Микроэкономика



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет5/30
Дата30.12.2019
өлшемі3,68 Mb.
#25484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

15 
 
(тауарға  немесе  қызметке)  деген  сұраныс  кӛлемі  оның  ұсыныс 
кӛлеміне тең: Q
D
= Q
S

Тепе-тең баға (Р
Е
) - бәсекелес күштер әрекетінің нәтижесінде 
сұраныс және ұсынысты теңгеруші баға. 
 
 
 
1.7-сурет - Сұраныстың және ұсыныстың ӛзара әрекеттестігі 
 
 
 
Тепе-теңдік  бағаны  орнатуға  екі негізгі  амал  бар:  Л.  Вальрас 
және А.Маршалл амалдары. 
Л.Вальрас  амалының  ең  бастысы  сұраныс  және  ұсыныс 
кӛлеміндегі айырмашылық болып табылады.  
 
1.8-сурет – Вальрас бойынша тепе-теңдік 
 


16 
 
Егер  Р
1
  баға  кезінде  сұраныстың  (Q
2
  –  Q
1
)  артықтығы  болса, 
онда  сатып  алушылар  бәсекелестігінің  нәтижесінде  әзірге 
тапшылық  жойылмайынша,  тауар  бағасы  кӛтеріле  беретін 
болады.  Сатушылар  бәсекелестігі  Р
2
  баға  (АВ  ара  қашықтық) 
кезінде  ұсыныстар  артықтығы  жағдайында  бағаның  тӛмендеуіне 
және артықтың жойылғанына әкеледі (1.8-сурет). 
А.  Маршалл  амалының
 
ең  бастысы  бағалар  (Р
2

1

айырмашылығы  болып  табылады,  олардың  бәрінен  бұрын, 
сұраныс бағасы және ұсыныс бағасының айырмашылығына қалай 
қарайтындығына  байланысты  болады.  Сұраныс  бағасы  ұсыныс 
бағасынан  неғұрлым  кӛп  болған  сайын,  соншалық  ұсыныстың 
ӛсуі  үшін  ынта  кӛп  болады.  Сұраныстардың  ӛсуі  бұл 
айырмашылықты қысқартады және соған қарамастан тепе-теңдік 
бағаға жетуге мүмкіндік туғызады: 
 
1.9-сурет – А. Маршалл бойынша тепе-теңдік 
 
Егерде  ұсыныс  бағасы  сұраныс  бағасынан  артық  болса,  онда 
ұсынысты арттыру стимулы болмайды. Бұл жағдайда тепе-теңдік 
ұсыныс кӛлемінің азаю және ӛнім бағасының тӛмендеуі есебінен 
болады. 
Осылайша, нарық сұраныстың жоғары тӛлем қабілеттілігімен 
салалар  пайдасына  ресурстарды  қайта  бӛлуге  мүмкіндік 
туғызады. 
Егер  бағасыз  факторлардың  әсерінен  сұраныстың  кӛтерілуі 
ӛзгермейтін  ұсыныс  кезінде  немесе  ұсыныстың  қысқаруы 
ӛзгермейтін  сұраныс  кезінде  болатын  болса,  онда  тауар 
(кӛрсетілетін  қызметтер)  бағасы  ӛсетін  болады.  Керісінше,  егер 


17 
 
ӛзгермейтін  сұраныс  кезінде  ұсыныс  кӛбейетін  болса,  онда  баға 
тӛмендейді. 
Тепе-теңдікті  орнатуға  әсерін  тигізетін  бағасыз  факторлар 
қатарына  мынадай  факторларды,  уақыт  факторы,  баға  белгілеу 
механизміне  мемлекеттік  араласу,  монополияның  ықпал  етуі 
және басқа факторларды жатқызуға болады. 
Демек,  А.  Маршалл  уақыт  факторынан  тәуелділіктегі  тепе-
теңдіктің  үш  типін  айырады:  лездік,  қысқа  мерзімді  және  ұзақ 
мерзімді.  Лездік  тепе-теңдік  ӛзгертілмеген  ұсынысты  дұрыс 
бӛлген кезде (Р) бағаны арттырады. Қысқа мерзімді тепе-теңдікте 
-  ұсыныс  ӛседі,  бірақ  кәсіпорындар  саны  ӛзгермейді.  Қысқа 
мерзімді  тепе-теңдік  кезінде  тек  ауыспалы  факторлар  ғана 
ӛзгереді,  тұрақты  факторлар  ӛзгермейді.  Қалыпты  ұзақ  мерзімді 
тепе-теңдікте  –  кәсіпорындар  саны,  пайдаланылатын  ресурстар 
кӛлемі  ӛзгереді:  баға  ақырғы  қорытындыда  ӛзгертілген 
шығындарға бейімделеді. Бұл жағдайда мезеттік тепе-теңдік (Pm) 
бағасын,  қысқа  мерзімді  тепе-теңдік  (Pk)  бағасын  және  ұзақ 
мерзімді тепе-теңдік (P
L
) бағасын ажыратады. 
Баға белгілеу механизміне мемлекеттің араласу мысалдарына, 
мысалы,  бірінші  қажеттілікте  тауардың  максимум  бағасын 
немесе минимум еңбек ақыны белгілеу жатады. Мысалға, үкімет 
қанттың  максимум  еңбекақыны  белгілеу  жатады.  Мысалға, 
үкімет  қанттың  максимум  бағасын  белгіледі  дейік.  Бұл  іс-
шарадан болатын экономикалық әсерді графикалық түрде беруге 
болады: 
 
 
1.10-сурет - Мемлекеттің араласуы кезіндегі баға белгілеу 


18 
 
MN  сызығы  мемлекет  қантқа  белгілеген  максимум  бағаны 
бейнелейді.  Егер  шек  қойылмаса,  онда  баға  Е  деңгейінде 
қалыптасар еді. Бұл жағдайда нақты сұранысты ( dd жағдайынан 
d’d’  жағдайына)  теңбе-тең  қысқарту  үшін  қантты  тарату  үшін 
ұсынысты тікелей немесе жанама үлестеу қажет. 
Егер  монополияның  бәсекелестік  сұранысқа  және  ұсынысқа 
тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, онда монополист ӛндірісті 
қысқарта алады және тұтынушыларды сұраныс қисығы бойынша 
неғұрлым  жоғары  бағалар  аймағына  қозғалта  алатынын  ескеру 
қажет. [2] 
 
 
                 Ӛзін-ӛзі тексеруге арналған сұрақтар: 
 
1. Айналым моделі нені кӛрсетеді? 
2. Сіз 
ресурстарды  шектеу  және  таңдау  қажеттілігі 
проблемасын қалай түсінесіз? 
3. Игіліктердің  сұранысы  және  ұсынысына  әсерін  тигізетін 
факторларды атаңыз. 
4. Сұраныс заңы қалай қалыптасады? 
5. Ұсыныс қисығының сол жаққа ығысуы нені білдіреді? 
6. Нарықтық тепе-теңдік шарттарын атаңыз. 
7. Қандай  жағдайда  тауарлар  және  кӛрсетілетін  қызметтер 
тапшылығы пайда болады? 
8. Баға
 
белгілеудегі  мемлекеттік  араласудың  механизмі 
қандай? 
9. Нарықтық  тепе-тепдікті  қарастыру  кезінде  А.Маршалл 
амалынан Л.Вальрэс амалының айырмашылығы неде? 
10. Егер  сұраныс  функциясы  Q
d
  =  50  -  2Р  болса,  ал  ұсыныс 
функциясы  Q
s
  –  20  +  Р  болса,  тауардың  тепе-теңдік  саны  неге 
тең? 
 


19 
 
2  СҰРАНЫС  ЖӘНЕ  ҰСЫНЫС  ИКЕМДІЛІГІ.  
САЛЫҚ   ӘСЕРІ 
 
2.1 Икемділік үғымы. Сұраныстың баға икемділігі. Табыс 
бойынша сұраныс икемділігі. Сұраныстың айқасқан 
икемділігі 
 
Микроэкономикалық талдауда икемділік ұғымына үлкен мән 
беріледі.  Сұраныс  икемділігін  және  ұсыныс  икемділігін 
ажыратады. Мұны сұлба түрінде былай беруге болады: 
 
 
 
2.1-сурет- Икемділік түрлері 
 
Сұраныстың баға икемділігі — бұл сұраныс ұсынған ӛнімдер 
санының  ӛзгерісіне  баға  ӛзгерісінің  әсер  ету  дәрежесі,  яғни  бұл 
бағаның  пайыздық  ӛзгерісінің  нәтижесінде  пайда  болған 
сұраныстың  пайыздық  ӛзгерісі.  Егер  бағаны  Р  арқылы,  ал 
сұраныс  шамасын  Q  арқылы  белгілейтін  болсақ,  онда  Е 
сұранысының баға икемділігінің коэффициенті тең болады: 
 
 
 
мұнда ΔQ — сұраныс ӛзгерісі; ΔР — баға ӛзгерісі.  


жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау