  зерттеліп,  бақыланады,  сондықтан  да 

оқушының оқуына бәрінен қатты ықпал жасайтын мұғалімдер болып табылатыны 

белгілі.  Мектеп  басшысы  тәжірибе  кезеңін  ұтымды  жоспарлау  үшін  мұғалімдер 

арасындағы  көшбасшылар  өз  әріптестеріне  қолдау  көрсетуде  коучинг  және 

тәлімгерлік жүргізу арқылы жауапкершілікті сезінулеріне мүмкіндік беріп, өзара 

кездескен  мектеп  проблемалардың  мәнін  анықтап,  талқылап,  тиімді  шешімдерін 

таба  алады.  Мектептегі  құрылған  кәсіби  және  желілік  қоғамдастықтың  барлық 

мүшелерімен  қарым-қатынасқа  түсіп,  кері  байланыс  ұсына  алады.  Бұл  жағдайда 

мектептегі  жағымды  ахуал,  қарым-қатынас,  ынтымақтасқан  өзара  әрекеттескен 

командалық жұмыс мектепті алға дамытудың жауапкершілігін өзіне алады.

Жалпы  мектеп  басшыларына  қандай  жағдайда  мектепті  дамыту  қиындық 

келтіреді  немесе  мектептің  даму  жоспарын  жасау,  дәлірек  келтірсек,  мектептің 

даму жоспарын жүзеге асыру. Мектептерде кедергі жоқ емес, әрине бар. Қиындық 



жүктеу 393,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау