Микроэкономика



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет3/30
Дата30.12.2019
өлшемі3,68 Mb.
#25484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


 
яғни  неғұрлым  ірі  құрылымдарға  білім  беру  процесінде 
экономикадағы субъектілердің ӛзара әрекеті болып табылады. 
Микроэкономика жекелеген экономикалық субъектілердің іс-
қимылын  түсіндіруге  кӛмектесе  алатын  (ыкшамдалған  тәсілмен) 
және  келешекке  тиісті  болжам  жасай  алатын  теорияларды 
қолдануға  негізделеді.  Теорияның  математикалық  ӛрнектерін 
білдіретін  модельдер  аталған  түсініктерді  кӛрсету  үшін  және 
болжалдау процесінде қолданылады. 
Микроэкономика  нормативтік  талдау  үшін  маңызды,  бұл 
ретте  біз  фирмалар  үшін  және  тұтастай  алғанда  қоғам  үшін 
қандай  баламалар  жақсырақ  деген  сұраққа  жауап  береміз.  Бұл 
ретте  тепе-теңдік  пен  әділеттілік  және  сондай-ақ  экономикалық 
тиімділік  проблемаларының  позициясы  тұрғысынан  бағалау 
пікірлерін ескеру маңызды. 
Микроэкономика  онда  жекелеген  сатып  алушы  немесе 
сатушы  бағаға  әсер  етпейтін  бәсекелестік  нарығын,  сондай-ақ 
онда жекелеген агенттер бағаға әсер ете алатын бәсекелестік емес 
нарықтарды да зерттеумен айналысады. 
Микроэкономика  қолданыстағы  бағаны  да,  сондай-ақ 
инфляцияның  әсерін  жоюға  мүмкіндік  беретін  салыстырмалы 
бағаны да зерттейді. Салыстырмалы бағалар тұтыну бағаларының 
индексі  (ТБИ)  сияқты  бағаның  бірігу  индексі  бойынша 
есептеледі. 
«Micro»  қосымшасы  грек  тілінде  «кішкентай»  деген 
мағынаны  білдіреді,  экономикалық  ғылымда  салаларды  анықтау 
контекстінде  жеткілікті  шартты  сипатта  болады.  Біріншіден, 
жекелеген  нарық  бірлігі  ӛзінің  шамасы  бойынша  кішкентай  да, 
ӛте үлкен де болуы мүмкін. Мысалы, «General Motors» ірі ӛндіріс 
фирмасы  (1  млн-ға  жуық  персоналы  және  бүкіл  дүние  жүзі 
бойынша  5  млн.  акционерлері  бар)  жыл  сайын  құны  кӛптеген 
елдердің  ЖҰӚ-нен  асып  түсетін  ӛнімдерді  шығарады.  Бұған 
қарамастан  микроэкономика  үшін  зерттеу  объектісі  ретінде  бұл 
фирма,  мысалға,  жалпы  терминмен  «ӛндірістік  фирма»  дегенді 
білдіретін  қандай  да  бір  шағын  фермерлік  шаруашылықпен 
маңызы  бірдей  болады.  Ал  басқаша,  микроэкономика  жекелеген 
бірлікті зерттей отырып, оның басқа бірліктермен ӛзара әрекетін 
ескереді,  яғни  бұл  дегеніміз  олардың  «ӛмір  сүру  ортасын»  - 
ӛндіріс  салаларын,  ресурстар  және  ӛткізу  нарығын,  бәсекені 



 
ұйымдастыру  және  барлық  қоғам  тұтастай  экономикалық 
бірліктердің  жалпыға  ортақ  ӛзара  әрекеттестігінің  салдарынан 
алатын  қосынды  нәтижені  қарастыру  қажет.  Осылайша,  мұнда 
микроэкономика  макроэкономикада  сӛзсіз  болатын  проблемаға 
шығады,  сондықтан,  экономикалық  теорияның  екі  бӛлімі 
арасындағы шекара жеткілікті түрде шартты. 
Макропроцестерді  түсіну  негізінде  жекелеген  шаруашылық 
бірліктердің 
тәртібін 
талдау 
жатқаны 
әбден 
айқын. 
Макроэкономика 
жӛніндегі 
қазіргі 
замандағы 
барлық 
оқулықтардың  үлкен  тараулары  зерттеудің  микроэкономикалық 
негіздеріне  және  макроэкономикалық  тәуелділіктің  әдістемелік 
негіздеуіне  арналған.  Керісінше,  микроэкономиканың  қазіргі 
замандағы 
курстары 
макроэкономикалық 
тақырыптарды: 
мемлекет  рӛлі  және  мемлекеттік  сектор  экономикасы;  нарық 
жүйесі  және  әл-ауқат  экономикасының  тиімділігі,  жалпы  тепе-
теңдігі;  сыртқы  эффектілер  теориясы  және  қоғамдық  игіліктер 
және т.б енгізеді. 
Экономика 
ғылымының 
міндеті 
жүйеге 
фактілердің 
бейберекет  жинағын  енгізуден  тұрады.  Бұл  мақсатта  зерттеудің 
ерекше әдістері қолданылады. «Әдіс» сӛзі грек тілінен аударғанда 
«бірнәрсеге 
апаратын 
жол» 
дегенді 
білдіреді. 
Біздің 
жағдайымызда  -  бұл  экономикалық  процестердің  ғылыми 
ақиқатты 
жетістіктеріне 
апаратын 
жол. 
Экономикалық 
құбылыстардың  функционалдық  және  сандық  тәуелдігін  зерттеу 
кезінде  математикалық  аспаптар  жинағы  кеңінен  қолданылады. 
Мынадай  әдістер:  талдау  және синтез, индукция және дедукция, 
тарихи  және  логикалық  әдістер,  абстракция  және  басқалары 
белсенді  колданылады.  Экономикалық  құбылыстардың  микро- 
және макроталдауы әр түрлі кӛзқарас нүктесінен карастырылады, 
зерттеу әдістері және құралдары бірдей қолданылады. [1] 



 
1 СҰРАНЫС  ЖӘНЕ  ҰСЫНЫС  ТЕОРИЯСЫНЫҢ 
НЕГІЗДЕРІ 
1.1 Ресурстардың шектелгендігі проблемасы және таңдау 
қажеттілігі. Нарық - игіліктерді таратудың қоғамдық 
механизмі 
 
Ӛндірістерде  барлық  пайдаланылатын  ресурстар  шектеулі. 
Экономикалық  ресурстар  деп  экономикалық  игіліктерді  ӛндіру 
үшін кажетті мына элементтерді: 
1)еңбек  -  экономикалық  игіліктерді  жасауға  бағытталған 
мақсатты түрдегі іс-қимыл; 
2) капитал  -  тауарлар  мен  кӛрсетілетін  қызметтерді  ӛндіру 
үшін пайдаланылатын бұрынғы еңбекпен құрылған игіліктер; 
3) жер,  табиғи  ресурстар  -  тауарлар  және  кӛрсетілетін 
қызметтер ӛндіру үшін қажетті табиғи жағдайлар; 
4) кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қабілеттілік  - басқару қабілеттілігі, 
сондай-ақ  жаңашылдықтар  құру  және  тәуекелдерге  бару 
қабілеттілігі; 
5) ақпарат  -  қоршаған  әлем  жэне  ондағы  болып  жатқан 
процестер  туралы  мәліметтер;  бірнәрсенің  жағдайы  туралы, 
шамалардың  мәні  туралы  мәлімдейтін  хабарлама  деп  атау 
қабылданған. 
Игіліктердің 
шектеулігі 
таңдау 
проблемасын 
шешу 
қажеттілігіне  – бұл ретте  осы шығындар  кезінде  қажеттіліктерді 
максимум 
қанағаттандыруға 
қол 
жеткізетін, 
оларды 
пайдаланудың балама нұсқаларының ішінен ең жақсысын таңдау 
жатады.  Ресурстардың  шектеулігімен  қоғамға  таңылатын  таңдау 
процесінде  ол  үш  іргелі  міндеттерді  шешу  қажеттілігімен 
кездеседі:  не?,  яғни  қандай  тауарлар  және  кӛрсетілетін 
қызметтерді  қандай  мӛлшерде  жүргізуге  болады,  қалай?,  яғни 
қандай  шектеулі  ресурстар  және  технологиялық  тәсілдер 
кӛмегімен  адамдарға  қажетті  игіліктерді  ӛндіруге  болады  және 
кім үшін? бұл шектеулі ӛмірлік игіліктерді ӛндіру қажет? 
Экономикалық 
міндеттердің 
аталған 
үш 
тағаны 
экономикалық жүйенің барлық типтері үшін тән екендігін ескеру 
маңызды.  Айырмашылық  бұл  міндеттерді  шешу  тиімділігінің 
дәрежесінен ғана тұрады. 
Нарықтық экономиканың негізгі субъектісі үй шаруашылығы 


жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау