Жеке куәліктегі ЭЦҚ-мен жұмыс істеу
2012 жылғы сәуір айының соңында жаңа жеке куәліктерге
жеке тіркеу сертификаттарын жазу бойынша пилоттық жоба
іске қосылған болатын. Бүгінгі күні бұл қызмет Астана және
Алматы қалаларының, сондай-ақ еліміздің ірі қалаларының
басты ХҚКО-ларында көрсетіледі.
Жеке куәлікке ЭЦҚ кілттерін орнаалстырудың басымдылығы
оның қауіпсіз сақталуында, бұл жерде жабық кілттің
көшірмесін жасау мүмкін болмайды. Жеке куәлік жоғалған
жағдайда ЭЦҚ-ны пайдалану мүмкін емес, себебі бұл үшін
PIN-
код (банктік картаға ұқсас) білу қажет, бұл жерде кері
қайтаруға өтініш беріп, тіркеу куәлігін кері қайтаруға
болады.
Жаңа үлгідегі жеке куәліктің электрондық чипі бар, бұндай чип банктік карталарда да болады. Бұл
чиптың жадысының арнайы бөлігіне тіркеу сертификатын, яғни өзіңіздің ЭЦҚ кілтіңізді жазуға болады.
Ескерту. ЭЦҚ-ны тек жеке тұлғалар ғана жаза алады. Заңды тұлғаларға арналған ЭЦҚ жеке куәлікке
жазылмайды.
ҚР ҰКО
сайтының
басты парағында осы уақытқа дейін берілген ЭЦҚ статистикасын танысуға болады.
ЭЦҚ-ны жеке куәлікке қалай жазуға болады?
Бұл үшін ХҚКО-ға бару немесе
ҰКО
-
ның арнайы қызметшісіне, операторына жеке куәлікке ЭЦҚ жазуға
өтініш білдіру қажет. Бұл қызмет көрсетілетін ХҚКО-лардың тізімін
осы жерде
қарауға болады.
Оператор сіздің жеке куәлігіңіздің чипын тексереді және оған жаңа ЭЦҚ жазады, ол сізден PIN-код
ойлап табуды және оны арнайы пернетақтаның көмегімен енгізуді сұрайды. Банктік карточкалардың
коды секілді ЭЦҚ PIN-коды да 4 цифрдан тұрады. ЭЦҚ жазуға 5-10 минут уақыт жұмсалады.
Қазіргі кезде стационарлық компьютерде немесе ноутбукте ЭЦҚ жазылған жеке куәлікті пайдалану үшін
арнайы қондырғы – смарт-карталарға арналған картридер (smart card reader) сатып алу қажет.
Картридер – оқу/жазу үшін пайдаланылатын қондырғы, ол смарт-карталармен ақпарат алмастыруға
арналған болып келеді. Ол ақпаратты беру немесе ақпаратты жазуүшін негізгі автономдық модуль болып
табылады.
ҚР барлық облыс орталықтарында мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға болады, бұл
үшін ХҚКО-ға бару немесе egov.kz порталына кіру қажет емес, бұл жерде ҚҚО-ға кіріктірілген
картридердің көмегімен жеке куәлікті пайдалана отырып,
Қоғамдық қолжетімдік орны
деп аталатын
қондырғыға жүгіну жеткілікті болып келеді.
Smart Card Reader-
лерді қай жерде сатып алуға болады?
Мамыр айының басында "AKNUR Security" компаниясы ACR38U-I1 және ACR38U-N1 карт-
ридерлерінің үлгілерін ресми түрде таныстырды, оларды қазірдің өзінде еліміздің "
Технодом
" және
"
Белый Ветер
" ірі сауда жүйелерінің сатылымынан табуға болады.
Ықшам құрылғылар микропроцессорлы және криптопроцессорлы смарт-карталардың барлық үлгілерімен
жұмыс істейді. Олар ISO 7816-1/2/3, EMV, Microsoft PC/SC стандарттарына толығымен сәйкес келеді
және Windows, MacOS және Linux операциялық жүйелерімен үйлесімді.
Және де картридерлерді келесі жерде сатып алуға болады:
•
Астана қ.: Тархан к-сі, 4, кеңсе 121, т. 8 (7172) 29-37-13, 29-37-15;
•
Алматы қ.: Немирович-Данченко к-сі, 18, т. 8 (727) 247-87-34, 8 (727) 354-04-72.
Сондай-ақ, Smart Card Reader «ALSI» -
www.alsi-online.kz
интернет дүкенінде және дүкеннің келесі
мекенжайлар бойынша орналасқан филиалдарында сатып алуға болады:
•
Астана қ., Сарыарқа даңғ, 26 үй. Телефон: +7 (7172) 55-10-00;
•
Алматы қ., Жандосов к-сі, 34a үй, Әуэзов к-сі бұрышы. Телефон: +7 (727) 297-11-40;
•
Алматы қ., Көктем-2 ш/а, 19а үй (ALSI басты кеңсесінің ғимараты). Телефон: +7 (727) 297-11-70;
•
Атырау қ., Сарыарқа даңғ., 40 үй. "Каспий Толқыны" тұрғын үй кешені. Телефон: +7 (7122) 271-
494, 272-939, 273-160.
Электрондық қызметтерді алу
Картридерді компьютерге қосу үшін оны компьютердің немесе ноутбуктің USB-ажыратқышына қосу
қажет. Бұдан кейін оған бағдарламалық қамтамасыз етуді (драйвер) орнату қажет. Орнатылатын дискі
картридермен бірге берілуі тиіс.
Орнатылған қондырғылардың тізімінде картридердің болуын қондырғылардың диспетчері арқылы білуге
болады.
Порталдың қызметтерін алмай тұрып, электрондық қызметтермен қалыпты жұмыс істеу үшін
компьютерде Java БҚ орнатылғанына көз жеткізу қажет.
Ескерту. Жеке куәлікке жазылған тіркеу сертификаты порталға сертификат бойынша кіруге арналған
болып келмейді. Ол тек сұранымдарға қол қою үшін қызмет етеді.
Жеке куәлікті картридерге қоямыз және
www.egov.kz
порталын ашамыз.
Авторланып, қызметтерді алуды бастаймыз. Мысал ретінде
зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы
алып көрейік.
«Сұранымды жіберу» түймешесін басқаннан кейін сертификат таңдалмады деп көрсетілген терезе
ашылады.
«Сетификатты таңдау» түймешесіне басқаннан кейін диалогтық терезе пайда болады, бұл жерде
сертификатты таңдау тәсілін көрсету қажет.
1. IDCard –
жеке куәліктен сертификатты таңдау;
2.
Файлды таңдау – сертификатты компьютерден немесе өзге тасығыштан (флэшка/CD-диск) таңдау.
Жеке куәлікте берілген ЭЦҚ таңдау қажет болғандықтан, «IDCard» түймешесін басу қажет. Бұдан кейін
төрт мәнді PIN-код енгізуге арналған терезе пайда болады.
PIN-
код енгізілгеннен кейін сертификат туралы стандартты терезе ашылады.
Қызметке қол қойып, нәтижені алу ғана қалады.
Жеке кәлікке жазылған ЭЦҚ-ның көмегімен порталдың қызметтерін алу рәсімінің стандартты рәсімнен
айырмашылығы көп емес. Біз сақтаудың ЭЦҚ-ны сақтаудың осы тәсілін пайдалануды ұсынамыз, бұл ең
алдымен сіздің жеке деректеріңіздің қауіпсіздігі үшін қажет.
Cоңғы өзгеріс: 07.06.2013