17
•
Қауіптер – мектеп мақсаттарына қол жеткізуге кері әсер етуі ықтимал
немесе басы артық, қол жеткізуге болмайтын мақсаттарды құруға ықпал
ететін сыртқы факторлар мен жағдайлар (8).
Мектеп басшысына талдау жүргізудің алғы шарттарын жасату үшін бұл әдісті
«2 де 3 қадам» жаттығуы арқылы беруге болады.
1. Талдау жүргізер алдында мектеп басшысы немесе қатысушылар (оқушылар,
мұғалімдер т.б.) SWOT талдаудың маңызын түсінуге жұмыс жасайды.
2. Жинақталған мәліметтерді кестеге орналастырмас бұрын, маңыздылығына
қарай дамуын анықтайды.
3. Ішкі және сыртқы факторлар бойынша оң және теріс ықпалын анықтайды.
4. Сыртқы орта мен ішкі ортаға қатысты төрт жақты дамуын анықтайды.
5. Күшті жақтар мен әлсіз тұстарын мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер
тұрғысынан анықтайды.
18
Мектеп басшысы SWOT талдауын өз мектебінің тәжірибесіне енгізіп,
оқушылардан, мұғалімдерден, тіпті мектеп ұжымының есеп беру арқылы өз
жұмысына бағалау жүргізіп, алдағы уақыттағы дамыту аймағын анықтап,
болашақтағы оқу мен оқытудағы кедергіні шешу мақсатында дамуын жоспарлап,
жетістікке жете алады. SWOT талдауын тұрақты қолдану жағдайында оқушының,
мұғалімнің өзіне-өзі есеп беру жауапкершілігі артып,үнемі өзін-өзі дамытуға, өзін-
өзі жетілдіруге, өзін-өзі баға беруге дағдысы қалыптасады. Кез келген аудитті дұрыс
өңдеу, жүйелі талдау, оған терең сараптама жасай білу мектептің бүкіл дамуындағы
мықты және әлсіз тұстарын көруге, оның болашақтағы стратегиялық жоспарын
жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы:
Стратегиялық басымдық: 8 cынып оқушыларының топтық жұмыс
арқылы оқуға белсенділігін арттыру (әр мектеп басшысы өз мектебінің дерегін
өңдеу нәтижесінде қарастырады).
2-кезең. Мектептің даму жоспарын әзірлеуде аудит өңделгеннен
кейін мектеп басшысы мектепке өзгеріс енгізу салаларын анықтайды,
яғни стратегиялық басымдықтарды белгілейді. Анықталған стратегиялық
басымдығына сәйкес мектебінің қажеттілігі мен мүмкіндіктерін ескеріп, нақты
мақсаты мен табыс критерийін құрады. Мақсат нақты қойылмаған болса, онда
тәжірибеде байқағанымыздай, оның ұйымдастырушылық ықпалы және сол
ұйымдастырушылық жұмыстың өзі біз қалағанымыздан анағұрлым тиімсіз болады.
Басқару үдерісінің мақсаттылығы оны біртұтас жүйе ретінде сақтайды. Мектеп
басшысы мектептің дамуын тиімді жоспарлауда оны ғылыми түрде басқара алуы
керек. Мектепті ғылыми түрде басқару дегеніміз – мақсат негізінде басқару.
Мақсат қою ағымдағы жағдай мен болашақтағы қалаулы жағдай арасындағы
айырмашылықты айыру арқылы ықпал етеді.
Мақсат қою – белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын үздіксіз үдеріс.
Әрбір қойылған мақсатты үнемі талдап, қажет болса қайта қарастыру керек.
Үздіксіз талдау жасау мектеп басшысына, мұғалімдерге маңызды шешім қабылдауға
көмектеседі. Ең маңыздысы жүзеге аспай қалған немесе мерзімі бойынша қалып
отырған мақсаттарға мән беру жүзеге асады.
Сондықтан
SMART-мақсат:
1. (Specific) Спецификалық, нақтылы. Яғни не нәрсеге қол жеткізу қажет.
2. (Measurable) Өлшеуге болатын. Яғни мақсатқа жеттік деп айта алатындай
болу керек.
3. (Achievable) Қолжетімді. Яғни іс-әрекетке негізделген. Себебі нақтылы
қандай іс-әрекет өзімізге қажет нәтиже беретінін түсініуіміз қажет.
4. (Realistic) Шындыққа негізделген. Яғни қойылған мақсатқа жете алатындай.
5. (Timely) Нақтылы мерзімі және мақсатты жүзеге асыратын орынды
құралдары болу керек.
Мақсат қою – мықты көшбасшылық құралы, мақсат қою жөніндегі тәжірибеге
негізделген зерттеулер тарихы бай, оны төмендегі 3-суреттен көруге болады:
19
ҮДЕРІСТЕР
Мақсатқа сай келу
мүмкіндігі
Қойылған
мақсатқа
адалдық
Нақты және
түсінікті
Мақсат:
Ағымдағы
шындық пен
қалаулы жағдай
арасындағы ай-
ырмашылықты
айыру
Тұрақты мақсатқа
бағытталған
тәртіпке уәждеу
Зейін мен күшті
жұмылдыру
Оқудағы жоғары
өнімділік
Мақсат пен ба-
сымдықты сезіну
Тиімділікті қатты
сезіну
Тапсырманы
орындаудан ала-
тын қуанышын
сезіну
ҚАЖЕТТІ
ЖАҒДАЙЛАР
САЛДАРЫ
3-сурет. Мақсат қою
Мысалы, мұғалімнің мақсаты – оқушыларының 80 пайызы оқу жылының
соңында оқылым бойынша өз жастарының деңгейіне немесе одан жоғары деңгейге
жетуі. Бірақ қазіргі кезде ол деңгейге тек 50 пайызы ғана жеткендіктен, ол өз
жұмысын жүйелі түрде қадағалап, оқытудың анағұрлым тиімді әдістерін іздеуге
ынталанады. Яғни мақсатын қайта қарастырады.
Дегенмен, мақсаттар үш шарт орындалған жағдайда ғана ынталандырады.
1. Мұғалімдер, ата-аналар немесе оқушылар өздерінің мақсатқа сай болуға
мүмкіндіктері бар екенін сезеді: олар бұл мақсат үшін ағымдағы ресурстар
жеткілікті екеніне сенімді немесе өздеріне қажет қосымша сараптамалық
қолдау беретініне сенімді.
2. Адамдар мақсатына берілген. Бұл үшін бірінші кезекте олар өз мақсаттарын
түсініп, бағалауы керек.
3. Мақсат екіұшты болмауға тиіс. Нақтылық прогреске қол жеткізіп, тиісінше
тәжірибелік қызметті реттеуге көмектеседі. Мақсат қою тәжірибе мен оқуды
байытады.
Мектептің даму жоспарындағы тағы бір маңызды мәселе мектептің алдағы
табысын болжамдай алуы. Мақсат белгілі бір табысқа жеткізетін болғандықтан,оның
нақты өлшемі болуы шарт. Мақсаттың орындалғанын оның табысынан көрінеді,
табысы арқылы өзгерісі байқалады.
Мысалы: Берілген мақсат пен табыс критерийі қаншалықты жоғарыда айтылған
талапқа сәйкес құрылғандығын мектеп басшылары өзара бағалау жүргізіп,
мектептерінің даму басымдығына қатысты мақсатты нақтылауға болады.