Қызықты грамматика /3 – 4 сыныптар



жүктеу 131,02 Kb.
Дата08.03.2018
өлшемі131,02 Kb.
#11868
түріСабақ


А.Қ.Нұрғалиева.

101 мектеп-лицейі,Қарағанды қаласы.



«Қызықты грамматика» үйірмесінде «Сатылай кешенді» талдау технологиясын үйретудің тиімділігі.

Қазақстандағы білім беру жүйесіне енгізіліп жатқан жаңалықтар он екі жылдық білім берудегі оқытуда:



  1. Оқытуда әрдайым жекелей зерделеу әдісі қолданылады.

  2. Оқушының қабілетті,қызығушылығын арттыратындай білім үрдісін ұйымдастыру.

3. Сабақтарда жаңа ақпараттық технологияларды шебер қолдана білу.т.б.

Осы талаптарды орындауында басты мәселе келешекте сауатты ұрпақты тәрбиелеу «Білім көзі-бастауышта» демекші бастауыш сатысынан басталады десек шатаспаған болар едік. Ендеше,осы бастауыш сыныптардан бастап,оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға бағытталған «Қызықты грамматика» үйірмесінің 3-4 сыныптарға арналған күнтізбелік жоспарын ұсынып отырмын.



Мақсаты: « Оқушылардың қызықты грамматика үйірмесінде сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін,оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу

Күнтізбелік жоспары./3-сынып бойынша,2-кі аптада бір рет/


1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

Дыбыс және дыбыс түрлері.

Практикалық сабақ.

Екпін.

Буын түрлері.

Практикалық сабақ.

Тасымал/қайталау/

Буын үндестігі.

Практикалық сабақ.

Дыбыс үндестігі

Математкалық талдау.

Практикалық сабақ.

Жыл бойы өткенді пысықтау.


2

1

1

2

1

1

2

1

2

2

2

1

Күтілетін нәтиже:


  • Оқушылар жылдам әрі жүйелі талдау дағдысына қалыптасады.




  • Сөздердің дұрыс жазылу ,сауатты әрі әдемі жазуға дағдыланады.




  • Грамматикалық тапсырмалардың мағанасына қарай дұрыс,әрі қатесіз орындауға үйренеді.

  • Талдау түрлерін үйрене отырып,қызығушылығы артады



4-сыныпқа арналған күнтізбелік жылдық жоспары.




Тақырыбы

сағаты

1.
2.

3.

4.

5.

6.
7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

Сатылай кешенді талдауды қайталау.

Практикалық сабақ.

Фонетикалық талдау.

Буын түрлері/қайталау/.

Практикалық сабақ.

Математикалық талдау/қайталау/.

Сөз құрамына лексика-грамматикалық-мағанасына

қарай талдау

Практикалық сабақ.

Синтаксистік талдау.

Практикалық сабақ.

Өзіндік жұмыс.

Сөйлем мүшелерін/қайталау/.

Сөз тіркесі/қайталау/.

Практикалық сабақ.

Жыл бойы өткенді пысықтау.

2
1

1

2

1

1
2

1

2

2

1

1

1

1

1



  • Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың сатылай кешенді талдау түрлерін талдауын өздері мұғалімнің көменгінсіз еркін талдай алатын болады.

  • Сауаттылықтары артады,әдемі,таза жазуға қызығушылықтары артады.

  • Сөйлем мүшелерінің тұрлаулы және тұрлайсыз мүшелерін ережесімен,сұрақтарына қарай талдауды еркін меңгереді.

Оқушылардың сонымен қатар сөз таптарын,жай сөйлемдерді сатылай кешенді талдау барысында бұл талдау түрін жақсы меңгергендіктері байқалды.

Алдымен әр оқушымен сатылай жұмыстар жүргізілді. 1.Шартты белгілерімен таныстыру.

Шартты белгілер:

O – жалпы дыбыс

- дауысты дыбыс

- дауыссыз дыбыс

Ø –жоқ деген белгі
І.2. Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.

Берілгені:Халықтармен сөзінде қанша дыбыс бар,оның нешеуі дауысты,нешеуі дауыссыз?

Берілгені:

Халықтармен = қанша дыбыс бар? = нешеуі + нешеуі = ?
Берілгені:

Халықтармен = O = + = ?
Шешуі:

Халықтарымен сөзінде он бір дыбыс бар.

Оның төртеуі,олар 2 а, ы, е дауысты дыбыстар.Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай,ауа еркін шығады.

Жетеуі, олар х , л , қ , т , р , м , н дауыссыз дыбыстар.Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.

Шешуі:

Халықтармен = 11 ° = 4 (2а, ы, е) + 7 (х ,л , қ , т , р , м , н)
ІІ.3. Буынның түрлерімен таныстыру.

Буынның түрлері:

Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын

а-та аң тас

ә-ке ай көл

бо-та ұлт дәп-тер ә-же өрт қарт

-

ІІ.4. Сөз құрамына – грамматикалық мағанасына қарай талдау.


1. Айтылу,жасалу,жазылу жолдарына :

жуан, жіңішке, аралас буынды

сөздер

2.Буын:


А) ашық (а.б)

ә) тұйық (т.б.)

б) бітеу (б.б.)
3. Тасымал.

4. Екпін.

5. Буын үндестігі
6. Дыбыс үндестігі:

А) ілгерінді ықпал( )

ә) кейінді ықпал ( )

б)тоғыспалы ықпал ( )
Міне,осындай жұмыстардың түрлерінің өзгеруінің арқасында оқушылардың өз тілдеріне деген қызығушылығының артуы ,сыныбымның жазба жұмыстарының жақсы нәтиже көрсетуінің дәләсі деп білемін. Әр тоқсан сайын жазба жұмыстарының тапсырмаларын күрделі ғып ала отырып,нәтижесі тексеріліп ,бағаланып, қысқаша қорытындыланып отырады.

Сынып: 3-сынып /2-сағат/.

Сабақтың тақырыбы: «Буын үндестігі»

Мақсаты:Оқушылардың буын үндестігі туралы білімін арттыру;

Сөздер бірде жуан,бірде жіңішке айтылу ерекшеліктеріне басты назар аударту;

Қызығушылығын арттыру,;

Көрнекіліктер: плакаттар,суреттер,таратпа материалдар,т.б.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру.

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Өткенді қайталау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Кіріспе бөлім.
Буын үндестігі-сингармонизм .
Сөздің соңғы буының жуан,жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да не жуан,не жіңішке жалғануы.
Жуан сөздер : Жіңішке сөздер:
Жұмыс-шы-лар-ға Сүйінші-лер-ің-ді

Тарих-ты Лагерь-ге

Цех-та Роль-дің , рол-ім
Сонымен қатар буын түрлері де бар,олар: ашық,тұйық,бітеу болып бөлінеді.
Ашық буын дегеніміз-дауысты дыбыстан басталып,дауысты дыбыспен аяталады.
Мысалы: Ашық буын

а-та


ә-ке
Тұйық буын дегеніміз- дауысты дыбыстан бастылып, дауыссыз үнді немесе қатаң дыбыспен аяталады.
Мысалы: Тұйық буын

Аң


Ұлт
Бітеу буын дегеніміз- дауыссыздан басталып,дауыссызбен аяқталады.
Мысалы: Бітеу буын

тас


дәп-тер

Сабақтың соңында оқушыларға үйде ережелерді жаттай отырып,қалам,кітап,оқулық деген сөздермен күрделі сөйлемдер құрастыра отырып,сөйлем мүшесіне және буын түрлеріне ажыратып талдау тапсырылады.



Сынып: 3-сынып /2-сағат/.

Сабақтың тақырыбы: «Сөз құрамына – грамматикалық мағанасына қарай талдау.»

Мақсаты:Оқушылардың сөз құрамының грамматикалық мағанасына қарай талдау түрімен тагыстыру.;

Сөздердің айтылу жолдарын,тасымал,екпінді дұрыс көрсете білуге, буын және дыбыс үндестігіне басты назар аударту;

Қызығушылығын арттыру,;

Көрнекіліктер: плакаттар,суреттер,таратпа материалдар,т.б.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру.

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Өткенді қайталау.

ІІІ.Жаңа сабақ.


Кіріспе бөлім

1. Айтылу,жасалу,жазылу жолдарына :

жуан, жіңішке, аралас буынды

сөздер

2.Буын:


А) ашық (а.б)

ә) тұйық (т.б.)

б) бітеу (б.б.)
3. Тасымал.

4. Екпін.

5. Буын үндестігі

6. Дыбыс үндестігі:

А) ілгерінді ықпал( )

ә) кейінді ықпал ( )



б)тоғыспалы ықпал (

Тақтаға бір оқушы шығып,мұғалім берген сөзді талдай бастайды,ал қалған оқушыларға дәл сол сөз бір-бір параққа мұғалім дайындап әкелген тапсырманы тақтадағы оқушымен бірге талдай отырып,орындайды.
Мысалы: Әдепті-деген сөзді сатылай кешенді талдау.

1. Айтылу,жасалу,жазылу жолдарына :

жіңішке буынды сөз.




2.Буын:

А) ашық (а.б)




3. Тасымал.

«1» рет.

А) әдеп-ті.

4. Екпін.

Әдепті. «ә»

5. Буын үндестігі

Жіңішке буынды.

6. Дыбыс үндестігі:

А) ілгерінді ықпал( ).

Міне,осылай біртіндеп түсіндіре отырып,оқушылардың жалпы грамматикалық үлгерімін жақсартуға әбден болады.

Үйге:оқу құралына байланысты өздері таңдаған сөз бойынша талдап,дайындап келеді.
...............................................................................................................................................

Оқушыларымның сатылай кешенді талдау ұнағаны соншалықты төрт жолды өлеңдерінде арнады.

Грамматика бар сенің сан қызық жаңалығың,

Үйренуден біз жалықпай,талмаймыз.

Болсақ егер ең сауатты оқушы,

Ол да сенің арқаң деп біл.

Ал,сатылай кешенді талдауды былай өздеріне қарай сөз жұмбақ қып шешіп алды.

С-саналы, К –келешегіміз

А-азамат, Е - ертеніміз

Т-тәртіпті, Ш -шыныққан

Ы-ырысты, Е –елдің

Л-лайықты, Н -намысты

А-арманшыл, Д -достықты

Й-инабатты «й». І-ізденгіш ұрпақпыз деп өздеріне баға бере алатын азамат,тұлға бар екені,сонымен қатар қызығушылығы үйірмеге деген арта түсетіндіктері байқалады.


жүктеу 131,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау