Назарбаев зияткерлік мектептері дббұ аоо назарбаев интеллектуальные школы aeo nazarbayev intellectual schools



жүктеу 393,33 Kb.
Pdf просмотр
бет5/12
Дата15.05.2018
өлшемі393,33 Kb.
#13929
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

11

пен кедерегілер директорларға қойылатын талаптарға қатысты өрбиді. Мектептегі 

кездесетін  проблемаларды  курстан  кейінгі  қолдау  көрсету  мен  қалыптастырушы 

бағалау  жүргізу  кезінде  бақылауға  мүмкіндік  болады.  Тәжірибе  жүрген  кезеңде 

кедергінің  болуы  да  заңдылық  болар,  дегенмен  қазір  оқыту  мен  оқудың  сапасы 

мектептегі  жұмыстың  дұрыс  ұйымдастырылуы  мен  мектеп  проблемасын 

анықтап  алуда  сияқты.  Мектептегі  оқыту  мен  оқу  үдерісіндегі  іс-әрекеттегі 

зерттеулердің  нәтижесіне  қарап,  мектеп  басшыларына  мектепішілік  басқару 

(менеджмент) бойынша нақты проблемаларға мән беру керектігін бақыланады. Бұл 

проблемалармен мектепішілік менеджмент бойынша аудиторлық оқыту кезеңінде 

теориялық  тұрғыда  ғылыми  зерттеулерді  талдау  барысында  мектеп  басшылары 

таныс  болған.  Теориялық  білімді  практикада  мектепті  дамытуда  қолданудың 

қиындылығы туындағаны байқалады. Сонымен қазіргі көп мектептер жағдайында 

кездесіп жатқан келесідегі проблемалар: 

Мектепті  дамытудағы  ортақ  кедергілердің  бірі  мектеп  ұжымының    пікірлес, 

ниеттес  ұжым  ретінде  қалыптасуында  әлі  де  өзгеріске  деген  көзқарастың  әр 

түрлілігі.

Бұл  жерде  директорға  қойылатын  талаптың  бірін  еске  түсірсек,  мектепте 

ортақ ұстаным мен құндылық болуы қалыптастыру керек, яғни мектептегі оқу мен 

оқытудағы кедергінің ең бастысы.

Мектептегі екінші кедергі диалогтік негізде жүзеге асырылатын ізгілікті қарым-

қатынастың  кездесуі,  бұл  оқушы  мен  мұғалім,  ата-ана  мен  мектеп,  егер  мектеп 

басшысы  мектепте  мұғалімдер  арасында,  оқушылар  арасында  қарым-қатынасты 

ізгілендірмесе,  мектеп  өміріне  өзгеріс  енгізу  және  оны  дамыту  мүмкін  емес. 

Мектеп тәжірибесінде кездесетін үшінші кедергі мұғалімдердің   шығармашылық 

ізденістері  болмаса,  мектептің  дамуында  жетістік  нәтижесін  құру  мүмкін  емес. 

Сондықтан  мектептерде  ұжым  ішінде  шығармашылық  ахуалды  құру  мен  оны 

тұрақты дамытуды жоспарлау маңызды.

Мектеп  тәжірибесіндегі  төртінші  проблема  педагогикалық  ұжымның  барлық 

мүшелерінің даярлығын және жүйелі оқуын ұйымдастыру.

Мектепте тәжірибесін зерледеу кезіндегі анықталған кедерігінің ең маңыздысы 

сабақта оқушылар үшін оқуға қажетті дағдыларды қалыптастыру,оны дамытудың 

біртұтас  жүйесінің  болмауы,  оқушы  тұлғасын  қалыптастыру  үдерісінде,  жаңа 

оқыту  технологияларын  игеруге  кедергі  келтіреді.  Сондықтан  мектептің  дамын 

жоспарлауда жалпы оқудағы дағдылар мен біліктерді дамыту мен қалыптастырудың 

біртұтас жүйесін құру қажет.

Мектепке өзгеріс енгізудегі басты мақсатымыз ең алдымен оқу мен оқытуды 

жақсарту  болып  табылатыны  белгілі,  сондықтан  оқушылардың  білімі,  олардың 

дамуы  мен  тәрбиесі  сияқты  мәселелер  тиімді  шешілген  кезеңде  ғана  жалпы 

білім  беретін  мектеп  дамушы  мектепке  айналады.  Осындай  кедергіні  шешу 

үшін  педагогикалық  ұжымның  әрбір  мүшесінің  қызметі  өзінің  педагогикалық 

шеберлігін  саналы  түрде  ұдайы  жетілдіріп  отыруда  жауапкершілікті  өзіне  алуы 

керек,  яғни  мектеп  өмірінің  барлық  проблемаларын  шешу  «сапа»  тұрғысынан 

жүзеге  асырылатын  болса,  сонда  ғана  мектеп  дамиды.  Бұл  кедергіні  шешудің 

тиімді жолы сапаны басқарудың тұрақты әрекет ететін, қарқынды дамитын кешенді 



12

бағдарламасын,  яғни  стратегиялық  жоспарын  әзірлеу.  Мектептің  стратегиялық 

жоспары  –  бұл  мектептің  «болашақ  бейнесі»  және  оған  қол  жеткізу  жолдарын 

болжау.  Жоспарлауда оқу үшін туындайтын кедергілер мен қажетті ресурстарды 

анықтап,  жаңа  тәжірибелерді  енгізу;  жаңа  дағдыларды  ықпалдастыру  мен 

өзгерістерді бағалау негізінде тәжірибені жетілдіру; ұжымның барлық мүшелерін 

инновациялармен бірлескен жұмысқа тартылғандығын бақылау; өзгерістерді енгізу 

үшін ұйымдағы адамдардың хабардар болуы қамтылады.

Мектептің  дамуын  жоспарлаудағы  тағы  бір  маңыздылығы  жоғарыда  аталған 

проблемаларды  шешу  үшін  мектеп  басшысы  педагогикалық  ұжыммен  бірлесіп 

мектепішілік  мәдениет  қалыптастыруы  керек.  Жалпы  алғанда  мектеп  басшысы 

мектептің  дамуын  тиімді  жоспарлау  үшін  және  сол  мектепке  өзгеріс  енгізудегі 

түпкі  мақсат  жолындағы  анықталған  проблемаларды  шешу  нәтижесінде  мектеп 

мәдениеті қалыптастыра алады.

 



13

 

МЕКТЕПКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ҮШІН МЕКТЕПТІҢ 

ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Білім беру жүйесі өзгерістерге байыппен келеді, өйткені білімнің құндылығы 

соншалық, онымен эксперимент жасай беруге болмайтын сияқты. Алайда, бұл сұрақ 

төңірегінде басқа да пікірлер барын ескерген жөн, жылдам өзгеріп жақтан заманда 

білім  берудің  артта  қалып  қоймауы  аса  маңызды.  В.С.Лазарев,  М.М.Поташник 

және Л.П.Ильенковтың еңбектерінде мектепті дамыту бағдарламасының неғұрлым 

маңызды  және  ерекше  белгілері  қарастырылған  (5).  Жалпы  мектеп  жоспарының 

басқа  да  түрлері  сияқты,  даму  жоспары  міндетті  түрде  талдау  негіздемесінен, 

мақсаттар мен міндеттер қоюдан, мақсатқа жету үшін сәйкес құралдарды таңдаудан, 

маңызды әрекеттер мен шараларды жоспарлаудан, олардың орындалу мерзімдерін 

белгілеу  мен  мәселелерді  шешудің  кезең-кезеңдерін  анықтаудан,  жауаптыларды 

белгілеуден және бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелерден тұрады.

Мектепті өзгеріске енгізу және оны жетілдіру мектептің даму жоспары арқылы 

жүзеге  асады.  Себебі  жоспар  арқылы  мектеп  өзінің  болашағына  ұмтылатын 

үдерісті  сипаттайды,  яғни  мектептің  даму  жоспары  оның  болашағына  бағыт 

беретін стратегиялық құжаты болып табылады. Бұл жоспарда мектептің дамуына 

ықпал ететін күштер және болашақ бағыттары нақтыланады, сол сияқты ағымдағы 

жағдайын  шешу  көзделеді  және  мектептің  қағидаттары  мен  құндылықтарына 

негізделеді.

Мектеп  басшылары  аудиторлық  оқыту  кезеңінде  мектепті  дамытуды 

жоспарлаудың  себептерін  топта  талқылап,бірлесіп  талдап  бірнеше  себебін 

анықтайды. Оны жүйелеп көрсетіп өтуге болады:

Оқу мен оқытуды жақсарту;



Мұғалімге сенімін арттыру;

Қолжетімді, өлшеуге болатын мақсаттар алу;



Мұғалімдерді дамыту сапасын жақсарту;

Мұғалімдер,  оқушылар,  ата-аналар,  басқа  мектептер  арасындағы 



ынтымақтастықты орнату;

Өзгеріс енгізу үшін қолайлы жағдай жасау;



Топтық жұмыс пен бірлескен көшбасшылықты ынталандыру;

Мектеп қоғамдастығы үшін ортақ мақсат қою, ұжыммен ұмтылу;



Мектептегіі өзгерісті бақылау;

Оқу мен оқытуда тиімділікті жетілдіру;



Мектептің қазіргі жағдайы мен болашақта қандай болғысы келетінін нақты 

көре алу және сол дамыту аймағын зерттеу,толтыру.

Осы  себептерді  шешуді  жоспарлау  мақсатында  мектеп  басшысы  мектептің 

дамуын  жоспарлайды.  Мектептің  даму  жоспарында  жүйелілік,  ынтымақтастық, 

үздіксіздік,үдемелі, жетілдіру қарастырылса, тиімді жоспарға айналады. Онда: 




жүктеу 393,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау