ерітіндісімен жағындыны 1-2 минут, ал метилен көгімен 2-3 минуттай бояғаннан кейін, оларды сумен
шайып, микроскоптың иммерсонды жүйесі арқылы зерттейді.
Шар формалы микроорганизмдер (кокктар). Барлық микроорганизмдер ядролары мен
органеллаларының құрылымына байланысты пркариоттар мен эукариоттарға бөлінеді. Пркариоттардың
ядролық заттары (генофоры) мен органеллалары цитоплазмадан арнайы қабықшамен бөлінбеген, ал
эукариоттардың ядролары мен органеллалары (митохондриялары мен хлоропластары) цитоплазмадан
мембрана бөліп тұрады.
Микроорганизмдердің көбі соның ішінде шар формалылар (кокктар) прокариотты жасушалардың
өкілдері. Кокктар (грекше соссus – жидек) сыртқы түріне қарағанда шар формасын еске түсіреді. Олардың
сопақ, бұршақ, ланцет тәрізділері де кездеседі. Бөліну сипаты мен клеткалардың орналасуына сәйкес кокктар
микрококктарға, тетракокктарға, стафилококктарға, стрептококктарға және сарциналарға бөлінеді.
1) Микрококктар (грекше micros- кішкене) – зиянсыз, сапрофитті микробтар. Олар бөлінген соң
бір-бірімен қосылмай жеке дара орналасады.
2) Диплококктар (грекше
diplos-қос) – бір жазықтықта екіден қосарланып орналасады.
3) Стрептококктар (грекше
streptos-тізбек) – бір жазықтықта бөлініп, жасушалар бір-бірімен
моншақ тәрізді тізбектеліп орналасады.
4) Стафилококктар (грекше
staphyle-жүзім шоғыры) – жасушалар әр түрлі жазықтықта ретсіз
жүзім шоғыры тәрізді орналасады.
5) Тетракокктар (грекше
tetra-төрт) – бір-бірімен перпендикулярлы екі жазықтықта бөліну
себебінен түзіліп, төрт жасушадан орналасады.
6) Сарциналар (латынша
sarcio-байланыстыру) – өзара үш пар перпендикулярлы жазықтықта
бөлініп, сыртқы формасы кірпіш тәріздес 8-16 және одан да көп болып орналасады.
Әдебиеттер:
1 Бұлашев А.Қ., Сұраншиев Ж.А., Жұмабаев Х.Ж. Жалпы микробиология пәнінен ветеринариялық
медицина факультетінде оқитын студенттердің зертханалық тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік
нұсқауы. Астана, 2005ж. 10-13 беттер. 2 Асонов Н.Р. Практикум по микробиологии // Москва,
«Агропромиздат». 1988. С. 21-25. 3 Костенко Т.С., Скаршевская Е.И., Гительсон С.С. Практикум по
ветеринарной микробиологии и иммунологии // Москва, «Агропромиздат». 1989. С. 21-25.
Бақылау сұрақтары: 1 Жағындыны дайындау тәсілі. 2 Шар формалы микрорганизмдердің бір-
бірінен айырмашылықтары.
Үшінші зертханалық-тәжірибе сабағы
МИКРОБТАРДЫҢ ТАЯҚША ТӘРІЗДЕС ФОРМАЛАРЫ. БОЯУДЫҢ КҮРДЕЛІ ТӘСІЛДЕРІ
Сабақтың мақсаты. Микроорганизмдердің таяқша тәріздес формалы өкілдерінің тәуліктік
дақылдарынан жағындыларды жасап, оларды Грам тәсілімен бояу. Боялған препараттарды микроскоппен
қарап, олардың суретін салу.
Жабдықтар мен материалдар. Ішек таяқшасының (Escherichia coli) және капуста бациласының
(Bac.megatereum) тәуліктік дақылдары – өсірілген шыны түтіктер, стерилді физиологиялық ерітінді.
Микробиологиялық ілмектер. Фенолды геницианвиолет, Пфейффер фуксині, Циль фуксині және басқа
бояулардың ерітінділері бар тамызғыштар. Люголь ерітіндісі. Синев тәсілі бойынша фенолды
генцианвиолетпен боялған сүзгіш қағаздар. Этил спирті. Жуынды төгетін шыны аяқтар, «көпіршіктер».
Жағынды бояуларын жууға арналған су. Шыныға жазатын қарындаштар. Анатомиялық пинцеттер. Спирт
шамдары. Микроскоптар. Бал қарағай майы. Кестелер.
Таяқша немесе цилиндр тәріздес микроорганизмдердің
формалары, ұзындығы мен жуандығы әр
түрлі болады. Олардың формалары сопақ цилиндрлі, ұршық тәрізді болуы мүмкін. Таяқшалардың ұшы
жұмыр немесе үшкір болып келеді.
Таяқша тәріздес микробтар екі топқа бөлінеді: спора түзушілер (бациллалар) және спора түзгіштік
қабілеттері жоқ микроорганизмдер (бактериялар). Бациллалар лимонның, ракетаның, барабан таяқшасының
және басқа заттардың формаларына ұқсас келеді.
Олар жеке-жеке (монобактериялар), қос-қостан (диплобактериялар мен диплобациллалар) немесе
тізбектеліп (стрептобактериялар мен стрептобациллалар) орналасады. Кейбір микробтардың ұзындығы
олардың жуандығынан сәл ғана үлкен болып, формасы жағынан кокктарға ұқсас болып келеді. Мұндай
микробтарды коккобактериялар деп атайды.
Бояғыштар. Жағындыны бояу кезінде бояулар микроб клеткасына енетіндіктен, тек сыртқы
белгілерін ғана емес, сонымен қатар ішкі құрылысының кейбір ерекшеліктерін (спорасын) де байқауға
болады. Микробиология практикасында негізгі және қышқылды бояғыштар қолданылады. Микроб
клеткаларының ядросы негізгі бояғыштармен де боялады. (кейде нейтарльды бояғыштармен де боялады).
Қышқылды бояғыштар препараттың аясын құрып, боялмаған формалардың айырмашылығын айқындата
түседі.
Негізгі (ядролық) бояғыштар ретінде Циль фуксині, сафранин, нейтральды қызыл (қызыл
бояғыштар); метилді күлгін, генцианвиолет, кристалды күлгін (күлгін бояғыштар); метилен көгі, азур ІІ (көк
бояғыштар): малахитті жасыл (жасыл бояғыш); везувин, хризоидин (сары-қоңыр бояғыштар), ал қышқыл
бояғыштардың ішінен қышқыл фуксин, эозин, эритрозин, қызыл конго (қызыл бояғыштар), пикрин
қышқылы (сары бояғыш), нитрозин (қара бояғыш) және т.б. қолданылады.
Бояғыштардың ерітінділері спиртте немесе суда дайындалады. Бояғыштардың спирттегі ерітінділері
тұрақты болып келетіндіктен, олар алдын ала дайындалады. Бұл үшін бояу ұнтағына 96%-дық этил спиртін
1:10 ара қатынасында құяды. Қаныққан бояу ерітінділерді тығыз тығыны бар ыдыстарда сақтайды.
Бояғыштардың судағы ерітінділері тұрақсыз және препаратты баяу бояйды. Бояғыштардың әрекетін күшейту
үшін оларға ерітінділердің тұрақтылығын ұзартатын, клетка қабығын жұмсартып, микробтардың жақсы
бояуларына себебін тигізетін улағыш заттарды қосады. Үлағыш заттар ретінде спирт, формалин, фенол,
сілтілерді пайдаланады.
Тәжірибеде көбінесе келесі бояғыштар мен ерітінділер жиі қолданылады.
Циль фуксині 10 мл негізгі фуксиннің қаныққан спиртті ерітіндісі мен 100 мл 5%-дық фенол
ерітіндісін араластыру арқылы дайындалады. Негізгі фуксиннің қаныққан ерітіндісін дайындау үшін 10 г
негізгі фуксин ұнтағын 100 мл 96%-дық этил спиртін қосып араластырады.
Пфейффер фуксинін дайындау үшін 1 мл Циль фуксиніне 9 мл дистилденген су қосады. Бұл бояғыш
тек қолданар алдында ғана дайындалады, өйткені ол тұрақсыз (тез өзгеріп немесе бұзылып кетеді).
Метилен көгі (Леффлер бойынша). 30 мл метилен көгінің 10%-дық қаныққан ерітіндісіне 1 мл 1%-
ды калий гидрототяғы мен 100 мл дистилденген су қосу арқылы дайындайды. Бұл қоспаны тәулік бойы
ұстағаннан кейін сүзгіден өткізеді. Бояғыш тұрақты және микробтарды жақсы бояйды.
Фенолды генцианвиолет. 1 г кристалды генцианвиолетті 10 мл 96%-дық этил спиртінде ерітіп, оған
100 мл 2%-ды фенолдың судағы ерітіндісін қосады.
Сафранин. 2 г бояу ұнтағын 96%-ды этил спирті мен дистилденген судың 1:1 ара қатынасында
дайындалған қоспасында немесе қайнап жатқан судың 100 мл-інде ерітіліп, сүзіледі.
Малахитті жасыл. 1 г малахитті жасыл ұнтағын 100 мл дистилденген суда ерітіп, сүзеді.
Қызыл конго. 3г бояуға 100 мл дистилденген су қосу арқылы дайындайды. Бұл бояғыш препаратты
негативті (теріс) тәсілмен бояу кезінде қолданылады.