Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет6/15
Дата06.03.2018
өлшемі0,5 Mb.
#11773
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

қарапайым төменгілерден басқа саңырауқұлақтардың жіңішке бұтақталған гифтерден тұратын вегетативті

денесі (мицелийлері) болады.

Мицелийлерінің кейбіреулері қоректік ортаның ішінде дамып жетіледі (субстратты мицелийлер), ал

енді  біреулері  бетінде ғана өсіп өне алады  (үлпілдек мицелийлер),  төменгі түрдің  саңырауқұлақтарында

мицелий   бір   жасушалы,   ал   жоғарғы   түрдің   өкілдерінде   ол   көп   жасушалы   болып   келед.   Септалардың

(қалқалардың)   саңылаулары   жасушалардың   өзара   қарым-қатынасын   қамтамасыз   етіп,   цитоплазма   және

ядролармен   толықтырылған   гифтерден   тұратын   тұйық   жүйені   құрайды.   Кейде   саңырауқұлақтардың

мицелийлері түбір тәріздес өсінділерді – ризоидтарды құрайды. Ризоидтардың көмегімен олар субстратқа

бекіп, қажетті қоректік заттарды алады.

Склепоциялар   –   дөңгелек   немесе   сопақ   формалы   гифтердің   шиеленісуі.   Олардың   көлемі   үлкен,

тығыз болып, ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді. Склероцияларда қоректік заттардың қоры мол

болады. Кейбір жоғарғы саңырауқұлақтарда олар мицелийлердің бүршіктену сатысы болып табылады. 

Көптеген  саңырауқұлақтардың  мицелийлерінде қалың  қабықты өсінділері  бар.  Сол өсінділерінің

ішінде қоректік заттар жиналған. Бұл хламидоспоралар. Олар бір немесе бірнеше жасушалы болып, түрдің

сақталуына мүмкіндік туғызады. Хламидоспоралар ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді. 

Мукордың мицелийлерінен ұрық беретін денелер – спорангия сақтаушылары (спорангиеносцы), ал

монолийлердің мицелийлерінен конидия сақтаушылары (конидиеносцы) таралады. Спорангиялар жарылған

кезде олардан эндоспоралар босап шығады. Олар қолайлы жағдайға тап болған жағдайда жаңа зеңделген

саңырауқұлақтар   пайда   болады.   Конидия   сақтаушылардың   ішінде   конидиялар   немесе   экзоспоралар

орналасады.

Олардың   формалары   шар   тәріздес,   шоқпар   тәріздес,   сопақша,   т.б.   бболып   келеді.   Конидия

сақтаушылардың   әр   тармағында   бір   немесе   бірнеше   конидиялар   түзіледі.   Конидия   сақтаушылар

тармақталған   болып   екі   топқа   бөлінеді.   Аспергиллаларда   мұндай   жасушалар   тікенек   тәрізді   болып,

стеригмалар   деп   аталады.   Олар   конидия   сақтаушылардың   ұлғайған   жерінде   орналасады.   Пеницилланың

тармақталған бұтақтарының ұшында фиалидалар деп аталатын шөлмек немесе ұршық тәріздес жасушалары

бар.


Сусло-агарда өсуі. Мукор – зигомицеттер класының өкілдері. Ол сусло-агарда қоңыр түсті үлпілдек

қатпар   тәрізденіп,   өсуі   бірінші   тәулікте   байқалады.   Аспергил   –   дейтеромицеттер   класының   өкілі.   Бұл

мукорға қарағанда баяу өседі. Өсуі екінші тәулікте байқалады. Конидиялары қара  (Aspergillus niger),  сары

(Aspergillus   flavus),  сары-жасыл  (Aspergillus   fumigatus),  жасылтым   сары  (Aspergillus   orizae)  түсті   болуы

мүмкін. Пеницилл – дейтеромицеттер класының өкілі. Олар қоректік ортада жұмсақ сұрғылт-жасыл немесе

ашық жасыл түсті үлпілдек қатпар құрайды. Қатпарлардың перифериясы ақ жиекті болып келеді.

Препараттарды   дайындау.  Зең   саңырауқұлақтарын   «қысылған   тамшы»   әдісімен   препарат

дайындап, зерттейді. Ол үшін материалды препарат инесінің көмегімен зат шынысының бетіндегі бір тамшы

физиологиялық ерітіндіде таратады.

Мукордан препаратты бір тәуліктік өсіндіден, ал пеницилладан екі тәуліктік өсіндіден дайындайды.

Зерттеуге   мукор   мен   аспергилланың   өсінділерінен   сұр   бүршіктері,   пеницилланың   сүр   және   жасыл

шеңберлерінің   ортасы   алынады.   Сұр   конидиялары   бар   аспергилланың   стеригмалары   күнбағыстың

жапырақшалары   тәрізді   болады.   Мукорды   микроскоптың   аз   ұлғайтуымен   (объектив   х8)   қарайды,

аспергилланың конидия сақтаушысының ұлғайған жерін әуелі микроскоптың орташа ұлғайтумен (объектив

х40) жақсылап зерттейді. Пенициллаларды микроскоптың орташа ұлғайтуымен (объектив х8), сосын оны

орташа   ұлғайтумен   (объектив   х40)   жақсылап   зерттейді.   Пенициллаларды   микроскоптың   орташа

ұлғайтуымен (объектив х40) табады. Зең саңырауқұлақтардың споралары арқылы көбейетінін есте ұстаған

жөн. Сондықтан препарат дайындағанда материалдың шашырауының алдын алу керек. Препарат инелері

жұмыс аяғында жалын үстінде мұқият зарарсыздандырылады.

Фузариум (жетілмеген  саңырауқұлақтар).  Мицелилері  ақ, қызғылт немесе  сары түсті  болады.

Олардан   қысқа   бұтақталаған   конидия   сақтаушылар   таралады.   Олардың   конидиялары   орақ   тәріздес

(микроконидиялар)   және   сопақша   түрде   (микроконидиялар)   болады.   Макроконидиялардың   қалқалары

болады, ал микроконидиялар көбінесе қалқасыз күйінде кедеседі. Хламидоспоралар шар тәріздес, алмұрт

тәріздес   шоғырланып   немесе   тізбектеліп   орналасады.   Олар   ескі   конидия   сақтаушыларының   бойында,

конидияларда түзіледі. Үлпілдек мицелилері жақсы жетілген. 

Фузариумдар   табиғатта   кеңінен   таралған.   Олардың   көбі   жемістердің,   көкөністердің   бұзылуына

себепкер болады, өсімдіктердің жапырақтары сарғайып, олардың бетінде сұрғылт қызыл түсті жұқа қабық

пайда   болады.   Фузариумдар  төменгі   температураларда   токсиндер   (зераленон,   Т-2  микотоксин   және  т.б.)

түзеді. Зақымдалған өсімдіктермен азықтанған малдар мен құстар уланады. Жануарлардың күйі нашарлап,

қозғалуы (координациясы) бұзылады. Фузариумдардың микотоксині шошқалардың эстрогенизмін, аналық

бездерінің   дегенеративтік   өзгерістерін   қоздырады   да,   бедеулікке   әкеледі.   Т-2   микотоксині   ішек   –   қарын

жолын,   жүрек   тамыр   жүйесін,   сонымен   қатар   жілік   майын,   лимфа   бездерін   және   басқа   органдар   мен

тканьдерін зақымдайды.



Әдебиеттер:

1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық

медицина   факультетінде   оқитын   студенттердің   зертханалық   тәжірибе   сабақтарына   арналған   әдістемелік



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау