197
А.Т. Алжигитова, Н.М. Ильясова
ФОРМИРОВАНИЯ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАТИВНОЙ
КОМПЕТЕНТНОСТИ СТУДЕНТОВ
В статье рассматривается вопросы формирования информационно-коммуникативной
компетентности студентов.
A.T. Alžigitova, N.M. Ilyasova
FORMATION OF INFORMATIONAL AND COMMUNICATIVE
COMPETENCE OF STUDENTS
In the article the questions of formation and communicative competence of students.
ӘОЖ 378.01
Е.А. Абетаева
Алматы гуманитарлы-техникалық университеті
«ТЕХНОЛОГИЯ» ПӘНІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Андатпа. «Құзіреттілік» сөзі «құзыр» сөзінен алынған туынды сөз екендігіне баса
назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме
сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға
қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Ал Қазақстан Ұлттық
энциклопедиясында «құзірет (компетенция)» – нақты органның не лауазымды тұлғаның
заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп
көрсетілген. Латын тілінен аударғанда «құзіреттілік – өз ісін жетік білу, танымы мол,
тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзіреттілікті меңгерген тұлға
өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-
тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады.
Кілт создер: құзіреттілік, метапәндік, аналитикалық іскерлік, болжау іскерлігі,
мобилизация
Бүгінгі таңда «құзіреттілік» ұғымымен қатар «түйінді құзіреттіліктер» ұғымы да
кеңінен қолданылуда. Ол «Еуропаға арналған түйінді құзіреттіліктер» бағытын ұстанатын
Еуропа Кеңесі көлемінде айқындалған стратегиядан бастау алады. Бұл түйінді
құзіреттіліктер саны жағынан да, мазмұны жағынан да (құндылықтық мәндік, жалпы
мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық құзіреттіліктер, т.б.) әркелкі [1].
Технология пәні оқушыны даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады.
Технология пәні арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту негізінен, үш түрлі мақсатты
көздейді:
Біріншісі мақсаты - табиғат, қоғам, техника, өнер туралы ғылыми білім негіздерін
меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдағы
негізгі зандылықтардан, фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа,
дүниетанымдық идеялар мен сенімдер, практикалық біліктер мен дағдылар және ғылыми
ойлау тәсілдері жатады.
198
Екіншісі мақсаты - оқушыларды практикалық іс-әрекетке даярлау, өз бетімен
қоғамдық пайдалы еңбек етуге дайындау.
Үшінші мақсаты - оқушылардың ғылыми көзқарасы мен сенімдерін қалыптастыру
оқу пәңдерін оқытуда олардың танымдық және тәрбиелік мүмкіндіктерін мейлінше
толығымен пайдалануды керек етеді.
Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін
еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң, бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің
өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің
кездейтін түпкі мақсаты - осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты
негіз салуы керек".
Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастырудың негізгі бағыты – оларды бүгінгі
қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, өз еркімен шешім қабылдай алатын
жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Оқушының құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту
бағытында мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің маңызы өте зор. Бұл жағдайда тәрбиені
оқушылардың құзырлығын қалыптастыру мақсатына бағыттау қажеттігі айқындала
түседі. [2].
Құзыреттілік-оқу нәтижесінде меңгерген білім мен дағдыны тәжірибеде қолдана
алу, проблеманы шеше алу, яғни оқушы дайындығының сапасын сипаттайтын жаңа
сапалық белгісі.
Құзыреттіліктің заман талабына сай кез-келген саланың маманы болуға
мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар – «пәндік» және «пәннен жоғары
метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді
меңгеруге немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса,
«пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және
одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, өз бетінше іздей білу; талдау; таңдап алып
өзгерте білу; ақпараттық технологияны игеру, оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн
ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгiн жатқызуға болады.
Білім берудің негізгі нәтижесі ретінде мектеп түлегі оқушыда, яғни жеке тұлғада
төмендегі құзыреттіліктер болуы тиіс:
коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу
қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары адамдар мен өзара іс - әрекет және қарым-
қатынас жасау тәсілдерін білу; түрлі әлеуметтік топтармен жұмыс істеу; сияқты
қасиеттері жатқызылады. [3].
«Технология» пәнін оқыту барысында оқушы бойында мынандай қасиеттер болуы
керек:
-
жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуеметтік белсенділік;
-
шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген
ұмтылысының және іскерлігінің болуы;
-
жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі,
жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;
-
үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен
дайындығының болуы;
-
психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және
т.б.
Технология пәнінде оқушы құзыреттілігін қалыптастыру ойлау іскерлігі түрінде
көрінеді.
Аналитикалық іскерлік; технологиялық процесті талдауға бағытталған іскерлік
түрі. Технологиялық құбылыстарды талдай алу, бұйымның техникалық ерекшеліктерін
бағыттап, орындалу операцияларын дұрыс шеше алу, іскерлік дағдыларды дұрыс
қалыптастыру.
199
Болжау іскерлігі; оқушының логикалық ойлауымен ерекшеленеді. Кәсіптік
педагогикалық құбылыстарды дұрыс болжай алу, негізгі технологиялық міндеттерді
құрастыру;
Болжау іскерлігі болжау объектісіне оқушының таңдап алған жобасы жатады.
Рефлексивті іскерлік; оқушының өзіне бағытталған жобасындағы бақылау-бағалау
іс-әрекетін жүзеге асыруда қолданылады. Рефлексия - өзімізді, әрекеттерімізді талдауға
бағытталған теориялық іс-әрекеттің ерекше түрі. Рефлексия латынша өткенге қайта оралу
дегенді білдіреді.
Рефлексивті іскерлік құралады; берілген үлгілер бойынша жеткен нәтижені
сәйкестендіру негізінде бақылау, ойша күтілетін әрекеттер нәтижесі негізінде бақылау,
нақты орындалған әрекеттерді талдау негізінде бақылау.
Оқушының практикалық дайындығы іскерлік пен дағдыдан құралады.
1. Оқушының мобилизациялық іскерлігі бағытталады, яғни оқушының қоршаған
ортамен байланысымен анықталады: айналаға зейін аудару, қызығушылықты ояту арқылы
іскерлік, дағдыларын қалыптастыру, оқу іс-әрекетін ғылыми ұйымдастыру тәсілдерін
үйрету.
2. Оқушының дамытушылық іскерлігі, оқушылардың таным процесін, сезімдерін,
еріктерін дамыту үшін шығармашылықты ынталандыру, екелеген қабілеттерді дамытуға
жағдай жасау.
3. Бағыттаушы іскерлігі – оқушының дүниетанымын қалыптастыруға бағытталып,
оқу тәжірибелік іс-әрекетіне және ғылымға деген тұрақты қызығушылығын,
шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастырудан құралады.
Тақырып негізіне сүйене, технология пәні арқылы оқушы құзіреттілігін дамытудың
төмендегі жолдарын анықтауға болады:
1)
әдістемелік бірлестіктер, үйірмелер мен шығармашылық топтарда жұмыс істеу;
2)
нақты шығармашылық жобай бойынша зерттеушілік әрекет;
3)
инновациялық әрекет, жаңа педагогикалық технологиялардың игерілуі;
4)
үйірмелер мен көрмелерге қатысу;
5)
теория мен практиканың байланысы;
6)
ақпараттық және қатысымдық құралдардың қолданылуы.
Оқушы тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын технологиялық іс-әрекетке
кәсіби дайындығы мен қызығушылығын анықтайды. Кәсіби дайындық өз кезегінде
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік, теориялық, практикалық дайындықтардан
құралады.
Оқушының кәсіби дайындық жүйесіне қойылатын талаптар:
Технология пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары.
Жалпы адамзаттық талаптарға оқушының адамгершілігі, қайырымдылығы,
әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б. жатады. [4].
Жоғарыдағы айтылған идеяларға сүйене отырып, оқушы құзырлығын қалыптастыру
–
алған білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты
қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін
және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті
қасиеттер жиынтығы. Кәсіби педагогтың міндеті – оқушыны өз бетімен білім алуға
бағыттау, тұлғалық қасеттерін өз бетінше дамытуына жағдай жасап, көмек көрсету.
Әдебиеттер
1.
Жантлеуова Ш.К. Профессиональная компетентность будущего учителя в
условиях педагогической практики / - Вестник КазНУ, серия «Педагогические науки»,
2000.-
№12.-С. 25-29.
200
2.
К.Өстеміров Кәсіптік педагогика: - Алматы, 2006.
3.
Климов Е.А. Пути в профессионализм (Психологический анализ):Учебное
пособие. М., Московский психологосоциальный институт; Флинта, 2003.320-с.
4.
Құдайбергенева К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында.
Алматы // 2006.
Е.А. Абетаева
ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ КОМПЕТЕНТНОСТИ УЧЕНИКА
ЧЕРЕЗ ПРЕДМЕТ "ТЕХНОЛОГИИ"
В статье рассмотрены, пути формирования компетентности учащихся, высшее
профессиональное мастерство, инновационный стиль научно-педагогического мышления
и подготовка к принятию творческих решений, так же пути развития практической
деятельности учащихся и все это через предмет-технология.
Е.А. Abetaeva
WAYS OF FORMING STUDENT'S COMPETENCE THROUGH
THE SUBJECT "TECHNOLOGY"
This article is about forming students’ competences, high professional skills, innovative
style of scientific-pedagogical thinking, abilities to produce new values, finding creative
solutions and ways to develop students’ practical activities through technology lessons.
УДК 373.9
Р.Р. Даулеталиева, Н.М. Ильясова
Алматинский гуманитарно-технический университет
ТЕХНОЛОГИЯ РАЗВИТИЯ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ СТУДЕНТОВ КАК
СИСТЕМА ПРИЕМОВ И СТРАТЕГИЙ ОБУЧЕНИЯ
Аннотация. Система высшего образования призвана помочь студенту в
профессиональном и личностном самоопределении, которое предлагает выстраивание
собственного мира ценностей, овладение творческими способами решения научных и
жизненных проблем, открытие рефлексивного мира собственного «Я». В инновационной
модели образования внимание акцентируется на становлении личностно-смысловой
сферы студентов, характерным признаком которой является их отношение к постигаемой
действительности, осознание ее ценности, поиск причин и смысла происходящего вокруг,
иначе говоря, речь идет об умении критически мыслить.
Ключевые слова: готовность к планированию, гибкость мышления, настойчивость,
критическогомышления лекция-пресс-конференция, проблемная лекция, лекция-
визуализация.
Наличие новых технологий и возможностей для поиска информации требует, чтобы
преподаватели пересмотрели методы своего общения со студентами как в аудитории, так
и вне ее. Появление компьютеров и других электронных средств работы с информацией
коренным образом трансформировали процесс обучения в системе профессионального
образования.
Достарыңызбен бөлісу: |