45
4.2-сурет - Сапасыз тауарлар үшін «табыс-тұтыну» қисығы
4.3-сурет - Бейтарап тауарлар үшін «табыс-тұтыну» қисығы
«Табыс-тұтыну» қисығы Энгель қисығын құру үшін негіз
болады. Энгель қисығы игіліктерге деген сұраныс кӛлемінің
тұтынушы табысына тәуелділігін кӛрсетеді.
Энгель қисығының түрі табыстан байланысты сатып алу
икемділігіне тәуелді болады.
46
4.4-сурет - Қалыпты тауарлар үшін Энгель қисығы
4.5-сурет - Жоғары сапалы тауарлар және сән-салтанатқа
арналған Энгель қисығы
Егер табыс І
1
қарағанда аз болса, онда игілікке мүлде қол
жетпейді.
4.6-сурет - Сапасыз тауарлар үшін Энгель қисығы
47
Сапасыз тауарларды тұтыну әзірше табыс І
1
деңгейіне
жетпейінше ӛседі.
Тұтынуға сондай-ақ тауар бағасының ӛзгерісі де әсер етеді.
Тұтынушының табысы ӛзгермейді, ал X тауар бағасы тӛмендейді,
бюджеттік сызықтың кӛлбеу бұрышының ӛзгерісінде графикалық
түрде бейнеленеді деп жорамалдайық. Бұл ретте талғаусыздық
қисығы бюджеттік шектеу қисығының жанасу жетістігіне дейін
ығысады деп санайық. Тепе-теңдік нүктелерін тізбектілікпен қоса
отырып, «баға-тұтыну» қисығын құруға болады.
«Баға-тұтыну» қисығы осы тауарлардың біреуіне
бағалардың ӛзгеруіне байланысты екі тауарды жеке
тұтынудың оңтайлы деңгейінің ӛзгерісін кӛрсетеді.
Осы «Баға-тұтыну» қисығының кӛмегімен шекті пайдалылық
принципі негізінде X тауары үшін жеке сұраныс желісін құруға
болады. «Баға-тұтыну» қисығының негізінде тауарға деген
сұраныс қисығын құру 4.7-суретте берілген.
4.7-сурет - «Баға-тұтыну» қисығы және жеке сұраныс қисығы
48
Жеке сұраныспен қатар нарық сұранысын ажыратады.
Нарық сұранысы - бұл тауардың әрбір осы бағасы кезіндегі
барлық тұтынушылар сұранысының жалпы кӛлемі. Осы
игіліктерде нарық (салалық) сұранысының қисығын құру үшін,
әрбір бекітілген баға деңгейі үшін тұтынудың барлық жеке
кӛлемін қосу керек, яғни нарық сұранысының қисығы тауарға
деген жеке сұраныс қисығының горизонталь қосу нәтижесінде
алынады.
Жоғарыда қарастырылған ұғымдар тауарға деген сұраныстың
ӛзгерісімен байланысты себептерді талдау үшін маңызды болып
табылады.
Бұл үшін ауыстыру тиімділігін және табыс әсерін мақсатқа
сай қарастыру керек. Осыған байланысты бір мезгілде екі
процесті: тұтынушының нақты табысының ӛзгерісін де және
игіліктер бағасының ӛзгерісін де қарастыру қажет, яғни қандай
шамада сұраныстың ұлғаюы бағаның тӛмендеуін, ал қандай
шамада нақты табыстың ұлғаюын тудыратынын анықтау міндеті
болады.
4.8-сурет - Табыс әсері және ауыстыру тиімділігі
Ауыстыру тиімділігі (Э
3
) - бұл табыс ӛзгерісінің есебінсіз
тұтынушы жинағына енетін тауарлардың біреуінің бағасының
ӛзгерісінің нәтижесіндегі тұтыну құрылымындағы ӛзгеріс.
Табыс әсері (Э
д
) - бұл ауыстыру тиімділігінің есебінсіз
49
игіліктер бағасының ӛзгерісін тудырған нақты табыс ӛзгерісінің
есебінен тұтынушы сұранысына тигізетін әсері.
Егер тұтынушы қалыпты тауарларды сатып алатын болса,
онда табыс әсері және ауыстыру тиімділігі қосылады және жалпы
тиімділікті алады. Бірақ қалыпты тауарлардың қатарында Гиффен
тауарлары және тӛменгі сапалы тауарлар деп аталатындар да бар.
Тӛменгі сапалы тауарлар - бұл тұтыну құрылымындағы
шамалы меншікті салмағымен орын алатын тауарлар. Бұл
жағдайда табыс әсері және ауыстыру ӛнімділігі тӛменгі сапалы
тауарлармен қосылмайды және бұл ретте ауыстыру тиімділігі
табыс әсерінен асып түседі.
Гиффен тауарлары - бұл оларға сұраныс барлық тең
жағдайларда тауар бағасының бағытында ӛзгеретін халықтың
табысы аз жіктерінің бюджетінде үлкен орын алатын тауарлар.
Бұл Гиффен тауарларымен жағдайда ауыстыру тиімділігі және
табыс әсері қосылмайды, керісінше азайтылады, бұл ретте табыс
әсері ауыстыру тиімділігінен артық болады.
Ӛзін-ӛзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Табыс әсері және ауыстыру тиімділігі нені білдіреді?
2. Гиффен тауарлары нені білдіреді?
3. «Табыс – тұтыну»
қисығын қалай құруға болады?
4. Ӛнімдерге деген нарық сұранысының қисығын қалай
құруға болады?
5. «Баға - тұтыну» қисығы нені білдіреді?
6. Қалыпты тӛмен сапалы және жоғары сапалы тауарлар
үшін Энгель қисығы қандай түрде болады?
50
5 ӚНДІРІС ТЕОРИЯСЫ
5.1 Ӛндіріс, технология факторлары. Ӛндірістік функция
Ӛндіріс - ресурстарды игіліктерге қайта түрлендіру процесі.
Кез келген ӛндіріс, яғни ӛндіріс факторларының нысандарын
қабылдайтын әр түрлі ресурстарды пайдаланумен байланысты
болады.
Ӛндіріс факторлары мынадай топтарға бӛлінеді:
1) еңбек тартылған жұмыс күшінің жиынтығы ретінде;
2) ӛндіріс қаражатының барлық кешенінің материалдық
нысанын
кӛрсететін капитал;
3) жер табиғи жағдайлар кешені ретінде;
4) ӛндірісті ұйымдастыру жӛніндегі қызмет ретінде
түсіндірелетін
кәсіпкерлік қабілеттілік.
Тауарларды және кӛрсетілетін қызметтерді ӛндіру процесі
ӛндіріс факторларының жинағы ретінде, сондай-ақ олардың
арасындағы ара қатынаспен сипатталады, ол технология
нысанында беріледі. Технология - бұл ӛндіріс факторларының
белгілі бір орнықты комбинациясы.
Кез келген экономикалық жүйеде тауарларды және
кӛрсетілетін қызметтерді ӛндіру кәсіпорындардың кӛптігімен
жүзеге асырылады. Ресурстар шығындарының құрылымы және
ӛнімдердің максимум мүмкін шығарылуларының арасындағы
технологиялық тәуелсіздік ӛндірістік функциялардың кӛмегімен
беріледі. Басқаша айтқанда, ӛндірістік функция ӛндірістің
пайдаланылған факторларының саны және бұл реттегі ӛнімдердің
максимум шығаруларының арасындағы тәуелділікті кӛрсетеді.
Ол ӛндірістің техникалық тиімді тәсілдерінің кӛптігін
сипаттайды. Ӛндірістік функция барынша жалпы мына түрде
болады:
,
мұнда - шығару кӛлемі;
- капитал (жабдық);
- еңбек;
- шикізат, материалдар;
Достарыңызбен бөлісу: |