Мұсылман адам төрт мазхабтың біреуін ұстануы міндетті ме?


«Қайда болсаңдар да, Ол (Аллаһ) сендермен бірге»?”



жүктеу 1,28 Mb.
бет8/8
Дата20.05.2018
өлшемі1,28 Mb.
#15239
1   2   3   4   5   6   7   8
«Қайда болсаңдар да, Ол (Аллаһ) сендермен бірге»?”, - деп сұраған кезде, Әбу Ханифа былай деді: «Бұл сенің қасыңда емес бір адамға: “Мен сенімен біргемін”, - деп хат жазғаның секілді». Қараңыз: «әл-Әсмә уә әс-сыфәт» 429.

Сондай-ақ кейбір имамдардың кітаптарында Әбу Ханифа Құранды жаратылған деп есептеген деген хабар келеді, бірақ бұл хабар әлсіз. Имам Ахмад айтады: “Біз Әбу Ханифа Құранды жаратылған деп есептеген-мыс деген хабарды сенімді деп есептемейміз”. Қараңыз: “Мухтасар әл-‘Улюу” 156.

Имам Ибн әл-Мубәрак айтады: “Әбу Ханифа: «Құран жаратылған», - деп о дүниелік болмағанына Аллаһпен ант етемін” Қараңыз: “Шәрх усул әл-и‘тиқад” 2/269.

Шейх әл-Әлбәни «Тахқиқ әл-‘Улюу» кітабында былай деп жазды: “Мұның барлығы - Әбу Ханифаның, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, адресіне айтылған жорамалдар ғана, шынтуайтына келгенде керісінше, бұл пікірге қарама-қарсы пікірі сенімді жолмен жеткен!”

Имам Абу Ханифа былай деді: “Құран – бұл Аллаһтың Сөзі, парақшаларда жазылған, жүректерде сақталған, ауыздармен оқылатын және пайғамбарға (Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) түсірілген”. Қараңыз: “әл-Фиқһ әл-әкбәр” 301.




30 Кейбіреулер хадистің: «Бұл әл-джәмә’а» деген нұсқасын сахих дейді де, «Бұл менің және менің сахабаларымның жолы» деген нұсқасын жоққа шығарады. Шейх Сәлим әл-Хиләли былай дейді: «Кейбір авторлар бұл хадистің аталмыш бөлігін әлсіз деп есептейді. Себебі, жеткізушілер тізбегіндегі ‘Абдурахман ибн Зияд әл-Ифрики деген әлсіз жеткізуші бар. Алайда, әт-Табәрани «әл-Аусат» (626) және «әс-Сағир» (196) кітабында ‘Абдуллаһ ибн Суфян әл-Хуза’иден, ал ол Яхья ибн Са’ид әл-Әнсәриден, ал ол Әнәстан жеткізген басқа нұсқасында хадистің бұл бөлігі бар. ‘Абдуллаһ ибн Суфян өзі әлсіз болғанына қарамастан, хадистің бірінші нұсқасымен жинағанда, бұл хадис жақсы (хасан) болады және мұны біз қабылдауымыз қажет».

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия “Мәджму’ул-фәтәуә” 3/345, Ибн әл-Қайим “Мухтасар әс-Сауа’иқ” 2/410, имам әш-Шәтыби “әл-И’тисам” 1/189, хафиз әл-‘Ирақи 3/199 және шейх әл-Әлбәни «Сәхих әл-джәми’» 5343 кітабында хадистің сенімділігін растады.



31 Мысалы Аллаһ Тағала былай дейді: «Міне Алла, бір қауымға берген нығметін; олар, өздерін өзгертпейінше өзгертпейді» (әл-Әнфәл сүресі, 53 аят).

32 Кейбір адамдар күмәнді дәйектерге сүйеніп, Исламда жақсы және жаман бидғат бар деп мәлімдейді. Жақсы мен жаман бидғаттың шекарасын кім анықтайды?! Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір бидғат – бұл адасушылық», - деген сөзіне қарамастан, олар осындай жиіркенішті сөздерді айтады. Муслим 2/135.

Пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының ішінде ең білімдісі танымал Ибн ‘Умар (Аллаһ оған разы болсын) қазіргі кездегілердің сөздерін балды бұрын біліп тұрғандай былай деді: «Әрбір бидғат - бұл адасушылық, тіпті егер адамдар оны жақсы деп есептесе де!» әд-Дәрими 1/39. Шейх әл-Әлбәни иснадын сенімді деді.



33 Шейх Сәлим әл-Хиләли айтады: «Олардың кейбіреулері өзара келіспеушіліктің алауын соншалықты лаулатты, тіпті ханафи ерлерге шафиғи әйелдерге үйленуге тыйым салатын фәтуәлар шығаруға дейін барды. Олардың ойынша, «Мен иман келтіргенмін, инша Аллаһ» деген сөзді рұқсат еткендігі үшін шафиғилер кәпір болды. Қараңыз: Шәмсуддин әл-Кәхшаи, «Шәрх мухтасар әл-уикая». Басқалары болса (мысалы, «Муфтий әс-Сакәләйн» кітабының авторы), «шафиғилер Кітап иелері (христиандар мен яһудейлер) секілді, сондықтан олардан қыз алуға болады» деп жұртты сендірді. Мұсылмандарды кәпірлермен дәл осылай салыстыру арқылы олар шафиғилерден қыз алуға рұқсат етті. Алайда, мұндай салыстыру Кітап иелерінің ерлері мұсылмандардың қыз баласына үйлене алмауы сияқты, шафиғи ерлерге де ханафи әйелдерге үйленуге тыйым салынатынын көрсетеді!»

34 Шейх Сәлим әл-Хиләли айтады: «Ибн ‘Абидин өзінің «Радд әл-мухтар» атты кітабының намаз туралы тарауында, хиджраның 500 жылдарынан кейін әл-Харам мешітінде төрт мазхабтың бірінен-бірі басым болуға ұмтылысының шегіне жеткен кезінде, төрт мәқам салынғаны туралы жазды. Ал шейх Ахмад Шәкир «Сунән әт-Тирмизи» 1/432-ге түсініктеме жазған кезде былай деді: «Бұрындары әл-Харам мешітінде әр мазхабқа бір-біреуден төрт мәқам тұрғаны туралы маған хабар жетті. Алайда, мен оны өз көзіммен көрген жоқпын. Мен қажылық жасап жүрген кезде, Сауд әулетінен патша ‘Абдул-‘Азиз басқарып тұрған шағы еді. Ол дәл осы бидғатқа қарсы шығып, мәқамдардан бас тартып, барлық намазхандарды бір имамның артына жинағанын білдім. Аллаһ Тағаладан мұсылман ғалымдарын және әлемдегі барлық мешіттерде осы бидғатқа қарсы күресте көмек беруін сұраймын!»

35 Шейх Сәлим әл-Хиләли айтады: «Имамдар осы хадис сенімді дегенге келіскен. Бұл хадисті сенімді деп атағандардың ішінде мыналар бар: әд-Дыя әл-Мәқдиси «Иттибә’ әс-Сунән» 1/79, әл-Харауи «Заммул-кәләм» 1/69, әл-Бәғауи «Шәрху-Ссуннә» 102, Ибн ‘Абдул-Бәрр «әл-Джәми’» 1758, Әбу Ну’айм «әл-Му’табир» 78, Ибн әл-Қайим «И’ләмул-мууаққи’ин» 4/140, Ибн Раджәб «Джәми’ул-улюми уәл-хикәм» 391, Ибн Кәсир «Тухфәту-тталиб» 46, Ибн Хәджәр «Мууәфиқахул-хабәр» 1/137, әл-Әлбәни «әс-Сәхиха» 937 және т.б.»

36 Ханафилер Әбу Ханифаны, Аллаһ оны Өз Мейіріміне алсын, осылай атайды.

37 Имам Әбу Ханифдан сенімді тізбекпен келесідей сөз жеткен: “Менің дәлелімді білмей, бірақ менің сөзіме сүйеніп фәтуә беру тыйым салынады (харам)!” Қараңыз: «әл-Хашия» 6/293 Ибн ‘Абидин.

38 Қазіргі таңдағы муқаллидтердің бірі Захид әл-Кәусариді (х.ж. 1371 ж. қайтыс болды), Аллаһ оны Өз Мейіріміне алсын, ғалымдар, оның ішінде шейх Ибн Баз былай деп атады: «Әбу Ханифа мазхабымен есі ауысқан (мәджнун)».Ол кісі Әбу Ханифа мазхабына сәлде болса қайшы келген әһлю-Суннаның барлық ғалымдарын даттағанымен аты шыққан. Мәселен, ол имам Ибн Хузайманың танымал кітабы «Бірқұдайшылық кітабын» көпқұдайшылық кітабы деп атады.

Ол кісі үшін Шейхул-Ислам Ибн Тәймия – адасқан, ал Ибн әл-Қайим – бидғатшы, есек және күпірлікке түскен өтірікші. Имам әш-Шәукәни ол үшін Ислам мен мұсылмандардың жауы. Егер Хафиз Ибн Хаджәр көшеде әйелді кездістіріп қалып, оның ізінен қалмай үйіне дейін барып және үйінің қасында әйелдің әдемі емес екенін көрсе, онда кейін қарай қайтты деп айыптайды.

Бұл кісінің Сүннет имамдарына жала жауып, көптеген лас сөздер айтқанын әлі де тізіп шығуға болар еді. Тіпті, ол имам Бухари, Ахмад, Ибн Қудамә мен басқа көптеген имамдарға жала жапты. Онымен қоса, ол пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабасы Әнәсті хадистің мағынасын өзгертті деп айыптады. Әбу Ханифа мазхабына қайшы келетін ең сенімді хадистер жинағы әл-Бухари мен Муслимде келтірілген хадистерді жалған деді.

Әһлю-Сунна ғалымдарын даттайтын танымал еңбектерінің ішінде «әт-Таниб» және «әл-Мәқалят».

Осы жоғарыда айтылғандардың негізінде қазіргі кездегі әһлю-Сунна ғалымдары ол кісі мен оның шәкірті ‘Абдул-Фәттах Әбу Ғуддадан сақтандырды, ол өзінің ұстазын үнемі қолдап қолпаштайтын.

Шейх Ибн Баз әл-Кәусариді пасық күнәһар десе, шейх әл-Әлбәни оны бидғат жақтаушысы деп атады. Сондай-ақ, шейх Бәкр Әбу Зайдтің «Бәраату аһли-Суннә минәл-уақи’ати фи ‘уләмә-ил-уммә» атты кітабын қарап шығыңыз.




39 Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтқандай, егер адам Аллаһ пен Оның елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) міндеттемеген нәрсеге саналы түрде басқа адамдарды міндеттесе, онда ол күпірлікке түседі, себебі Аллаһ және Оның елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) дінде заңдастырмаған нәрсені ол келіп заңдастырып жатыр. Сондай-ақ егер оған дәлел жеткізгеннен соң тәубесіне келмей, бұрынғысынан бас тартпаса, онда мұсылман басшысы оны діннен қайтқан деп өлім жазасына кесу керек.

40 Сенімді кітаптарда келтірілген хадиске немесе сахабалардың мен имамдардың сөздеріне сүйену, рұқсат етіледі, тіпті дәйек ретінде жүреді. Имам Ибн Бурхан «әл-Әусат» кітабында былай жазады: “Барлық ислами фақиһтер хадиспен амал ету үшін хадисті жеткізушіден тікелей есту міндетті емес деп есептейді. Егер көшірме (кітап) сенімді болса, оған сәйкес амал етуге рұқсат етіледі, тіпті ол тікелей автордың өзінен естімесе де”. Қараңыз: «Шәрх әт-Тақриб» 49.

Шейх әл-‘Изз ибн ‘Абду-Ссәләм «Джәуәбу суәл» кітабында былай дейді: «Фиқһтен сенімді, әрі берік кітаптарға келер болсақ, оларға сүйеніп, сілтеме жасауға біздің кезіміздегі ғалымдар бірауыздан келіскен, себебі иснадпен жеткен хабарлар секілді бұлар да сенімге лайық. Сондықтан адамдар грамматика, тілтану, медицина және басқа да ғылымдардағы танымал кітаптарға сүйенеді. Олардың бұлай істеуінің себебі – бұл кітаптар сенімге лайықты, әрі бұрмалаудан аулақ».



41 Қияс (салыстыру арқылы пайымдау жасау) – фиқһ ғылымында қорытынды шығарудың танымал әдісі. Көптеген ғалымдар белгілі бір мәселені зерттеген кезде Құран мен Сүннеттен дәлел таба алмаса, қияс жасайды. Осылайша, көптеген ғалымдарда (бірақ бәрінде емес) дереккөздің реттілігі келесідей: «Құран мен Сүннет, одан кейін иджмә’, содан соң қияс». Қажеттілік болған шақта салыстыруды қолдануға көптеген нұсқаулар бар.

Дегенмен, қияс әрдайым рұқсат етіле бермейді, сондықтан қиястың 2 түрі бар: рұқсат етілетін және тыйым салынатын.

Ибн Мәс’уд айтады: “Егер дін мәселесінде қиясқа сүйенетін болсаңдар, онда сендер көптеген тыйым салынған нәрсені рұқсат етіп, көптеген рұқсат етілген нәрсені тыйым салып аласыңдар!” әл-Хатыб “әл-Фәқиһ уәл-мутафәқих” 180. Бұл хабар сенімді.

Сондай-ақ Мәсруқ былай деді: “Дінде қияс пен өзіндік пікірден абай болыңдар!” әд-Дәрими 1/191.

Зерттеліп жатқан мәселеде Құран мен Сүннеттен дәлел болған кезде қияс (салыстыру) тыйым салынады, ондай кездерде тек дәлел ғана қолданылып, ал қияс орынсыз болып қалады. Дәл осы дереккөздің реттілігі бұзылған кезде, оның ішінде Құран мен Сүннет мәтіндері бола тұра, қияс пен иджтиһәд жасауды бірінші қою – кейбір мазхабтар мен фәқиһтердің адасуы болып табылады, бұны барлық уақыттағы ғалымдар теріске шығарған болатын.

Ғалымдар айтқандай, ең бірінші тыйым салынған қиясты қолданған – Ібіліс. Аллаһ Тағала Адам атаға бас иіюді талап етіп, екіұшты емес, анық бұйрық берген кезде ол бас тартып, былай қияс жасады: «Адам топырақтан жаратылған, ал мен – оттан. От топырақтан едәуір маңызды болса, онда оған бас июге де болмайды». Имам Ибн Джәрир әт-Табәри (х.ж. 310 ж. қайтыс болды) мына аяттың: «(Аллаһ Ібіліске): “Мен саған әмір еткен кезде сені бас иіюден етуден не тыйды?” деді. Ол: “Мен одан артықпын! Мені оттан жаратып, оны балшықтан жараттың” деді» (әл-А’раф сүресі, 12 аят) түсіндірмесінде былай деді: Хасан әл-Бәсри мен Ибн Сириннің айтулары бойынша, ең бірінші қате қияс жасаған Ібіліс”. Қараңыз: “Тәфсир әт-Табари” 5/438.

Сондықтан ғалымдардың айтуынша, анық, айқын аяттар мен хадистерді жоққа шығарып, қияс жасауға иек артса, онда «олар Ібілістің іліміне ереді». Қараңыз: “Тәфсир әл-Қуртуби” 7/152, “Тәфсир Фәтх әл-Қадир” 2/281.


42 Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтады: “Аллаһ Тағала нәтижесінде татар-моңғолдарға мұсылмандардың үстіне билік жүргізуіне мүмкіндік беруінің себептерінің бірі – шығыс мемлекеттерінің мазхаб мен басқа да мәселелерде көптеген бөлінушілік пен өзара қарама-қайшылықтарға батқандығы”. Қараңыз: “Мәджму’ул-фәтәуә” 2/250.

43 Шейх әл-Мә’сумидің келтірген бұл хадисін имам әл-Хәким мен әт-Табәрани жеткізген және оның иснады сенімді. Ал бұл хадистің негізі Муслимде 4/162 келген. Бұл хадистің басқа нұсқасында, Ибн ‘Умар өзінің ұлын сондай сөздермен балағаттаған, тіпті сол уақытқа дейін Ибн ‘Умардан ондай сөздерді ешкім естімеген және ұлымен өле-өлгенше сөйлеспеген. Ахмад 5/194, Ибн Хузаймә 1684.

Шынында, сахабалардың дінге деген қызғанышы мен Сүннетке деген ілесу өте ұлы болған! Хафиз Ибн Хаджәр осы хадистің түсіндірмесінде былай дейді: “Бұл хадистен өз пікірі негізінде Сүннетті теріске шығарған және өз көңіл-қалауына сүйеніп, ғалыммен таласқан адам айыпты болатындығы туралы пайда алынады”. Қараңыз: “Фәтхул-Бәри” 2/349.



44 Шейх әл-Мә’асуми Орта Азияны айтып тұр, себебі ежелгі арабтар ол аймақты «Мәура-нәхр» (өзеннің арғы жағы) деп атайтын.

45 Танымал ханафи шейх Әбул-Хасан әс-Синди айтады: “Біздің имамдарымыздың көпшілігі және басқа да ғалымдар ташаххуд кезінде саусақ көтеруге байланысты хадиске сүйенеді, ал бұны жоққа шығаратын кейбір біздің жақтастарымызға келер болсақ, бұған ешқандай негіз жоқ”. Қараңыз: “Хашия ‘алә ән-Нәсаи” 2/236.

46 Мұндай мәлімдеулермен өте көп кездесуге болады, кейбір мұсылмандар өз мазхабын ақтау тырысып былай дейді: “Сен білесің да, ал пәленше имам бұны білмеді ме?!” Йә, дәл солай! Бұл жерде не таң қалатыны бар? Көптеген сахабалар, оның ішінде Әбу Бәкр, ‘Умар, ‘Усман, ‘Алилер дін мәселелерінде кейбір сұрақтарды білмеген, оның үстіне олар пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) соңынан қалмай үнемі еріп жүруге ұмтылғанын және олар дін мәселесінде көптеген сұрақтарға жауап беретін үлкен имам, әрі ғалым болғанын қосып қойыңыз. Сонымен қатар, белгілі бір хадис бір имамға жетпеді деп айту – жақсырақ, себебі сен оған ақтау іздеген боласың, себебі үлкен ақыл-парасатқа ие имам пайғамбарымыздың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) белгілі бір хадисін біліп, саналы түрде оған қарама-қайшы жүрді деп елестету өте қиын!

47 Шейх Сәлим әл-Хиләли айтады: «Мына трактаттар мен касыдтардың барлығын оқу адамға ешқандай сауап әкелмейді, өйткені олар Сүннетке және шариғатқа қатысы жоқ. Керісінше, ол кітаптардың ішінде адасушылық, ширк пен сопылық бидғаттар болғандықтан оларды оқу – күнә».

48 Шейх Сәлим әл-Хиләли айтады: «Ол мына хадисті айтып тұр: «Сұқ саусақ шайтанға темірден де ауыр тиеді». Бұл жақсы хадисті Ахмад 4/15 пен әл-Бәззар келтіреді. Бұл хадисті шейх әл-Әлбәни “Сыфәту-ссалә” 171 кітабында жақсы деп атады».

49 Имам әш-Шәфи’и өте ғажайып сөздер айтты: “Білімді еш дәлелсіз алған адам түнде отын жинаған адам секілді, ол отын мен бірге шағып алатын жыланды да бірге алған сияқты!” әл-Бәйхақи “әл-Мәдхал” 1/211.

50 Аллаһ Тағала былай дейді: «Уақытпен ант етемін! Шын мәнінде, адамзаттың барлығы қасіретте, тек иман келтіріп, ізгі амал жасаған және бір-бірін ақиқатқа шақырып, әрі бір-бірін сабырлыққа шақырғандардан басқа!» (әл-‘Аср сүресі, 1-3 аяттар).

51 Ғалымдардың сөздері өз-өздігінен дәлел емес, әрі ешқандай күші жоқ. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтады: “Шынында, ғалымдардың сөздері шариғи дәлелдермен бекітілуі тиіс, ал шариғи дәлелдер олардың сөздерімен бекітілмейді!” Қараңыз: “Мәджму’ул-фәтәуә” 26/202.

52 Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтады: “Әһлю-Сунна уәл-джәмә’а мазхабы көне мазхаб болып табылады, әрі ол Әбу Ханифа, Мәлик, әш-Шәфи’и мен Ахмад бұл дүниеге келмей жатырып та болған. Сондай-ақ, шынында, бұл – сахабалардың мазхабы, ал олар өз кезегінде бұны пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) қабылдаған. Ал бұған қарсы болған адамды әһлю-Сунна уәл-джәмә’а бидғатшы деп есептейді! Қараңыз: “Минхаджу-Ссуннә” 2/601.

53 Шейхтің айтып тұрғанына мысал ретінде ханафи мазхабына әбден берілген фанатик Ма’мун әл-Харауидің іс-әрекетін келтірсек болады. Ол келесідей хадис ойлап тапты : «Менің үмметімде Мухаммад ибн Идрис (имам әш-Шәфи’и) деп танылатын адам пайда болады, әрі ол менің үмметіме Ібілістен гөрі үлкен зиян тигізеді». Қараңыз: “әс-Силсилә әд-дә’ифа” 570.

54 Шейх Сәлим әл-Хиләли айтады: «Имам әш-Шәфи’и өзінің “әр-Рисалә” 599-600 кітабындағы сөзін әл-Ма’суми де қайталады».

55 Ибн ‘Умар айтады: “Сенің дінің – бұл сенің дінің! Расында, ол – сенің тәнің мен қаның! Сондықтан діндеріңді кімнен алып жүргендеріңді қараңдар!” әл-Хатыб “әл-Кифәя” 122.

Мухаммад ибн Сирин, Даххақ, имам Малик және т.б. сияқты ғалымдар былай дейтін: “Расында, бұл білімдер – дін! Міне, сондықтан діндеріңді кімнен алып жүргендеріңе қараңдар”. Муслим 1/23, әд-Дәрими 1/124, әл-Хатыб 2/92.



56 Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтқандай, тіпті егер белгілі бір аят белгілі бір адамдарға немесе бір ғана адамға, я болмаса белгілі бір уақытқа байланысты түссе, онда бәрібір оның мағынасы жалпыға ортақ болып қала береді және ол аят соған ұқсас жағдайлардың барлығына қолданыла береді. Қараңыз: «Мәджму’ул-фәтәуә» 13/341-342.

57 Мазхабшылар фиқһ немесе ‘ақиданы оқып-үйренсе немесе басқа біреуге үйреткенде, тек өз мазхабтарының кітаптарына жүгінеді. Хадис жинақтарына жүгініп, кейін барып түрлі ғалымдардың түсініктемелерін қараудың орнына, олар өз мазхабтарының кітаптарына жүгініп, кейін барып өз мазхабының пікірін бекітетін хадис іздеп жүреді. Бұлар қаншалықты ақиқаттан алыс еді?! Сүннет ұстанушыларына келер болсақ, олар мына ережені қатты ұстанады: «Әһлю-Суннаға ерушілер ең бірінші дәлелді оқып-үйренеді, содан кейін барып өздерінің сенімін соның негізінде құрады, ал бидғатшылар ең бірінші сенімді құрып алады да, содан кейін барып өздеріне қолайлы дәлелдер іздеп жүреді!»

58 Міне, осыда тура жолдағылардың бидғатшылар мен адасқан ағымдардан айырмашылығы – олар Ислам мен мұсылмандар үшін ешқандай пайда әкелген жоқ. Имам Ибн Хазм айтады: “Біл, Аллаһ сізді Өз мейіріміне алсын, Аллаһ Тағала адасқан ағымдардың қолымен ешқашан ізгілік жасаған жоқ! Сондай-ақ, олар кәпірлердің бірде-бір мемлекетін өзіне қаратып бағындырған жоқ, тіпті бір ауылды болса да өздеріне қарата алмады және олар Ислам үшін ешқашан ту көтерген емес!” Қараңыз: “әл-Фисал” 5/98.

59 Дегенмен, әрбір адам ақиқаттың белгілеріне қарап басқаларға баға беру құқығына ие емес, тек қана өзі ақиқатты білетін адамға оған ие! Кейбір адамдар ‘Алидің бұл сөздерін бұрыс мағынасында қолданады, әрі олардың ойынша, ғалымдар қажет емес және Құран мен Сүннетті өздері түсінуге мүмкіндіктері бар. Мұндай жағдай тақлидке қарама-қарсы жақтағы шектен шығу болып табылады. Имам әш-Шәтыби айтады: “Шынында да, ақиқат бойынша адамдар емес, керісінше адамдар ақиқат бойынша танылады, дей тұрғанмен бәрі-бір де біз бұл ақиқатты адамдардан білеміз ғой”. Қараңыз: “әл-И’тисам” 2/880.

60 Шейх әл-Мә’суми осы сөздері арқылы мұсылмандарды өз дінін оқып-үйренуге шақырып жатыр. Сонымен қатар, соқыр еліктемеуге, әрі түк кітап оқымай, білім ізденуге талпынбай, сондай-ақ өздері ешнәрсе білмей жатырып, өзі сияқтылардың сөзі мен ісіне тиісетіндердің қатарынан болудан алдын-ала сақтандырады. Әйткенмен, өз тіліңдегі хадистер мен сенімді кітаптарды оқудың өзі жеткіліксіз. Білім иелерінен немесе білім ізденуде сенен озғандардан оқығаныңды дұрыс түсіндің бе әлде қате түсіндің бе – осыны сұрап біліп алу керек, өйткені оқылғандар мен тыңдалғандардың барлығы дұрыс түсініле бермейді.

61 Жалпы күпірлікте айыптау мен кәпірлердің кейбір сипаттары бар немесе күпірлік сөздерді айтып қойған жеке тұлғаны күпірлікте айыптаудың арасында үлкен айырмашылық бар. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтады: “Расында, Құран мен Сүннеттегі қаһарлы мәтіндер мен имамдардың күпірлікте (такфир), пасықтықта (тафсиқ) және сол сияқтыларға байланысты айтқан айыптаулары, арнайы шарттарды сақтаудан басқа (дәлел жеткізу және т.б.), бірден жеке тұлғаға байланысты қолданылмайды”. Қараңыз: “Мәджму‘ул-фәтәуә” 10/372.

62 Яғни әрбір аяттың түсу себебі мен оған жасалған тәпсірді түсіну.

63 Яғни Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) қалай істегенін, ол қалай намаз оқығанын, қалай дәрет алғанын, қалай ораза тұтқанын, қажылық пен джиһәд қалай жасағанын, оның қандай әдеттері болғанын, қалай ол сөйледі, қалай үндемейтінін білу.

64 Әрине, бұл діндегі жалпыға ортақ – джиһәд мәселесі, мұсылман басшыға қарсы шығу, қылмысы үшін жаза қолдану, өз-өзін мұсылман санайтын жеке арнайы тұлғаларды күпірлікте айыптау секілді мұсылман үмметіндегі мәселелерге қатысты емес. Бір сөзбен айтқанда, шариғат арнайы құқыққа тағайындаған адамдар ғана айналысатын мәселелерде мұсылман адам дербес шешім шығармауы тиіс.

Ал Аллаһ Тағаланың дініне келер болсақ, ол өз негізінде анық және түсінікті (мухкәм), бірақ адамдар оны біліп, түсінуде бір-бірінен ерекшеленеді. Адамдардың арасында бүкіл дінді толықтай анық (мухкәм) түсінетіндері бар, ал кейбір адамдар үшін діннің жартысы түсінікті да, келесі жартысы түсініксіз, ал басқалары үшін тіпті толықтай түсініксіз (муташәбих) болуы мүмкін.



Аллаһ Тағала адамдарда білім болмаған кезде және оны түсінуде анық емес (муташәбих) болған кезде білім иелерінен сұрауды бұйырды. Аллаһ Тағала былай дейді: «Егер өздерің білмесеңдер, онда білім иелерінен сұраңдар!» (ән-Нәхл сүресі, 43 аят). Шейх Салих Али Шейх айтады: “Құран мен Сүннетте анық (мухкәм) және анық емес (муташәбих) нәрселер бар екені жұрттың барлығына мәлім. Сондай-ақ, мұндай нәрсе сахабалар мен ғалымдардың сөздері мен істерінде де кездеседі. Негізгі білімге ие адамдар анық емес (муташәбих) нәрседен анықты (мухкәм) айыру білумен және анық емес нәрсені аныққа қайтарумен ерекшеленген. Егер де білім иелерінің осындай айрықша қасиеті болмағанда, онда әрбір адам білімді болып кетер еді. Алайда, Аллаһ Тағала ғалымдар мен шынайы білім иелері анық көрінуі үшін адамдарды мухкәм және муташәбих нәрселер арқылы сынайды”. Қараңыз: “әл-Мәр’а әд-да’ия”. Дәл осындай сөздерді шейхул-Ислам Ибн Тәймия да «Мәджму’ул-фәтәуә» 13/272-280 кітабында айтқан болатын.

65 Шейх Ибн әл-Қайим, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, мазхаб мәселесінің дұрыс түсінігін ашып беретін ұлы сөздер айтты

66 Мағриб – батыс елдері. Тарих бойынша, Мағриб аймағына Африканың бүкіл солтүстік батыс аумағы (қазіргі Марокко және көрші елдер), Европаның оңтүстік батыс жерлері (Андалузия – қазіргі Испания, кезінде ол территорияда Ислам кең тарап, Халифаттың аясына кірген) кіреді.

67 Бұл жерде анықтап түсіндіру қажет: Андалузияның патшалары омейяд әулетінен болған. Бұл ізгі халифтердің заманы біткен соң (хиджраның 40 жылы) ислам әлеміндегі ең алғашқы халифтер шығатын әулет болып есептеледі. Алайда II ғасырда ислам мемлекетінің, оның ішінде Медина қаласының да, билігі басқа әулеттің – аббасилердің қолына өтті. Бұл кезең үлкен бүліктер мен екі әулеттің арасында күреспен есте қалған. Тек батыс өңірде – Мағриб пен Андалузия жерлері омейядтер әулетінің билігінде қалған болатын. Имам Мәлик Мединада өмір сүрді, ал ол аймақты аббасилердің қол астында болған, міне, осы оқиғадан көріп отырғанымыздай, имам Мәлик басқа әулеттің патшалары жөнінде мақтаулы сөз айтты.

жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау