Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет4/15
Дата06.03.2018
өлшемі0,5 Mb.
#11773
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Люголь ерітіндісі препараттарды Грам тәсілімен бояу үрдісінде қоданылады. 2 г калий йодидін 25

мл дистилденген суға ерітеді. Сонан соң ерітіндіге кристалды йодтың 1 г қосып, оның мөлшерін 300 мл-ге

дейін дистилденген сумен жеткізіп, ерітіндіні сүзеді.

Бояудың күрделі тәсілдері. Микробтар клеткасы қабырғасының химиялық құрамы мен құрылысы

біркелкі емес, сондықтан олар бір бояғышпен әр түрлі боялып, кейін спиртпен, қышқылдармен және басқа

реактивтермен   әрекет   еткенде   бірдей   түссіздендірілмейді.   Микроб   жасушасының   бөлімдері   де   бояғыш

ерітінділермен біркелкі боялмайды. Бояудың күрделі (дифференциалды) тәсілдері микроб клеткасының осы

қаситтеріне   негізделген.   Күрделі   тәсілмен   бояу   процесінде   бірнеше   бояғыштар   қолданылады.   Зертхана

тәжірибесінде Грам, Циль-Нильсен, Козловский, Меллер, Злоттогорова және басқа тәсілдер қолданылады.



Грам   тәсілі.  Бекітілген   препараттың   үстінде   фенолды   күлгін   генцианвиолет   сіндірілген   сүзгіш

қағаздың тілімін 2-3 минут ұстайды. Сонан соң қағазды алып, жағындыны Люголь ерітіндісімен 2-3 минут

өңдейді. Бояудың келесі кезеңінде жағынды 96%-дық этил спиртімен 30-40 секунд өңделеді де жақсылап

сумен жуылады. Препарат Пфейффердің фуксинімен қосымша 1 минут боялады. Сумен жуылған соң, сүзгіш

қағазбен кептіріліп, микроскопияланады.

Осы тәсіл бойынша бояу нәтижесінде микробтар күлгін немесе қызғылт түстерге боялады. Спирттің

әрекетіне   қарамастан   бастапқы   күлгін   түсін   сақтайтындар   Грам   оң   микробтар   тобына   жатқызылады

(топалаңның, шошқа тілмесінің, қатерлі  ісіктің  қоздырғыштары, стафилококктар  және т.б.),  ал  спиртпен

өңсізденіп   фуксинмен   қызғылт   қызыл   түске   қосымша   боялатындар   Грам   теріс   микробтар   тобына

жатқызылады (ішек таяқшасы, сальмонеллалар, пастереллалар және т.б.).

Зертханада   Грам   тәсілімен   бояу   үшін   А.В.   Синевтің   модификациясы   жиі   қолданылады.   Бұл

модификация   бойынша   сұйық   бояудың   орнына   алдын   ала   фенолды   күлгін   генцианфиолетпен

дымқылдандырылып,   кептірілген   сүзгіш   қағаздар   қолданылады.   Бояғыш   бұл   жағдайда   мына   рецепт

бойынша дайындалады: 1 г генцианфиолет + 100 мл 96%-дық этил спирті. Бояғыш тұрақты және оны ұзақ

уақыт бойы қолдануға болады. Сүзгіш қағаздар осы бояғышпен дымқылдандырылған соң кептіріледі де,

жамылғы шыны көлемі бойынша қиылып, тығыз тығыны бар ыдыста сақталады.

Жағындыны бояу үшін осындай сүзгіш қағаздың бір тілімін зат шынысының үстіне қойып бетіне

дистилденген   судың   бірнеше   тамшысын   тамызады.   Бояудың   кейінгі   кезеңдері   жоғарыда   жазылғандай

орындалады. 

Грам тәсілінің мәні.  Бұл тәсілді 1884 жылы дат ғалымы Христиан Иоким Грам ұсынған болатын.

Грам-теріс   және   Грам-оң   бактериялардың   әр   түрлі   боялуы   олардың   клетка   қабырғалары   құрылымының

өзгешеліктеріне   байланысты.   Грам-оң   бактериялардың   клетка   қабырғасы   грам-теріс   микробтардікіне

қарағанда қалың және көптеген  пептидогликан полимерін иемденген. Сондықтан олар генцианвиолетпен

тығыз байланысып, спиртпен әрекет жасағанда түссізденбейді. Грам-теріс бактериялардың клетка қабырғасы

жұқа және оның құрамында пептидогликан аз мөлшерде болады. Осы себептен олар бояумен әлсіз боялып,

спиртпен өңсізденеді.

Грам-оң   микробтар   дақылынан   жасалған   препараттарда   грам-теріс   клеткалардың   болуы   мүмкін.

Бұлар өлі немесе қабығы зақымдалған клеткалар.

Грам тәсілі бойынша бояу үшін студенттер  Escherichia coli  және  Bac.megatereum  дақылдарының

қоспасынан жағынды жасйды. Ішек таяқшасы грам-теріс, ал капсула бацилласы грам-оң бактериялардың

өкілдері.



Әдебиеттер:

1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық

медицина   факультетінде   оқитын   студенттердің   зертханалық   тәжірибе   сабақтарына   арналған   әдістемелік

нұсқауы.   Астана,   2005ж.   13-17   беттер.   2   Асонов   Н.Р.   Практикум   по   микробиологии   //   Москва,

«Агропромиздат».   1988.   С.   26-30.   3   Костенко   Т.С.,   Скаршевская   Е.И.,   Гительсон   С.С.   Практикум   по

ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва,  «Агропромиздат». 1989. С. 26.



Бақылау сұрақтары: 1 Бояудың күрделі және қарапайым тәсілдерінің айырмашылықтары. 2 Грам

тәсілімен бояудың практикалық маңызы. 3 Грам-теріс және грам-оң бактериялардың айырмашылықтары.



Төртінші зертханалық-тәжірибе сабағы

МИКРОБТАРДЫҢ БҮГІЛМЕЛІ ФОРМАЛАРЫ. МКРООРГАНИЗМДЕРДІ НЕГАТИВТІ

ЖӘНЕ БАСҚА ТӘСІЛДЕРІ

Сабақтың   мақсаты.  Жағындыны   негативті   тәсілмен   бояудың   техникасын   меңгеру.   Конго

қызылының 3%-ды судағы ерітіндісімен боялған тіс қаптарынан алынған жағындысын микроскоппен қарау.

Микробтардың   бүгілмелі   формаларының   суретін   салу.   Микроб   клеткасының   құрамымен   танысу.

Bac.mesentericus-тің   екі   тәуліктік   дақылынан   жағынды   жасап,   клетканың   капсуласын   және   басқа

элементтерін бояуды үйрену.



Жабдықтар мен материалдар. Картоп бацилласының Bac.mesentericus-тің екі тәуліктік дақылы бар

шыны   түтіктер   және   физиологиялық   ерітінді.   Микробиологиялық   ілмектер,   метилен   көгі   мен   3%   конго




қызылының   ерітінділері   бар   тамызғыштар.   Циль   фуксинімен   өңделген   сүзгіш   қағаздары.   3%-ды   күкірт

қышқылының   ерітіндісі,   фенолдың   5%-дық   судағы   ерітіндісі,   дисилденген   су.   Пипеткалар.   Зат   және

жамылғы   шынылары.   Шыныға   жазатын   қарындаштар.   Шайындыны   төгетін   ыдыстар.   Пинцеттер,   спирт

шамдары. Микроскоптар. Бал қарағай майы. Кестелер.



Микробтардың   бүгілмелі   формалары.   Бүгілмелі   микроб   жасушарының   келесі   формалары

ажыратылады.



Вибриондар үтір тәріздес иілген (1). Денесінде жалғыз қыл аяғы болады. 

Спириллалардың  бірнеше   ірі   шиыршықтар   5-тен   көп   емес   болады   (2).   Олар   қыл   аяқтарының

көмегімен қозғалады.



Спирохеталар  штопор тәріздес формалары бар бүгілмелі прокариотты микробтардың өкілдері (3).

Олар   көптеген   ұсақ   шиыршықтарының   көмегі   арқылы   жиырылып,   қозғала   алады.   Электронды

микроскоптың көмегімен олардың денесінің шетінде бір шоқ қыл аяқтардың бар екендігі анықталған. Өзінің

құрылысына байланысты спирохеталар айналмалы, үдемелі және бұрылмалы қозғалыста болады.



Бояудың негативті тәсілінде ая (фон) боялып, микробтардың реңі боялмайды. Бұл тәсілде қызыл

конго, колларгол, кармин және тағы басқа қышқылды бояғыштар қолданылады. 

Бояу техникасы. Зат шынысының бетіне қызыл конгоның 3%-ды судағы ерітіндісінің бір тамшысын

тамызады да, оның үстіне зерттеуге алынған материалды қосып, сәл ғана араластырады. Сонан соң жамылғы

шынының көмегімен қоспадан зат шынысының бетінде жағынды жасайды (қаннан жағынды дайындаған

тәрізді).   Жағындыны   ауада   кептіргеннен   кейін   микроскоптың   имерсионды   жүйесі   арқылы   зерттейді.

Боялмаған микробтардың формалары қызыл қоңыр фонда айқын көрінеді. 

Бояу тәсілінде қызыл конгоның судағы ерітіндісінің орнына жақсы центрифуганың тушь алынады.

Микроскоппен қарағанда препараттың қара фонында боялмаған микробтар жақсы көрінеді.



Споралары  (ұрық)  бояу.  Спораларды  күрделі  тәсілдермен  бояйды, өйткені  олардың  қабықтары

тығыз болып келеді. 

Бояр алдында споралардың қабығын улағыштармен (хром, тұз қышқылдары) немесе жылытылған

фенолмен әсер ету арқылы жұмсартып алады. Осы жағдайда жасушалардың споралары жақсы боялып, кейін

қышқылдармен қысқа уақыт ішінде әрекет еткенде түссізденбейді. Микроб жасушасының вегетативті денесі

қышқылдардың күшімен түссізденіп, тек қосымша қарама-қарсы бояулармен бояғанда ғана көрінеді. 



Златгоров тәсілі. Жалында бекітілген жағындыға Циль фуксині сіңдірілген құрғақ сүзгіш қағазды

(жамылғы шынының мөлшеріндей) қойғаннан кейін судың бірнеше тамшысын тамызып, қыздыра отыра 5-7

минуттай боялады. Жағынды құрғап кетпес үшін оның бетіне су тамызып отыру керек. Сонан соң жағынды

3%-дық күкірт қышқылының судағы ерітіндісімен 5-10секунд түссіздендірілгеннен кейін сумен шайылады.

Препаратты қосымша 2-3 минуттай метилен көгімен бояп, сумен шайып, кептіреді.

Микроскоптың көз шалымында споралар қызыл түске, ал негетативті жасушалар көк түсті болып

көрінеді.

Пешков тәсілінде жалын үстінде немесе спирт пен формалиннің қоспасында бекітілген жағындыны

Леффлердің   метилен   көгімен   15-20   секунд   аралығында   қыздыра   отыра   бояп,   сумен   жуады.   Жағынды

қосымша бейтарап (нейтралды) қызылдың 0,5%-дық судағы  ерітіндісімен 30 секунд  боялады. Сонан соң

препарат  жуылып, кептіріледі. Бұл препаратты микроскоппен қараған жағдайда ұрықтар көгілдір немесе

көк,   жас   ұрықтар   қара-көк,   вегетативті   формалар   қызғылт,   хроматинді   элементтер   күлгін   түсті   болып

көрінеді.



Капсулаларды   бояу.  Кейбір   микробтардың   жасуша   қабырғасының   бетінде   шырышты   қабаты

болады.   Ол   цитоплазмада   түзіліп,   клетка   қабырғасының   бетінде   секрет   ретінде   шығарылып   отырады.

Капсулалардың   химиялық   құрамы   әр   түрлі:   олардың   кейбіреулері   белоктар   кешенінен   тұрса,   ал   енді

біреулері  полисахаридтерден құралады. Капсула  мен жасушаның қалған бөлігі бірдей боялмады. Капсула

қорғаныс рөлін орындап, көбінесе патогенді микроорганизмдерде кездеседі. Мұндай микробтар капсуласы

жануарлар   организмінде   жиі,   ал   сирек   жағдайда   жасанды   қоректік   орталарда   да   пайда   болуы   мүмкін.

Капсулалар жарық сәулелерін әлсіз сындырады, сондықтан тірі боялмаған клеткада оларды байқау өте қиын.

Капсулаларды бояудың бірнеше тәсілдері бар.



Ольт тәсілі. Жағындыны сафраниннің 2-3%-ды ерітіндісімен бояйды. Бояғышты қолданар алдында

оның ұнтағын ыстық суда еріту арқылы дайындайды (ерітінді сүзіледі). Бояуды жалынның үстінде 1-3 минут

аралығында жүргізеді де, оны тез арада сумен шаяды. Препарат кептірілмей (оның үстінде судың болуы

керек) жапқыш шынымен жабылып микроскоптың иммерсионды жүйесімен зерттеледі. Су қабатынан өткен

жарық сәулелері капсула мен микроб клеткасының денесінің айырмашылығын үдете түседі. Микроскоптың

көз шалымында микроб клеткасының денесі қызыл, ал капсула сары түсті болып көрінеді.



Михин   тәсілінде  бекітілген   жағынды   Леффлердің   метилен   көгімен   2-3   минуттай   ысыта   отыра

боялады. Жағынды тез сумен шайылып, кептіріледі. 

Микроскопиялық көрініс: микроб клеткасының денесі қара көк, ал капсуласы ашық қызғылт.

Микроб жасушасының элементтерін бояу. 

Гликогенді   бояу.  Микроб   клеткасының   цитоплазмасында   гликоген-жануарлар   крахмалы

(полисахарид) жиі кездеседі. Оны өсінді тамшысының үстіне сол мөлшерде Люголь ерітіндісін қосу арқылы

табуға   болады.   Люголь   ерітіндісімен   қосылған   гликоген   қызыл   қоңыр   түске   боялады.   Бұл   элементтер



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау