60
3) қалыпты пайда - балама пайдаланудан кәсіпкерлік
қабілеттілікті ұстап қалу үшін минимум тӛлем;
4)қайтарымсыз шығындар жүктелген шығындар 0-ге тең
болған кезде балама пайдаланылмайтын шығындар.
6.1-сурет – Ӛндірістің экономикалық
шығындарының құрылымы
Кӛрінетін
және
кӛрінбейтін
шығындар
арасындағы
айырмашылықты белгілеу «пайда» ұғымын түсіну үшін қажет.
Экономикалық пайда - бұл фирма түсімі (табыстың
жиынтығымен) және оның шығындары (кӛрінетін де, кӛрінбейтін
де) арасындағы айырмашылық.
«Пайда» термині бизнес әлемінде жиынтық табыстар және
кӛрінетін шығындардың айырмашылығын белгілеу үшін жай ғана
жиі қолданылады. Экономистер мұндай пайданы бухгалтерлік
пайда деп атайды.
Кейде экономикалық пайда нольге тең болған кезде,
кәсіпкерлер алатын қалыпты пайда ұғымдарын пайдалану талап
етіледі.
Қалыпты пайда кейбір ресурстар оларды ең жақсы баламалы
пайдалану кезінде ӛз иелеріне әкелетін пайданы білдіреді. Ол
кӛрінбейтін шығындар элементі болып табылады. Экономикалық
шығындар құрылымында қалыпты пайданың бӛлінуі ӛндіріс
тиімділігі деңгейлері арасына шек қою мақсатын қояды. Егер
қалыпты пайданы енгізген экономикалық шығындар ӛндірілетін
игіліктер бағасынан тӛмен болса, онда бұл фирма артық пайданы
алады дегенді білдіреді, демек орташа салалы деңгейлермен
салыстырғанда неғұрлым тиімді ресурстар пайдаланылады.
62
6.2-сурет - Жиынтықты, тұрақты және айнымалы
шығындардың қисығы
Жалпы тұрақты және айнымалы шығындармен қатар жалпы
шығындардың ӛнімдер бірлігіне деген қатынасын бейнелейтін
орташа шығындарды есептеу пайдаланылады.
Ӛйткені ӛндіріс кӛлемінің ұлғаюымен, ӛнімдер бірлігіне
келетін тұрақты шығындар азаятын болады, онда орташа тұрақты
шығындардың қисығы AFC (average fixed cost) теріс кӛлбеуде
болады.
Орташа тұрақты шығындар мына формула бойынша
есептеледі:
мұнда FC - тұрақты шығындар;
Q - ӛндіріс кӛлемі.
Орташа айнымалы шығындар AVC (average variable cost)
айнымалы шығындарды ӛндіріс кӛлеміне бӛлу жолымен
анықталады:
мұнда VC - айнымалы шығындар;
Q - ӛндіріс кӛлемі.