Мұсылман адам төрт мазхабтың біреуін ұстануы міндетті ме?


Төрт мазхабтың біреуін ұстану мустахаб та емес, парыз да емес



жүктеу 1,28 Mb.
бет3/8
Дата20.05.2018
өлшемі1,28 Mb.
#15239
1   2   3   4   5   6   7   8

Төрт мазхабтың біреуін ұстану мустахаб та емес, парыз да емес

Ал мазхабқа келер болсақ, бұл – белгілі бір адамның пікірі, белгілі бір мәселелердің түсінігі, әрі белгілі бір адамның иджтиһәды ғана. Аллаһ Тағала мен Оның елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Құран мен Сүннеттің анық, айқын мәтіндеріне қарсы белгілі бір адамның пікіріне, оның түсіндірмесі мен түсінігіне еруді міндет еткен жоқ. Адамдардың пікірі негізінен, дұрыс болуы да, қате болуы да мүмкін. Сондықтан, еш қатесіз пікір – бұл пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жеткен сенімді хабарлар ғана18. Ғалымдар өзінің белгілі бір мәселеге байланысты пайымдауларын айтады, алайда көбінесе ақиқат қарама-қарсы жақта болған кезде, олар өзінің бастапқы пікірінен дереу қайтатыны бәрімізге белгілі19. Демек, белгілі бір адам Исламды қабылдап, шынайы сенімге ие болғысы келсе, онда тек Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, Мұхаммед – Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) екеніне куәлік беру, күніне бес уақыт намаз оқу, зекет беру, Рамазан айында ораза тұту, әрі жағдайы келсе, қажылық жасауға ғана міндетті болып табылады.

Жоғарыда айтылған төрт мазхабтың біреуін немесе басқа да мектептерді20 ұстану – парыз да емес, мустахаб (мандуб ) та емес. Мұсылман адам осы айтылған белгілі бір мазхабқа толықтай ілесу – тіпті де міндет емес. Сонымен қатар, егер адам әрбір мәселеде тек бір ғана мазхабқа еретін болса, онда бұл фанатизм, қателік, соқыр еліктеу (тақлид) болып табылады! Ал сол адамның өзі дінді топтарға бөлген адамдардың қатарынан болады, ал Аллаһ Тағала дінді бөлуге қатаң тыйым салды:

«Күдіксіз діндерінде бөлініп, топтарға айрылғандармен ешбір байланысың жоқ» (әл-Ән’ам сүресі, 159 аят).

Сондай-ақ Аллаһ Тағала былай дейді: «Әрі серік қосушылардан болмаңдар! Сондай олар діндерін бөлшектеп, топтарға бөлініп, әрбірі өз алдындағыларға мәз болғандар» (Рум сүресі, 31-32 аяттар).

Ислам – бір ғана дін. Оның ішінде Мұхаммедтің – Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жолынан басқа мазхабқа да, жолға да орын жоқ! Аллаһ Тағала айтады: «Айт: “Бұл менің жолым. Мен және маған ергендер ашық дәлелмен Аллаһқа шақырамыз. Аллаһ Пәк. Сондай-ақ мен серік қосушылардан емеспін”» (Юсуф сүресі, 108 аят).

Мазхабқа қатып қалғандардың арасында ұрыс-таластарды21 өте жиі көруге болады, ал Аллаһ Тағала былай деп айтқан еді ғой: «Өзара жанжалдаспаңдар, әйтпесе үрейленіп, құттарың қашады және сабырлы болыңдар! Расында Аллаһ, сабырлылармен бірге» (әл-Әнфәл сүресі, 46 аят).

Аллаһ Тағала өзара бөлінбей, Оның Кітабын қатты ұстануымызды бұйырды: «Түп-түгел Аллаһтың жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлінбеңдер» (Әли ‘Имран сүресі, 103 аят).
Исламның негізі – бұл Аллаһтың Кітабы мен Оның елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетіне сәйкес амал ету

Міне, шынайы Ислам осы, ал оның негізі – бұл Құран және Сүннет. Кез-келген талас-тартыс болған кезде мұсылман адам дәл осы негізге қайтуы тиіс. Ал кімде-кім талас-тартысты шешуді негізге қайтармай, басқа бір нәрсеге қайтаратын болса, онда ол адам мұсылман деп саналмайды. Аллаһ Тағала ол туралы былай дейді: «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені би қылып, одан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай, толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды» (Ниса сүресі, 65 аят).

Одан соң, ешқандай имам: «Мен дұрыс деп есептеген нәрсенің барлығына еріңдер», - деп ешқашан айтқан жоқ, алайда олар үнемі: «Біз қайдан алсақ, сендер де содан алыңдар», - дейтін. Сонымен қатар, соңғы ғасырларда мазхабқа көптеген сырттан келген пайымдаулар қосылып, көбінесе қате болып шығып жатты22. Онымен қоса, мазхабқа бұрын соңды қойылмаған сұрақтар, яғни ондай сұрақтардың келешекте де қойылатыны белгісіз болған мәселелерге байланысты шешімдер қосылып кетті. Ол мынадай принципке негізделген: «Егер осындай, осындай нәрселер болса, онда не істеу керек?» Міне, егер мазхабты құрды деген сол ұлы имамдар мазхабтың қазіргі кездегі түрін көргенде еді, міндетті түрде олардан және олардың ойлап тапқандарынан бас тартар еді.

Шариғат пен дін негіздерін кіршіксіз таза күйінде бізге жеткізген бұрынғы имамдар Құран мен Сүннетті қатты ұстанып, Шариғатты басшылыққа ала отырып, соған сәйкес амал қылуға шақырған еді. Мұндай хабарлар сенімді түрде Әбу Ханифа (150 ж. қайтыс болды), Мәлик (179 ж. қайтыс болды), әш-Шәфи’и (204 ж. қайтыс болды), имам Ахмад (241 ж. қайтыс болды), Суфян әс-Саури (161 ж. қайтыс болды) және Суфян ибн ‘Уяйн (197 ж. қайтыс болды), Хасан әл-Бәсри (110 ж. қайтыс болды.), Әбу Юсуф Яа‘куб әл-Қады (182 ж. қайтыс болды), Мухаммад ибн әл-Хасан әш-Шәйбани (189 ж. қайтыс болды), Абдуррахман әл-Әуза’и (157 ж. қайтыс болды), ‘Абдуллаһ ибн әл-Мубәрак (181 ж. қайтыс болды), имам әл-Бухари (256 ж. қайтыс болды), Муслим (261 ж. қайтыс болды) мен басқа да көптеген ғалымдардан жеткен, Аллаһ олардың барлығын Өз мейіріміне алсын23.

Осы имамдардың әрбірі дінге енгізілетін жаңалықтың қауіптілігін, әрі еш күнәсіз Аллаһ елшісінен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) басқа біреуге соқыр ілесуден сақтандырды. Ал басқа адамдардың барлығы, ол кім болса да, қателік атаулыдан сақтандырылмаған. Кез-келген адамның пайымдауы Құран мен Сүннетке сай келсе, қабылдап, ал сай келмесе, тастай салу қажет24. Имам Мәлик, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын: «Кез-келген адамның сөзі қабылдануы да, жоққа шығарылуы да мүмкін. Тек мына қабірдің иесінен басқа», - деп Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) қабірін көрсетті25. Дәл осы жолмен мұсылман ғалымдары жүрді – аталмыш төрт имам да, басқа да ғалымдардың әрбірі соқыр ерудің қауіптілігінен сақтандырғанын еді, себебі Аллаһ Тағала Өз Кітабының көптеген жерінде соқыр ілесетіндерді даттайды. Бұрынғы кезде де, қазіргі кезде де кәпір болғандардың көбісі пайғамбарларға ермеген себебі кітапшыларына, монахтары мен ата-бабаларына соқыр ілескендіктен еді ғой.

Әбу Ханифа, Мәлик, әш-Шәфи’и мен Ахмад және т.б. имамдар, Аллаһ оларға разы болсын, үнемі: «Біздің пікірімізге сүйеніп ешбір адамға фәтуә беруге болмайды немесе біздің қайдан алғанымызды білмейінше, біздің сөзімізді алуға рұқсат етілмейді», - деп айтатыны бәрімізге мәлім.

Әрбір имам былай дейтін: «Егер сахих хадис табылса, онда сол менің мазхабым».

Сондай-ақ олар әрдайым былай қайталайтын: «Егер саған белгілі бір пікір жетсе, онда сен оны Аллаһтың Кітабы мен Оның елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетімен тексер. Егер пікір оған сәйкес келсе, онда қабылда, ал егер сәйкес келмесе, онда оны қабырғаға ұр!».

Ұлы имамдардың пікірі міне, осындай, Аллаһ Тағала оларды Жаннат бақтарына орналастырсын. Алайда, ұлы имамдардың заманынан кейін пайда болған, соңғы уақытта өмір сүріп жатқан муқаллидтердің іс-әрекеті өте өкінішті жағдайда! Қарапайым халық оларды күнәсіз ғалым еркектер деп ойлайды, өйткені олар таудай қағаздар жазады ғой! Бірақ олар не нәрсеге шақырып жатыр? Адамдарға төрт имамның тек біреуіне ғана еруге міндеттеген дәл осылар ғой26. Олар мұны міндеттеген соң, артынан басқа ғалымдардың пікіріне құлақ асуды тыйым салды. Осының бәрін көріп отырып, «муқаллидтер белгілі бір имамды Аллаһтың жіберген пайғамбарына айналдырып жіберген жоқ па» деген ой келеді. Муқаллидтердің өздері имамдарының пікіріне толықтай бойұсынғанда еді! Бірақ олардың көбісі өздерінің имамдарының есімдерін басқа, еш нәрсе білмейді - өз имамының ілімін тіптен білмейді. Мысалы, кейінгі ұрпақ өкілдері осы уақытта дейін болып көрмеген жалған мәселелерді ойлап тауып, өздерінің өтірік ілімдерін таратты да, осының барлығын өз имамдарына жаба салды27. Ал одан кейін келген ұрпақ мұның барлығы шынымен имамдардікі екен деп ойлады. Алайда, шын мәнінде мұндай пікірлерге олардың имамының түк қатысы жоқ еді, тіпті көп жағдайда имамдардың айтқанына қарама-қайшы келіп отырды. Бұған анық мысал ретінде Әбу Ханифаның кейінгі уақыттарда шыққан шәкірттері: «намазда «ташаххуд» уақытында сұқ саусақты көтеріп отыруға тыйым салды», - деп Әбу Ханифаға жауып жіберді!28 Тағы бір мысал: ханафилердің көбісі Құранды тәпсірлеуде Исламға қайшы нәрселерді жібереп алды, мысалы, «Аллаһтың Қолы дегенді Оның Құдіреті деп түсіну керек» деген сөздері! Тіпті, одан да сорақысы – «Аллаһ Тағала Таққа көтерілмеді, жаратылыстың әрбір нүктесінде» деген жиіркенішті сөздері29!

Осыған ұқсас себептердің кесірінен мұсылмандар бір-бірімен араздасты, мұсылмандардың бірлігі мен одағының арасына жік түсіп, жер бетінде екіжүзділік пен бөлінушілік тарады. Біреуі басқасын бидғатта айыптай бастады, әрбір топ өзіне сәл келіспеген басқа топтарды адасушылықта айыптады. Олар тіпті, бір-бірін күпірлікте айыптап, өзара төбелестер мен қанды соғыстарға дейін барды. Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) ол туралы: «Менің үмметім жетпіс үш топқа бөлінеді, әрбір топ Тозақта, тек біреуінен басқа», - деді. Одан: «Ей Аллаһтың елшісі, ол құтылған топ кімдер?», - деп сұрады. Сонда ол: «Бұл менің және менің сахабаларымның жолын ұстанғандар», - деп жауап қатты30. әт-Тирмизи 2641, әл-Хаким 1/128.



Кейінгі ұрпақ өкілдері барлық адамдарды мазхаб ұстануға мәжбүр ету үшін Қасиетті мәтіндерді өзгертті, әрі бұрмалады, ал кейіннен өздері бытырап бөлінді

Ұлы Аллаһ Тағаламен ант етейін, мұсылмандар Исламды толыққанды, әрі шынайы ықыласпен ұстанған кезде, олар жеңіске жететін, талай елдерді бағындырып, ізгі халифалар мен олардың лайықты ізбасарлары секілді Иман туын биікке көтеріп желбіреткен еді! Ал мұсылмандар Аллаһтың - әлемдердің Ұлы Раббысының бұйрығын өзгерткен кезде, Ол да оларға дәл солай жауап берді – олардың берекесін алып, биліктен айыру арқылы ортақ бір мемлекетін құлатты! Осындай нәтижеге жеткізетіні туралы көптеген Құран аяттары куәлік етеді31.

Олардың ішінде көптеген нәрселер Исламға енгізіліп кетті, соның ішінде белгілі бір мазхабқа соқыр еріп, фанаттық күйде оны ұстану қажет, тіпті олар белгілі бір мәселеде адасып жатса да деген пікір. Міне, бұл мазхабтар бидғат болып табылады! Бұл мазхабтар ислам үмметінінің алғашқы үш ұрпақтарының уақытынан кейін пайда болып, оған енгізілген екендігі еш күмән туғызбайды. Тағы бір бізге мәлім нәрсе – бұл адамдар діннің бір бөлігі деп ойлайтын әрбір бидғат адасушылық32!

Біздің ізгі ата-бабаларымыз тек Құран мен Сүннетті, солар нұсқаған нәрселерді және де үмметтің барлық ғалымдары бірауызды келісімі (иджма’) нұсқаған нәрселерді қатты ұстаған. Дәл солар шынайы мұсылман еді, Аллаһ оларды Өз Мейіріміне алсын, Аллаһ оларға разы болсын, Аллаһ бізді олардан болуымыз нәсіп етсін, Аллаһ бізді солардың қатарында бірге тірілуімізді нәсіп етсін! Алайда, «мазхабизм» деп аталып жүрген нәрсе тараған кезде, байырғы бірлік ыдыраушылыққа түсті. Біреулері басқаларын адасушылықта айыптады, керек десеңіз, мысалы ханафилерге шафиғи имамның артынан намаз оқуға болмайды деген сықылды фәтуәлар шығарылды33! Төрт имамның барлық ізбасарлары суннит екендігі тек сөз дәрежесінде ғана қолданылды, ал іс жүзінде тіптен олай болмай, істері сөздеріне қайшы келді.

«Мазхабизм» деген бидғаттың қандай сорақы жағдайға әкелетінін Меккедегі әл-Харам мешітінде төрт имам тұратын орынның (мәқам) көтерілгендігінен-ақ байқауға болады34! Мұсылман қауымының бірлігі ыдырады, әрбір «мазхабшы» намаз оқу үшін өз мазхабының жамағатын іздеді! Сонымен, осындай бидғаттың көмегімен Ібіліс өзінің діттеген мақсатына жетті, ал бұл – мұсылмандардың бытырап, бөлінуі.

Мұндай жамандықты тоқтату үшін Аллаһтан көмек сұраймын.


Адам қайтыс болғаннан кейін қабірде қандай мазхабқа немесе қандай тариқатта болғаны туралы сұралады ма?

Әй саналы, әрі салиқалы мұсылман, мен сен сұраймын! Адам баласы қайтыс болған соң қабірде немесе Қиямет Күні қай мазхабта болғаны туралы сұралады ма? Немесе адам қандай тариқатта болғаны туралы сұралады ма? Аллаһпен ант етемін, бұл туралы сенен сұралмайды! Керек десеңіз, белгілі бір мазхаб пен белгілі бір тариқатта болғаның үшін жауапқа тартыласың! Мұның барлығы «Аллаһтан басқа монахтарды мен пірадарларды Раббы ретінде» алғандақтық болып табылады, себебі жекеленген мазхабтар мен танымал тариқаттар – тек діндегі бүлік пен бидғат екені шүбәсіз. Ал әрбір бидғат пен әрбір жаңалық – бұл адасушылық!

Әй адам баласы, сенен Аллаһ пен Оның елшісіне (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) иман келтіру туралы сұрайды, себебі бұны бұйырған Ол! Осы иманға сай амалдар туралы сұрайды. Ал өзіңе белгілі бір мазхаб пен тариқат таңдау – бұл иманға еш сай келмейтін әрекет. Құран мен Сүннеттен ілімі бар адамдар қасыңда бола тұра, сен неге білім алуға талаптанбадың деп сұрайды. Егер сен белгілі бір мәселені шеше алмасаң, онда Құран және Сүннетке ол мәселені қайтаруың керек еді. Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын), біздің мырзамыз Мұхаммед пайғамбардың әкелген Исламның талабы міне, осы.

Ей мұсылман! Өзіңнің дініңе қайт: Құран мен Сүннетке және ізгі ата-бабалардың (сәләф) мен имамдардың бірауызды келісіміне сәйкес Аллаһқа құлшылық қыл! Міне, осыда ғана құтылу мен бақытқа жету бар!

Мұсылман бол, бірқұдайшыл бол, Аллаһтан басқа ешкімге құлшылық қылма, Аллаһтан басқа ешкімнен дұға сұрама, Аллаһтан басқа ешкімнен қорықпа! Әрбір мұсылманға бауыр бол, өзіңе не тілесең, оларға да соны тіле!

Әт-Тирмизи өзінің хадистер жинағы «ас-Сунан» кітабында әл-‘Ирбәд ибн Сәрияның сөзін жеткізгені бізге жеткілікті. Ол бір күні таң намазынан кейін Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға бір уағыз айтты, ол уағыздан біздің көздерімізге жас келіп, жүректеріміз тітіркенді. Сонда бір адам: «Бұл қоштасушы адамның уағызы ғой! Әй Аллаһтың елшісі, бізге не өсиет етесіз?», - деп сұрады. Сонда ол: «Мен сендерге тақуа болуларыңды, сондай-ақ тіпті егер эфиопиялық құл сендерді басқарса да, оны тыңдап, оған бағынуларыңды өсиет етемін. Араларыңда кімде-кім ұзақ өмір сүрсе, онда көптеген келіспеушіліктерді көреді. Сондықтан бидғаттан сақтаныңдар, себебі олар – адасушылық! Араларыңда кімде-кім сол уақытқа дейін өмір сүретін болса, онда менің Сүннетімді және ізгі халифалардың сүннетін азу тістеріңмен жабысып ұстаныңдар!»35 Әбу Дәуд 4607, әт-Тирмизи 2676, Ибн Мәджәһ 43, 44, әд-Дәрими 1/44.

Демек, егер жағдай осындай екені белгілі болса, онда барынша тақлидтен сақтану қажет, себебі әрбір мәселеде белгілі бір мазхабқа еруге ұмтылған адам, көптеген сахих хадистерге амал етуден бас тартатынына еш күмән жоқ, ал бұл – сөзсіз адасушылық. Дәл осы себепті ханафи мазхабы мен басқа да мазхабтардың көптеген зерттеушілері белгілі бір мазхабты ұстану міндетті емес деп мәлімдеген. Мысалы, әл-Кәмәл ибн әл-Хумәмнің «әт-Тахрир» кітабы мен Ибн ‘Абидиннің (х.ж. 1203 ж. қайтыс болды) «Радд ‘ал-мухтар» кітабының бас жағында осы туралы жақсы айтқан. Белгілі бір мазхабты ұстану міндетті деген тұжырымның ешқандай негізі жоқ.

Мазхабты ұстану міндетті деген тұжырым – саяси қитұрқы болып табылады

Шынында, мазхабты ұстану міндетті дейтін тұжырым қоғамдағы тарихи өзгерістер мен психологиялық аспектіге негізделген түбегейлі саяси себеп болып табылатындығы кез-келген тарихтан хабары бар, ақылы бар адамға құпия емес. Әрі қарай осы тарихтан сәл-пәл сыр шертсек. Біздің міндетіміз – ақиқатты білу және соған сай амал ету.


Міндетті түрде еру керек болған шынайы мазхаб – бұл біздің пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) ілімі екенін біл! Тек ол ғана имам әл-ә’зам (ұлы имам)36, оған ғана барлық нәрседе еру керек. Одан кейін ізгі халифтердің ілім жүреді, Аллаһ олардың барлығына разы болсын. Мұхаммедтің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жолынан басқа жолға еруге бізді ешкім міндеттей алмайды, тек қана оның жолы!!! Аллаһ Тағала былай дейді: «Сендерге Пайғамбар не берсе, алыңдар! Неден тыйса, одан тыйылыңдар» (әл-Хашр сүресі, 7 аят).

Ал пайғамбарымыз (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деп (жоғарыда келтірілді) өсиет айтты: «Менің Сүннетімді және ізгі халифтердің сүннетін ұстаныңдар!»

Имамдардың ешқайсысы - Әбу Ханифа болсын, Мәлик болсын, өз шәкірттеріне ешқашан былай деп айтпаған: «Тек менің ғана пікірді ұстаныңдар»37, сондай-ақ олардың жолымен жүруге ешкімді міндеттеген жоқ. Керек десеңіз, тіпті имамдардан да бұрын болған Әбу Бәкр мен ‘Умар, Аллаһ оларға разы болсын, сияқты мұсылман ғалымдары мұндай нәрсеге ешқашан шақырмаған, керісінше олар мұндайды – тыйым салған еді. Егер жағдай осылай болса, онда мына мазхабтар қайдан пайда болды? Олар неге жұртшылыққа таралып, мұсылмандардың мойнына артылып қойылды? Ойлан, бұл мазхабтар Исламның ең жақсы ғасырларынан кейін пайда болып, жұртшылыққа таралды. Ал оны әділетсіз, әрі надан басшылар мен адасушылыққа түскен ғалымдар адамдардың мойнына артып, міндеттеп қойды.

Әд-Дахләуидің «мазхаб – бұл бидғат» тұжырымы

Танымал ғалым Уәлию-Ллаһ әд-Дахләуи (х.ж. 1176 ж. қайтыс болды) өзінің «әл-Инсаф» еңбегінің 68 бетінде былай деп жазады: «Хиджраның бірінші және екінші ғасырларында адамдар «тақлид» пен белгілі бір мазхабқа еліктеу деген нәрсені білмеді, өйткені ол уақытта мазхаб болған жоқ екенін біл! Бұл туралы Әбу Талиб әл-Мәкки «Қуут әл-кулюб» кітабында былай деді: “Құран мен Сүннет негізінде емес, керісінше адамдардың көзқарасының негізінде үкім шығару, мазхаб бекіткен шекарадан аспай адамдарға фәтуә беру, белгілі бір адамның пікірін таңдап алып, басқа адамдарға соны таңу, белгілі бір мазхабтың негізінде дінді тану... Бірінші және екінші ғасырларда Ислам әлемінде бұлардың бірде-біреуі болмаған!”

Содан кейін кейбір өзгерістер басталды, бірақ оған қарамастан, белгілі бір мазхабтың жолымен ғана дінді үйрену болмағаны сияқты төртінші ғасырда да ессіз еру әлі толықтай тарай қойған жоқ еді, сондай-ақ белгілі бір мазхабты адамдарның мойнына артып қою да болмады. Бұл факт Ислам тарихын жүйелі түрде өте мұқият зерттеулерден соң анық болды. Міне, сол ғасырларда адамдар екі топтан ғана тұрды: ғалымдар және қарапайым халық. Дінді үйрену кез-келген адамға қолжетімді еді. Мысалы, қарапайым адамдар дәрет, намаз, зекет және тағы басқа мәселелердің ережелерін тікелей өзінің тұрғылықты жеріндегі ғалымдардан немесе аталарынан үйренді. Ал егер ерекше жағдай болып, бір сұрақ туындаса, онда кез-келген білімді адамнан сұрап ала беретін еді, мұнымен бірге оның мазхабы сұралмайтын. Ибн әл-Хумәм өзінің «әт-Тахрир» кітабында былай деп жазады: «Олар (төртінші ғасырдың адамдары) өздерінің сұрақтарын бір мазхабтың муфтийін іздемей-ақ, алдымен бір ғалымға, кейін басқа ғалым қойа беретін еді!»

Сонымен қатар, шейх әд-Дахләуи өзінің «Худжәту-Ллаһи әл-бәлиға» 1/153-155 кітабында Ибн Хазмнің (х.ж. 456 ж. қайтыс болды) сөздерін келтіреді: «Тақлид – тыйым салынған (харам)! Пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) пікірінен басқа дәлелмен бекітілмеген біреудің пікірін қабылдауға ешбір адамға рұқсат етілмейді! Бұл туралы Аллаһ Тағала айтады: «Раббыларыңнан сендерге түсірілгенге бой ұсыныңдар да, Одан өзгені дос тұтып ілеспеңдер!» (әл-Ә’раф сүресі, 3 аят).



Сондай-ақ Ол тағы былай деді: «Аллаһ түсіргенге бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз» деді» (әл-Бәқара сүресі, 170 аят).

Ал тақлид қылмағандарды Аллаһ Тағала қолдап былай деді: «Сондай сөзге құлақ салып, сонда оның ең көркеміне ілесетіндер, міне солар – Аллаһ өздерін тура жолға салғандар. Міне солар, ақыл иелері» (әз-Зумәр сүресі, 18 аят).

Онымен қоса Аллаһ Тағала тағы былай дейді: «Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаһқа, Ахирет Күніне иман келтірген болсаңдар» (ән-Ниса сүресі, 59 аят).

Аяттан көріп тұрғанымыздай, Аллаһ Тағала егер таласқа түссек, онда Құран мен Сүннеттен басқа ешнәрсеге жүгінуге бұйырған жоқ. Демек, адамдардың пікіріне жүгіну – бұл харам, өйткені бұлар Құран да емес, Сүннет те емес. Бір адамды өздерінің арасынан таңдап алып, барлық таласты мәселелерде оған ғана жүгінуге тыйым салынғандығына байланысты сахабаларды иджмә’сы (бірауызды келісім) болғаны туралы сенімді хабар жеткен. Дәл солай табиғиндердің – ең біріншісінен бастап, ең соңына дейін, иджмә’сы бар, одан кейін – табиғиндердің шәкіртерінің иджмә’сы.

Әбу Ханифаның сөздерінен өзінің дінін жасап алып, басқа ғалымдарға қарамастан, тек сонымен ғана шектелген адам білсін! Имам Мәлик немесе әш-Шәфи’и немесе Ахмадтың сөздерінен өзінің дініп жасап, басқа ғалымдарға қарамастан, тек сонымен шектеле отырып, Құран мен Сүннетте келген нәрсеге сүйенбеген әрбір адам білсін! Ол Исламның ең жақсы заманындағы барлық мұсылман ғалымдарының – алғашқы үш ұрпақтың иджмә’сын бұзғанын білсін! Бұл адам ешқашан еш жерден өзіне сылтау немесе алғашқы мұсылмандардан мысал келтіре алмайды! Сондықтан, мұндай адам иман келтіргендердің жолында емес. Мен Аллаһтан мұндай жағдайдан сақтауын сұраймын! Бұған қоса, ғалымдардың өздері тақлидті теріске шығарғаны бәрімізге мәлім, демек тақлид қылушылар тіпті өздерінің имамдарына қарсы шығып тұр!»

Сонымен бірге, осы айтылғандармен қатар имам әл-‘Изз ибн ‘Абду-Ссәләмнің «Қауә’ид әл-әхкәм фи мәсалих әл-әнәм» кітабында және шейх Салих әл-Фуләнидің «Ийқаз әл-химәм» деген кітаптарынан қызықты мәліметтер таба аласыз.

Муққалидтер қандай фанатизм мен ынтамен өз мазхабтарының үкімдеріне жабысатынына қатты таң қалуға болады! Мысалы, кейбіреулер мазхабының бір үкіміне соқыр ереді , тіпті оның сүйенген пікірі дәлелге негізделмеген, әрі дұрыс пікірге қайшы келсе де. Тіпті, олар Аллаһтың елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) ізінен ергендей осы қате пікірге соқыр ілеседі. Ал мұндай нәрселер ақиқатқа анық сай келмейді, әрі сау санаға сыймайды.

Біз талай рет көзімізбен де, өзіміздің тәжірибемізден де байқағанымыз: муқаллидтер өз имамдары қателесуі мүмкін емес, олардың айтқаны – бұл еш күмәнсіз ақиқат деп есептейді!38 Муқаллидтің жүрегінде өзінің имамын ешқашан тастамаймын деген сенім болады, тіпті егер оның пікірін жоққа шығаратын дәлел әкелсе де. Мұндай құбылыс келесі айтылған хадиске сайма-сай келеді. Әт-Тирмизи (х.ж. 279 ж. қайтыс болды) және де басқа ғалымдар ‘Ади ибн Хәтимнің сөзін жеткізеді: “Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мына аятты оқығанын естідім: «Олар (яћуди, христиандар) ғалымдары мен машайықтарын Аллаһтан өзге Раббы ретінде алды» (әт-Тәубә сүресі, 31 аят). Сонда мен: “Ей Аллаһтың елшісі, христиандар мен яһудейлер оларға құлшылық қылмайды ғой!”, - дедім. Пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай жауап қатты: «Шынында, олар бір нәрсені рұқсат етсе, олар да оны рұқсат деп санады, ал егер бір нәрсені тыйым салса, олар да мұны тыйым салынған деп санады. Оларға құлшылық етті дегеніміз міне, осы»”. Әт-Тирмизи 5/278, әт-Табәри 10/81, әл-Бәйхақи 10/116. Шейхул-Ислам Ибн Тәймия мен шейх әл-Әлбәни хадисті жақсы деді.


Аллаһ елшісінен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) басқа біреудің жолын ұстанған әрбір адам білімнен жұрдай адасқан болып есептеледі

Әй мұсылмандар! Егер біз Аллаһ Тағала бағыныңдар деп бұйырған, күнәсіз Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадисінен хабарымыз бола тұрып, белгілі бір адамның мазхабына еретін болсақ, онда бізден асқан әділетсіз кім бар, әрі әлемдердің Раббысының алдында тұратын Күнде кешірімге үміт ете аламыз ба?! Егер кімде-кім Аллаһ елшісінен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) басқа біреудің пікіріне фанаттық түрде беріліп, әрі басқа имамдардың пікірін теріске шығара отырып, тек оның ғана пікірі еруге лайықты ақиқат деп есептейтін болса, онда ол адам – білімнен жұрдай адасқан, тіпті тәубеге келу керек болған кәпір де болуы мүмкін. Егер ол тәубеге келсе, онда жақсы, ал келмесе, онда ол құрыды. Себебі егер бұл кісі адамдардың барлығы белгілі бір нақты адамға еруі тиіс, тіпті ол имамдардың бірі болсын, деп ойлайтын болса, онда оны пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) дәрежесіне қойған болып есептеледі, ал бұл – күпірлік (куфр)!

Сауатсыз мұсылман адам ғалымдардың біреуін жекелемей оның артынан еруіне болады, тіпті ол Зайд немесе ‘Амр болса да.

Ал егер мұсылман адам барлық имамдарды құрметтеп, Сүннетке сай келгенін кез-келгенінен қабылдайтын болса, онда ол адам өте дұрыс істеп жатыр. Егер адам ертедегі имамдарды, мәселен табиғиндерді теріске шығара отырып, белгілі бір нақты имамға фанаттық түрде еретін болса, онда ол адам тек бір ғана сахабаның артынан еріп, басқа сахабаларды жоққа шығарған адамға ұқсайды. Дәл осылай рафиди-шиалар, нәсыбилер мен хауәридждер істейді. Дәл осылай бидғаттың жақтаушылары мен өз көңіл-қалауларына ергендер жасайды, ондай адамдардың терістелген, әрі ақиқаттан алыс екендігіне Құран, Сүннет пен иджмә’ның дәлелі бар.

Шейхул-Ислам Ахмад Ибн Тәймия (х.ж. 728 ж. қайтыс болды), Аллаһ оны Өз Мейіріміне алсын, өзінің фәтуәларында былай дейді: “Егер адам ғалымдардың біріне ерсе, мысалы, Әбу Ханифа немесе Мәлик, әш-Шәфи’и немесе Ахмадқа, Аллаһ оларды Өз Мейіріміне алсын, сондай-ақ белгілі бір мәселеде басқа имамның мазхабы дұрысырақ екенін көріп, оған ерсе, онда ол дұрыс істеді және бұл ісі оның иманы мен адамгершілігіне еш кері әсер етпейді. Керісінше, мұндай әрекет пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) басқа, белгілі бір адамның соңынан соқыр ілесетіндерден гөрі жақсырақ, әрі ақиқатқа жақын және Аллаһ пен Оның елшісіне (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) ұнамдырақ. Бұған мысал ретінде Әбу Ханифаға соқыр ілесетіндерді келтіруге болады, олар тек оның ғана мазхабы ақиқат және оның соңынан міндетті түрде еру керек деп есептеп, қалған кейбір мәселелерде оның мазхабымен сәйкес келмеген басқа имамдардың мазхабына ермеу керек деп санайды. Дәл осылай ойлайтын адам – надан (джәһил), бәлкім кәпір де болуы мүмкін, Аллаһ бізді бұдан сақтасын!”

«Әл-Иқнә’» кітабына түсіндірмеде автор былай дейді: «Белгілі бір мазхабты ұстану міндетті, әрі басқа мазхабтардан бір нәрсе болса да қабылдамауға тыйым салынуына келер болсақ, онда біздің ғалымдарымыздың баршаға таралған пікірі – аталмыш көзқарасқа қарама-қайшы пікір болып табылады. Біздің ғалымдардың көпшілігі ешкімге белгілі бір мазхабқа еруді міндетті деп есептемейді және Аллаһ пен Онын елшісіне (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) қарсы келіп, белгілі біреудің артынан ілесуге рұқсат етілмейді. Аллаһ Тағала әрбір адамға барлық жағдайда тек Өзінің елшісі Мұхаммедке (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бағынуды бұйырды ғой».

Шейхул-Ислам Ибн Тәймия айтады: «Кімде-кім белгілі бір имамға соқыр еруге міндеттесе, ол тәубеге келуі тиіс, әйтпесе ол өлім жазасына кесілу керек39, себебі бұл Аллаһтың заң орнатуына араласу болып табылады, ал бұл болса, тек Аллаһтың ғана ерекшелігі – шариғатты орнату (таухид әр-рубубия)».


жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау