Мұсылман адам төрт мазхабтың біреуін ұстануы міндетті ме?



жүктеу 1,28 Mb.
бет4/8
Дата20.05.2018
өлшемі1,28 Mb.
#15239
1   2   3   4   5   6   7   8

Ибн әл-Хумәмнің «белгілі бір мазхабты ұстану міндетті емес» тұжырымы

Әл-Кәмәл ибн әл-Хумәм өзінің «әт-Тахрир уә-ттақрир» кітабында ханафи фиқһының негіздері туралы сөз қозғап, былай деп жазды: «Белгілі бір мазхабқа еру міндетті емес, себебі Аллаһ пен Оның елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) міндеттегенінен басқа ешқандай міндет жоқ. Аллаһ Тағала да, Оның елшісі де (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ешқайсысын белгілі бір имамға еріп, оған еліктей отырып, дін мәселесінде тек оның ғана пікіріне сүйенуге міндеттеген жоқ. Исламның алтын ғасырларында белгілі бір мазхабты ұстану міндеттілігі туралы әңгіме болып па еді? Бұған қарамастан, көптеген муқаллидтер: мен ханафимін, мен шафиғимін және т.б. алайда олар өздерінің имамдарының сенімдері туралы түк білмейді. Адам сөзді тек айтып қана, оның мағынасын іске асырушы бола қалмайды ғой. Бұлай деп айту: «мен фақиһпін», «мен жазушымын» деген сөз сияқты, бірақ та бұл сөздерді айту арқылы адам ондай бола қалмайды. Қалайша ол абстрактілі шақырулар мен бос сөздері арқылы имамның шәкірттерінің қатарына жататындығына талаптана алады?»

Әл-Фуләни өзінің «Ийқаз әл-химәм» кітабында «муқаллид» (соқыр ілесуші) мен «муттаби’» (ізбасар, шәкірт) сөздерінің айырмашылығын түсіндіріп былай деді: «Муқаллид – ол Аллаһ пен Оның елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұйрығын сұрамай, тек өзінің имамының пікірін сұрайтын адам. Егер тіпті оның имамының ілімі Аллаһтың Кітабы мен Оның елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетіне қайшы келгені белгілі болса, онда ол мұндай жағдайда да оларға сүйенбейді. Ал муттаби’қа келер болсақ, ол ең алдымен Аллаһ пен Оның елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұйрығын сұрайды, өзінің мазхабының немесе басқа біреулердің пікіріне қызықпайды. Егер белгілі бір проблемаға жолықса, онда ол өзінің мазхабының ғалымын іздеп жүрмейді, керісінше өзінің сұрағын кез-келген лайықты ғалымға қоя береді. Ол басқа ғалымдардың пікіріне тыңдамай, тек «өзінің» ғалымы үйреткен түріндегі Исламды ұстану міндетті деп санамайды. Кейінгі мұсылман ұрпақтарына біткен тақлид пен Исламның алғашқы ғасырларындағы сәләфтарға ерудің (иттибә’) айырмашылығы міне осындай».

Шариғатта «тақлид» деп дәлелге негізделмеген белгілі бір адамның пікірін қолдануды білдіреді, әрі бұл шариғатта – тыйым салынған!

«Иттибә’» – бұл қажетті дәлелі бар біреудің пікірін қолдану. Осылайша, Аллаһтың дінінде соқыр ілесу – тақуалы іс емес, ал еру - қажеттілік. Егер муфтийдің көзқарасы қате болуына қарамастан, қарапайым адам (тіпті жалпы ислами білімі жоқ) оның пайымдауын қабылдауы мүмкін болса, тіпті міндетті болса, онда егер оның пікірі пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадисімен бекітілген болса, онда неге оның пікірін қабылдамасқа?!

Егер Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетіне пәленше мен түгенше сай амал еткені үшін ғана, Сүннетке сәйкес амал ету рұқсат етілді десек, онда бұл ұлы өтірік болады! Сондықтан Аллаһ Тағала Өзінің елшісін (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) адамдар арасында дәлел, әрі айғақ қылды, ал қарапайым адамдардың арасынан Аллаһ Тағала ешкімді Сүннеттен нені алып, нені алмау керектігін көрсететін шешуші қазы, төрешіні тағайындаған жоқ! Хадиске сәйкес амал еткен немесе хадис жөнінде ойланған соң, соның негізінде фәтуә шығарған адамның адасу ықтималдылығы екі талай. Әлбетте бұл жағдай тек иджтиһәд (дербес зерттеу арқылы өзінің білімінің негізінде діни мәселеде бір шешім шығару) құқығына ие адамға қатысты. Егер мұндай құқықтық ерекшелік болмаса, онда Аллаһ Тағаланың келесі сөздері негізінде амал ету керек: «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар!» (әл-Әнбия сүресі, 7 аят).

Назар аударыңыздар, егер бір адам фәтуәға мұқтаж болса және оған кітап беріліп, әрі оның ішінде өзінің іздегені табылса, онда ол адамға осы кітаптағы муфтий немесе шейхтің сөзіне сүйенуіне рұқсат етіледі ме?40 Егер йә болса, онда сенімді жеткізушілер пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзі негізінде жазғандарына сүйену – тіптен, рұқсат етіледі!

Ал егер біреу жоққа шығаруын жалғастырып, жаңағы адам хадистің мағынасын дұрыс түсіне алмайды десе, онда мен былай жауап беремін: «Ол кісі фәтуәсы бар кітапты оқып, оны түсінбесе ше? Онда ол не істеу керек?» Менің сұрағыма: «Ол фәтуәны түсіндіріп беретін адамды іздеп, содан сұрасын», - деп жауап берсе, онда мен: «Егер ол хадисті оқып, дұрыс түсінбесе, онда неге дәл солай істей салмайды?», - деймін. Ол хадисті түсіндіріп беретін адамды тауып алсын!!! Сүннет – дәлел ретінде салыстыру (қияс)41 мен иджтиһадтан гөрі дәрежесі биік екендігі бәрімізге белгілі ғой, міне сондықтан, белгілі бір адамның пайымдауына, тіпті ол ғалым болсын, сүйенгеннен гөрі, хадиске сәйкес амал ету дұрыс болып табылады.

Ұлы ғалым Ибн Нуджәйм (х.ж. 970 ж. қайтыс болды) өзінің «әл-Бәхр әр-Раиқ» кітабында былай деп жазды: «Салыстырудан (қияс) гөрі, нақтылы мәтінге (Құран мен Сүннет) негізделіп, амал ету дұрысырақ. Анық хадистің болуы, оны қолдану мен оның негізінде амал етуге міндеттейді!»

Осылайша, хадиске сәйкес амал ету соншалықты пайдалы – саналы адамның өз дініне пайдалы нәрселерді табады деген пікір барлық ғалымдардың пікірі. Имам Әбу Ханифа, Аллаһ оған разы болсын, фәтуә шығарған кезде былай дейтін: «Бұл – бізге білуге сәтті түскен нәрселер. Егер біреу біздікінен гөрі анығырақ түсіндірме тапса, онда ол ақиқат болуға лайықтырақ». Бұны әш-Шә’рани өзінің «Танбих әл-муғтаррин» кітабында жеткізген.

Шейх ‘Али әл-Қари (х.ж. 1014 ж. қайтыс болды) ханафи мазхабын ұстанғанына қарамастан, тақлид туралы былай деді: «Мұсылман адамға ханафи немесе шафиғи, мәлики немесе ханбали болуға қажеттілік жоқ. Ал қарапайым адамға, егер ол білімге ие болмаса, онда ол кез-келген Құран мен Сүннет білгірінен сұрауы қажет! Төрт имам дәл сондай білгірлер. Сондықтан айтады ғой: «Кімде-кім ғалымға ерсе, Аллаһпен толыққанды, әрі зақымсыз кездеседі». Ал әрбір еңбекке жарамды мұсылман пайғамбарлардың мырзасы – біздің пайғамбарымыз Мұхаммедке (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) еру міндетті».



Мазхабқа соқыр ілесудің себебінен түсініспеушілік пен келіспеушілік пайда болды

Аллаһ елшісінен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) белгілі бір әрекеттің бірнеше нұсқасы келіп, әрі оның қайсысы ескірген, қайсысы күшін жойған екенін білмеген жағдайда барлық белгілі түрлерін қабылдау қажет, кейде біріншісіне сай істеп, кейде басқа нұсқаларына сәйкес жасауға тиіс! Міне, осы кезде сен пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жасаған нәрсені жасаған боласың, оның толық мағынасындағы ізбасары боласың. Ал егер тек бір ғана түрімен шектеліп, басқасын – қалдырсаң, онда сен Сүннеттен сенімді жолмен келген нәрсені тастаған боласың!!! Ал бұл - өте қатты ауыр әрекет!

Немесе егер сен тура мағыналы, анық хадистерден ауытқып, өзіңе сылтаулар әкеле бастасаң, ақиқаттан ауытқуыңа қатер бар, тіпті сен оны сезбей де қаласың. Ешқашан өз нәпсісінен айтпаған, керісінше тек оған уахи етілген нәрсеге сәйкес айтатын елшінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сенімді түрде жеткен сөзін мұсылман адам – Аллаһтың құлы қалайша жоққа шығарады? Дәл осындай, Сүннеттің бір жерін алып, қалған басқа жерін тастау деген көңіл-қалауына еру пайда болғаннан бастап, мұсылмандарды бөлетін мазхабтар да пайда болды. Олар: «Бізде мынадай, ал сендерде - басқаша», «сендердің кітаптарың, біздің кітаптар», «сендердің мазхабтарың және біздің мазхаб», «біздің имам және сендердің имамдарың» деген сияқты сөздерді айтатын болды. Осы жерден бастап өзара өшпенділік пен бір-біріне деген дұшпандылық басталды, нәтижесінде мұсылмандардың құлдырауы келіп, бір тұтас үммет бөлшектенді, ал өздері болса, жауыз патшалар мен жат елдің «жеміне» айналды42.

Әһлю-Сунна имамдарының барлығын біздің имамдарымыз деп неге мойындамасқа, Аллаһ олардың барлығына разы болып, бізді солармен бірге қайта тірілуімізді нәсіп етсін?

Соқыр ілесетіндерге қандай өкініш! Ей Аллаһ Тағала, бізді де, оларды да тура жолға сала гөр!

Егер осы мәселені мұқият бақыласақ, онда саған мына нәрсе анық түсінікті болады: мазхабизм модасы Ислам жауларының көмегімен болғанын, әрі кең етек жаюына себепші болғанын білесің, олар мұсылмандардың ынтымағына сызат түсіру арқылы бөліп жіберуді қалайды. Бұл яһудейлер мен христиандарға ұқсайтын надандардың туындысы, себебі мұндай құбылыс оларда да болған. Барлық уақытта, әрбір заманда фанаттық дәрежедегі надандар көп болған. Олар әділетсіздікпен ерекшеленеді, әрі ақиқат пен жалғанды айыра алмайды.

Ибн ‘Абдул-Бәрр (х.ж. 463 ж. қайтыс болған) мен Ибн Тәймия, Аллаһ оларды Өз мейіріміне алсын, сияқты ұлы ғалымдар былай деді: «Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) пікірі бар болса, басқа ешкімнің пікірі болмауы тиіс. Сүннетті алып, оған амал ету дұрыс болып табылады. Дәл осылай әрбір мұсылман істеуі керек! Ең бірінші кезекте хадис мәтінін қоюдың орнына, өзінің пікірі мен мазхабын қоятын муқаллидтер сектасы секілді істемеу керек. Құран мен Сүннетке ақыл-ойдың пайымдауын, жеке көзқарас пен фанатизмді қарама-қайшы қоюға болмайды, себебі мұның бәрі – шайтаннан. Мәселен, сенімді хадистерді орындауға келіспейтін кейбіреулер түрлі айлаларға барып былай дейді: «Мүмкін біздің имам бұл хадисті білген шығар, бірақ бұл хадиске амал етпеген, өйткені хадистен ақау тапқан болуы мүмкін! Немесе оған басқа дәлел кездескен шығар!» Сондай-ақ, олар осындай жағдайда фәқиһ-фанаттар тобы қолданатын сылтаулар айтады, ал муқаллидтерден болған надандар бұның барлығын тыңдайды. Сен осыны түсін!»

‘Умар ибн әл-Хаттаб, Аллаһ оған разы болсын, былай дейді: «Сүннет – бұл Аллаһ пен Оның елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) заңдастырған нәрсесі. Қате болуы мүмкін болған өзіңнің жеке пікіріңді ислам үмметіне заң қылып орнатпаңдар!»

‘Умарға жоғарыдан уахи келіп, осындай жағдай болатынын ескерткен сияқты екен және ол да алды бұрын сақтандырған секілді.

Біздің заманымызда Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетіне қайшы келетін пікірлер мен Аллаһтың Кітабындағы бұйрықтарды бұзатын нәрселерді көріп жүрміз! Ал кейбір адамдар осындай пікірді заңға айналдырады, оны дін деп есептеп, даулы жағдайларда оларға қайтады да, мұның барлығын мазхаб деп атайды! Ұлы Аллаһпен ант етемін, мұның барлығы – Ислам мен мұсылмандарға жұққан бақытсыздық пен қақпан, фанатизм мен шектен шығушылық. «Шын мәнінде, біз Аллаһқа тәнбіз, әрі Оған қайтушымыз!» (әл-Бәқара сүресі, 156 аят).

Имам ‘Абдур-Рахман әл-Әуза’и, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, айтады: “Сәләфтардың ізінен ер, тіпті егер барлық адамдар сенен бас тартса да. Адамдардың пікірінен аулақ бол, тіпті егер олар өз сөздерін әдемі етіп көрсетсе де”.

Биләл ибн ‘Абдуллаһ ибн ‘Умар өз әкесі ‘Абдуллаһ ибн ‘Умардан, Аллаһ оларға разы болсын, бір күні пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Аллаһтың күңдеріне мешітке баруға тыйым салмаңдар!» Бұл хадиске Биләл: “Маған келер болсақ, мен өз әйелдеріме бұны тыйым саламын, ал кім қаласа, рұқсат ете берсін”, - деп қарсы сөз айтты. Сонда Ибн ‘Умар оған бет бұрып былай деді: «Аллаһ сені лағінет етсін, Аллаһ сені лағінет етсін! Мен саған Аллаһ елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бұны тыйым салмаңдар деп жеткізіп тұрсам, ал сен: Мен бәрі-бір тыйым саламын деп тұрсың!» Осыдан соң Ибн ‘Умар жылап, қатты ашулы күйде ол жерден кетіп қалды43.

Аллаһ Тағала барлық сахабаларға разы болсын!


Имам Әбу Ханифаның (басқалардың да) мазхабы – бұл Құран мен Сүннетке сәйкес амал ету

«Әл-Хидая» кітабының авторы мынадай тарихи дерек келтіреді. Бір күні имам Әбу Ханифадан, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, былай деп сұрады: «Егер сіздің пікіріңіз Аллаһтың Кітабына қарсы келсе, не істейміз?»

Ол: «Онда менің пікірімді тастаңдар да, Аллаһтың Кітабындағын алыңдар», - деді.

Әлгілер былай деп жалғастырды: «Ал егер сіздің пікіріңіз Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөздері мен істеріне қарсы келсе, не істейміз?»

Ол: «Онда мен пікірімді тастаңдар да, Аллаһ елшісінен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жеткен хабарды алыңдар», - деп жауап қатты.

Әлгілер сұрағын жалғастырып: «Ал егер сіздің пікіріңіз сахабалардың сөзіне қарсы келсе ше?» - деді.

Имам Әбу Ханифа былай деп жауап берді: «Менің пікірімді тастаңдар да, сахабалардың сөздерін алыңдар».

Әл-Бәйхақи (х.ж. 458 ж. қайтыс болған) өзінің «әс-Сунан» кітабында имам әш-Шәфи’идің, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, мынадай сөздерін жеткізеді: «Егер мен бір сөз айтсам және мұны Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөздеріне қарсы келгенін көрсеңдер, онда хадисті алыңдар! Сондай-ақ, маған еліктемеңдер!»

Дәл осындай мәтіндегі имам әш-Шәфи’идің сөздерін имам әл-Харамәйн жеткізеді.

«Әл-Кәфи» кітабында былай делінген: «Егер муфтий-муджтәһид белгілі бір мәселеде шешім шығарса және бұл шешім Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) хадисіне сай келмейтіні бекітілген болса, онда хадиске сәйкес амал ету қажет, себебі елшінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзі муфтийдің сөзінен төмен емес. Өйткені сенімді хадис өзінің маңыздылығы жағынан муфтийдің сөзімен салыстыруға келмейді. Егер муфтийдің пікірі шариғи дәлел ретінде жарайтын болса, онда Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзі одан гөрі артығырақ, әрі лайықтырақ».

Ұлы ғалым Ибн әл-Қайим (х.ж. 751 ж. қайтыс болған) өзінің «И’ләм әл-мууәққи’ин» 1/77 кітабында былай дейді: “ Әбу Ханифаның, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, ізбасарлары салыстыру (қияс) мен белгілі бір адамның пікірінен гөрі, тіпті әлсіз хадистің өзі артығырақ деген пікірде бірауызды келіскен”.

Сондықтан, біздің кезімізде хадиске сай амал етпеу керек дейтіндер – Аллаһтың дәлелін теріске шығаруға ұмтылған адам болып есептеледі. Шынайы мұсылман олай істемейді.

Ал егер біреу хадисті дұрыс түсінуге мүмкіндігіміз жоқ деп сылтаурататын болса, онда мен онымен келіспеймін! Сүннет қалайша түсініксіз болмақ?! Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын адамдар онымен сәйкес өмір сүрсін, Өз елшісін (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Құранды түсіндірсін деп жіберді ғой. Аллаһ Тағала былай дейді: «Адамдар үшін түсірілген Ескертуді ашық баян етерсің деп, саған Құранды түсірдік» (әл-Нәхл сүресі, 44 аят).

Адамдарға түсіндіруші ретінде келген пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөздері баяғыда өмір сүрген бір-екі имамнан басқа қалған адамдарға түсініксіз деп қалай айтуға болады? Керек десеңіз, олардың сенімі бойынша, дәл осы уақытта хадистер жалпы адамдардың барлығына түсініксіз, себебі олардың ойынша, бірнеше ғасыр бойы жер бетінде муджтәһид жоқ, әрі «иджтиһәд есігі мүлдем жабық-мыс». Мүмкін мұндай сөздер қарапайым халыққа өздерінің көзқарасы ашылып қалмауды тілейтін адамдардың аузынан шығып жатқан да шығар, себебі олардың көзқарасы Аллаһтың Кітабы мен Оның елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетіне қарама-қайшы келеді ғой.

Мұндай адамдардың әдісі өте қарапайым: алдымен олар муджтәһид дәрежесіне жетпегендердің барлығы Құран аяттары мен хадистерді түсіне алмайды деді. Кейіннен иджтиһәд есіктерін «жауып», біздің уақытымызда муджтәһид өмір сүруі мүмкін емес деп мәлімдеді! Осыдан соң, олар аяттар мен хадистер түсініксіз, демек оларды оқып-үйрену де қажеті жоқ дегенін аңғару қиын емес!

Ұлы имамдардың кезеңі біткеннен соң иджтиһәд қылуды тыйым салудың басқа да объективті себептері де болуы мүмкін. Мысалы, кейбір фәқиһтер бұл тыйымды адамдар мазхабтарды салыстырып, біреуін басқасынан артық көре отырып, мына мазхаб Құран мен Сүннетке жақынырақ деп есептемес үшін қолданды. Ал басқалары, бұл тыйымды бір мазхабтан екінші мазхабқа өтпес үшін, немесе мазхабтардың ішінен өзіне жеңіл, әрі ыңғайлысын іздемес үшін қолданды. Бір сөзбен айтқанда, адамдар өзіне ұнаған мазхабын іздемес үшін қолданды.

Білім мен ақыл иелері үшін мұндай «жақсы ниеттер» Аллаһтың дінімен ортақ емес екені түсінікті, әрі оларға бұл құпия емес. Сондай-ақ, олардың көбісі дұрыс мағына мен діни дереккөздердің мазмұнына қайшы келеді. Бұған қарамастан, көптеген ғалымдар Аллаһ елшісіне бағынуда ауытқып жатқанын көрудеміз, бұл міндетті (парыз) болса да. Олар сенімге лайықты, әрі дұрыс иснадқа ие адамдардың жеткізген пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзіне назар аудармайды. Есесіне, өз кітаптарында жазылған мазхаб имамы туралы әңгімелерді қабылдауға дайын, тіпті ол әңгіменің ешқандай иснады болмаса да! Ал егер имамның пікірін хадис пен Құран аятына салыстыруға кішкентай ғана талпынған адамды байқаса, онда оны адасқан бидғатшы деп санайды.

Шынында, әрбір мұсылман пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сенімді жолмен жеткен сөзіне сәйкес амал етуі тиіс, ал егер ол осыған қарама-қарсы келсе, онда олардың жағдайы қызығарлықтай емес, өйткені Аллаһ Тағала былай дейді: «Оның әміріне қарсы келгендер, өздеріне бір апат жетуінен немесе жан түршігерлік азап келуінен сақтансын» (ән-Нур сүресі, 63 аят).

Егер белгілі бір хадис сенімді екені анықталса, онда мұсылман адам мазхабқа соқыр ермей, әрі тақлид жасамауы керек. Ал егер олар бәрі-бірде қасарысатын болса, Аллаһ айтқан келесідей адамдарға ұқсайды: «Кітап берілгендерге әр түрлі мұғжизаны келтірсең де, олар сенің Қыблаңа ілеспейді (қосылмайды)» (әл-Бәқара сүресі, 145 аят).

Мұсылман адам хадисті алып, қабылдау керек және хадисті «өзге» мазхабтан жеткізілгендігі үшін қалдырмауға тиіс. Аллаһ Тағала айтып еді ғой: «Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаһқа, пайғамбарға қайтарыңдар» (ән-Ниса сүресі, 59 аят).

Таласты мәселелерде елшінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзіне қайтару да қабылдауға жатады. Егер имамдардың арасында келіспеушілік пайда болса, елшінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөзін алу қажет.

Муджтәһид дұрыс айтуы да, қателесуі де мүмкін, ал пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) қателіктерден сақталған

Тақлид жақтаушылары қателеспейтін адам болмайтынын білетіні таң қалдырады, кез-келген муджтәһид қателесуі де, дұрыс айтуы да мүмкін. Тек пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) ғана қателіктерден сақталған! Олардың сенімі – міне, осындай жағдайда ғана қалған мұсылмандардың сенімімен сәйкес келеді. Дегенмен, бұған қарамастан, олар іс жүзінде өздерінің муджтәһидтерінің сөздеріне соқыр ілесіп, пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сөздерін орындамайды. Мақұл, егер дәл өздерінің муджтәһидінің пікірінде нық тұрса екен, алайда олар өйтіп те істемейді ғой – олар қайдағы бір белгісіз адамның жазғанына ереді, тек ең бастысы – мазхабы сәйкес келсе болды!

Бұған мысал ретінде «өзеннің арғы жағындағы»44 аймақтағы жағдайды келтірсек болады. Білімі өте аз ханафилер әл-Кәйданидің «Хуләса» деген кітабындағы бір сөзге жабысып, соның негізінде намаздағы ташаххудте сұқ саусақты көтеруді тыйым салған болатын. Алайда, бұл әрекет Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сенімді жолмен жеткен Сүннетінде, барлық сахабалар (Аллаһ оларға разы болсын) мен муджтәһидтер, оның ішінде имам Әбу Ханифаның және оның екі шәкірті – имам Әбу Юсуф пен Мухаммад әш-Шәйбәнидің бірауызды бекіткен келісімі болып табылады! Бұл сөзімді растау үшін ханафилердің бұрыңғы өткен ғалымдарының кітаптарын ерекше еске салғым келіп тұр: «Мууәтта» Мухаммад әш-Шәйбәни; «Шәрх мә’ани әл-әсар» әт-Тахауи; «Фәтх әл-Қадир», «әл-‘Инәя», «‘Умда әл-Қари» Бәдруддин әл-‘Айни және тағы басқа ханафи мазхабының маңызды дереккөздеріннен таба аласыз! Міне, бұрынғы ханафи ғалымдарының кітаптарында бұл мәселе егжей-тегжейлі қарастырылған. Сондықтан, бұған өте ерекше назар аударыңыздар!45

Тақуалық пен Аллаһқа құлшылық қылуда үлгі тұтатындай талай адамды кездестіргенбіз, бірақ олар хадиске сай амал етуде әлсіздік танытатын. Олар бұл мәселеге онша көңіл бөлмей, тек өздерінің мазхабының кітаптарында жазылған нәрселермен ғана амал ете отырып, хадисті қабылдамауға болады деп есептейтін. Ал мұның барлығының себебі – ақиқатқа байланысты сауатсыздық еді.

Шейх Мухаммад Хаят әс-Синди айтады: “Әрбір мұсылман адам Құран мен хадистің мағынасын тануға өз бетімен ынталанып ізденуі қажет, оны оқып, ой жүгіртіп және одан қажетті білімдер, заңдар мен қағидалар алуы керек. Ол мұндай нәрселерді өздігінен істей алмаса, міне, осындай жағдайда ғана ғалымдарға еліктеуіне болады. Мұнымен қоса, басқа ғалымдарды қалдырып, өз-өзіңді тек бір ғана мазхабпен шектемеуің керек, себебі осылай мазхабты қабылдау – оны пайғамбарға ұқсатуды еске түсіреді. Мұсылман адам осындай жағдайда, яғни ол тек қана ғалымдардың фәтуәсына сүйенетін кезде, әрбір мазхабтан ең қауіпсізін, әрі басқаларға қарағанда тыйымдар мен күмәнді нәрселерден ең алысырақ пікірді таңдап қабылдауы тиіс. Өте қысылтаяң, қажеттілі жағдайда ғана мұсылман осындай «босаңсуына» болады. Алайда, егер мұндай қысылтаяң қажеттілік жоқ болмаса, онда ең жақсысы – «босаңсуға» ермеу. Ал қазіргі кездегі авторлардың әрбір адамға белгілі бір мазхабқа еруі міндетті, онымен қоса бір мазхабтан екінші бір мазхабқа өтуін тыйым салуына қатысты айтар болсақ, бұлардың барлығы надандық, бидғат және жүгенсіздік. Біз олардың талай рет сенімді, әрі кері қайтарылмайтын хадистерді тастап, өз мазхабындағы ешқандай иснады жоқ сөздерге жабысып айрылмайтынын көрдік”.

Имам әш-Шәфи’и, Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын, айтады: «Егер кімде-кім бір нәрсені тиып немесе рұқсат еткен арнайы бір имамға еліктесе, әрі сенімді хадистерде оған қарама-қайшы үкім бекітілген болса және егер әлгі мұсылман Сүннетке сай амал етуден бас тартып, тақлид жасауды артық көрсе, онда ол сол арқылы әлгі муфтийді Аллаһтан басқа кумир мен тәңірге (құлшылық қылатын объект) айналдырады! Себебі ол мұндай жағдайда Аллаһтың тыйым салғанын рұқсат етіп, Аллаһтың рұқсат еткенін тыйым салады!»

Содан кейін муқаллидпен одан сайын таң қаларлық жағдайлар орын алады! Мысалы, шариғатта мынадай сұрақ бар: «Егер белгілі бір тақырыпта пайғамбардан (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жеткен сенімді хадиске қарама-қайшы сахабалардан жеткен хабар келсе, не істейміз?» Бұған дұрыс жауап былай: егер сахаба бұл хадисті естігенде, онда міндетті түрде оған қарсыласпас еді, демек сахаба ол хадис туралы білмегені! Мазхаб пен тақлидтің жақтаушылары бұл жауапқа бізбен келісетіні қатты таңдай қақтырады.

Ал имамның айтқан сөзіне түйіспейтін хадис келсе, олар имамның бұл хабар туралы жәй ғана білмегенін мойындаудан бас тартады! Мұндай жағдайда олар хадисті жоққа шығаруға апаратын түсіндірме беру үшін бар күш-жігерін салып, ал кейде тіпті хадистің мағынасын бұрмалайды! Егер олар ешбір логикалық түсіндірме әкеле алмаса, әрі сен оларға: «еліктеп жүрген имамдарың бұл хадисті білмеген, себебі оны білуге мүмкіндігі болмаған» деген сыңайлы әңгіме айтсаң, бұл соқыр фанаттар сені соққыға жығуға дейін барады, сені боқтап балағаттайды, себебі мұндай қорытынды оларға өте ауыр, әрі жағымсыз! Міне, енді бұл байғұстардың сахабалар бір нәрсені білмеуі мүмкін деген ойға ерік беріп, ал өздерінің имамы бір нәрсені білмеуі мүмкін дегенді мойындай алмайтынына қара!!! Оның үстіне екі жақтың айырмашылығы жер мен көктей екенін қосып қойыңыз46.

Олардың хадис кітаптарын оқып, «мұқият» зерттейтінін байқауға болады, бірақ не үшін? Оған сәйкес амал ету үшін емес, керісінше «берекесі (бәракәт) болсын» деп оқитына түсінікті болған шығар!

Егер олардың қолына өз сенімдеріне қайшы хадис түссе, өз көзқарастарының астына тықпалау үшін барын салады. Егер оны істей алса, онда «бәлкім ізінен еретін адамымыз бұл хадисті білген шығар, әрі ол бізден бұл хадистің мағынасын жақсырақ түсінген, міне, сондықтан оны қабылдамаған» деп күмілжейді. Олар осы айтқан сөзі арқылы Аллаһтың дәлелін өздеріне қарсы қойып жатқанын байқамай ма? Ал егер олардың қолына өздерінің мазхабына сәйкес хадис түссе, олар шаттанып күлімсірейді! Бірақ Аллаһ Тағала айтқан еді ғой: «Раббыңа серт! Олар өзара таласқан нәрселерінде сені шешуі би қылып, содан соң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай, толық бой ұсынғанға дейін иман келтірген бола алмайды» (ән-Ниса сүресі, 65 аят).

Санәд ибн ‘Инән (Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын) «Мудауәнә Мәлик» кітабына түсіндірме жазғанда былай деді: «Біл, саналы адам қарапайым еліктеумен қанағаттанбайды! Себебі бұл – ақымақ надан мен қырсық миғұланың үлесі. Ешкімге тақлид жасауға болмайды деп айтпаймыз. Бірақ та ғалымдардың пікірі мен дәлелін білу міндетті деп санаймыз. Ал сауатсыз адамға келер болсақ, тақлид жасау міндетті, яғни ешқандай дәлел мен айғақсыз басқа адамның пікірін (оның мазхабына қарамастан) қабылдап сену. Мұндай жолмен әрине, білім алынбайды. Тек бір ғана адамның мазхабына еру – бұл бидғат, өйткені сахабалардың кезінде ешқандай мазхаб болмағанын анық білеміз! Олардың бәрі кез-келген мәселенің шешімін тек Құран мен Сүннеттен іздегені белгілі, ал дәлел болмаған жағдайда, терең зерттеудің нәтижесінде бір қорытындыға келетін еді. Міне, дәл осылай табиғиндер де істеді. Муқаллидтердің: «тақлид баяғыдан бері белгілі» дейтіндері күлкіні келтіреді, негізінде ол тек хиджраның екінші ғасырында ғана пайда болды!»

Белгілі бір адамға еліктеп, тіпті Құран мен Сүннетке қайшы келсе де оның пікірін дін мен сенімге айналдырудан қайтарған Санәдтың (Аллаһ оны Өз мейіріміне алсын) айтқанымен толық келісемін. Күдіксіз, мұның бәрі – кесірлі бидғат және мұсылмандарды бөлшектеп, араларын ажырату арқылы өшпенділік пен дұшпандық дәмін себу үшін қолданатын лағінет атқан Ібілістің жиіркенішті айласы. Сен олардың әрбірі өздерінің имамдарын соншалықты дәріптейді, тіпті Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларын өйтіп ешқашан дәріптемейтінін көресің.

Соқыр еліктеушілер бұның барлығын өздеріне дін мен сенімге соншалықты айналдырған, тіпті оларға хадис мәтіндеріне негізделген мыңдаған дәлел әкелсең де, олар сені тыңдамайды, әрі «олар аңшыдан қашқан, қатты үркіген есек сияқты» қашады (әл-Муддассир сүресі, 50-51 аяттар). Мекке мен Мәдина қалаларында өмір сүретін бұхаралықтар, үндістер мен түріктердің көбісі осылай істейді. Олар қолдарына тәспі ұстап, кейді мойнына тағып алады, бастарына мешіттің күмбезін еске түсіретін үлкен сәлде киеді, «Даләил әл-хейрат», «Хатам хауәджә», «Бурда» сияқты «танымал» кітаптарды оқиды, әрі бұның барлығын шынайы Исламға сай келетін нағыз діни амалдар деп есептейді47! Енді Сүннеттен жеткен сенімді хабарларды істеуге келгенде, бас тартады!

Тағы мысал ретінде – намаздағы ташаххудте саусақ көтеруді келтірейін. Олардың ешқайсысы мұны істемейді! Мен мына кішкентай ғана амал Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) сенімді Сүннетінде бар, әрі мұны ізгі сахабалар мен имамдар да жасаған, сондай-ақ бұл әрекет шайтанмен күресте оған темір шоқпардан да ауыр тиетінін айтып, талай рет «неге олай істемейсіңдер» деп олардан сұрағанмын48. Маған олар жауап ретінде былай дейтін: біз ханафи мазхабының адамдарымыз және біздің мазхабымыз бойынша бұл іске рұқсат етілмеген, оған анық тыйым салынған! Мен оларға ханафи мазхабының ғалымдарының өзі бұл әрекетті мойындағанын айтып, ханафилік кітаптарда – имам Мухаммадтің «Мууәттасында», имам әт-Тахауидің «Шәрх мә’ани әл-әсарында» және Ибн әл-Хумәмнің «Фәтх әл-Қадирінде» бар екенін жеткіздім.

Олар маған жауап ретінде: бұрынғы ханафилердің пікірі шынымен солай болған, бірақ кейін келген ханафилер бұл әрекетті тыйым салып, өз тәжірибелерінен алып тастады, бұл туралы әл-Мәс’удидің «Китәб әс-Саләсында» және әл-Кәйдани «Хуләсанда» бар екенін айтты.

Надан адамдар осындай ақиқатқа түк қатысы жоқ бос сөздерді айту арқылы ізгілік пен кемелдікке жақындаймыз деп ойлайды. Йә, әрине олар жақындады, бірақ кемелдікке емес, шайтанға жақындады! «Шын мәнінде, біз Аллаһқа тәнбіз және Оған қарай қайтамыз!» (әл-Бәқара сүресі, 156 аят).

Әбу Касим әл-Кушәйри (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) айтады: «Әрбір ақиқатқа ұмтылушының парызы – ешқашан қателеспейтінге еріп, қателесетінге еліктеуді тастау. Енді имамдарымыздан жеткен Құран мен Сүннетпен салыстырайықшы: сәйкес келетін кез-келген нәрсені – қабылдаймыз, сәйкес келмейтін кез-келген нәрсені – тастаймыз. Бізде шариғаттың негізін салушы – Заң Шығарушыға еруге нұсқау бар және Құран мен Сүннетпен салыстырмайынша түрлі фәқиһтер мен сопылардың сөзін қабылдауға ешқандай нұсқау жоқ. Дәлелден кетіп, тақлидтің жолында соқыр еретіндерге қасірет болсын. Шариғи дәлелдер, фәқиһтердің түсіндірмесі, тіпті сопылардың салттары еліктеуді жоққа шығарады және белгілі бір мәселені сақтықпен зерттеп, күмәнді нәрсеге ой жүгірту үшін тоқтайтындарға мақтау айтады. Егер кімде-кім бір имамға еліктесе, әрі әлгі имамның пікірі Аллаһтың Кітабы мен Аллаһ елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Сүннетіне, бірауызды келісімге (иджмә’) немесе анық рұқсат етілген қиясқа қарсы келсе және ол бұған қарамастан тақлидтің жолымен жүруді ұйғарса, онда ол «мен өз имамымның жолымен жүремін» деген сөзіне жол болсын, ол өтірік айтады! Керісінше, мұндай адам өз көңіл-қалаулары мен нәпсісінің ізімен жүрген болады. Барлық имамдар мұндай «ізбасардан» бас тартады, олар бұған ешқандай қатысы жоқ. Ол адамның имамына деген қарым-қатынасы христиандардың кітапшыларының өз пайғамбарларына деген қарым-қатынасына ұқсайды, себебі әрбір имам өз ізбасарларын дін мен шариғат негіздерін бұзудан сақтандырған болатын».


жүктеу 1,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау