Мұсылман адам төрт мазхабтың біреуін ұстануы міндетті ме?


Ақиқат тек бір ғана адамның пікірімен шектелмейді, тек Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) пікірі ақиқат болып табылады



жүктеу 1,28 Mb.
бет5/8
Дата20.05.2018
өлшемі1,28 Mb.
#15239
1   2   3   4   5   6   7   8

Ақиқат тек бір ғана адамның пікірімен шектелмейді, тек Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) пікірі ақиқат болып табылады

Төрт имам муқаллидпен ортақ ешнәрсесі жоқ, ал ол имаммен ортақ ешнәрсесі жоқ, себебі ол бидғатшы (мубтәди’), өз көңіл-қалауының ізбасары, өзі адасқан және өзгелерді де адастырады. Бұда мұсылман адам еш күдіктейбейді. Бүкіл ақиқат бір ғана адамда болмайды, бір ғана адамның пікірінде болмайды, тек елшіліктің иесі, біздің мырзамыз Мұхаммед (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбардан басқа. Бүткіл ақиқат оның елшілігінде.

Егер әділетті адам осы сұрақ төңірегінде сәл-пәл ой жүгіртсе, оған тақлид пен белгілі бір имамның мазхабына еш дәлелесіз еліктеу – ұлы надандық және үлкен бақытсыздық екендігін түсінеді. Сонымен қатар, бұның барлығы – көңіл-қалаулары мен фанатизмнен басқа ешнәрсе емес. Бүкіл имам-муджтәһидтер бұған қарсы болған, олардың барлығы өздерінің сөздерімен еш дәлелсіз еліктеуді жоққа шығарған49. Кімде-кім дәлелдің ізімен жүрсе, онда өз имамының, әрі басқа да имамдардың ізімен жүргені, демек Құран мен Сүннеттің жолымен жүргені. Осылай істеу арқылы ол өз имамының ақидасын өзгерпейді. Өз имамының және басқа да имамдардың ілімінен, тек дәлелге қайшы келетін пікірге соқыр ілесіп, қасарысып тұратын адамдар ғана бас тартады, себебі егер әлгі ғалымға сенімді хадис жеткенде, ол өз пікірінен қайтып, хадиске ерер еді. Осылайша, кімде-кім тақлидтің жолында қасарысып тұрып алса, онда ол күнәһар болып табылады, өйткені ол өз көңіл-қалауларының жетегінде жүріп, Аллаһ Тағала мен пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзінен бет бұрды. Міне, осындай жағдайда ол имаммен байланысы үзіліп, өзінің көңіл-қалауы мен шайтанның сыбайласы болады: «Өз көңіл-қалауын тәңір қылып алғанды көрдің бе? Аллаһ оны білім негізінде адастырды және құлағы мен жүрегін бітеп, көзіне перде тастады» (әл-Джәсия сүресі, 23 аят).

Оның жүрегінде иман сәулесі өшті. Аллаһ Тағала бізді тура жолға салғаннан кейін адастырмасын!

Әр-Раби’ ибн Сулеймән әл-Джийзи айтады: «Бір күні әш-Шәфи’иге, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, бір кісі келіп, сұрақ қоя бастады. Ал имам (жауаптың орнына) былай деді: «Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұл мәселеге байланысты былай, былай деп айтқаны жеткізіледі». Сонда сұраушы: «Сіз де солай деп есептейсіз бе?» - деді. Сол кезде әш-Шәфи’и ашудан дірілдеп кетті де, беті қатты қызарған күйде былай деп айқайлады: «Әй, саған қасірет болсын! Егер мен пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір нәрсе жеткізіп және өзім онымен келіспесем, онда мені қандай жер көтереді, қандай аспан мені жасыра алады? Йә, менің де саған жауабым дәл хадисте айтылғандай!» Ол өзінің бірінші сөзін тағы қайталады.

Біл, көптеген адамдар қасіретте, тек аз ғана бөлігі одан аман қалады. Егер кімде-кім өзінің қасіретіне және табысына қарағысы келсе, өзінің амалдарын Құран мен Сүннетпен салыстырып қарасын. Егер оған сәйкес келсе, онда адам табысқа жетті, ал егер оған қарсы келсе, онда ол адам зиянда және оның өмірі қызығуға тұрарлық емес. Аллаһ Тағала бұл туралы бізге хабар беріп, уақытпен ант етті – барлық адамдар қасіретте, тек өзінде төрт қасиетті жинаған адамдардан басқа50.

Егер сен ауада ұшып жүрген немесе судың үстімен жүріп бара жатқан адамды, я болмаса ғайыптан (көмес) хабар беретін, бірақ сонымен бірге шариғатты бұза отырып, тыйым салынғанды істеп, міндеттелген нәрселерді тастайтын адамды көрсең, онда біл, ол – надандарды азғыруға бағытталған шайтан. Мұндай жағдай Аллаһ Тағала адасқандарға орнатқан алыс емес жол. Мысалы, шайтан адамның қан тамырларында қозғалады, ал Дәджәл өлтіре де, тірілте де алады, аспаннан жаңбыр жаудыртады – бұның барлығы адасқандар үшін азғыру болып табылады! Осы айтып отырғанымыз жыланды жұтып, оттың ішіне кіре алатындарға да қатысты.

Әш-Шә’рани өзінің «әл-Мизан» кітабында Әбу Дәуд жеткізді деп айтады: «Мен имам Ахмадтан кімге ерген жақсырақ: әл-Әуза’иге ме әлде Мәликке ме? - деп сұрадым» Сонда имам Ахмад былай жауап берді: «Өзіңнің иманыңды екеуіне де еліктейтін қылма. Аллаһ елшісінен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын), оның сахабаларынан, Аллаһ оларға разы болсын, содан кейін табиғиндерден жеткен нәрсені қабылда. Маған да, Мәликке де, Әбу Ханифаға да, әш-Шәфи’иге де, әл-Әуза’иге де, әс-Сауриге де еліктеме, Аллаһ оларды Өз мейіріміне алсын, тек олардың алған қайнарлардан ал! Белгілі бір адамның соңынан соқыр еру – адамның сауатсыз екендігін көрсетеді».



Аса маңызды ескерту

Ғалым-муджтәһидтің түсіндірмесі мен оның пікірі – бұл ешқандай да Аллаһтың заңы да емес, үкімі де емес!51 Егер ол Аллаһтың заңы болғандаа, онда Әбу Юсуф пен Мухаммад (Әбу Ханифаның шәкірттері) Әбу Ханифаның пікірі мен түсіндірмесінен бас тартуларына рұқсат етілген болар ма еді? Міне, сондықтан имам Әбу Ханифа былай дейді: «Бұл менің пікірім, ал егер басқа біреуді күштірек пікір болса, мен оны қабылдаймын». Басқа да имамдар дәл осылай айтатын: «Біз осындай пікірге келдік. Кім қаласа, қабылдасын, ал кім қаламаса - қалдырсын». Мен (әл-Мә’суми) осыған байланысты белгілі бір имамға соқыр еліктейтін адамнан былай сұраймыз деп айтамын: «Неге басқа көптеген ғалымдардың ішінен дәл оны таңдап алдыңдар?» Өз замандастарының ішінде ол ең жақсы білген, ал оның абыройы оған дейінгі болғандардан асып түсті деп жауап берсе, онда мен оларға қарсыласып былай деймін: «Сен қайдан білдің? Сен ешқандай ғалым емессің ғой». Қалайша сен оны өз заманының ең білімдісі деп куәлік етесің? Мұндай тақырыптарды тек барлық мазхабты зерттеп, олардың дәлелдерін, қайсысы күштірек, қайсысы әлсіздеу екенін білетін адамға ғана тексеріп анықтай алады. Халықта айтады ғой: «дирхемнің есебін соқыр қайдан білсін?!» Егер сен ең білімдіге еруге ұмтылсаң, онда Әбу Бәкр, ‘Умар, ‘Усман, ‘Али, Ибн Мәс’уд, Аллаһ оларға разы болсын, жеткілікті емес пе? Сенің таңдаған имамыңнан гөрі олар білімдірек қой! Бұл жөнінде мұсылмандар бірауыздан келіскен.

Біз муқаллидке былай дейміз: «Сендер еліктейтін, әрі сөздерін Заң Шығарушының мәтіндерінің дәрежесіне жоғары қойған таңдаулыларың пайда боламын дегенше адамдардың діні қандай болған?» Ах, егер олар осымен шектелсе еді! Сендер Заң Шығарушының мәтіндерінен басқа оны еруге лайықты етіп алдыңдар ғой. Сонымен, аталмыш имамдар пайда боламын дегенше адамдар тура жолмен жүрді ме әлде адасушылықта болды ма52? Муқаллид: «адамдар тура жолда жүрді» деп жауап беруі тиіс.

Онда біз оған айтамыз: ал сол адамдар Құран мен Сүннет және сахабалардың әрекеттерінен басқа бір нәрсе иемденді ме? Олар ең бірінші орынға осыларды қойып, қалған оған қарсы келетін нәрсенің барлығын кейінге қалдырмады ма? Олар бір нәрседе таласса, оның шешіміне сүйенбеді ме? Демек, егер міне осы тура жол болса, одан басқа жол іздеп не қажеті бар? Аллаһ Тағала Құранда: «Ақиқаттан кейін адасудан басқа не бар?» демеді ме? (Юнус сүресі, 32 аят).

Кез-келген муқаллидтер тобы өзінің жетекшісі ретінде алып, кейін өздерінің кумиріне айналдырған адамынан артық ешкім болмас үшін сахабалар, табиғиндер мен барлық ислами ғалымдардың биік дәрежесін құртуға тырысады. Муқаллидтер оларға қатысты не істемеді десеңізші: өздерінің кумирлерінің пайымдауларына қайшы болған кезде, сондай-ақ сөздері қабылданбай, фәтуәлары қарастырылмай, әрі оларға қарсы теріске шығарылғанда және сөздері қолданылмаған шақта, олар өздерінің кумирлерінің дәрежесін көтеруге кірісті53.

Олар иман негіздері мен тіректерін қираған үйіндіге айналдыра жаздады, бірақ олардың дегені болмады. Аллаһ Тағала бұл дінді әрдайым қорғап, оны жақтайтын адамдар болатынын уәде етті. Сахабалар, табиғиндер мен қалған барлық ғалымдардың атақ-абыройын құрметтемей, олардың түсіндірмелері мен сөздерін қолданбай, әрі олардың қақысын таптайтын адамның иманынан төмен басқа кімнің иманы төмен болуы мүмкін? Олардың орнына, кейінгі ғасырлардағы біреуді алады да, кумирге айналдырып, оның діни түсінігі мен түсіндірмесімен шектеледі!

Сен мынаны біл – «фәқиһтердің сөздері мен олардың пайымдауларын қолдану – бұл тек су жоқ кезде ғана қолдануға болатын таяммум секілді. Егер белгілі бір мәселеде Құран, Сүннет және сахабалардың сөздері тура бір мағыналы мәтінде келсе, онда бұл мәтіндермен қолдану міндетті (уәджиб) болып табылады және белгілі бір ғалымның сөзіне бола олардан бас тартуға рұқсат етілмейді!»54 Дегенмен, қазіргі кездегі муқаллид-еліктеушілер қолдарында су бола тұра, топырақпен сүртініп жүр. Мұндай жағдайда олардың таяммумы дұрыс емес. Себебі, оның қолында су бар ғой!

Соқыр еліктеушілер өздерінің кейінгі уақытта пайда болған жетекшілерінің пікірімен ғана шектеліп, Исламның алғашқы ғасырларындағы әл-Бухари, Ибн әл-Мубәрак, әл-Әуза’и, әс-Саури және солардың замандастары сияқты ұлы имамдардың сөздерін тастайтынына таң қаламын. Тіптен одан да бұрын өмір сүрген Са’ид ибн әл-Мусайиб, Хасан әл-Бәсри, имам Әбу Ханифа, имам Малик және басқалары сияқты Исламның бұрынғы ғалымдарының пікірін білудің орнына, олардың пікірлеріне мән бермейді. Онымен қоймай, муқаллидтер Ислам үмметінің ең жақсы адамдары, әрі ең діни сауатты - Әбу Бәкр, ‘Умар, ‘Усман, ‘Али, одан кейін Ибн Мәс’уд және басқа да сахабалардың, Аллаһ оларға разы болсын, фәтуәларының орнына өз мазхабының жазушыларының пікіріне сүйенгенді артық көреді! Мына мазхабшылар кейінгі кезде пайда болған адамдардың сөздері мен фәтуәларын, мұсылман үмметінің алғашқыларының сөздері мен фәтуәларымен теңегені үшін Қиямет Күні Аллаһ Тағаланың алдында қалай жауап беретінін білмеймін. Ал егер олар тіпті мұсылмандардың алғашқы ғалымдарын тастап, соңғыларын айрықша құрметтесе қалай болмақ?



«Осы үмметтің алғашқылары жетістікке жеткен нәрседе ғана кейінгілер жетістікке жетеді»

Бұл ғажайып сөздердің иесі имам Мәлик, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын: «Осы үмметтің алғашқылары жетістікке жеткен нәрседе ғана кейінгілер жетістікке жетеді» деді. Алғашқы (әрі, ең жақсы) мұсылман өкілдері Құран мен Сүннет бұйрықтарын, сондай-ақ салиқалы сәләфтардың бірауызды келісімін қатты ұстанғаны еш күмән тудырмайды! Бірақ та мұсылмандар Аллаһ Тағаланың заңынан бас тартып, өзге біреудің заңымен жүре бастаған шақта Аллаһ Тағала оларды иман келтіргендерге беретін жеңістен айырды. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабында шынайы мұсылмандарға ондай жеңіс келетінін айтқан еді.

Қазіргі кезде біз көріп жүрген, осындай дәрежедегі соқыр сенім өкілдерін хиджраның бірінші ғасырында да, екінші ғасырында да көре алмайсың. Егер Ислам дінін бір ақылды адам немесе мәдениеттің жоғары деңгейіне жеткен халық қабылдады деп есептесек, онда ол не нәрсеге ерерін білмей, қандай ақида мен иман негіздерінің қандай кітаптарына сүйенерін білмей адасып қалар еді. Ислам – бұл шынайы сенім, ал барлық имамдардың ілімі, олардың әралуандығына қарамастан, тұтас бір білім, әрі олар бір-бірін толықтырып тұрады деп әлгі Дінді енді қабылдаған адамға сендіру өте қиын. Сондай-ақ Жапония жерінде болған жағдай секілді кикілжің болмас еді. Егер біз, мұсылмандар, Құран мен пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жолын қатты ұстансақ, онда біз кез-келген адамға өзіміздің дінімізді түсіндіруге оңай болар еді. Сонымен қатар, Ислам дінінде ешқандай қиыншылық пен күрделілік жоқ екенін, әрі шынайы иман бұрмаланбаған, оның ішінде ешқандай қарама-қайшылық жоқ екенін жеңіл түрде түсіндірер едік.

Егер түрлі фәқиһтердің пайымдауларын, олардың өзара келіспеушіліктері мен дәлелдерін қарасақ, мазхабшылардың кейбіреулері амал жасауда және фәтуә шығаруда сүйенбейтінін естіп қатты таңырқауға болады. Не себепті? Себебі баз біреу басқаша айтқандығынан. Көптеген адамдардың ішінде, оның үстіне, өмір баяны бізге белгілі55 бір ғана адамның айтқанын естіп, сенімді жолмен жеткен Сүннетті тастауға қалайша жеткілікті болмақ? Дәл, міне осы жерден біздің жағдайымыз бен дініміз, оның негіздерінің арасындағы байланыс үзіледі. Адам баласы сенім (‘ақида) мәселесінде болсын, құлшылық (‘ибәдәт) мәселесінде болсын – кез-келген мәселеде Аллаһ пен Оның елшісінен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) басқа ешкімге жүгінуге болмайтынын біл! Біз тағы да бір нәрсені жақсылап түсініп алуымыз қажет – діни ережелерді бекіту – бұл тек Жалғыз Аллаһтың ғана айрықша құзырындағы нәрсе және Одан басқа ешкімнен дін қабылданбайды. Міне, дәл осылай біз бірқұдайшылдықтың жақтаушыларына айналамыз, әрі өзіміздің иманымызды тек Жалғыз Аллаһқа ғана арнаймыз.

Бізге дәл осылай Аллаһ Тағала Өзінің анық Кітабында бұйырған болатын. Ал кімде-кім бұйрықтың шекарасын бұзса, онда Аллаһқа серік қосушылар мен қасіретке ұшыраушылардың қатарынан болады. Пәк, Ұлы Аллаһ Тағала былай дейді: «Сол уақытта ерілгендер (бастағандар), өздеріне ергендерден безеді. Сондай-ақ олар азап көрген кезде қарым-қатынастары кесіледі. Ал ерушілер: «Әттең! Бізге (дүниеге) қайтар күн болса, олар бізден безгендей, біз де олардан безер едік» дейді. Міне, осылай Аллаһ олардың істеген істерін өздеріне өкініш етіп көрсетеді. Сондай-ақ олар тозақтан ешқашан шықпайды» (әл-Бәқара сүресі, 166-167 аяттар).

Біл, бұл аят соқыр ерушілерді жер сілкінісінен де қаттырақ шайқалтып теңселтеді, себебі олар дін мәселесінде адамдардың сөздері мен пікіріне сүйеніп, жармасып айрылмайды ғой! Соқыр еліктеу сенім (‘ақида) мәселесінде болсын, құлшылық (‘ибәдәт) мәселесінде болсын немесе тыйым салынған (харам) және рұқсат етілгенде (халал) болсын – қандай діни мәселеде болса да бәрі-бір. Мұның барлығы тек Аллаһ пен Оның елшісінің (Аллаһтың оғана салауаты мен сәлемі болсын) сөздерінен ғана алынады.

Кейбір Құран тәпсіршілері жоғарыда келтірілген аят тек қана кәпірлерге қатысты деп мәлімдейді. Әрине, шынында, аталмыш аят кәпірлердің себебімен түсті. Алайда, осыған бола Аллаһтың ескертулерінің барлығын тек көпқұдайшыларға (мушрик), яһудейлер мен христиандарға қатысты деп мұсылмандарды Құраннан айыруға болмайды ғой, себебі мұндай тәпсірлеу аяттың тура мағынасынан ауытқиды. Міне, дәл осылай болып жатқандықтан, біз қазіргі таңда көптеген мұсылмандардың Құранның талаптарын дұрыс түсінбейтінін көріп отырмыз. Мұсылмандардың көпшілігі жай «Лә иләһә иллә-Ллаһ» куәлігін айту жеткілікті деп есептейді. Алайда, Тозақтан құтылу үшін бұл куәлік не нәрсеге шақырса, не нәрсе талап ететін болса, соны орындау қажет. Қарап отырсақ, бұл куәлікті көптеген екіжүзділер мен кәпірлер айта береді! Міне, сондықтан біз Құрандағы көпқұдайшылдардың (мушрик) түрлі амалдары, кәпірлердің сипаттары, олардың іс-әрекеттері тек олардың өздерімен ғана шектелмейді дейміз, өйткені біз де олардың қателіктері мен адасушылықтарын қайталамас үшін сабақ алуға тиіспіз56. Бір қосымша айта кететін жайт, мен осы аятқа байланысты «Бастаушылар өз ізбасарларынан безетіні туралы анық дәлел» деп аталатын лайықты еңбек дайындаған болатынмын. Ол еңбек, Аллаһтың көмегімен, Мысыр елінде жарыққа шықты. Аллаһ Тағала ақиқатқа ұмтылған мені де, сені де тура жолға салып жетелесін.

Аллаһтың діні мен Оның заңын өзгерткен кейбір ғалымдар туралы Фәхруддин әр-Разидің әңгімесі

Адамдар дінді бұрмалағанын, өзгеркенін және адасушылықты енгізгені туралы жоғарыда айтап өткенімдей, саған мысал ретінде өткен ғасырларда болған оқиғаны келтірейін.

Мәселенкей, Фәхруддин әр-Рази (х.ж. 606 ж. қайтыс болды) өзінің «Мәфәтихул-ғайб» 4/431 кітабында Аллаһ Тағаланың: «Олар өздерінің ғалымдары мен машайықтарын және Мәриам ұлы Исаны Аллаһтан өзге Раббы ретінде алды» (әт-Тәубә сүресі, 31 аят) деген аятты түсіндіріп былай деді: «Бір күні мен бір фәқиһтің мазхабына еретін бір топ муқаллидпен кездесіп қалдым, әрі оларға түрлі мәселелер бойынша Аллаһтың Кітабынан көптеген аяттар оқып бердім. Олардың мазхабы Құрандағы бұл аяттарға қайшы келгендіктен қабылдамады, әрі олар бұны тыңдаудан бас тартты! Мұның орнына, олар анық аяттарға сәйкес амал істеуге қайран қалғандай, маған қатты таң қала қарай бастады, себебі, олардың ойынша мұның барлығы ата-бабалары үйреткен нәрсеге қайшы келеді ғой! Егер сен осы тақырыпта өте мұқият ой жүгіртсең, онда көптеген мұсылмандар осындай адасушылыққа түсіп, індетке шалдыққанын байқайсың!»

Біздің уақытымызда да дәл осындай жағдай болып отыр. Мұсылмандардың көпшілігі белгілі бір шейхті таңдап алады да, оған діннің барлық мәселелерінде еліктей бастайды: сенім жүйесінде де, құлшылықта да, тыйымдар мен рұқсат етілген нәрселерде де және т.б. Сондай-ақ, олар бұл шейхтің айтып тұрғаны рас па, жоқ па әлде оның сөздері Құран мен Сүннетке сай ма, жоқ па – бұл мәселеде тіптен қызықпайды. Мүмкін, тіпті оның сөздері өздерінің мазхабына да сай келмейтін шығар, бәлкім тек өзінің айналасынан адамдарды қашыртып алмас үшін сол мазхабтың атын жамылып жүрген шығар? Ол өзін мазхабтың білгірімін деп, адамдардың сауатсыздығын пайдаланып, өзіне ыңғайлы көзқарастарды таратып жүрген де шығар.

Міне, бүгінгі күннің жағдайы осындай. Керек десеңіз, біздің жағдайымыз әр-Рази айтқан жағдайдан да төмен. Сондықтан, сақ бол! Сонымен қатар, бұл туралы шейх Мухаммад Рашид Рида өзінің тафсирі «әл-Мәнәр» 10/367 кітабында айтты.

Аталмыш автор өзінің Құран тәпсіріндегі ең алғашқы сүре «әл-Фәтиханы» түсіндіргенде көрсетілген жағдайларды мынадай тақырыпта баяндады: «Алғашқы сүре әл-Фәтиханың түсіндірмесіндегі ең анық дәлелдер». Ол кітап хиджра жыл санауы бойынша 1357 жылы Мекке қаласының типографиясында басылып шықты.




Имам әл-Ә’зам (ұлы имам) – бұл тек Аллаһ елшісі ғана (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын)

Танымал ғалым әз-Зубәйди өзінің «Шәрх әл-Ихйә» кітабында былай дейді: «Тек шариғатпен келген адамның артынан ғана соқыр еру міндетті екенін біл! Ал бұл Мұхаммед пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын)».

Ибн ‘Аббәс айтады: «Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзінен басқа, кез-келген адамның сөзі қабылдануы да, жоққа шығарылуы да мүмкін».

Тақлид (мазхабқа соқыр еру) мұсылман әлемін зақымдаған орасан зор бақытсыздық, арнайы жіберілген дерт сықылды. Қазіргі кезде өз ата-бабаларының дәстүрі мен шейхтарының сөздерінен Аллаһ пен Оның елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзін жоғары қоятын адамдар қаншалықты аз қалды екен? Біздің кезімізде шынайы түрде таухидті (бірқұдайшылдық) ұстанып, адамдарды соған шақырып және муқаллид-еліктеушілерге, адасқандар мен өтірік балгерсымақтарға қарсы барлық күш-қажырын жұмсап, Аллаһ жолында қасиетті джиһәд жасайтын адамдардың бар болғанына Аллаһқа сансыз шүкір. Таухидті тарату үшін біріккен мұсылмандардың саны күн санап артып келе жатқаны жүректі жадыратып қуантады. Олар Хиджазда да, Мысырда да, Суданда да, Ирактағы Синджарда да және басқа аймақтарда бар. Аллаһтан олардың ісін сәтті етіп, оларға жәрдем беруін сұраймын! Әмин!

Шейх Сыддық Хасан Хан өзінің «Фәтх әл-бәйән фи мәқасыд әл-Куран» кітабында Аллаһ Тағаланың: «Олар (яһудейлер мен христиандар) өздерінің ғалымдары мен машайықтарын және Мәриам ұлы Исаны Аллаһтан өзге Раббы ретінде алды» деген аятына былай түсіндірме жасайды: «Бұл аятта әрбір жүрегі тірі, есту қабілеті анық адамға бірмағыналы нұсқау бар – Аллаһтың дінінде тақлид жасаудан, әрі ата-баба сөзін Аллаһтың Кітабы мен тап-таза Сүннеттен жоғары қоюдан сақ болу керек! Шынында, осы үмметтің ғалымдарының бірінің мазхабына, тіпті Құран, Сүннет басқаша бұйырып тұрған кезде де, оған соқыр еру – бұл дәл яһудейлер мен христиандардың өз ғалымдары мен машайықтарын Аллаһтан өзге Раббы ретінде алғаны сияқты! Ал яһудейлер мен христиандар олардың алдында анық басын иіп, сиынған жоқ қой, олар бір нәрсені тыйым салса немесе рұқсат етсе, тек соған бағынды. Дәл сондай қателікті біздің үмметтің муқаллидтері қайталап жатыр. Айталық, осы екі үмметтің ұқсастығы, бір жұмыртқа басқа бір жұмыртқаға немесе бір құрма – басқа бір құрмаға, су – басқа суларға ұқсастығынан да артық ұқсайды.

Әй Аллаһтың құлдары, әй Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) ізінен ерушілер! Қалайша сендер Құран мен Сүннетті шетке ысырып, өздеріңнен асып түспейтін, дәл өздерің сияқты адамдардың жазғандарына ұмтыласыңдар? Құран мен Сүннет сендерді бар ынта-жігерімен шақырады, ал сендер ол шақыруды естімейсіңдер, ал жүректерің – түк ойланбайды! Сендер былай айтқан адамға ұқсайсыңдар: «Мен Ғизидің қарапайым тұрғынымын. Жергілікті тұрғындар дұрысталса, мен де дұрысталамын, ал адасса, олармен бірге адасамын...»

Сондықтан, мен сендерді қарапайым адамдар жазған кітаптарды тастап, өздеріңнің Раббыларың Кітабы мен Оның елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетіне қайтуларыңа шақырамын»57.

Құранның көптеген аяттарында бір мағыналы, әрі кесімді мынадай нұсқау бар: Аллаһ Тағала – діннің Заңын Бекітуші, ал елші (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) – осы Заңды адамдарға жеткізуші ғана:



«Сенен жеткізуден басқа ешнәрсе талап етілмейді» (әш-Шура сүресі, 48 аят).

«Бірақ елшінің міндеті жеткізу ғана» (әл-Мәидә сүресі, 99 аят).

«Саған – жеткізу ғана міндет» (әр-Ра’д сүресі, 40 аят).

Құран мен Сүннеттен алынатын дәлелдердің көмегімен бекітілетін діннің тіректерін былайша 3 топқа бөлсе болады:

1) сенім;

2) құлшылық салттары, оларды жалпылай түрі де, жете сипатталған түрі де: олардың уақыты, орыны, орындау тәртібі және қажетті саны;

3) діни тыйымдар.

Егер зерттелетін тақырыпта Құран мен Сүннеттен тікелей нұсқау болмаса, онда басқа қалған шариғат үкімдері иджтиһәдтің көмегімен бекітіледі. Бұған қоса, жасалынатын иджтиһәд барынша үлкен пайда мен игілікке жетуге ұмтылу қажет, сондай-ақ барынша зиянды мен бүкіл жамандықтан азайтуды қарастыруы тиіс («джәлб әл-мәсалих уә даф’ әл-мәфәсид» қағидасы).

Расында, Құран, Сүннет пен сәләфтардың сөздерінде бұған нұсқау өте көп!


Аллаһ Тағала тура жолмен жүруді бұйырады

Аллаһ Тағала бізге осы дүниеде тура жолмен жүруді бұйырды. Бұл жол Аллаһтың пайғамбарлары мен оларға түсірілген Кітаптар арқылы түсіндірілді. Аллаһ Тағала осы тура жол Оның Жәннаты мен мәңгілік рахат мекеніне апаратыны туралы хабар берді. Адам осы дүниеде бұл жолды берік ұстанса, Қиямет Күні Тозақтың үстіне төселген Сыратпен жүргенде оның қадамдары соншалықты нық болады. Дәл осы себепті, Аллаһ Тағала былай дейді: «Күдіксіз, Менің тура жолым осы. Енді соған еріңдер! Басқа жолдарға түспеңдер, өйткені олар сендерді Аллаһтың жолынан айырады. Аллаһ сендерге қорқуларың үшін осыларды нұсқады» (әл-Ән’ам сүресі, 153 аят).

Аллаһтың тура жолын іздеген адам міндетті түрде, оған басқа көптеген адамдар қарсы болатынын көреді. Осы тура жолда тұрған адам өзін жалғыз екендігін сезінетін кезге де жолығады. Міне, сондықтан Пәк, Ұлы Аллаһ Тағала тура жолда жүрген адамның жолдасы кім екенін былай баяндайды: «Аллаһ Тағала нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!» (ән-Ниса сүресі, 69 аят). Осыны білгеннен соң, тура жолды іздеуші мен ақиқи жолмен жүргендерде өзінің замандастары мен туыстарының арасында жалғыздық мен торығуды сезімінен құтылады. Сонымен қатар, әрбір ақиқат іздеушінің осы жолда жолдастары игілер екенін білсін. Сонымен бірге, әрбір ақиқатқа ұмтылушы тура жолдан ауытқыған адамдардың Аллаһқа бағынбайтындығына назар аудармасын. Олардың саны қаншалықты көп болса, соншалықты олар Аллаһтың алдында дәрежесі төмен. Кейбір салиқалы сәләфтардың мына сөздерін естеріңе алыңдар: “Тура жолға ер, міне сол кезде құтылғандардың санының азшылығы зиян әкелмейді. Адасушылық жолдарынан сақ бол, мына құрдымға ұшырағандардың санының көптігімен азғындыққа түспе!” Қараңыз: “әл-Әзкәр” 238.

Жалғыздықтан торыққан шағыңда, алдыңда өткен ізгі сәләфтарға көз сал, солардың қатарына қосылудың қамын ойлап, олардан басқа ешкімді елеме, себебі Аллаһтың алдында басқалары ешқандай пайда әкелмейді. Егер сен тура жолда жүрген кезіңде олар айқайлай бастаса, оларға бұрылып қарамай-ақ та қой, өйткені сен оларға бұрылсаң, олар сені бас алып ұстап алады да, сені барынша еліктіріп әкетуге күшін салады! Пайғамбарымыз (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) үтір намазының «құныт» дұғасында былай деп айтуды үйреткені бекерден бекер емес: «Ей Аллаһ! Өзің тура жолға салғандарыңмен бірге мені де тура жолға салып жүргізе гөр!» Әбу Дәуд 1425, әт-Тирмизи 464. Сенімді хадис.

Одан кейін, адам «ашуға ұшырағандар» мен «адасқандардың» жолынан сақтануы тиіс.


жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау