Микроэкономика



жүктеу 3,68 Mb.
Pdf просмотр
бет19/30
Дата30.12.2019
өлшемі3,68 Mb.
#25484
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

81 
 
 
 
 
8 ЖЕТІЛГЕН  БӘСЕКЕЛЕСТІК   НАРЫҒЫ 
 
8.1 Жетілген бәсекелестік шарттары 
 
Жетілген  бәсекелестік  -  бұл  сатушылар  арасында  және 
сондай-ақ  сатушылар  арасындағы  қарсыластықтың  барлық 
түрлері  болмайтын,  яғни  нарық  тәртібі  нарық  шарттарының 
жағдайына бейімделумен жасалатын нарық кұрылымының типі. 
Бұл  -  нарықтық  құрылымның  басқа  типтерімен  немесе 
жетілмеген  бәсекелестіктің  басқа  түрлерін  салыстыру  үшін 
қажетті нарықтық құрылымның идеал типі. 
Жетілген бәсекелестік шарттары мыналар болып табылады: 
1)  ӛндірушілердің және ӛнімдерді тұтынушылардың кӛптігі; 
2)  ӛнімдердің  біртектілігі  -  бұл  бағадағы  айырмашылық 
жалғыз  себепкер  болып  табылатын  кезде,  сол  бойынша  сатып 
алушы  басқасынан  гӛрі  бір  сатушыны  ұнатады,  яғни  ӛнімдер 
бірдей және ӛзара байланысты болатын жағдай
3)  кіру және шығу тосқауылдарының болмауы
4)  нарық 
жағдайы  туралы  сатушылар  және  сатып 
алушылардың  мүлтіксіз  ақпараты  -  ақпарат  нарық  субъектілері 
арасында тез таралады және оларға бұл ешнәрсе емес
5)  фирмада  ӛндірілетін  ӛнімдер  саны  салалар  ӛнімдерінің 
кӛлемімен салыстырғанда ӛте аз; 
6)  ӛндірушілер  мен  сатып  алушылар  белгіленген  бағаларға 
әсер ете алмайды және оны солай болуы тиіс деп қабылдайды. 
Ӛйткені  фирма  жетілген  бәсекенің  моделі  ретінде  нарықтық 
бағаға  әсер  ете  алмайды  және  оны  сырттан  берілген  ретте 
қабылдайды,  бұл  фирма  ӛнімдерінің  кез  келген  ӛндірілетін 
мӛлшері  бірдей  бағада  сатылады  дегенді  білдіреді.  Параллель 
осьте абсциссада ӛндірушінің жекелеген тауарлары үшін сұраныс 
қисығы 8.1-суретте берілген. 
 


82 
 
 
 
 
 
 
8.1-сурет – Бәсекелес фирма үшін сұраныс қисығы 
 
Себебі  ӛнімдердің  әрбір  ӛндірілген  ӛнімі  Р  тұрақты  баға 
бойынша сатылады, онда жалпы табысқа деген ӛсім немесе MR 
шекті  табысы  нарық  бағасына,  яғни  MR  =  Р  тең  болады. 
Осылайша,  жетілген  бәсеке  жағдайындашекті  табыс  қисығы 
(MR)  жекелеген  фирма  сұранысының  (dd)  қисығына  сәйкес 
келеді. 
 
8.2 Қысқа мерзімді кезеңде жетілген бәсеке - фирманың 
тепе-теңдігі 
 
Қысқа  мерзімді  кезеңде  ӛндірістің оңтайлы  кӛлемін  анықтау 
кезінде үш жағдай болуы мумкін: 
1)  пайдалы барынша кӛбейту; 
2)  ӛзін-ӛзі ӛтеушілік; 
3)  залалдарды барынша азайту. 
 
1)Пайданы барынша кӛбейту 
Бәсекелес  фирма  қысқа  мерзім  кезеңіне  ӛзгертілмейтін 
ӛндірістік  қуатпен  орналады  және  пайданы  барынша  кӛбейтуге 
тырысады.  Ӛйткені  бәсекелес  фирма  үшін  сұраныс  (dd)  және 
шекті  шығындар  (MR)  сызығы  сәйкес  келеді,  онда  жетілген 
бәсекелес  нарығы  үшін  әмбебап  2  -  ережесі  -  шекті  табыс  және 
шекті шығындар (MR = МС) теңдігі мына түрде болады: Р = МС. 
Демек  жетілген  бәсеке  жағдайы  үшін  MR  Р  бағасына 
ауыстырылуы мүмкін. 



83 
 
 
 
 
Онда  фирма  жетілген  бәсеке  жағдайында  ABCD  аумағын 
немесе  (P-AC)*q
opt 
  тең  пайданы  барынша  кӛбейте  алады  (  8.2-
сурет). 
Бірақ мынаны ескеру қажет: 
1)  максимум  пайда  (АС)  орташа  шығындар  минимум  болып 
табылмайтын шығару кӛлемі кезінде алынған; 
2)  шығару,  сол  кезде  пайда  барынша  кӛбейеді,  ӛнімдердің 
бірліктеріне максимум пайда алуды білдірмейді
3)  пайда 
деңгейінің 
кӛрсеткіштері 
және 
ӛнімдердің 
бірліктеріне деген шығын- дар максимум пайда алу критерийлері 
больш табылмайды. 
 
 
 
8.2-cypет – Бәсекелес фирманың пайданы барынша кӛбейтуі 
 
2) Ӛзін-ӛзі ӛтеушілік 
 
Фирма минимум орташа шығындар деңгейіне дейін нарықтық 
бағаны  тӛмендету  жайларында  ӛзін-ӛзі  ӛтеушілік  негізінде 
ӛндіруді жалғастыра беретін болады (8.3-сурет). Бұл ретте фирма 
экономикалық  пайданы  алмай,  кейбір  бухгалтерлік  пайда  бар 
болады.  Сондықтан,  фирма  әрқашан  ӛндірісті  жүзеге  асырады, 
сол  үшін  жиынтықты  шығындар  жиынтықты  түсімді  минимум 
басып озады. 
 


84 
 
 
 
 
 
 
8.3-сурет - Ӛзін-ӛзі ӛтеушілік деңгейінде ӛндірісті 
оңтайландыру 
 
3)Залалдарды барынша азайту 
 
Егер  нарықтық  баға  орташа  шығындардан  тӛмен  түсетін 
болса, онда фирма залал  шегетін болады.  Бірақ бұл жағдайда ол 
ӛндірісті тоқтатпауы тиіс, сондықтан оны жалғастыра отырып, ол 
тұрақты шығындар бӛлімінің орнын толтырады (8.4-сурет). 
 
 
 
8.4-сурет - Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес 
фирманың залалдарын барынша азайту 
 
Сонда  ғана  баға  минимум  орташа  айнымалы  шығындардың 


85 
 
 
 
 
(AVC)  деңгейіне  дейін  тӛмендейді,  фирма  шығаруды  тоқтатуға 
мәжбүр  болады,  ӛйткені  бағаның  кез  келген  бұдан  әрі  қарайғы 
тӛмендеуі кезінде залал ӛседі. 
Осылайша, фирма егер баға орташа айнымалы  шығындардан 
(AVC)  тӛмен  болса,  әрдайым  қысқа  мерзімді  кезеңдегі 
залалдарын ӛндірісті тоқтату жолымен барынша азайтады. 
Жүргізілген  талдау  берілген  баға  жағдайында  фирманың 
нарыққа шығаруға дайын ӛнімдерінің мӛлшері шекті шығындарға 
байланысты екенін кӛрсетеді. 
Сондықтан,  жетілген  бәсекелес  фирма  ұсынысының  қисығы 
орташа айнымалы шығындардан (AVC) жоғары орналасқан шекті 
шығындар  (МС)  қисығының  ӛскен  кесіндісіне  сәйкес  келетін 
болады. Ол 8.5-суретте кӛрсетілген. 
 
 
 
8.5-сурет - Жетілген бәсекелес фирма ұсынысының қисығы 
 
8.3 Ұзақ мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирманың 
нарықтық ұсынысы 
 
Ұзақ  мерзімді  кезеңде  фирмалар  ӛндірістің  барлық 
пайдаланылатын  факторларын  ӛзгертуі  мүмкін.  Ӛндірісті 
кеңейтуге  стимул  болып  экономикалық  пайданы  алу  табылады. 
Сонымен  қатар  салалардағы  фирмалар  саны  да  ӛзгеруі  мүмкін. 
Сондықтан  ұзақ  мерзімді  кезеңде  шығару  кӛлемін  кеңейту 


жүктеу 3,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау