Мұсылман адам төрт мазхабтың біреуін ұстануы міндетті ме?


«Қастерлі Раббың – олардың сипаттағандарынан Пәк!



жүктеу 1,28 Mb.
бет7/8
Дата20.05.2018
өлшемі1,28 Mb.
#15239
1   2   3   4   5   6   7   8

«Қастерлі Раббың – олардың сипаттағандарынан Пәк! Елшілерге сәлем! Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһқа лайық!» (әс-Саффат сүресі, 180-182 аяттар).




1 Мазхаб – белгілі бір ғалымның діни-құқықтық мектебі. «Мазхаб» сөзі араб тілінің «зәһәбә» - жүру, бару, бағыттау сөзінен шыққан. Сондықтан белгілі бір адамның пікіріне сүйенген діндегі кез-келген бағыт «мазхаб» деп атала бастады. Әл-Фәйюми “Мисбәх әл-мунир” 1/211 кітабында былай дейді: “Араб тілінде «пәленшенің мазхабымен жүру» дегеніміз оның жолымен, бағытымен жүру дегенді білдіреді, ал «дінде пәленшенің мазхабымен жүру» дегеніміз діни мәселелерде белгілі бір адамның пікіріне еру дегенді білдіреді”.

2 Тақлид – белгілі бір ғалымға соқыр ілесу. Муққаллид деп белгілі бір имамның пікірі Құран мен Сүннетке қарама-қайшы келетінін біле тұра соқыр ілесетін адамды айтады. Барлық уақыттың имамдары тақлидті тыйым салып, Құран мен Сүннетке қайшы белгілі бір имамның соңынан соқыр ілескен адамдардың іс-әрекеті дұрыс емес екендігін талай рет айтты. Имам әт-Тахауи айтады: “Тереңге бармайтын, әрі ақымақ адамнан басқа ешкім соқыр еліктемейді”. Қараңыз: “Расмул-муфти” 1/32

Имам Ибн Хазм айтады: “Шынында, оған соқыр ілесетін ғалымдардың өздері соқыр ілесудің (тақлид) дұшпаны болған. Ғалымдар өздерінің жақтастарына өзінің пікіріне соқыр ілесуге тыйым салатын еді. Осы тұрғыда имам әш-Шәфи’и, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, ең ынталы болды, себебі ол басқаларға қарағанда өте жиі, әрі жүйелі түрде сенімді хабарларға және дәлелге сәйкес келетінін қабылдаудың міндетті екенін ескертетін. Сонымен қатар, ол өзіне соқыр ілесетіндерге дұшпан болып, айналасындағыларды бұдан сақтандырды. Аллаһ Тағала оған осы ісі үшін Өз мейірімін төксін, әрі оның сауабы өте көп қылсын, өйткені ол ұлы игіліктің себепкері болды!” Қараңыз: “Усулюл-әхкәм” 6/118.




3 Сәлим ибн ‘Ид әл-Хиләли хиджра жыл санауы бойынша 1377 жылы (1957 ж.) туылды. Шейх әл-Әлбәнидің ең танымал шәкірттерінің бірі. Ақида мен мәнһәдж тақырыптарындағы көптеген кітаптардың авторы, сондай-ақ алдыңғы өткен имамдардың кітаптарындағы хадистер мен әсарлардың (сахабалар мен табиғиндердің сөздері) сенімділігін тексерген мухаққиқ болып табылады. Қазіргі кездегі көптеген ғалымдар бұл кісіге рекомендация (тәзкия) жасаған, соның ішінде өзінің ұстазы – шейх әл-Әлбәни, сондай-ақ шейх Муқбил, Бәкр Әбу Зайд және т.б. Қараңыз: “Тахриф ән-нусус” 93, “Тухфәтул-муджиб” 160.

4 Өмір баянның дерек көзі: «Хукму-Ллаһ әл-уәхид»; «Хаблю әш-шәр’ әл-мәтин» кітабындағы кіріспе; «Бид’а әт-та’ассуб әл-мәзхаби» 274 Мухаммад ‘Иид әл-‘Аббәси.

5 Бұл «истиснә фил-имән» деп аталады. Бұл мәселеге байланысты үш көзқарас бар. Біріншісі: Мұсылман адамға: «Мен иман келтіргенмен, инша-Аллаһ», - деп айтуға болмайды, себебі адам осылай айтар болса, демек ол өз иманына күмәнданып тұр деген сөз. Бұл пікірді мурджилер мен кулләбилер ұстанады. Екіншісі: Керісінше, мұсылман адамға: «Мен иман келтіргенмін, инша-Аллаһ», - деп айтуға болады. Үшіншісі: Бір жағдайды бұл сөзді айтуға болады, ал басқа бір жағдайда олай айтуға болмайды. Мысалы, иман келтірген (му‘мин) сөзінің астарында Аллаһқа иман келтірген мұсылман деген сөз болса, онда олай айтуға болмайды. Ал егер иманның толықтығы туралы айтар болсақ, онда «Мен иман келтіргенмін, инша-Аллаһ», - деп айтуға болады, өйткені адам Аллаһтың алдындағы өзінің дәрежесін білмейді, себебі әрбір мүмін – ол мұсылман, ал әрбір мұсылман – ол мүмін деп айта алмаймыз! Сүннет ұстанушылардың көзқарасы дәл осы. ‘Алқамә былай деді: “Бір күні бір кісі Ибн Мәс’удтың көзінше: “Мен мүмінмін (иман келтірген)”, - деді. Сонда Ибн Мәс’уд әлгі кісіге былай деді: “Онда: «Мен Жәннаттамын!», - деп айтсаңшы!” Әбу ‘Убәйд “әл-Имән” 11, Ибн Әбу Шәйбә “әл-Имән” 47. Иснады сенімді.

Сондай-ақ Суфян әс-Саури және Ибн әл-Мубәрак былай деп айтатыны жеткізіледі: “Үкім мен мұрагерлік мәселелерінде біз үшін адамдар мүмін (иман келтірген) болып табылады, алайда біз Аллаһ Тағаланың алдында олардың жағдайын қандай екенін, әрі олар қандай дінде өлетінін білмейміз!” Қараңыз: “Шәрх уәл-ибәнә” 1/153.

Осы мәселеде «инша-Аллах» сөзі адам өзінің иманына күмәндану деп есептейтіндерге келер болсақ, онда олардың пікірі қате болып табылады, себебі бұл – жалпы ережеден тыс шығарумен бірге жүретін сенімділік. Бұған шариғатта көптеген дәлелдер бар. Мәселен, Аллаһ Тағала Құранда былай дейді: «Әл-Харам мешітіне Аллаһтың қалауымен кіресіңдер». Сондай-ақ, пайғамбарымыз, (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Сендердің араларыңда ең тақуамын деп үміттенемін» немесе қабірдің қасынан өтіп бара жатып былай дейді: «Аллаһ қаласа (инша-Аллаһ), біз сендерге қосыламыз». Пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мұсылмандардың ішінде ең тақуа екеніне немесе қайтыс болатынына күмәнданды ма?

Осылайша, егер толық иманның мағынасы қатысты айтылмаса, онда «Мен мүмінмін, инша-Аллаһ» деп айтудың еш айыбы жоқ.




6 «Иснәд» сөзінің тілдік мағынасы – тірек дегенді білдіреді. «Санәд» хадистің тірегі болып табылғандықтан осылай аталады. Терминдік мағынасы: хадис жеткізушілерінің тізбегі.

7 Иджәза – шейхтің өз шәкіртіне хадиске немесе бүтін бір хадис жинағын жеткізуге рұқсат беруі.

8 Кесене (мәшхад) – белгілі бір ұлықталатын адамның қабірінің үстіне салынатын құрылыс (мавзолей). Исламда кесене салу рұқсат етілмеген. Пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабаларынан келген хадистер негізінде кесімді түрде қабірдің үстіне кесене салу тыйым салынған. Мысалы, ‘Али ибн Әбу Талиб Әбу әл-Хайәджуға былай дейді: «Кезінде пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мені жіберген тапсырмаға сені де жіберейін бе? Ол маған былай деді: «Бірде-бір қиратылмаған пұт қалдырма және жермен жексен етпейінше бірде-бір көтерілген қабір қалдырма!» Муслим 968, 969.

Имам ән-Нәуәуи осы хадиске жазған түсініктемесінде былай дейді: “Сүннетке сәйкес қабір биік болмауы қажет және түйенің өркешіне ұқсамауы тиіс, қабірді бір сүйемге (шынтақ) көтерсе болады”.



9 Иджтиһәд – Құран мен Сүннетте тікелей нұсқау болмаған діни-құқықтық мәселелерді өздігінен шешуге қақысы бар ғалымның жоғары деңгейі. Араб тілін жетік меңгерген, Құранды жатқа білетін, әрі оның тафсирін білетін және Сүннет пен оның түсіндірмесін білетін, сондай-ақ тағы да көптеген талаптарға сәйкес келетін тұлғалар ғана иджтиһәд қыла алады.

10 Осындай адамдардың бірі қазіргі таңдағы сопы, әрі Сириядағы «ихуән әл-муслимин» ағымының лидері сириялық доктор Рамадан Буты. Ол шейх әл-Мә’сумиді әшкерелегісі келгені анық байқалатын «Мазхабсыздық – бидғаттың ең жаман түрі» деп аталатын кітап жазған. Ол кітаптың іші шейх әл-Мә’суми мен шейх әл-Әлбәниге жала жабу мен жалған айыптауларға толы. Бұл кітап орыс тіліне аударылып, ТМД елдерінде тарап жүр. Алайда, аталмыш кітаптың ішінде Құран мен Сүннеттен немесе алдыңғы өткен ата-бабаларымыздың сөзінен «Ислам үмметіндегі бір ғана ғалымның артынан еріп, соның ғана пікірін ұстануға міндетті, әсіресе ол анық Құран, Сүннетке қарама-қайшы келген кезде» деген сыңайлы бірде-бір дәлел жоқ!

11 Белгілі бір мазхабқа соқыр еліктеу кейбір фанатиктерді өзінің мазхабының пікірін бекіту үшін хадис ойлап шығаруға әкеліп соқтырды. Шейх Сәлим әл-Хиләли былай дейді: «Өтірік және ойдан шығарылған хадистердің шығуының себептерінің бірі – мазхаб мәселесіндегі фанатизм. Мысалы, кейбір адамдар хадис деп ойлайтын мына сөз: «Әбу Ханифа – менің үмметімнің жарық сәулесі», - өтірік болып табылады, пайғамбарымыз (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) ондай сөзді айтпаған. Мұнымен қоса, бұл сөз Құранның анық мәтініне қайшы келеді: «Әй Пайғамбар! Сөз жоқ, сен бір куә, әрі қуантушы, ескертуші етіп жібердік. Аллаһ жаққа, Оның нұсқауымен шақырушы бір жарық сәуле түрінде жібердік» (әл-Ахзаб сүресі, 45-46 аяттар). Аталмыш сөз келесі дереккөздерде келтіріледі: «Лисан әл-мизан» 5/7; «Тарих Бәғдад» 5/309 және басқаларында. «Тарих Бәғдад» кітабының авторы әл-Хакимнің: «Осы «хадисті» ойлап шығарған адам - Мухаммад ибн Са’ид әл-Бәураки болып табылады», - деген сөзін келтіреді».

12 Бұл жерде ғалымдар деп аталғандарды айтып тұр, себебі соқыр еліктеуші (муқаллид) адам ғалым деп саналмайды. Имам әш-Шәтыби (х.ж. 790 ж. қайтыс болды) былай дейді: “Муқаллид – ғалым (‘алим) болмайды! Қараңыз: “әл-Мууәфәқат” 4/294.

Хафиз әс-Суюты (х.ж. 911 ж. қайтыс болды) былай дейді: “Муқаллид – ғалым деп аталмайды!” Қараңыз: “Шәрх Сунән Ибн Мәджәһ” 1/70.

Имам әш-Шәукәни (х.ж. 1250 ж. қайтыс болды) былай дейді: “Шынында, соқыр еліктеу (тақлид) – бұл надандық болып табылады, білім емес!” Қараңыз: “Иршәд әл-фухул” 267.


13 Ән-Ну‘мән ибн Сәбит ибн әл-Мәрзубән әл-Куфи, Әбу Ханифа деген атпен танымал. Х.ж. 80 жылы дүние келіп, х.ж. 150 жылы дүниеден озды. Соңғы табиғиндер өкілі болып табылады. Ол дінде имам, әрі әһлю-Сунна уәл-джәмә‘аның ұлы ғалымы болған. Әбу Ханифа ислам ғылымдарын жақсы білген, оның ішінде әсіресе хадистану мен ақидадан. Дей тұрғанмен, ол жұртшылыққа фиқһ білімінің маманы ретінде танымал болды, соған байланысты көптеген мұсылман ғалымдары, замандасы болсын, кейіннен келгендері болсын, «фиқһтің имамы» деп атап, оны құрметтеді. Міне, Әбу Ханифа туралы кейбір ғалымдардың сөзі:

Яхя ибн Мә’ин айтады: “Әбу Ханифа беделді хадис жеткізуші еді”.

Сондай-ақ, ол тағы былай деді: “Біз Әбу Ханифаны тіпті өтірікші деп сезіктенуге болмайтын ізгі адамдардың қатарынан деп есептейміз. Басшылардың бірі - Ибн Хубәйра өзінің қаласында Әбу Ханифаны сот болып жұмыс істеуге мәжбүрлейтін, ал ол бас тартатын. Осыған байланысты басшы оны қамшымен жазалады, бірақ Әбу Ханифа оған шыдады”.

‘Абдуллаһ ибн әл-Мубәрак айтады: “Өз өмірімде адамдардың ішінде ең тақуа, адамдардың ішіндегі ең ізгі, дін мәселесінде ең білімді және ең сауатты адамды кездестірдім. Ең тақуа – бұл ‘Абдул-Азиз ибн Руад; ең ізгі – бұл әл-Фудайл ибн ‘Ийәд; ең білімдісі – бұл Суфян әс-Саури; ал дінде ең сауаттысы – бұл Әбу Ханифа!” Одан кейін былай деді: “Мен фиқһта оған тең келетін адамды білмеймін!”

Ұлы имамдардың бір-бірі туралы айтқан сөздері ерекше құнды. Осындай сөздер арқылы үлкен ғалымдар арасында аса ізеттілік пен сыйластық, тіпті олардың көбісі бір-бірімен дос болғанын білеміз. Осыған сәйкес, мазхабаралық жауласушылық пен мұсылмандар арасындағы жеккөрушілік құбылыстары имамдардың тірі кезінде болмағанын білеміз. Керісінше, мұның барлығы кейіннен барып шықты. Мұның бәрі мұсылмандардың артта қалуы, олардың мазхабқа фанатиктік қарым-қатынасы мен діндегі бөлінушіліктің белгісі еді. Ғалымдардың кезінде жоғарыда айтылғандай фанатизм болмағанына келесідей фактілер дәлел болмақ:

Имам әш-Шафи’и былай дейді: “Бір күні имам Мәлик ибн Әнәсқа Әбу Ханифаны көрдіңіз бе деген сұрақ қойылды. Ол былай жауап берді: «Йә, егер мына қабырғаның құрамы алтын екенін дәлелдегісі келсе, онда оны дәлелдейтін адамды көрдім, оның дәлелдері соншалықты күшті еді!»”

Мухаммад ибн Бишр айтады: “Мен әлі оқып жүргенімде Әбу Ханифа мен Суфян әс-Сауридің сабақтарына барып жүрдім. Мен Әбу Ханифаға барған кезде ол менен қайда келгенімді сұрады. Мен Суфяннан келе жатқанымды айттым. Ал ол маған: «Сен ұлы кісіден келдің! Егер қазір‘Алқамә мен Әсуәд тірі болғанда, онда олардың өзі Суфянның сабақтарына мұқтаж болар еді», - деді. Одан кейін мен Суфянға бардым, ол да мен қайдан келгенімді сұрады. Мен Әбу Ханифадан келе жатқанымды айттым. Сонда ол маған: «Сен жер бетіндегі ең сауатты адамнан келдің!», - деді.

Әш-Шәфи’и айтады: “Фиқһте адамдардың барлығы Әбу Ханифаның білімімен өмір сүріп жатыр”. Ғалымдардың сөздері имам әл-Миззидің «Тахзиб әл-кәмәл» мен Хафиз Ибн Хәджәрдың «Тахзиб әт-тахзиб» 10/451 кітаптарынан алынды.




14 Мәлик ибн Әнәс ибн Малик ибн Әбу ‘Амр әл-Әсбәхи әл-Химйәри. Х.ж. 93 жылы дүние келіп, х.ж. 179 жылы дүниеден озды. Ол табиғиндердің алғашқы өкілдерінен болып табылады. Ол дінде имам және әһлю-Сунна уәл-джәмә‘аның ұлы ғалымы болды. Ол Мәдинада өмір сүрді, сондықтан оны «имам Дәрул-хиджра» (пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабалар көшкен жердің имамы) деп атайтын.

Хафиз Ибн Хәджәр имам Мәликке мынадай мінездеме береді: “Ол – Дәрул-хиджраның имамы, білімі ең толық ғалымдардың ішіндегі бастысы және сенімді жеткізушілердің ұлысы”.

Имам Мәликтің діндегі білімі мен басқа ғалымдар ол туралы қандай пікірде болғанын білу үшін имам әл-Бухариден «кімнің иснады ең анық, әрі сенімді деп есептеуге болады» деп сұраған кезде, ол: “Ең жақсы иснад - бұл Мәлик хадисті Нәфи’тен, ал ол - Ибн ‘Умардан, ал ол – пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жеткізгені”, - деп жауап бергенін еске алсақ болады. Ал оның дінге берілгендігі мен Сүннетті қайта тірілткені туралы сөздер аз айтылмаған. Мысалы, имам Мәлик хадис жеткізу үшін сабаққа шыққанда, ең алдымен дәрет алып, ең жақсы аппақ киімін киіп, басына бас киім киіп шығатын болған. Неге бұлай істейді деп сұрақ қойылғанда, ол былай жауап берді: “Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзіне құрмет көрсетемін”.

Имам Мәликтің бұрыңғы шәкірті болған имам әш-Шәфи’и былай дейді: “Табиғиндердің кезінде Мәлик Аллаһтың адамдарға қарсы дәлелі еді”.

Имам ән-Нәсаи айтады: “Менің ойымша, табиғиндерден кейін өмір сүргендердің ішінде Мәликтен асқан ізгі, құрметті, сенімді, әрі хадисте сенімге лайық ешкім жоқ”.

Ал имам Мәлик өзі туралы былай дейтін: “Жетпістен астап ғалым маған фәтуә беруге куәлік етпегенше, фәтуә берген жоқпын”. Ғалымдардың сөздері имам әл-Миззидің «Тахзиб әл-кәмәл» мен Хафиз Ибн Хәджәрдың «Тахзиб әт-тахзиб» 10/451 кітаптарынан алынды.




15 Мухаммад ибн Идрис ибн ‘Аббәс әл-Қураши, әш-Шәфи’и деген атпен танымал. Хиджра жыл санауы бойынша 150 жылы Шамда дүниеге келді, кейін ұзақ уақыт бойы Меккеде, одан соң Мысырда өмір сүрді. Хиджра жыл санауы бойынша 204 жылы дүниеден озды. Имам әш-Шафи’и табиғиндердің ізбасарларының соңғы өкілі болып табылады. Ол дінде имам, әрі әһлю-Сунна уәл-джәмә‘аның ұлы ғалымы болған. Ол Құрайыш тайпасынан болғандықтан Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) ата-бабаларымен ортақ көп нәрселері болды.

Имам әш-Шафи’идің білімін айтар болсақ, әрине оның білімі өте үлкен болған. Ал ол өзі туралы былай дейтін: “Мен 7 жасымда Құранды толық жаттап алдым, ал 10 жасымда имам Мәлик ибн Әнәстің «әл-Мууәттә» атты хадистер жинағын толықтай жаттап алдым”. Дәл осы себепті әш-Шафи’иді көптеген ғалымдар құрметтеген, сондай-ақ оны да «дін білімінің имамы» деп атаған. Онымен бірге, имам әш-Шафи’иді «дінді тірілтуші» (муджаддид) деп атаған.

Мәселен, бір күні имам Ахмад ибн Хәнбәл: «Әрбір ғасырдың басында Аллаһ Тағала осы үмметке дінді тірілтушіні (муджаддид) жібереді», - деген хадисті оқып, былай деді: “Біз осындай адамдарды іздей бастадық және мұндай адам бірінші ғасырда ‘Умар ибн ‘Абдул-‘Азиз, ал екінші ғасырда – әш-Шәфи’и екенін анықтадық”.

Дәл сол сияқты Хафиз Ибн Хәджәр да әш-Шәфи’иге мінездеме беріп былай деді: “Ол – екінші ғасырдың басында дінді тірілтуші кісі болған”.

Имам әз-Зәһәби ол туралы: “Ол – имам, хадис қорғаушысы, атақты ғалым”, - деді.

Имам Ахмад ибн Хәнбәлдің баласы ‘Абдуллаһ өзінің әкесінен былай деп сұралғаны жеткізіледі: “Әш-Шәфи’и кім болған? Өйткені сіз ол үшін Аллаһтан жиі-жиі дұға қылғаныңызды көремін”.

Бұл сұраққа имам Ахмад: Ей балам! Әш-Шәфи’и біздің әлемге Күн сияқты және адамдар үшін денсаулық сияқты еді. Ойланшы, оларсыз немесе олардың орнын басқа бір нәрселер басса, біз өмір сүре аламыз ба?”, - деп жауап қатты.

Имам ‘Али ибн әл-Мәдини өзінің ұлына мынадай өсиет қалдырды: “Егер әш-Шәфи’идің сөзін естісең, оны жазбайынша бірде-бір сөзін қалдырма, себебі оның сөзінің әрбірінде білім бар!” Ғалымдардың сөздері имам әл-Миззидің «Тахзиб әл-кәмәл» мен Хафиз Ибн Хәджәрдың «Тахзиб әт-тахзиб» 10/451 кітаптарынан алынды.




16 Ахмад ибн Мухаммад ибн Хәнбәл әш-Шәйбәни. Хиджра жыл санауы бойынша 164 жылы Бағдад қаласында дүние келіп, хиджра жыл санауы бойынша 241 жылы дәл сол қалада қайтыс болды. Ол таба-табиғиндердің алғашқы шәкірттерінен болған. Ол Ислам үмметінің ұлы ғалымдарының бірі болғандықтан «әһлю-Сунна уәл-джәмә‘аның имамы» деп аталған. Оның беріктігінің себебімен Аллаһ Тағала адасқандарды жеңді, сол кездегі адасқандар: «Құран – бұл Аллаһтың сөзі емес, тек Оның жаратылысы-мыс», - деген сөздер айтқан болатын. Имамның кезінде адамдардың барлығы дерлік адасушылыққа түсті.

Шейх Ибн әл-Қайим былай дейді: “Имам Ахмадтың кезінде барлық адамдар адасушылыққа түсті, тек аз ғана адам бұл фитнадан аман қалды және олар сол кезде әл-джәмә’а болды! Ол уақыттары соттар да, муфтийлер де, халиф та және оның ізінен ергендер де тура жолдан ауытқыды. Сол кезеңде имам Ахмадтың өзі әл-джәмә’а болды!” Қараңыз: «әл-Хауәдис уәл-бида’» 1/22.

Бұл ғалымның зор еңбегі, оған дейінгі көптеген ғалымдардың еңбегі сықылды. Хадис жинау және дінді үйрену үшін имам Ахмад көптеген елдер мен қалаларда болғанын еске сала кетейін – Куфа мен Басра, Мекке мен Медина, Йемен мен Шам. Ол өзінің сапарларын он алты жасынан бастады. Дәл осы себепті Уәки’ ибн әл-Джәррах пен Хафс ибн әл-‘Ийәс секілді имамдар ол туралы былай деп айтқан: “Куфа қаласына ешқашан мына жас жігіт сияқты адам келген жоқ!”

Имам әш-Шәфи’и айтады: “Мен Бағдадта болған кезімде, ол аймақта ең сауатты, заһид және тақуа Ахмад ибн Хәнбәл болатын”.



Қутайба былай дейді: “Егер Аллаһ Тағала бұл үмметке Суфян әс-Сауридің тағайындамағанда, тақуалық жоқ болып кетер еді. Ал егер Ахмад ибн Хәнбәлді тағайындамағанда, онда бидғатшылар өздерінің бидғатын дінге енгізіп үлгерген болар еді!” Ғалымдардың сөздері имам әл-Миззидің «Тахзиб әл-кәмәл» мен Хафиз Ибн Хәджәрдың «Тахзиб әт-тахзиб» 10/451 кітаптарынан алынды.

17 Шейх Сәлим әл-Хиләли былай дейді: «Бұл хадистер, қабылдағысы келген адамға Ислам діні өте жеңіл екендігін көрсетеді. Ислам қабылдайтын адамнан өз жүрегінде нақты сеніп, шаһаданы айтса болғаны, ал одан кейін Ислам тіректерін орындауға кірісе бастау керек. Ал белгілі бір мазхабқа кіру – Исламға кірудің шарты емес».

18 Ибн ‘Аббәс айтады: «Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзінен басқа, кез-келген адамның сөзі қабылдануы да, жоққа шығарылуы да мүмкін». әт-Табәрани “әл-Кәбир” 11/339. Хафиз әл-‘Ирақи иснадын жақсы деді.

19 Шейх Сәлим әл-Хиләли айтады: «Мазхабтарда еш дәлелсіз өз пікірінің негізінде айтылған сөздер өте жиі кездесетіні туралы ойын автор растап жатыр. Сондықтан мұндай жағдайлар орындау үшін тіптен міндетті бола алмайды. Егер белгілі бір фақиһтің пікірі шариғи дәлелге сүйенген болса ғана, ол дұрыс болады және мұндай пікірді қолдануға рұқсат етіледі»

20 Тақлид (соқыр еліктеу) тек төрт мазхабтың имамдарына ғана қатысты емес. Сонымен қатар, бұл ізінен соқыр ілесетін кез-келген ғалымға қатысты. Қазіргі таңда мазхабқа соқыр ілесуге болмайтынын айтатын қаншама мұсылмандар бар, ал бірақ өздері қазіргі уақыттағы бір ғалымның артынан соқыр еріп, тіпті өзінің шейхы қателесуі мүмкін екен деп те ойламайды. Біз ондай мұсылмандардан сұраймыз: «Төрт мазхабтың имамдарына соқыр еру мен қазіргі уақыттағы ғалымдардың артынан ілесудің не айырмашылығы бар?» Ешқандай айырмашылық жоқ! Ал егер еш дәлелсіз белгілі бір ғалымның сөзіне еретін болса, онда шын мәнінде, қазіргі ғалымдардан гөрі бұрыңғы имамдар артынан соқыр еруге лайықтырақ!

21 Соқыр ілесудің (әт-тақлид) нәтижесі кейбір мазхабшыларды бір-бірімен жауласып, тіпті бір-бірін күпірлікте айыптауға дейін барған. Мысалы, ханафи мазхабын ұстанатын Мухаммад ибн ‘Абдуллаһ әт-Турки әл-Бәләсағуни Дамаск қаласында сот қызметін атқарған. Ол былай дейтін: “Егер менде мүмкіндік болса, онда шафиғилерден джизя алар едім”. Қараңыз: Лисанул-мизан” 5/402. Шафиғи мазхабының танымал имамы – әш-Шийрази айтатын: “Ханафи мазхабының имамының артынан намаз оқығаннан гөрі, жалғыз оқыған жақсырақ!” Қараңыз: “Кифәя әл-ахяр” 1/272.

22 Бұған мысал ретінде ханафи мазхабындағы сопылық, сондай-ақ матуридилік ақиданың пайда болуы және ханбали мен шафиғи мазхабындағы ашарилік идеологияның пайда болуы айтса болады.

23 Бұрыңғы заманда аты аталған имамдардың көбісінде өзінің шәкірттері болған, әрі ол шәкірттер имамдардың фәтуәларының негізінде мазхаб құрғанын айта кеткен жөн. Мәселен, Суфян әс-Саури, әл-Хасана әл-Бәсри, әл-Әуза’и, Ибн Джәрир әт-Табәри мен тағы басқа көптеген имамдардың өз мазхабы болған. Дегенмен, Аллаһтың қалауымен, бұл мазхабтардың өмірі біздің уақытқа дейін жетпеді (олардың жоқ болып кетуінің кейбір себептерін шейх әл-Мә’суми осы кітабында айтады), бұған қарамастан, біз бұл оқиғаның тарих парақтарынан өміріп тастай алмаймыз. Сондықтан, соңғы уақыттары пайда болған Исламда тек төрт қана мазхаб бар деген пікір айқын қате. Мұндай жағдайда былай айтуға болады: егер бұрыңғы уақыттары төрт мазхабтан көп мазхабтар болса, дәл сол сияқты, онда неге болашақта төртеуден де көп пайда болуы мүмкін емес?

24 Хафиз Ибн Кәсир айтады: “Адамдардың сөздері мен істері пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөздері мен істерімен салыстырылады, оның сөзі мен ісіне сәйкес келетіндер – қабылданады, ал онымен сәйкес келмейтіндер – жоққа шығарылады, ол пікірдің иесі кім болса да”. Қараңыз: “Тафсир Ибн Кәсир” 3/415

25 Шейх Сәлим әл-Хиләли былай дейді: «Осы алтын, әрі даналықа толы сөздерді ең алғаш Ибн ‘Аббәс, Аллаһ оған разы болсын, айтты. Ибн ‘Аббәстан бұл сөздерді өзінің шәкірті Муджәһид қабылдап алды. Қараңыз: «Джәми’ бәйян әл-‘илм уә фәдлихи» 1/91. Ал Муджәһидтен имам Мәлик қабылдап алды, содан кейін барып бұл сөздер зор даңққа ие болып, жұртшылыққа тарады. Сондай-ақ олардан имам Ахмад та осы сөздерді қабылдап алды» Қараңыз: “Мәсаил имам Ахмад” 276.

26 Имам Ахмад былай деді: “Фәқиһке адамдарды өзінің мазхабымен жүруге ынталандыруға рұқсат етілмейді”. Қараңыз: “әр-Радул-муфхим” 16.

27 Шейх әл-Мә’сумидің айтып отырғанына көптеген мысалдар келтіруге болады – түрлі мазхабтардағы пайда болған әртүрлі мәселелер. Мысалы, ханафилік шейх әл-Джәуәби намазда кім имам болуға лайықтырақ деген мәселеде – басшы, оның орынбасары (наиб) және басқа да тұлғалар туралы хадистерде келген хабарға байланысты былай деп жазады: “Намазда имам болуға бәрінен де бұрын лайықтырағы... ең жақсы көркем мінезділіктің иесі, одан кейін ең сұлуы, одан соң ең сұлу әйелі бар еркек, одан кейін ең бай, содан соң бәрінен киімі тазарақ адам, содан кейін басы ең үлкені, содан соң жыныстық мүшесі ең кішкентайы”. Қараңыз: “Бид’а әт-та’асуб әл-мәзһәби” 193.

Арасында мағынасыз нәрселері бар мына аталған шарттар дінге қандай қатысы бар?!

Міне, тағы бір мысал. Шафиғи мазхабының өкілі әл-Бәджури “Хашия ‘алә шәрх Ибн әл-Қасим” деген кітапта ғұсыл алу қашан міндетті болады деген мәселенің төңірегінде көптеген мысалдар келтіріп, «фантастикалық» нәрселерді де жазып жіберді: “Егер еркектің жыныстық мүшесі екіге бөлініп, бір бөлігі бірінші әйеліне, ал екінші бөлігі екінші әйеліне кірсе, онда оған ғұсыл алу қажет”. Ол тағы былай деді: “Егер еркек адам өзінің жыныстық мүшесін басқа еркектің жыныстық мүшесіне тықса, онда екеуіне де ғұсыл алу керек”. Одан әрі ол адамның ашу-ызасы мен таң қалу сезімін тудыратын нәрселер жазады: “Егер адам өз әйелінің жыныстық мүшесіне денесімен бірге кіріп кетсе, онда екеуі де ғұсыл алуы тиіс. Өйткені, егер жыныстық мүшенің бас жағы енгенде, ғұсыл бұзылатын болса, ал адам жыныстық мүшеге денесімен кіріп кетсе, онда ғұсыл алу тіптен міндетті болады”.

Аллаһ кемшілік атауылыдан Пәк, мынадай мағынасыз мысалдарды түсіндіруге қажеттілік бар ма?! Ұлы имамдардың мен кейінгілердің мазхаб деп атағанының арасында тек бір ғана атау қалды. Бұл келтірген мысалдарымыз мазхабтың кейінгі өкілдерінің жазғандарының тек бір бөлігі ғана. Кейінгі мазхабшылардың ақымақтығы туралы егжей-тегжейлі білгіңіз келсе, шейх Мухаммад ‘Иид әл-‘Аббәсидің «Бид’а әт-та’асуб әл-мәзһәби» деген кітабын қарасаңыз болады.



28 Ибн аз-Зубайр айтатын: “Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) намазда (ташаһудке) отырған кезінде, ол оң қолын оң санына, сол қолын – сол санына қойып, саусағымен нұсқады”. Муслим 579.

Уаил ибн Худжр айтады: “Мен пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) оң сұқ саусағын көтеріп, кішкене ғана қозғап Аллаһқа дұға қылғанын көрдім”. ән-Нәсаи 889, Ибн Хузаймә 1/86, Ибн Хиббан 485. Хадистің сенімділігін имам Ибн Хузаймә, имам Ибн Хиббән, әл-Бәйхақи, хафиз Ибн ‘Абдул-Бәрр, имам ән-Нәуәуи, хафиз Ибн әл-Муләққин, шейх Ибн әл-Қайим, шейх әл-Әлбәни және ‘Абдул-Қадир әл-Әрнәут растады. Қараңыз: «әл-Мәджму’» 3/453, “Задул-мә’ад” 1/237, “Тамәмул-миннә” 214, “Тахқиқ Джәми’ әл-усул” 5/404.



29 Имам Әбу Ханифа әһлю-Суннаның ақидасын ұстанып, Аллаһ Тағала бүкіл жаратылыстан жоғары көтеріліп, Таққа орныққан деп есептегені туралы бәрімізге белгілі. Сондықтан ол былай деді: «Кімде-кім: “Менің Раббым қайда екенін білмеймін: аспанда ма әлде жерде ме”, - десе, күпірлік (куфр) жасады. Бұл: “Аллаһ Таққа көтерілген, алайда мен Тақтың қайда екенін білмеймін: аспанда ма әлде жерде ме ”, - деп айтқан адамға да қатысты». Қараңыз: «әл-Фиқһ әл-әбсат» 46.

Бір әйелдің: “Сенің құлшылық Қылатының (Аллаһ) қайда?”, - деп сұрағын кезде, Әбу Ханифа былай жауап берді: «Шынында, Пәк және Ең Жоғары Аллаһ аспанда, жерде емес». Ал одан бір адам: “Ал сен Аллаһтың мына Сөздері туралы не дейсің:


жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау